География пәнінен олимпиада тапсырмалары.
Қараша, 2016 жыл
9 сынып.
1. «Полярлық шеңбер», «тропиктер», «бедер», «эстуарий», климат, халықтың табиғи өсуі түсініктеріне анықтама беріңіз.
8 балл.
2. Территориялардың ылғалмен қамтамасыз етілгендіктің басты сипаттамасы не болып табылады?
12 балл
3.Қазақстан бедерінің негізі формаларына сипаттама берідер.
10 балл
4. Компастың сынып қалғаны және ол бойынша бағыт алу мүмкін болмайтыны анық болғанда сағат күндізгі 4 болды. Күннің көзі бар екеніне қуанып, сіз қалта сағатыңызды алып шықтыңыз.
Сағат және күннің көзі бойынша бағытты қалай табуға болады?
10 балл
5. Картадағы шартты белгілердің түрлері туралы айтып бер.
10балл.
География пәні бойынша олимпиада.
9 сынып.
Қараша, 2016 ж
II-тур
1. «Азимут», «жазық», «жел», «атмосфера», «климат», «халықтың табиғи өсуі» ұғымдарына анықтама беріңдер.
12 ұпай
2. Қазақстан Республикасының экономика-географиялық орнына баға беріңіз.
10 ұпай
3. Ылғалдану коэффициенті.
10 ұпай
4. Тәуліктің кез-келген уақытында сағатсыз Күннің көзі арқылы жер жүзінің тараптарын қалай анықтауға болады?
8 ұпай
І тур Географиядан мектепішілік теориялық тур сұрақтары.
10-11 класс
1.Мына терминдердің мағынасын түсіндіріңдер :
«Республика» , « монархия» , « унитарлы мемлекет» , « федерациялы мемлекет»
10 ұпай.
2. Дүние жүзінің халықтар тығыздығы бойынша мынадай сұрақтарға жауап беріңдер :
а) халқының тығыздығы жоғары ( 1 км- ге 200- 600 адамға дейін және одан жоғары ) аймақтар ;
ә) халқының тығыздығы төмен ( 1 км жерге не бары 1- 10 адамға дейін ) аймақтар ;
15 ұпай.
4. Географиялық номенклатура .
Төмендегі географиялық обьектілер қай жерлерде орналасқан :
Бұғаздар – Беринг , Магеллан , Гибралтар ;
Түбектер – Кола, Ямал, Пиреней ;
Аралдар – Мадагаскар , Антиль , Шри- Ланка ;
10 ұпай.
4. Кестені толтырыңдар :
6. Аралдар мен топаралда ( архипелагта ) 7. Теңізге шығу мүмкіншілігі жоқ елдер
10 ұпай.
5.Демографиялық саясат – бұл
а) білім беруді жақсарту ;
ә) халықтың орналасу тығыздығы ;
5 ұпай
ІІ тур
1. Дүние жүзінің саяси картасынан бір елді алып , оның экономикалық – географиялық жағдайына сипаттама беріңдер .
1.1. Елдің мемлекеттік шекарасына саяси- экономикалық баға беру :
а) аталған елдің көрші елдермен салыстырғандағы экономикалық даму деңгейі ,
ә) көрші елдерінің саяси жағдайы .2. Теңіз , көлік жолдарына , шикізат және азық – түлік базаларына қатысты жағдайы а) теңіз және өзен көліктерін пайдалану мүмкіндігі 20 ұпай.
2. Алған білімдеріңнің негізінде мынадай құбылстардың себептерін атаңдар :
а) дамушы елдерде соңғы онжылдықтарда не себепті өнім деңгейі төмендеп , туу деңгейі жоғары қалпында қалып отыр ?
ә) Қытай мен Үндістанның демографиялық саясаттарының өзіндік ерекшеліктері неде екенін талдап түсіндіріңдер ;
20 ұпай.
3. Карталарды пайдалана отырып өз ауданыңның географиялық орнын анықтап сипаттама бер.
10 ұпай.