Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Қолөнер ұйірмесінің жүмысы "Киіз үйді жабдықтау."

Қолөнер ұйірмесінің жүмысы "Киіз үйді жабдықтау."


  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Қостанай облысы, Рудный қаласы

Қашар кенті КММ № 2 қазақ орта мектебі.

Техналогия пәні мұғалімі: Абауова Роза Айтбайқызы.

hello_html_23643376.jpg

Тақырып: Киіз үйді жабдықтау.

Мақсаты: Киіз үй, оның құрлысы туралы, әр бөлігін ажырата алуға, олардың айырмашылығын білуге үйрету.

         Киіз үйдің бөліктері туралы дұрыс әңгімелеп бере алатын, сұрақтарға нақты және толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

         Киіз үйді бөліктерден жинап, әр бөлігінің маңыздылығын аша алатын қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау, шығармашылық, бастаған істі аяғына дейін аяқтай білу қабілеттерін тәрбиелеу.     

Дамытушылық: ұлттық мақтанышы, сезімін ояту, өнерге деген ынтасын дамыту, әдемілікке-сұлулыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету.

Көрнекі құралдар:киіз үйдің дайын суреттері,ою-өрнектер үлгісі.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Киіз үй — Орталық және ОртаАзияхалықтарының негізгі баспанасы; Орталық және ОртаАзия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.

Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жерсілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

Киіз үй құрамы

  • Тоғын– шаңырақтың дөңгелек шеңбері.

  • Шаңырақ– үйдің бас бөлігі.

  • Күлдіреуіш– түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.

  • Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.

  • Қаламдық– уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.

  • Қаламы– уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы.

  • Уық– шаңырақ пен кереге отрасын қосатын иінді ағаш.

  • Алақаны– уықтың кереге басына бекітілетін басы.

  • Иіні– уықтың иілген (бүгілген) тұсы.

  • Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы).

  • Керегеніңбасы– керегенің жоғарғы жағы.

  • Керегеніңаяғы– керегенің жерге тірелген жағы.

  • Көз– керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)

  • Азаткөз– керегенің көктелмеген жерлері.

  • Желі– керегені құрайтын ағаштар.

  • Ерісі– ағаштардан кереге құрайтын ұзыны.

  • Сағанақбалашық – ағаштардың қысқасы.

  • Қары– уақтың иініне дейінгі бойы.

  • Ыру– уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр.

  • Сықырлауық– киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.

  • Маңдайша– екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.

  • Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.

  • Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек.

  • Жабық– туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.

  • Күйеуқазық– шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзін ағаш.

Киіз үйндің негізгі бөлмелері

  • Төр – мұнда жүк жаналады, қонақтар орналасады. Бұл үйдің жоғарғы әрі қымбатты орыны деп саналады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.

  • От орны қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.



hello_html_59828cf2.jpg







































E:\киіз үй фото\Слайд16.JPGC:\Users\танатар\Desktop\фото\P_20160222_152006.jpgC:\Users\танатар\Desktop\фото\P_20160222_152313.jpgC:\Users\танатар\Desktop\фото\P_20160222_151616.jpg


Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров110
Номер материала ДВ-476575
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх