Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / "Ондық бөлшектерге амалдар қолдану" ашық сабақ жоспары (5 сынып)

"Ондық бөлшектерге амалдар қолдану" ашық сабақ жоспары (5 сынып)

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән: Математика Сынып: 5а Мұғалім: Абикеева А.А. Күні: 15.05.14

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін тиянақтау, жетілдіру;

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тез ойлап, жылдам шешім қабылдауға, тапқырлық пен табандылыққа, ұқыптылыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау, бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, презентация, таратпа материалдар, кестелер, фишкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру;

г) Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, олардың міндеттерін түсіндіру:
І - топ: «Алғырлар» тобы - бірінші қатар оқушылары;
ІІ - топ: «Тапқырлар» тобы - екінші қатар оқушылары;
ІІІ - топ: «Ойшылдар» тобы - үшінші қатар оқушылары.

Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:

Бүтін менен бөлшекті,

Үтірменен айырған.

Әп-әдемі жазылар,

Айтыңдаршы, қандай сан.

Әрине, ондық бөлшектер. Ендеше біз «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тарауын қорытындылаймыз. Тарау бойынша үйренгенімізді ортаға салайық.

ІІ. Негізгі кезең:
1. Сабақ бөлімдері:
1 - бөлім: «Есте сақта, пайдалан!» (кластер қорғау)
2 - бөлім: «Есептеп көр, ерінбей!» (сөзжұмбақтар шешу)
3 - бөлім: «Оқу – ой азығы, жаттығу – тән азығы» (логикалық сұрақтар)
4 - бөлім: «Кім жылдам?» (теңдеу шешу)
5 - бөлім: «Өзіңді тексер!» (тест)

2. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

3. Үйге тапсырма.

1 - бөлімнің тапсырмалары (Мұнда әр топтың оқушылары өздеріне тақырыпты слайдта көрсетілген дөңгелектің түсін таңдау арқылы анықтайды, сол тақырып бойынша кластер жасап қорғайды):

  • Ондық бөлшектерді қосу және азайту(көк);

  • Ондық бөлшектерді көбейту(жасыл);

  • Ондық бөлшектерді бөлу(сары).

2 - бөлімнің тапсырмалары( әр топқа бірдей тапсырма, кеспе қағаздар арқылы беріледі )
а) Есептердің жауабына сәйкес кестені дұрыс толтырсаңдар, ондық бөлшектерді ең алғаш пайдаланған Орта азиялық ұлы ғалымның аты жөні шығады (Әл - Каши)

Л. 145, 95 + 23, 1 = 169,05
- 1, 45 - 0, 9 = 0,55
A. 9, 004 + 13, 8 = 22,804
Ә. 8, 35*3 = 25,05
K. 0, 25*1, 32 = 0,33
И. 7, 82: 1, 7 = 4,6
Ш. 0, 73: 0, 01 = 73

25,05

169,05

0,55

0,33

22,804

73

4,6

Ә

Л

-

К

А

Ш

И


ә) Аукцион - есептер.
Аукционға дәптер, қалам, өшіргіш, сызғыш сияқты ұсақ - түйек оқу құралдары салынады. Әр затқа арналған есептерді дұрыс шығарған оқушы аукционға қойылған оқу құралының иесі атанып, тиісті ұпай санын (фишкалар түрінде) алады:
1) Дәптер үшін: Есепте: 2, 0563+3, 72 = 5,7763
2) Қалам үшін: Есепте: (5, 673 - 5, 49)*10 = 1,83
3) Өшіргіш үшін: Есепте: 3, 6*0, 07 = 0,252
4) Сызғыш үшін: Есепте: (23*10, 3): 100 = 2,369
5) Қарындаш үшін: Есепте: 8, 746 – 5, 3+1, 254 = 4,7

3 - бөлімнің тапсырмалары ( Логикалық сұрақтар )

1) Барлық цифрлардың көбейтіндісі нешеге тең? (0)
2) Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады? (10 - он, 100 - жүз)
3) 4 пен 5 - тің арасына қандай таңба қойсақ, сонда 4 - тен артық, ал 5 - тен кем сан шығады? («үтір» белгісі)
4) 1 таяқтың екі ұшы бар, ал 3 таяқтың 6 ұшы бар. Төрт жарым таяқтың неше ұшы болады? (10 ұшы бар)
5) Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрышы қалады? (5 бұрыш)
6) Ағаш үстінде 100 торғай отыр еді. Аңшы келді де 10 торғайды атып түсірді. Торғайдың қаншасы қалды? (10 - ы қалды, қалғаны ұшып кетті)
7) Бөлменің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әрбір мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар? (4 мысық бар)
8) Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық алма әкелінді. Асханаға барлығы қанша жеміс әкелінді? (300 кг ғана, ал 100 кг пияз жеміс емес)
9) Бір жанұяның 5 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

10) Екі қолда 10 саусақ, 10 қолда неше саусақ? 

4 - бөлімнің тапсырмалары(теңдеу шешу):
Мұнда топ басшылары сайысқа түседі. Әр топтың басшыларына түрлі-түсті кеспе қағаздар беріледі. Қағаздың екінші жағында жазылған теңдеуді бірінші болып шығарған топ басшысы жеңімпаз атанады. Тиісінше, жоғары ұпай санын («5»- тік баға) алатын болады.

Теңдеуді шешіңдер:

1. hello_html_m732c41a1.gif 2. hello_html_m3bd0d55b.gif 3. hello_html_19ab3b68.gif

Жауаптары: 1) х=11; 2) х=4,3; 3) х=7,4.

5 - бөлімнің тапсырмасы (тест):

1) Ондық бөлшек түрінде жаз: 99/100
А) 9, 9 В) 0, 99 С) 100, 99 Д) 99, 100

2) Есепте: 0, 25+1, 63
А) 0, 88 В) 2, 88 С) 1, 88 Д) 2, 78

3) Есепте: 3 - 1, 27
А) 1, 23 В) 1, 73 С) 0, 127 Д) 2, 23

4) Көбейтіндіні тап: 14, 6*6, 5
А) 94, 9 В) 9, 94 С) 94, 4 Д) 9, 44

5) Бөліндіні есепте: 72, 42: 3, 4
А) 2, 13 В) 213 С) 13, 2 Д) 21, 3
Ескерту: Оқушылар тест жұмысын компьютерде орындайды.

Сабақты қорыту. Жеңімпаз топты анықтау, оқушыларды бағалау.
Сабақты қорыту оқушыларға таратылған фишкалар негізінде тиісті ұпайлар қойылған кесте бойынша жүзеге асырылады.
Үйге тапсырма: Қайталау. Жазба жұмысына даярлану.№ 1444, 1448.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров258
Номер материала ДВ-408284
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх