Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Омоним, синоним, антонимдерді қайталау" 5 сынып сабақ жоспары.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Омоним, синоним, антонимдерді қайталау" 5 сынып сабақ жоспары.

библиотека
материалов

Күні: 25.10.12ж.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 5-сынып

Тақырыбы: Омоним, синоним, антонимдерді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік:

Іс- әрекет, мақсатқа жету әдіс- тәсілдерін таңдай білуге, өзін- өзі бағалай білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:

Оқушының пәнге қызығышылығын арттыру, білім деген саналы көзқарастарын, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру;

Білімділік:

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар арқылы омоним, синоним, антоним сөздер туралы түсініктерін байқау, біліктілік деңгейлерін байқау.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: қайталау, дамыта оқыту, тест, сұрақ- жауап, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі мен құрал-жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, кестелер, бағалау парақтары


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын қадағалау. Оқушыларды екі топқа бөлу.

Қайталау оқу анасы,

Мақалдың бір данасы.

Өткенді еске түсірсең,

Ешкімнің жоқ таласы


Сабақтың жүру барысы:

«Сиқырлы сұрақтар»

«Кім тапқыр?» ойыны

«Жасырынған әріптер»

«Сиқырлы дөңгелек»

«Адасқан сөздер»

«Лексикалық талдау»

«Сөзден сөйлем» ойыны

«Білім шыңы»


ІІ. «Сиқырлы сұрақтар» ойыны

Топтар кезек- кезек сұрақтарға жауап береді

Лексика нені зерттейді?

Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

Ауыспалы мағына дегеніміз не?

Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

Омоним дегеніміз не?

Синоним дегеніміз не?

Антоним дегеніміз не?

Антоним сөздерге мысал

Синоним сөздерге мысал айт.

Омоним сөздерге мысал келтіріңдер.

Көп мағыналы сөздерге мысал жазыңдар.


ІІІ. “Кім тапқыр” ойыны

Ойынның шарты: жұмбақтар шешу.

Жұмбақтар

Ерте тұрады бір қыз,

Кеш тұрады бір қыз.

Қайткенде солардың,

Дегенімен жүреміз.



Бес жанды,

Бір жансызға мінгеседі,

Үстінде ақ тақырдың із кеседі.


Оңға қарай оқысаң да бір халық,

Солға қарай оқысаң да бір халық .



Асты тігілген, үсті тігілген.


ІҮ. “Жасырынған сөздер”

Мына бос торкөздерге тиісті сөздерді қойсаңыздар, “Аяз би” ертегісінен үзінді оқи аласыздар.

Тапсырма: Үзіндінің ішінен антоним сөздерді табу.

Жасырынған сөздер”

І топ

... мен ... татқан білер,

... пен ... жортқан білер.

ІІ топ

... адам жала жауып аздырады,

... адам жол тауып оздырады.


Ү. «Сиқырлы дөңгелек» ойыны

Дөңгелекке жазылған сөздердің синонимдерін табу

Сұлу, батыр, сабырлы, ас, өң, жылдам.


ҮІ. “Адасқан сөздер” ойыны

І топ “Адасқан сөздерді” орнына қой және омонимдердің астын сызу.

1. Дейсің, қара, жағам,

Бірақ, әліңе, қара.

2. Санды, Самат, бөле ме?

Мен, Сара, Самат, бөле ме?

ІІ топ “Адасқан әріптерді” орнына қой және омонимдердің астын сызу.

1. Орында, осы, дәл,

Орында, сабағыңды.

2. Кеш, айыбымды,

Үйге, кеш, келсем де.


ҮІІ. Сөздерге лексикалық талдау жасаңдар.

І топ

Батыр, жай, айт, жылы.

ІІ топ

Көркем, түс, қара, бөле.



ҮІІІ. «Сөзден сөйлем» ойыны


99-жаттығу.

Төмендегі сұрақтардың біріне жауап болатындай шағын мәтін жазыңдар.

Онда міндетті түрде антоним, синоним, омоним сөздер болуын ескеріңдер.

  1. Анаңның туған күніне қандай сыйлық тартар едің?

  2. Досыңның ерсі қылығын көрдің делік. Не істер едің?

  3. Егер сенің қолыңа ғажайып сиқырлы таяқ түссе, қайтер едің?

ІХ. «Білім шыңы» ойыны

Тест парақшаларына жауап береді.

Тест.

1. Синонимі бар сөйлемді табыңыз.

А) Даңқ үшін, думан үшін қызмет етпе.

Ә) Біреуді мұқату, кеміту дұрыс емес.

Б) Сапардың аярлығы Сағиланы жирендірді.


2. Омоним болатын сөз қайсысы, көрсетіңіз.

А) Наразы.

Ә) Күлпаш.

Б) Оқтау.


3. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Шайтан-пері.

Ә) Жақсы-жаман.

Б) Шабу-ору.


4. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Әндету, өлеңдету.

Ә) Ата, әже.

Б) Мектеп, сынып.


5. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

А) Түс.

Ә) Үшеу.

Б) Халық.


6. Антонимді табыңыз.

А) Нәтижелі-жемісті.

Ә) Жоламау-жуымау.

Б) Жомарт-сараң.


7. Ауыспалы мағыналы сөзді тап.

А) Адамның көзі.

Ә) Жануардың көзі.

Б) Терезенің көзі.


8. Ауыспалы мағыналы сөзді тап.

А) Адамның аяғы.

Ә) Жиналыстың аяғы.

Б) Жануардың аяғы.


9. Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы қалай аталады.

А) лексика.

Ә) фонетика.

Б) морфология.


10. Омоним дегеніміз не?

А) Мағыналары қарама-қарсы сөздер.

Ә) Мағыналары жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып, жазылатын сөздер.

Б) Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер тобы.



Тест жауаптары.

1. Ә 2. Б

3. Ә 4. А

5. А 6. Б

7. Б 8. Ә

9. А 10. Б


Х. «Үйге тапсырма

Синоним, антоним, омонимсөздері бар мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жазып келу.


ХІ. Бағалау.

ХІІ. Қорытынды.

Сабақ аяқталды.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2295
Номер материала ДВ-152960
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх