Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

hello_html_m17a9a073.gifhello_html_8997016.gifhello_html_m76c99263.gifАшық сабақ

Тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану


Сынып: 5а


Пән мұғалімі: Нуракова Жадыра Оразовна


Екібастұз қаласы, №11 ЖОББМ



Сабақ жоспары

Сынып:Пән: математика Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1) Ондық бөлшекке амалдар қолдануды Шәкәрім жұмбақтарымен байланыстыра отырып, есеп шығара білуге үйрету;

2)Оқушылардың әр топ бойынша бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

Тәбиелік: 1) Ш.Құдайбердіұлы ойы арқылы ғылым –білімге шақыру;

2) Әр жұмбақтары негізінде танымдық ,шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға тәбиелеу .

Дамытушылық: 1) Жұмбақ негізінде танымдық қызығушылығын;

2) Ондық бөлшекке амалдар қолдану шеберлігін;

3) Сызба құралдарымен жұмыс істеу машықтарын дамыту .

Сабақ түрі : Шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақ көрнекілігі : Шәкәрім суреті ,тірек-схема, координаталық сәуле, дөңгелектер,

үлестірмелер, тест тапсырмасы, нақыл сөздер, бағалау парағы.

Әдіс-тәсілдер: топтастыру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, жекелеме оқушымен жұмыс, практикалық.

С а б а қ б а р ы с ы :


  1. Ұйымдастыру

«Жемісті, жақсы иісті бәйшешек ,

Аралайық пайдасын көрем десек

Ұғымды милы жастың ойын қозғап ,

Үйретер талай тәлім, талай есеп ...» , деп Шәкәрім атамыз айтқандай бүгінгі сабағымыз Шәкәрім жқмбақтарымен байланыстырыла жүргізіледі.

«Жалын» және «Жігер» тобына бөлемін. Топ жетекшілері сайланады. Сайыс түрінде әр топ жетекшісі нәтижелерін бағалау парағына көрсетіп отырады.


II.Үй тапсырмасын сұрау .

1) Әр топ жетекшісі жауап парағы көмегіменүй есептері тексеріледі.

III.Есеп шығару

Шәкәрім атамыздың 1-8, яғни сегіз жұмбағы бар.Соның ішінде бүгін математикаға лайықталған төрт жқмбағына талдау жасаймыз.

  1. 5-жұмбағы: Тоғыз(ана) жиылып бір толғатқан

Бірін-бірі буаз ғып жуандатқан

Тоғызының киімі тоғыз түрлі

Келген кісі сияқты әр тараптан ...

- Ал, балалар, бұл не ?

-Математикадағы цифрлар

- Дұрыс. Барлық сандар цифрлардан құралады.

Т а п с ы р м а :Дөңгелектер бойынша жай бөлшек жазыңдар, оларды ондық бөлшекке айналдыр.





1-бүтін 1∕ 2=0,5 1∕ 4 =0,25 1∕ 8=0,125


  1. 2- жұмбағы: Тамам сөзді сөйлейді сөйле десе ,

Етінен ет кесемін сөйлемесе

Айт демесе айтпайтұғын жауабы жоқ.

Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше

Жауабы: Қарындаш

- Қарындашты неде пайдаланамыз ?

- Фигура сызғанда, координаталық сәуле кескіндеуде қолданамыз.

Ендеше, координаталық сәуледе құстар қоныпты.

Т а п с ы р м а л а р : а) Құстардың орнын ,яғни нүкте координатын ондық бөлшекпен жазыңдар;

ә)Нүктелерді координаты бойынша сан түзуіне салыңдар .

3) 8- жұмбағы: Бірде емес, тамам санның бірінде емес

Не үлкен, не кішкене бірі де емес

Ғылым тапқан сипаттың бірі онда жоқ.

Бұл жұмбақ өлі де емес, тірі де емес.

Т а п с ы р м а : Топ жетекшілері үлестірме арқылы жекелеме жұмысты тақтада орындайды. Өрнектердің мәніне сәйкес жұмбақтың жауабына жетеді.

а) (47,52-7,2):6-5,72

ә) (16,3+21,5):14-2,7

Жауабы: Бар-1 , жоқ - 0

4)7-жұмбағы: Бір нәрседен үш сипат қылдым қайла,

Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда

Бір сипатын ортадан кесіп алсам

Орнында тағы болар екеу пайда.

Біреу деп кесіп алып тастағаным ,

Үшеу болып жатады басқа жайда .

Жауабы: Бір қағазды қидағы үшбұрыштап,

Бір бұрышын ортадан кес дұрыстап.

Қалған қағаз болады төртбұрышты

Үшбқрышты қиығын тұрсаң ұстап.

П р а к т и к а л ы қ ж ұ м ы с

Әр оқушыға парақ бет таратылады. Жұмбақ негізінде қию жұмысы орындалады.

Т а п с ы р м а : Пайда болған төртбұрыштың қабырғаларын сызу құралдарымен өлшеп, периметрін табыңдар .

IV. Бекіту

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу тақырыбына тест тапсырмасын орындайды.

V. Бағалау

Бағалау парағы бойынша әр топ жетекшісі оқушыларға тиісті баға қояды




Оқушының

аты- жөні



Үй тапсырм


Ереже

Есеп шығару

Тест тапсырм

Баға

5-ж

2-ж

8-ж

7-ж

1

Аубакирова С

4

5

5

5

5

5

5

5

2

Тайжанова С

5

5

5

5

5

5

5

5


VI. Үй тапсырмасы : № 1176 (1,3,5 ) , № 1178

VII Қорытынды: Шәкәрім «Жастарға» :

...Жақсы білім іздеуге жалықпалық!

Табылмаса, тарығып талықпалық!

Салақтықты қоялық сақ болалық!

Білгенді, білмегенді анықталық...

Сынып оқушылары сабақты шартты белгіні көрсету арқылы бағалайды.


+ + + +

+

+ + +


+ + +

+

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1) Ондық бөлшекке амалдар қолдануды Шәкәрім жұмбақтарымен байланыстыра отырып,  есеп шығара білуге үйрету;

                   2)Оқушылардың әр топ бойынша бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

Тәбиелік:   1) Ш.Құдайбердіұлы ойы арқылы ғылым –білімге шақыру;

                   2) Әр жұмбақтары негізінде танымдық ,шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға тәбиелеу .

Дамытушылық: 1) Жұмбақ негізінде танымдық қызығушылығын;

                            2) Ондық бөлшекке амалдар қолдану шеберлігін;

                            3) Сызба құралдарымен жұмыс істеу машықтарын дамыту .

Сабақ түрі : Шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақ көрнекілігі : Шәкәрім суреті ,тірек-схема, координаталық сәуле, дөңгелектер,

                үлестірмелер, тест тапсырмасы, нақыл сөздер, бағалау парағы.

Әдіс-тәсілдер: топтастыру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, жекелеме оқушымен жұмыс, практикалық.

                        

             С а б а қ    б а р ы с ы :

 

I.                  Ұйымдастыру

       «Жемісті, жақсы иісті бәйшешек ,

         Аралайық пайдасын көрем десек

        Ұғымды милы жастың ойын қозғап , 

 

         Үйретер талай тәлім, талай есеп ...» , деп Шәкәрім атамыз айтқандай бүгінгі сабағымыз Шәкәрім жқмбақтарымен байланыстырыла жүргізіледі. 

Общая информация

Номер материала: 387397

Похожие материалы