Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыҚонақ келсе- құт дариды

Қонақ келсе- құт дариды

Скачать материал

                                        Қонақ келсе – құт.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  Ата- дәстүр  бойынша қазақтың қонақжайлығы  туралы әңгімелеу,жерлесіміз, ақын Жұмағали Сайн туралы мәлімет беру арқылы,

  сөйлесу әрекеттерін жандандыру,

Дамытушылық:  Оқушылардың байланыстыра сөйлеу қабілеті мен танымдық  деңгейін арттыру,

Тәрбиелік: Халықтар арасындағы достық, қарым – қатынасты күшейте отырып,халықты сыйлауға биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ- жауап, диалог құру, талдаулар, өлең оқу

Сабақтың көрнекілігі: Буклет , үлестірмелі тапсырмалар, слайд көрсету

Сабақтың эпиграфы: «Қонақжайлылық- халық жанының айнасы»,

                                    «Гостеприимство –зеркало души человечество»    

Сабақтың барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

Шаттық шеңбері.

Үлкеге де Сіз( оң қолды алға созу)

Кішіге де Сіз (сол қолды алға созу)

Барша жанды құрметтеп (екі қолды кеудеге қою)

Бас иеміз біз (бастарын иеді)

«Ой қозғау»

«Қонақ» деген сөзге ассоциация құру.

 Туған қүн, гүл, тілек, би билеу, ән салу,  домбыра ойнау,амандасу, мереке,дастарқан жасау

Кіріспе сөз. Әр халықтың өз салт – дәстүрлері бар. Қазақ халқы – өте бауырмал, қонақжай халық. Олар келген адамды әрқашан құшақ жая қарсы алып, оған мал сойып, табақ тартқан.

«Қазақтың дастарқаны» туралы  әңгімелеу.

Ет тағамдары

Сүт тағамдары

Нан тағамдары

Қазақша ет

Ірімшік

Бауырсақ

Қуырдақ

Құрт

Шелпек

Қарта

Май

Тоқаш

Қазы

Қаймақ

Таба нан

жая

Қымыз

Самса т.б.

Шұжық т.б

Шұбат

 

 

Диалог «Қонаққа шақыру»

Жерлес ақын- партизан Жұмағали Сайнның 100 жылдығына орай біздің мектепке бүгін қонақтар келіп отыр.

Диалог құрастыру.

-         Жұмағали Сайн кім?

-         Жұмағали Сайн ақын,партизан.

-         Ол қайда туып өскен?

-         Ол Көкшетау облысы, Арықбалық ауданы, «Искра» колхозында Баян көлінің жағалауында туған.

-         Ол неше жасында жетім қалды?

-         Ол  5 жасында жетім қалды?

-         Өмірін неге арнады?

-         Өмірін өлең- поэзияға арнады?

 

Балалар ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?

Оқушылар жауабы.

«Туған жерім сен, Баян»

Қадірлі Баян – жер Баян,

Қайынды Баян, көл Баян,

Сенің жайың ерге аян...

Менің өмірім елге аян...

Көрмегелі көп болды

Көркейіпсің сен – дағы

Байытыпты колхозды,

Өзгеріпті ел – дағы.

Айдынды Баян, көл Баян,

Аяңда тудым мен бір кез.

Басылсын мауқым сағынған

Суыңнан ләззәт берші тез.

1947

 

Талдаулар

1. Фонетикалық талдау «Дәстүр»

2. Жіктік жалғуын жалға «Қонақ»

3. Тәуелдік жалғау жалға «Қонақ»

4. Синтакситік талдау. Біз бүгін кешке Айжанға қонаққа барамыз.

Тақырыпқа байланысты қандай мақал- мәтелдерді білесіңдер ?

1.Сылап берсе, суын іш.

2. Той тамағы – тәтті.

3. Сыйласқанның суын іш.

4.Тату үйдің тамағы тәтті.

5. Қонақ келсе, құт болар.

6. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

7. Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ.

Сергіту сәті

-         Үйге келген қонақты күлімдеп қарсы алу (қол шапалақтау)

-         Біреудің затын сұрамай алу (екі қолды екі жаққа жаю)

-         Сабаққа тиянақты дайындалу

-         Үлкен кісіге бірінші болып сәлем беру

-         Кішілерді ренжіту

-         Қарттарға көмектесу, айтқанын тыңдау

-         Үлкендердің сөзін бөлу

-         Қонақтарды сыйлау

 

Мәтінді тыңдап, мазмұнын айту.

 

  Қазақ халқы – өте қонақжай халық. Қонақ келсе ол дастарқанға барлығын қояды, сыйлап күтеді, Ата –бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрінің бірі – қонақжайлылық. «Қонақпен еріп құт келеді» деген сенім бойынша, қонағын қарсы алған отағасы есігін өзі ашып,алдымен қонағын кіргізеді. Жөн сұрасып болған соң, үй иесі қонағына барын беріп, риза етуге тырысады. Қонақ шөлдеп келсе, қымыз беріп, шөлін басады. Тамақ ішіп болған соң, сыйлы, қадірлі, жасы үлкен адам бата береді, ас қайырады.

  Ас қайыру деген – қонақ күткен үй иелеріне жақсы тілек айтқызу.

            Бата.

Басқа амандық берсін,

Жанға саулық берсін,

Босаға тең болсын.

Пейілің  кең болсын,

Үйден ат кетпесін,

Алдан ас кетпесін.

Кетпес байлық,

Қайтпас ырыс берсін,

Дәулетің тасып жатсын,

Жасың жүзден асып жатсын.

(әумин!)

Ән: «Қазақы дастарқаным» - орындайтын Ғалымжанова Аделя

Қорытындылау.

Қадыр Мырза- Әли:

-         Қазақ осы – ашық- жарқын қабағы,

-         Қонақ келсе, шабылып бір қалады.

-         Байқа да тұр, кетерінде ол саған

-         Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Бекіту:

-  Қазақ халқы қандай халық?

-  Ол қонағын қалай күтеді?

Бағалау.

Үйге: қайталау.

 

 

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

                                 Солтүстік Қазақстан облысы

                                       Айыртау ауданы

                                 Златогор орта мектебі

 

 

 

                               Тақырыбы:

                           "Қонақ келсе - құт"

     (Аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің семинарындағы берілген

                                           ашық сабақ.  6б-сынып)

 

 

 

 

 

 

                                                    

                                                                     Мұғалім : Қасымова А.О.

 

 

                      

                                   2011-2012 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қонақ келсе- құт дариды"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл сабақ жоспарында "Қонақ келсе- құт" қонақ туралы  нақыл сөздер, өлеңдер берілген. Қазақ халқының қонақжайлығы туралы айтылған. Мысалы: "Құтты қонақ келсе, қой егіз туады","Қонақ ырысымен келеді."Қазақ халқының дастарқаны, оның ішінде ет тағамдары, сүт тағамдары, наннан жасалған тағамдар белілген. Мысалы: ет тағамдары: шұжық, қазы, қарта, қазақша ет т.б. Сүт тағамдары: айран, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат т.б. Нан тағамдары: бауырсақ, шелпек, таба нан т.б. Оқушыларға арналған диалог түрі берілген. Мысалы : жерлес ақынымыз, яғни жерлесіміз Жұмағали Сайн туралы диалог. Талдау түрлері: фонетикалық т.б.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 283 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2015 1357
    • DOCX 19.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касымова Айгуль Оразбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Касымова Айгуль Оразбаевна
    Касымова Айгуль Оразбаевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19429
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения испанскому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Курс повышения квалификации

Основные методики обучения немецкому языку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 82 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания английского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 351 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 232 человека

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе