Инфоурок Начальные классы Конспекты"Қонақжай" тақырыбына сабақ жоспары (дүниетану,3- сынып)

"Қонақжай" тақырыбына сабақ жоспары (дүниетану,3- сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қонақжай.

 

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: Қонақ күту – қазақ халқының дәстүрлерінің бірі. Бұл - адамдар арасындағы қатынастың көрінісі екенін түсіндіру. «Қонақжай», «меймандостық» деген ұғымдарды түсіндіру.

                                    2. Дамытушылық мақсаты: Ой - өрістерін, сөйлеу мәдениеттіліктерін, адамгершілік сапаларын дамыту.

                                   3. Тәрбиелік мақсаты: Әдептілікке, қамқорлыққа, ізгілікке, сыйластыққа, адалдыққа, салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекіліктері: Ұлағат сөздер, суреттер, сызбалар, тест,  техникалық құралдар, киіз үй макеті, дөңгелек үстел, орындық, қоржын.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. Әңгіме сабақ.

 

Сабақтың типі: Жаңа білімді оқып үйрету.

                            

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Әңгіме, сұрақ –жауап, көрнекілік, оқулықпен жұмыс, топтық, жұптық, тест.

 

Сабақ барысы:

 І.Ұйымдастыру кезеңі:

Бүгін бізде ерекше сабақ болады. -Бізге кімдер келіп отыр?- Иә, қонақтар. Бүгінгі біздің сабағымыз да қонақжай туралы. -Ендеше бір - бірімізге жақсы көңіл - күй сыйлап, сәттілік тілейік.

 

ІІ. Жаңа сабақ:

    1. Тақырыпқа әкелу:

                        - Қонақ келгенді ұнатасыңдар ма?

                         -Үйлеріңе қандай қонақтар келеді?

                         - Қонақ деген кімдер?

                         - Үйге келген кісілер.

                         - Оларды шақырамыз ба?

                         - Иә. Шақырылмай да алыстан ағайын - туыстар келеді.      

 Арнаулы шақырылатын жора - жолдас, туыс – туғандар, алыстан келген ағайындардың барлығын қонақ дейміз.

  Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «қонақжай» деп аталады. Бұл сабақтағы біздің мақсатымыз бен міндетіміз: қонақжайлық деген не, қонақты күту рәсімі, оның қажеттілігі туралы, адамдардың арасындағы сыйластық, өзімізді қандай әдепті бала екенімізді көрсету, білу.

 

 

 

 

     2.     - Қонақ келгенде не істейсіңдер?

             - Қонақтарды күтеміз.

Кісі күту, қонақжайлылық ата - бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрінің бірі. Әр халықтың қонақ шақыру дәстүрі әр түрлі. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Қазақ халқы қонақжай.

 

      Ендеше екі топ болып қонақты қалай қарсы алатынымызды көрсетейік.

(қоржынннан жағдайатты сұрақтар алып, жауабын рөлмен көрсету)

 

 Қолжындағы сұрақтар:

1).Үйіңе келген қонақты қалай қарсы аласыңдар?

2). Қонақты қалай күтесіңдер?

Қонақты күтуді, қарсы алуды біледі екенбіз, рақмет.

 

 

 ІІІ. Оқулықпен жұмыс: 103-104 беттерді өздерің оқып,түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеп отырыңдар.

 

 Сөздік жұмысы: балалардың белгілеген түсініксіз сөздерін түсіндіру.

 

-Мейман деген кім?

-Арнайы шақырылған кісіні немесе өздігінен келіп қалған үлкен кісіні мейман дейміз

.

 Проектордан оқып,

«Қазақ қонақсыз болмайды», «Қонақжай үй екен» сөздерінің мағынасын ашу.

 

-Қонақ келген кезде қандай көңіл күймен қарсы алу керек?

Мына сөздерді қонақ келген кездегі көңіл күйлеріңмен оқып көріңдер.

 

Проектордан оқу. (екі топтан бір – бір бала оқиды)

 

«Сәлеметсіз бе»,  «Келіңіз жоғары шығыңыз», «Отырыңыз, төрлетіңіз», «Қане, шешіне қойыңыз», «Иә, жұмысыңызды айтыңыз»

 

 - Қай топ жақсы оқыды? 

«Көз – адамның айнасы » сөз адамның бет пішінін білдіреді. Адамның көзінен, жүзінен оның қандай көңіл күйде екені сезіліп  тұрады. Сондықтан келген қонақты жылы жүзбен, шын көңілмен қарсы алу керек.

 

 3. Қонақ түрлері жайлы аңызды топтарға беріп, топпен оқып, бір - біріне түсіндіріп, талдайды. Әр топ мазмұндайды.

   

     Әдетте ,қазақ ауылының қонақтары есепсіз көп болады. Әрине олардың арасында сыйлысы да, қадір- қасиеті кемдері де кездеседі.

     Баяғыда батыр атамыз Сырым Датұлы өз үйіне қонып отырған сыйлы қонағы Төленді биден:

  - Биеке! Қазақтың қонағы неше түрлі болады, соны айырып беріңізші,- деген екен. Сонда би:

  - Қазақта 4 түрлі қонақ бар. Олар: арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ және қылтима қонақ- деп жауап береді.

  - Ал олардың бір- бірінен қандай айырмасы бар? – деп сұрағанда Төленді би былай депті.

- Арнайы қонақ – алыстан әдейі іздеп келген тума- туыстардың, жолдастарың. Мал сойып шақырылған сыйлы қонақ.

-  Құдайы қонақ – бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден бір түнеп аттанатын бейтаныс жолаушылап жүрген тосын қонақ.

-  Қыдырма қонақ – ерігіп, үйден- үйді, ауылдан- ауылды кезіп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ.

-  Қылтима қонақ – тамақ піскенін аңдып жүріп, шақырусыз келіп, ет жеп кетер сүйкімсіз нағыз сұғанақ қонақ осы – депті би.

 

 

ІV. Дәптермен жұмыс:   Проектордағы сызбаны жазу.                   

                                         қонақ түрлері

 

   арнайы қонақ        құдайы қонақ          қыдырма қонақ        қылтима қонақ

 

Қонақ түрлерін салыстыру, айырмашылығын түсіну.

Қылтима қонақты халқымыз ұнатпайды. Ал, қазақтар үшін сыйлы қонақтың бірі- «құдайы қонақ» екен.

 

«Әркім барын береді», «қонақ етіне емес, ниетіне риза» сөздерін қалай түсінесіңдер?

 

V.  Бекіту: ( тест сұрақтары).

1. Арнайы шақырылған немесе өздігінен келіп қалған кісіні кім дейміз?

А. Қонақ                          Ә. Мейман                  Б. Адам

 

2. Қонақтың неше түрі бар?

А. 2                                   Ә. 3                               Б. 4

 

3. Ата- бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі не?

А. Татулық                       Ә.Қонақжайлық              Б. Тамақтану

 

Проектордан көрсетілген дұрыс жауап бойынша жұппен, өзін-өзі тексеру.

 

VI.  Қорытынды: «Қонақ келгенде», «Меймандос» өлеңдерін проектордан оқытып, мазмұнын ашу, талдау.

                          

Қонақ келгенде.

 

Қонақтар келгені                                     Құйылды шай тағы

Көңілді үй қандай!                                   Қонаққа еселеп.

Кілемдер төрдегі                                      Әжем де жайдары,

Күлімдеп тұрғандай.                                Жасарып кеткендей.

Бұрынғы дастарқан                                   Шат күлкі қағады

Жаңадан жайғандай.                                 Қанатын кептердей.

Мол тағам аспаннан                                  Үлкендер шетінен

Сау етіп жауғандай.                                   Елжіреп тұрғандай,

Сақылдап қайнады                                     Сүйеді бетімнен,

Самауыр неше рет.                                     Мен бүгін туғандай.

 

Меймандос.

 

Алақай келіңіз,                                  Таңдайсыз қандайын?

Дайын тұр төріміз.                             Тағамның не түрін,

Пальтоны ілейін,                                Тағы да қамдаймын ... 

Шешіңіз, беріңіз.                                Келіңіз, келіңіз,

Тамақтар дап – дайын,                        Сый-сияпат көріңіз!

 

 

VII.  Үйге тапсырма: «Қонақты қалай күтемін?» шығарма жазу.

 

VIII.   Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

 

 

 

   Қонақжайлық салтымыз,

Оқып - біліп жатырмыз.

                                           Ата салтын сақтасақ,

                                            Арта берер даңқымыз.

деп сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

      

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қонақжай" тақырыбына сабақ жоспары (дүниетану,3- сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Қонақжай.

 

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: Қонақ күту – қазақ халқының дәстүрлерінің бірі. Бұл - адамдар арасындағы қатынастың көрінісі екенін түсіндіру. «Қонақжай», «меймандостық» деген ұғымдарды түсіндіру.

                                    2. Дамытушылық мақсаты: Ой - өрістерін, сөйлеу мәдениеттіліктерін, адамгершілік сапаларын дамыту.

                                   3. Тәрбиелік мақсаты: Әдептілікке, қамқорлыққа, ізгілікке, сыйластыққа, адалдыққа, салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекіліктері: Ұлағат сөздер, суреттер, сызбалар, тест,  техникалық құралдар, киіз үй макеті, дөңгелек үстел, орындық, қоржын.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. Әңгіме сабақ.

 

Сабақтың типі: Жаңа білімді оқып үйрету.

                            

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Әңгіме, сұрақ –жауап, көрнекілік, оқулықпен жұмыс, топтық, жұптық, тест.

 

Сабақ барысы:

 І.Ұйымдастыру кезеңі: Бүгін бізде ерекше сабақ болады.

                                   -Бізге кімдер келіп отыр?

                                - Иә, қонақтар. Бүгінгі біздің сабағымыз да қонақжай туралы.

                             -Ендеше бір - бірімізге жақсы көңіл - күй сыйлап, сәттілік тілейік.

 

ІІ. Жаңа сабақ:

    1. Тақырыпқа әкелу:

                        - Қонақ келгенді ұнатасыңдар ма?

                         -Үйлеріңе қандай қонақтар келеді?

                         - Қонақ деген кімдер?

                         - Үйге келген кісілер.

                         - Оларды шақырамыз ба?

                         - Иә. Шақырылмай да алыстан ағайын - туыстар келеді.      

 Арнаулы шақырылатын жора - жолдас, туыс – туғандар, алыстан келген ағайындардың барлығын қонақ дейміз.

  Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «қонақжай» деп аталады. Бұл сабақтағы біздің мақсатымыз бен міндетіміз: қонақжайлық деген не, қонақты күту рәсімі, оның қажеттілігі туралы, адамдардың арасындағы сыйластық, өзімізді қандай әдепті бала екенімізді көрсету, білу.

 

 

 

 

     2.     - Қонақ келгенде не істейсіңдер?

             - Қонақтарды күтеміз.

Кісі күту, қонақжайлылық ата - бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрінің бірі. Әр халықтың қонақ шақыру дәстүрі әр түрлі. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Қазақ халқы қонақжай.

 

      Ендеше екі топ болып қонақты қалай қарсы алатынымызды көрсетейік.

(қоржынннан жағдайатты сұрақтар алып, жауабын рөлмен көрсету)

 

 Қолжындағы сұрақтар:

1).Үйіңе келген қонақты қалай қарсы аласыңдар?

2). Қонақты қалай күтесіңдер?

Қонақты күтуді, қарсы алуды біледі екенбіз, рақмет.

 

 

 ІІІ. Оқулықпен жұмыс: 103-104 беттерді өздерің оқып,түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеп отырыңдар.

 

 Сөздік жұмысы: балалардың белгілеген түсініксіз сөздерін түсіндіру.

 

-Мейман деген кім?

-Арнайы шақырылған кісіні немесе өздігінен келіп қалған үлкен кісіні мейман дейміз

.

 Проектордан оқып,

«Қазақ қонақсыз болмайды», «Қонақжай үй екен» сөздерінің мағынасын ашу.

 

-Қонақ келген кезде қандай көңіл күймен қарсы алу керек?

Мына сөздерді қонақ келген кездегі көңіл күйлеріңмен оқып көріңдер.

 

Проектордан оқу. (екі топтан бір – бір бала оқиды)

 

«Сәлеметсіз бе»,  «Келіңіз жоғары шығыңыз», «Отырыңыз, төрлетіңіз», «Қане, шешіне қойыңыз», «Иә, жұмысыңызды айтыңыз»

 

 - Қай топ жақсы оқыды? 

«Көз – адамның айнасы » сөз адамның бет пішінін білдіреді. Адамның көзінен, жүзінен оның қандай көңіл күйде екені сезіліп  тұрады. Сондықтан келген қонақты жылы жүзбен, шын көңілмен қарсы алу керек.

 

 3. Қонақ түрлері жайлы аңызды топтарға беріп, топпен оқып, бір - біріне түсіндіріп, талдайды. Әр топ мазмұндайды.

   

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 802 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2015 2972
    • DOCX 41.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абенова Айнур Ауелбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абенова Айнур Ауелбековна
    Абенова Айнур Ауелбековна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12337
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 058 человек

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе