Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Қонжықтың туған күні іс - әрекет

Қонжықтың туған күні іс - әрекет



  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні :30.01.15ж

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:Сенсорика.

Тақырыбы:Қонжықтың туған күні.

Мақсаты : Білімдік мәні:

Шай ішуге арналған ыдыстар туралы түсініктерін нақтылау.

Ыдыстарды басқа заттардан ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық мәні:Ыдыстарды түсіне қарай топтастыруға, көлемдерді ажыратуға ,геометриялық пішіндерді ажыратып атап беруге, дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мәні:Балаларды бір біріне меійрімді болуға ,көмек беруге тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер :Ойыншықтар ,ойыншық – ыдыс,дидактикалық ойын «Ыдыстарды түсіне қарай жина»,дидактикалық ойын «Тәті бәліш»

Сөздік жұмыс: ыдыстар, саптааяқ,шыңтабақ.

Билингвальды компонент:Ыдыс- посуда,бәліш – пирог,саптыаяқ – чашка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері



Тәрбиешінің іс - әрекеті



Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері «Қайырлы таң»

Біздің қолдар ояныңдар –сәлеметсіз бе!

Мейірлі қолдарымыз –сәлеметсіз бе!

Ашулы саусақтарымыз – сәлеметсіз !бе!

Алақандар – балақандар сәлеметсіз бе

Біздің бет құлақтарымыз сәлеметсіз бе

Шаштарымыз 2р –сәлеметсіз бе.

Кәне бір –біріне қарап сәлеметсіз бе

Келген қонақтарға қарап сәлеметсіздер ме !

Балалар шеңберге тұрып ,өлеңді айтып қимыл қозғалыстарын қайталайды.



Ұйымдастырушылық - ізденістік

- Балалар мен бүгін сендерге жұмбақ жасырам: «Қыс бойы ұзақ ұйқыда жатады,көктемде оянады?»

Бұл не? Дұрыс бұл аю. Аюдың баласын не деп атаймыз? Қонжық.

(есікті тарсылдатады)

Балалар бізге біреу келді ол кім екен?

Ол қонжық ,ол сендермен амандасқысы келеді.

- Сәлеметсіңдер ме балалар!

Қонжық қандай ?

Қонжық қалай дыбыстайды?

Біздің қонжығымыз көнілсіз?Неге?

Сұрайыншы өзінен?

Балалар бүгін біздің қонжығымыздың туған күні екен ,оған қонақтар келеді ол ыдыстар түрлерін

білмейді,қонақтарға шай жасап беруге көмектесейікші оған.

Өзімен бірге себет әкеліпті онда не бар екен? Мұнда ойыншықтар бар және ыдыстар бар .

Біз ойыншықтарды қорапқа жинап қоямыз, ал ыдыстарды үстел үстіне қоямыз.

Балалар үстел үстінде нелер тұр ?

Олар не үшін керек?

Мынау не ? (сапты аяқ)

Мынау не ? ( шынтабақ)

Мынау не ( қасық)

Мынау не (қант салатын ыдыс)

Мынау не? (сүт құятын ыдыс)

Біздің қонжық енді ыдыс түрлерін білді ,енді біз оған ыдыстарды түстеріне қарай ажыратуға үйретейік.

Дид. ойын «Ыдыстарды түсіне қарай топтастыру»

Балалар үстелге келіп отырыңдар, мына саптыаяқтың түсіне қарап, шынтабағын тауып беріңдерші.

(балалардан түстерді сұрау)

Сергіту сәті: Балалар бүгін қонжықтың туған күніне біз оны құттықтау керек, кәне тұрып құттықтайық.

Қонжық тың туған күніне

тәтті бәліш пісірдік?

Мынандай үлкен, мынандай кішкентай.

Мынандай аласа, мынандай биік.

Туған күнімен құттықтаймыз – 2 р.

Балалар біз қонжыққа қандай сыйлық

сыйлаймыз?

Біз оның қонақтарына тәтті бәліш пісіріп берейікші.

Қонақтар көп болатын шығар сондықтан оларға көп бәліш пісіреміз

Үстелге отырып бәлішті жасаймыз

Міне менде үш түрі бар .Мынау қандай бәліш ? (үлкен) (орташа)

(кішкентай)

Осы бәліштерге сендер ішіне тәтті болу үшін салмаларын саласыңдар.

Салмаларының пішіндері қандай ?

Түстері қандай ?

Міне , қандай тәтті бәліш пісірдік, көрдің бе қонжық сенің қонақтарына.






Аю.

аюдың баласы қонжық.





Қонжық.







Үлкен.

жұмсақ.



























Ыдыстар.

Шай ішу үшін керек.

Саптыаяқ.

Шыңтабақ.

Қасық

Қантсалғыш

Сүтқұйғыш





























Балалар өлең жолдарын айтып ,қимылдарды жасайды





Ыдыстар.













Үлкен бәліш.

орташа бәліш.

кішкентай бәліш





Үшбұрыш .

Шаршы ,дөңгелек






Рефлексиялық - түзетушілік

Қонжық ризашылығын айтады ,балаларды қонаққа шақырады, тәтті шайға кәмпітерді көрсетеді.

Балалар біз бүгін неге көмектестік?

Қонжықтың бүгін қандай күні?

Біз оған қандай сыйлық жасадық?

«Жақсы - жаман»

Балалар қонжыққа болысқанымыз жақсы ма ?

Ыдыстарды көрсеткеніміз жақсы ма?

Ал егерде қонжыққа болыспасақ жақсы , жаман ба?

Біз бәріміз бүгін жақсы ,ақылды балалар болдық , ал бір нәрселерде

білмесек те , біз оны әлі де үйренеміз.













Күтілетін нәтиже: Біледі : Ыдыстардың түрлерін ,олардың қажеттілін.

Игереді: түстердің түрлерін ,геометриялық пішіндерді орналастыруға.

Қолданады:Дұрыс пішіндерді орындарына қояды,түстерді топтастырады, ыдыстарды басқа заттардан ажыратады.

























































































Ашық сабақ

«Қонжықтың туған күні»

Тәрбиеші: Жапакова А.А.





























Екібастұз қаласы №12 «Арай» балабақшасы


Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров90
Номер материала ДВ-499949
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх