Инфоурок Математика Другие методич. материалыОндық бөлшектерді салыстыру тақырыбына есептер шығару (5 сынып)

Ондық бөлшектерді салыстыру тақырыбына есептер шығару (5 сынып)

Скачать материал

Күні: 15.02.2017 жыл

Сынып: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді салыстыру тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей білуге, разрядтары бойынша және натурал сандарға дөңгелетіп салыстыра білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың тез ойлап нақты нәтижеге жете білу дағдыларын, сабақ үстіндегі өз еңбегін ұйымдастыра білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, логикалық және шығармашылық ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірме парақтар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

         Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа дайындау, оқушылардың назарын сабаққа аудару және 3 топқа бөлу (стикер арқылы).

1-топ: Ондық үлестер

2-топ: Жүздік үлестер

3-топ: Мыңдық үлестер

         Сабақтың ұраны:

Маған айтсаң ұмытып қаламын,

Көрсетсең есімде қалады,

Өзіме істетсең үйреніп аламын      (Қытай даналығы)

         Сонымен оқушылар біз бүгінгі сабағымызда қазақ елінің осы уақытқа дейінгі болған астаналары және қазіргі астанамызға саяхат жасаймыз. Қазіргі астанамыз қай қала екенін бәріміз білеміз. Ал бұдан бұрынғы астаналарды білесіздер ме? Осы астана болған қалалармен танысу үшін біз саяхатымызды бастайық. Саяхатымыз төрт аялдамадан тұрады.  Саяхатқа ұшақпен шығамыз. Ол үшін бізге ұшаққа билет алу керек. Ал билет алу үшін тапсырмалар орынауымыз керек. Сендерге үйге берілген тапсырмалар бар. Бірінші үй тапсырмасын тексеруден бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру

№1250 есеп

 

1.А(0,6),    В(1,3),     С(2,4),    D(2,9)

2.А<C,       D>C,       A<D,       B<D

         №1252 есеп


1)8,7 > 3,9

2)4,15 < 4,23

3)5,23 < 5,24

4)6,3 < 7,1

5)15,39 < 15,4

6)28,965 > 28


         Математикалық диктант. Ондық бөлшектерді жазыңдар.

1.Бес бүтін оннан жеті – 5,7

2.Қырық екі бүтін жүзден елу екі – 42,52

3.Бір бүтін жүзден үш – 1,03

4.Үш бүтін мыңнан үш жүз сексен екі – 3,382

5.Сегіз бүтін мыңнан бір – 8,001

6.Жеті бүтін он мыңнан отыз төрт – 7,0034

         Жарайсыңдар балалар, біз тапсырмаларды орындау арқылы билетімізді алдық. Саяхатымыздың бірінші аялдамасы қазақ елінің тұңғыш астанасы болған Орынбор қаласы. Орынборға жету үшін біз мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

         Жеке жұмыс. №1253 есеп.

Үлгі: 9,367 мен 9,3 ондық бөлшектерін салыстырайық.

9 367 > 9 300, онда 9,367 > 9,3

 


1)45,63 > 43,8

2)67,837 > 67,25

3)89,222 < 89,223

4)61,39 > 61,29

5)83,05 < 84,1     

6)46,997 > 46,897


 

1-аялдама. Орынбор қаласы – Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735жылы бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өзенінің атына байланысты қойылған. Орынбор 1968 жылдан бастап Ресейдің Қазақстан және Орталық Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. 1920-1925 жылдарда Орынбор Қазақ АКСР-інің астанасы болды.

         Келесі аялдама – Қызылорда қаласы, бұрынғы Ақмешіт. Қызылордаға жету үшін тағы бір тапсырма орындаймыз.

         Жұптық жұмыс. Тақтада бір оқушы №1259 есеп

         Тапсырма: Парақта жазылған ондық бөлшектерді разрядтары бойынша атын атап, оларды салыстыру.

1.12,456 мен 15,726

2.22,294 пен 22,327

3.43,856 мен 34,964

4.17,036 мен 17,258

5.14,901 мен 14,890

6.56,053 пен 51,983

7.72,308 бен 72,312

 

2-аялдама. Қызылорда қаласы – қала негізі Қамысқала атты елді мекенде 1817 жылы салынған Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі ретінде қаланды. 1854 жылдың тамызынан бастап басқыншы генерал В.А.Перовскийдің атымен бекініс Перовск порты деп аталды. 1857 жылы Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уезд орталығына айналды. 1917 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Қазақстанда бірінші болып Перовскіде орнады. 1922 жылы қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен 1925 жылдың сәуірінде Қызылорда деп қайта өзгертіліп Қазақ АКСР-інің астанасы мәртебесі берілді. 1929 жылға дейін Қызылорда қаласы Қазақ АКСР-інің астанасы болды.

 

         Енді сендер жолдан шаршаған шығарсыңдар, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті (бейнеролик).

         Тағы да келесі аялдамамызға жолға шығайық. Келесі қала Алматы қаласы. Оған жеткенше біз тағы бір тапсырма орындайық.

         Топтық жұмыс. Математикалық домино.

 

Аралас сан дегеніміз не?

Бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігі болатын сан

Бөлімі алымынан үлкен болатын бөлшек

Дұрыс бөлшек

3,15 ондық бөлшегінде қанша ондық үлес бар?

1 ондық үлес

Бөлімі алымынан кіші болатын бөлшек

Бұрыс бөлшек

7,41 ондық бөлшегінде қанша жүздік үлес бар?

1 жүздік үлес

7,308 бен 7,312 сандарын салыстыруда қандай теңсіздік белгісі қойылады?

Ондық бөлшектерді салыстырудың неше тәсілі бар?

3 тәсіл

3,761 пен 3,735 сандарын салыстыруда қандай теңсіздік белгісі қойылады?

> 

Ондық үлестер разряд бірлігі

0,1

 

 

3-аялдама. Алматы қаласы – Еуразияның ортасында, Іле Алатауының солтүстік бөктерінде, оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келген теңіз деңгейінен 750-880 метр биіктікте орналасқан. 1854 жылы Алатау баурайында бекіністер салына бастады. 1854 жылы 7 наурызда Кіші Алматы жағалауына қамал салу жұмыстары басталды. 1869 жылдан қала Үлкен Алматы станциясынан оңтүстік батысқа қарай салына бастады. 1868 жылы «Қаланы қоныстандыру комитеті» деп аталатын үйым құрылып, Алматы қаласының алғашқы жобасы жасалды. Осы жоба бойынша қаланың құрамы бөліктерге бөлінді.

·        Верный бекінісі

·        Үлкен және Кіші станция

·        Татар слободкасы және жаңа қала

1918 жылдың наурызында Верный қаласында Кеңес үкіметі орнады. 1921 жылы 5 ақпанда Жетісу облыстық революциялық комитеті Верный қаласын Алма-ата етіп өзгерту жөнінде шешім қабылдады. Астана Алматыға 1929 жылдың жазында көшіп келді. Алматы қаласы 70 жыл бойы еліміздің астанасы статусында болды.

         Еліміздің аса ірі, әсем де сұлу қаласы Алматы 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 1997 жылдың 10 желтоқсанына дейін егеменді Қазақстан Республикасының бірінші астанасы болды.

 

Келесі аялдамамыз Астана қаласына жету үшін біз тест орындайық.

                   Тест

1.Қате теңсіздікті көрсетіңіз


А)2,75 < 3,14

В)6,324 < 6,185

С)8,26 > 5,789

Д)7,538 < 7,548


2.Ондық бөлшектерді салыстырудың неше тәсілі бар?


А)4

В)2

С)5

Д)3


3.«=» теңдік белгісі қойылатын қатарды белгілеңіз


А)2,5 және 2,500

В)3,56 және 3,59

С)2,88 және 1,45

Д)5,21 және 6,21


4.2,6912 ондық бөлшегінде қанша мыңдық үлес бар?


А)2

В)6

С)1

Д)9


5.7,548 ондық бөлшегінде қанша бірлік бар?


А)7

В)5

С)4

Д)8


         4-аялдама. Астана қаласы – 1997 жылы 20 қазанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың 6 мамырында Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы – Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «ҚР-ның астанасының мәртебесі тураы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

         Астана – мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті біріктіретін бас қала.

         2008 жылы еліміздің елордасы Астана 10 жылдық мерейтойын атап өтті.

         Рефлексия. (бланкалар таратылады)

Бағалау. Топ басшылары өз тобындағы оқушылардың бағаларын оқиды.

Үйге тапсырма: №1257, 1258 есептер, 89-90 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

 

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Математикалық диктант

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Тест

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

 

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Математикалық диктант

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Тест

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

 

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Математикалық диктант

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Тест

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ондық бөлшектерді салыстыру тақырыбына есептер шығару (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 222 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.06.2017 2478
    • DOCX 28 кбайт
    • 83 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мендибаева Гулнур Конырбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мендибаева Гулнур Конырбаевна
    Мендибаева Гулнур Конырбаевна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4499
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Реализация межпредметных связей при обучении математике в системе основного и среднего общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 94 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 681 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 808 человек

Курс повышения квалификации

Применение математических знаний в повседневной жизни

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе