ГЕОГРАФИЯ
ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА ТАПСЫРМАЛАРЫ (
МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢ)
9
СЫНЫП (жаңартылған
бағдарлама аясында )
ТЕОРИЯЛЫҚ
ТУР
1. Мына
сөздерге анықтама беріңіз: топоним, орография,
рифтинг, изосызықтар, геосфера (әрбір дұрыс жауаты тауып, анықтама
бергені үшін 2ұпай, барлығы
– 10 ұпай)
2. а) Қазақстан географиясының даму
кезеңдеріне сәйкес аралықтар бойынша орналастырыңыз.
Кезең
|
Оқиға
|
1.Қазақстан
географиясының қалыптасуы
|
А. Қазақстан
топонимдерінің кең көлемде зерттелу кезеңі
|
2.Қазақстан
географиясының дамуы
|
Б. Қазақстан географиясының негізгі
құрылымы
|
3. Қазіргі
кезең
|
В. Экономикалық-географиялық зерттеулер
республиканың маңызды халық шаруашылығы міндеттерін шешуге ықпал етеді
|
b) Қандай қазақстандық географ ғалымдарды білесіздер? Қазақстан
географиясының қалыптасуына олар қандай үлес қосты? Қандай еңбектерін
білесіздер? Ал басқа елдердің қандай белгілі географтары, зерттеушілері, ғылыми
қайраткерлері Қазақстандық географияның дамуы мен қалыптасуына өз үлесін қосты?
(b
пункт үшін толығымен 3 ұпай сәйкестік үшін + 7 ұпай толық жауап =10 ұпай)
3. Тест сұрақтарына жауап беріңіз: (10
ұпай)
1. Қазақстан географиясының екінші
кезеңінің басталуы алғашқы ғылыми-географиялық ұйымның құрылуымен басталады
....
а) Институт; b) Академия; с) Бөлім; d) Сектор; е) Университет
2. Жер
бетінің барлық элементтері орналасқан
а) топоним; b) номенклатура; с) хороним; d) географиялық
нысандар; е) топонимика.
3. Ұлы Жібек жолының
топонимдер тобына
жатады:
а) ойконим ;
b)
ороним;
с)
хоронм; d)
дромоним;
е)
гидроним
4. Географиялық нысандардың орналасуын
белгілеңіз:
а) географиялық координата;
b)
жасанды жер серіктері; с) топонимдер;
d)
ара
қашықтық; е)
географиялық атауы
5. Картографиялық әдістің кескінін атайды
а) картадағы жазулар;
b)
картографиялық проекция;
с) градус торы;
d)
масштаб;
е) шартты белгілер
6. Егер картада Қазақстан Республикасының
облыстары түрлі -
түсті бояулармен көрсетілсе
............. әдіс қолданылады.
7. Құралдарды қолдана отырып, алыс қашықтықтағы географиялық нысандар туралы
ақпарат жинақтау – бұл.............
8. Қазақстан туралы дұрыс мәліметтерді таңдаңыз
а) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы қалайы - мыс
белдеуі өтеді,
b) Қазақстан Республикасы аумағында екі сағаттық белдеу орналасқан;
с) Солтүстіктен оңтүстікке қарай Қазақстан аумағында үлкен көлемде екі
климаттық белдеу орналасқан;
d) Қазақстан Республикасының басым бөлігінің жер бедері аумақтың тектоникалық
құрылымының ерекшеліктерімен сипатталады
е) Қазақстан Республикасының шығыс және оңтүстік - шығыс аудандарындағы
Тянь-Шань-Алтай таулары екінші рет тау көтерілу белдеуі
4. а) 1 және 2 суретте кескінделген тектоникалық құрылымдарды атаңыз
b) Аталған тектоникалық құрылымдарға
қандай жер бедері пішіндері сәйкес келетінін көрсетіңіз және неге солай
ойлайтыныңызды түсіндіріңіз (10 ұпай).
5.а) Сұлбадағы 1 және 2 сандарымен
көрсетілген қандай атмосфералық үдерістер екендігін анықтаңыз.
b)
Сіздің ойыңызша жергілікті жердің климаты мен ауа райына осы атмосфералық
үдеріс әсер ете ме? Қалай ойлайсыз? (10 ұпай)
50
ұпай
ГЕОГРАФИЯ
ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДА ТАПСЫРМАЛАРЫ (МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢ)
9
СЫНЫП (жаңартылған
бағдарлама аясында)
ПРАКТИКАЛЫҚ
ТУР
1. Физикалық, тектоникалық
карталарды және Қазақстанның пайдалы қазбалар картасын салыстырыңыз (Атлас,
3,4,5,6 б. қараңыз) және негізгі жер бедері пішіндері мен сәйкес минералдардың
орналасу заңдылықтарын белгілеңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз
а) Қазақстан Республикасы аумағының шығыс және оңтүстік - шығысында қандай жер
бедері пішіндері көрсетілген:
b)
Қандай биіктіктер басым және неге?
с) Осы аудандарда қандай пайдалы қазбалар түрлері кездеседі?
d) «Қазақстан металлургиялық кешені» атлас картасын пайдалана отырып, 33-бет,
осы бағыттардағы металлургия өндірісінің жетекші салаларын атаңыз және олардың
даму себебін түсіндіріңіз.
2. а) Қазақстанның
физикалық картасын пайдаланып (Атлас, 4-5 б. қараңыз), күн мен түн теңелген
күндерде Петропавл, Қарағанды, Шымкент қалаларында күн сәулесінің түсу бұрышын
анықтаңыз. Кестені толтыру.
Қала
|
22.12.
|
21.03.
|
22.06.
|
23.09.
|
Петропавл
|
|
|
|
|
Караганды
|
|
|
|
|
Шымкент
|
|
|
|
|
b) Күн сәулесінің түсу
бұрышы мен ауылшаруашылығының мамандануы
арасындағы тәуелділікті түсіндір.
Мысалдар келтіріңіз.
3. Біздің елімізде пайдалы
қазбалардың көптеген түрлері кездеседі, яғни шикізат базасы мол болғандықтан тау-кен
өнеркәсібі жақсы дамыған. Пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдегенде белгілі
бір аймақтағы қоршаған ортаға әсері болады.
a) Минералды ресурстарды
өндіру және пайдаланумен байланысты қандай негізгі мәселелер бар екенін
атаңыз?
b) Сіздің ойыңызша осы
мәселелерді қалай шешуге болатынын көрсетіңіз?
Өз жауабыңызды шағын эссе
түрінде көрсетіңіз
50 ұпай
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.