Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Қол тігістерін орындау (жиек тігістері)

Қол тігістерін орындау (жиек тігістері)

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекенова Роза Камашевна

технология пәні мұғалімі

211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп

Қызылорда қаласы






Сабақтың тақырыбы: Қол тігістерін орындау (жиек тігістері)


Білімділік мақсаты: Оқушыларға тігіс түрлерін орындай білуге

үйретіп, оның тұрмыста қажеттілігін ұғындыру


Дамытушылық мақсаты: Тігістерді өз бетінше орындауға мүмкіншілік

беріп, іскерлік пен тапқырлыққа дағдыландыру;

Тәрбиелік мақсаты: Тігіс түрлерін тігуге жаттықтырып, еңбекке

деген қызығушылығын арттырып, өмірде

қолдана білуге баулу;


Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабағы


Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсетуі, топтық.


Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, математика


Сабақтың көрнекілігі: тігіс түрлері, тігіс түрлері технологиялық

картасы, сөзжұмбақ


Сабақтың құрал-жабдығы: үш түсті мата қиындылары (20х20см), ине, жіп,

түрлі-түсті жіп, қайшы, сызу боры, сызғыш,

түрлі-түсті маркер, смалик, стикер.






Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг: «Көңіл-күй» (бір-бірімізге күлімсірей амандасу)

ІІ. Өткен сабаққа қайталау кезеңі:

Оқушыларды ортаға шығарып, «Ақылды доп» ойыны арқылы өткен сабақтарға шолу жасап, сергіту:

  1. Тоқыма талшықтары?

  2. Өсімдіктекті талшықтар?

  3. Мақта маталар түрі?

  4. Маталардың қасиеттері?

  5. Қол жұмыстарында қолданылатын құрал-жабдықтар?

  6. Қол тігіс түрлері?

  7. Көктеу жұмысында жіптер қалай таңдалады?


ІІІ. Топқа бөлу: оқушыларға үш түсті мата қиындыларын тарату арқылы

топқа бөлу.


IV. Үй тапсырмасын тексеру: Қол тігіс түрлері (қосу, көктеу, көмкеру)

Өзара тексеріп бағалау, критерийі:

  1. Жұмыстың орындалуы

  2. Тігістің біркелкілігі

  3. Тігістің ұқыптылығы

  4. Мата мен жіп үйлесімділігі

  5. Тігістің әсемдігі


а) қол тігістерінің орындалуы (қосу, көктеу, көмкеру)

ә) тігін құралдарының болуы (ине, жіп, қайшы)


V. Жаңа сабақ


Атадан балаға мұра болып келе жатқан шеберліктің бірі – қолөнер. Әжелеріміз тігін тігіп, кесте тоқып – сол әсемдікті күнделікті тұрмыста пайланаған. Қараша үйдің әр тартпа бауы мен керегелерінде қолданылған өнер туындылары бүгінгі күнге дейін тұрмыста қолданылады.

Әр халықтың өзінің тұрмыс салтына, отырықтасқан орнына, қоршаған ортасына және әр халықтың салт-дәстүріне сай өз ою-өрнектері бар. Сол әсемдікті ине мен жіптің, түс үйлесімділігімен көркем пайдаланған кісілер – шебер болып табылады.

Бүгінгі күні біз үйреніп, ертеңгі күн «қазақтың он саусағынан өнері тамған шебер қызы» болуы үшін әр сабақта үйренгенімізді шеберлікпен өзіміз орындаған жұмыстарымызда көрсетуіміз қажет.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін «сөзжұмбақ» шешейік:

Тігінен:

  1. Мата неден құралады? (жіптен)

  2. Жіптің серігі? (ине)

  3. Техникалық – қауіпсіздік... (ереже)

  4. Уақытша қосып тігу? (көктеу)

Көлденеңінен:

  1. Матадағы қайталанған инешаншымдар қатары? (тігім)

  2. Қамзолдағы түйме орны не деп аталады? (ілгек)

  3. Санитарлық - ... талаптар? (гигиеналық)

  4. Тігіс түрі? (ілмекті)

  5. Сөгуге арналған тігін құралы? (сөккіш)

  6. Иненің бос жүрген жолы? (із)


Ж

і

п








И

н

е








Е

р

е

ж

е






К

ө

к

т

е

у









Т

І

Г

І

С

І





і

л

и

л

ө

з





г

г

г

м

к






і

е

и

е

к






м

к

е

к

і








н

т

ш








а

і




Сонымен, бүгінгі тақырыбымыз: Қол тігістерін орындау (жиек тігістері)

Жиек тігістері:

а) бұйымдарда матаның шеткі бөліктері шашырамау үшін қолданылады;

ә) ілмек тілігі немесе түймеліктерде сетінемеу үшін қолданылады:

б) декоративті тігістерді орындауда қолданылады.


VI. Техникалық – қауіпсіздік ережесін жұмбақ шешу арқылы қайталау.

(үш топқа үш жұмбақ таратылады)


  1. Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе жоқ тыныш.

/қайшы/

  1. Жүрген сайын жүйрігім,

Қысқартады құйрығын.

/ине/

  1. Ине серігі ...

/жіп/






VII. Сарамандық жұмыс: Жиек тігістерін орындау


Жиек тігістері технологиялық картасы:

  1. Тігілетін мата жиегін сызып, белгілеу (0,5-0,7 см)

  2. Мата түсіне түстес жіптермен инені сабақтау

  3. Жиек тігістерін орындау /схема/

hello_html_m66135947.jpg













VIII. Топ жұмыстарын бағалау.


Әр топ мүшелері өзара бағалау жұмысын жүргізеді.


IX. Қорытындылау.


Кері байланыс: 1. Бүгін біз не үйрендік?

2. Сабақ барысында қандай қиындықтар болды?

3. Қандай жұмысты тез игердіңдер?

4. Сабақ соңындағы көңіл-күйлерің қандай?


X. Үйге тапсырма: Жиек тігістерін аяқтап келу.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров255
Номер материала ДВ-469960
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх