Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / "Қонақ күту әдебі сынып сағат"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Қонақ күту әдебі сынып сағат"

библиотека
материалов

«Қайназар ауылындағы орта мектебі»КММ






Тәрбие сағатының тақырыбы:

Қонақ күту әдебі







http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSo-ahGt5GwEgSaRpFhD0dserjj5PyADSeTpWCFDq8vvQM5L_KO





7 «Ә»сынып жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі: Түйебаева Айман Құрманбайқызы









2015-2016 оқу жылы







Сынып сағаты 01.02.2016ж 

Мақсаты: Оқушылардың жеке танымдық, еріктілік, тәртіптілік ерекшеліктерін ұштау,  ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихынан сынып сағатында мағлұмат беру. Халық дәстүрлерін неғұрлым таза сақтап, қонақты күту дәстүрін ой елегінен өткізіп, өнеге алатындай етіп үйрету.

 Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады.

Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған.

Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.

                                         Қонақжайлылықтың негізгі белгілері

Адамдардың арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрмет пен қамқорлықты білдіретін,үй иесінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын ұлттық салт-дәстүріміз – қонақжайлылықтың негізгі белгілері бар.Олар: адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, құрметпен қарсы алып, достық ықылас көрсету, адал ас-дәмін ұсыну.
Қазақ халқының қонақжайлылық қасиеті мен дәстүрі қай заманда да шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды қатты таң қалдырғаны тарихта жазылып қалған ақиқат. Этнографтардың, көне-көз қариялардың айтуынша, дәстүрлі қазақ қоғамында, әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі «енші». Қасиетті қазақ даласындағы кез -келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, шөлін қандырып, тынығып алуына құдайы қонақ ретінде қақысы бар. Ал әрбір үй қонақты ақ пейілімен қарсы алып, сыйлап, құрметтеп шығарып салуға тиісті. Бұл – қазақ даласында ежелден келе жатқан моральдық – этикалық қалып, қазақ тұрмысының айнымас шарты.

                                        

                                                    Қонақ деп кімді айтады?
Үйге келген мейманды – қонақ деп атайды. Қазақ халқының әдеп-ғұрпы бойынша үйге келген адам ішке баса көктеп кірмейді, сырттан дауыстап, үйдегілерге белгі береді. Үйге келген қонақтың міндетті түрде орындайтын ең бірінші шарты шаңыраққа сәлем беріп кіру. Түсте келген қонаққа түстік, кешке келген қонаққа үй иесі қонақасы береді. Қонақтар жасының үлкендігі мен мәртебесіне сәйкес төрден есікке қарай орналасады. Үй иесі болмаса келген қонақ ұсынылған астан дәм татқан соң басқа, үй иесі бар отбасына барып түнейді. Қонақты үй иесінің өзі есікті ашып қарсы алады.

Олар кетерде үй иесі есікті ашып, шығарып салса, бұл қонақтарды қуған болып саналады.

                                                          Қонақтың түрлері

 Қазақ халқы қонақтарды:

Арнайы қонақ. Ол – әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көр ші-көлем, құда-құдағи, сыйлы, құрметті кісілер.
Құдайы қонақ. Бұлар – шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп сапарында көлігі болдырып немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған тосын, бөгде қонақ.
Қыдырма қонақ . Үйден-үйді, ауылдан-аул- ды кезіп, ерігіп желіккен, үлкенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш «кіріп-шық» кезбе қонақтарды осылай атайды.

Қылқыма қонақ.  Ол – ауыл ішіндегі, үй аралығындағы түтіні түзу шыққан үйді торып, құлқынын тойдыру үшін қолына тигенін, аузына түскенін қылқытып жалмай беретін ашқарақ, ар мен ұятты белге буған тойымсыз, елеусіз қонақ.
Құтты қонақ.  Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», – деген нақыл бар. Бұл мейман – келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, қуаныш болатын қонақ.
Ерулікті қонақ.  Қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақты осылай атаған.

                                                    Қонаққа шақыру, қонақ болу
Қонақжайлылық, қонаққа шақыру – өзіңдегі несібе, ризықпен бөлісу, қолыңнан келген құрметті, бақытты қайтарымсыз сыйлау. Бұл іс екі жақтың арасындағы татулықты нығайтады. Пейілі ақ әрі кең адамдардан ғана қонақжайлылықты күтуге болады. Қазақ – «қонақпенен бірге құт келеді», – деп ойлаған, соған сенген халық. Біздің ата-бабаларымыз, әке-шешелеріміз қонаққа шақыруды да, оларды күтуді де, өздері қонаққа баруды да әрі жақсы көрген, әрі қызық, қуаныш санаған.
Қонақтың орыны – қашанда үйдің төрі. Қонақтар үйге сәлем беріп (шаңыраққа сәлем беріп) кіргеннен кейін қамшысы мен сырт киімін кереге басына іліп, аяқ киімін оң жақ босағаға шешіп, төрдегі жаюлы тұрған сырмақ үстіндегі көрпеге барып отыруға тиіс. Өзін таныстыруға асықпайды, үй ішіндегілер де оның аты-жөнін, жұмысын тергеп сұрамауға тиісті.

Өйткені ол  – көргенсіздік болып саналады.

Келген қонақ аты-жөнін айтқанымен, жұмысын айтқысы келмесе, оны ешкім де жазғырмауға міндетті.
Қазақтар ұл-қыздарына қонақ күту әдебін жас кезінен бастап үйреткен. Оны жырға қосып үнемі айтып отыратындықтан, қонақжайлылық балаларының жас кезінен-ақ сана-сезіміне сіңіп, жүрегінен орын алған.

Қонақ күту әдебі

Қонақтың орны қашанда үйдің төрі. Қонақтар үйге сәлем беріп (шаңыраққа сәлем беріп) кіргеннен кейін қамшысы мен сырт киімін кереге басына іліп, аяқ киімін оң жақ босағаға шешіп, төрдегі жаюлы тұрған сырмақ үстіндегі көрпеге барып отыруға тиіс. Өзін таныстыруға асықпайды, үй ішіндегілер де оның аты-жөнін, жұмысын тергеп сұрамауға тиісті. Өйткені ол – көргенсіздік болып саналады. Келген қонақ аты-жөнін айтқанымен, жұмысын айтқысы келмесе, оны ешкім де жазғырмауға міндетті. Осы қонақтың үстіне сырттан тағы да қонақтар келіп қалса, жасы кішісі жасы үлкенге ығысып орын береді. Қонақ шөлдеп келсе, оған ең әуелі қымыз ұсынылады, сосын барып шәй, ас береді. Бойжеткендер шыны аяқты салдырлатпай өте әдептілікпен шай құйып береді, қонақтардың әңгімесіне араласпайды, оларға тіктеп қарамайды, орынсыз ыржалақтап күлмейді. Мұның бәрі ежелгі заманнан бері қонақ шақырып күткенде бұлжытпай орындалатын әдептер. Қазақтар ұл-қыздарына қонақ күту әдебін жас кезінен бастап үйреткендіктен қонақжайлылық балалардың сана-сезіміне сіңіп, жүрегінен орын алған.

Келген қай қонақты болмасын ақ жарқын жүздерімен қарсы алып, дастарқандарын жайып, оған барын салып сыйлайды. Қонағы үйіне кіре бере, үй иелері амандасып болған соң келіндері мен қыздарына «төрге көрпеше жайыңдар» деп, конақтың төрге шығуын өтінеді. «Қонағын сыйлаған төрге шық дейді» деген мақал да осыдан шықса керек. Жолы үлкен сыйлы қонақтарына аса ізгі ниетпен қарап, қой сойып, қазан асып, баптап күтеді. Әдетте қақ төрге жолы үлкен бас қонақ отырады. Жолы мен жасына қарай қалған қонақтар төр ағасының оңы мен солынан орын алады. Қонақ үстіне қонақ келсе жасы кіші қонақ, жасы үлкенге ығысып орын береді. «Бұрынғы қонақтың соңғы қонаққа орын беруі» содан қалған дәстүр.

Қорытынды: Қонақтарды сыйлау қазақ халқында шай құйып беруінен көрінеді. Шай құю жас келіндерге жүктеледі. Олар кеселерін ауыстырмай, сапырмай, қою ғана етіп құяды. Шай кұюдың әр елде әр түрлі дәстүрі бар.  Қазақ халқынын қонақ күту дәстүрі ел-жұрт арасындағы ізгі қарым-қатынастарды нығайтады. Ағайын-туысқандардың арасындағы туысқандықтың мықты болуында, көрші-қолаңдардың алыс-берісіне, үлкенді-кішілі болып сыйласуына, өскелең ұрпақтын жастайынан көпшіл, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқоршы болуды үйретудегі тәрбиелік мәні зор.

Үйге тапсырма: Әркім өзінің қонақжайлылығы туралы ой-толғау жазып келсін




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров505
Номер материала ДВ-462223
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх