Инфоурок Всеобщая история Статьи"ОҚО өңірінің дамуына өз үлесімді қосамын " шығарма

"ОҚО өңірінің дамуына өз үлесімді қосамын " шығарма

Скачать материал

«Оңтүстік Қазақстан өңірінің дамуына өз үлесімді қосамын!                                                Жастардың пікірі»

                                Бізге қажетті – жаны да, қаны да қазақы халықтың

                                тілі мен дінін, тарихы мен салт- дәстүрін бойына

                                сіңірген,туған жерін түлетуді ,егемен елінің еңсесін

                                көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ

                                тәрбиелеу.

                                                                                        Н.Ә.Назарбаев

    Бейбіт қазақ елінің әрбір азаматы өз туған өлкесін жанынан артық сүюге міндетті , ал менің туған өлкем – әлемде теңдесі жоқ Оңтүстік Қазақстан.

      Оңтүстік Қазақстан облысы – егемен қазақ жерінің, тарихы тереңде жатқан өзіндік орны бар , өзгеше өңір. Қазақ хандарының бас қаласы болған Түркістанның, киелі Сайрамның,тарихы терең Шымкенттің, аспанменен астасқан, үш жүздің басы қосылған  Ордабасының оңтүстікте болуы, өзіндік өркениет ретінде танылғаны талай- талай жәйіттердің аңғарын ашады.  

      Адам ғұмыры секілді әр өңірдің  де өз тарихы бар. Шығыс пен Батысты байланыстырған Жібек Жолының бойынан орын тепкен бұл өңір таңғажайып.

       Тоғысқан тоғыз жолдың торабында орналасқан облысымыз өзгелердің бір-біріне жолдаған сәлемдемелерінен, саудасынан сыбаға алып ажары арта түсті.Жарқылдаған алтынға кім қызықпайды? Өңіріміздің пайдасына қол сұққысы келгендер басқыншыларын жіберіп,  оңтүстіктің бейбіт аспанына талай рет қара бұлт төндірген.

     Облысымыздың жер жағдайы мен табиғаты да ерекше. Биік- биік таулар мен жазық далалар, шөлейтті құмдар тоғысып өзіндік өрнегін құрайды.

       Әр адам өз өлкесінен шыққан елінің ардақты азаматына айнала білген, халықты артына ерте білген тұлғаларымен  мақтанады. Оңтүстік халық ардақтыларына кенде емес. Қазақ елінің егемендігін талап етіп Кремльде сөйлеген Мұхтар атамыз, иығы жерге тимеген Қажымұқандай палуанымыз, қазақ туының өзге ел тұғырынан көрінуіне себепші болған, қыршыннан қиылған Бекзат ағамыз, вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқов сынды Қазақияның дамуына өз үлесін қосқан тарихта атын алтын әріптермен жазып қалдырған қазақ перзенттері Оңтүстік өңірде өмір есігін ашқан.

      Оңтүстіктің  алар асулары әлі алда. Қазіргі таңда қазақ жұртын көкөніс пен өндіріс заттарымен қамтамасыз етіп отырған облысымыз қашанда биік орындардан көрініп жүр. Халық саны бойынша Оңтүстік бірінші орында , тілдің қаймағы бұзылмаған, салт- дәстүрді бекем сақтаған  өңір – ол біздің өлке. Оңтүстікте білім деңгейі де күн санап артуда. Мұхтар Әуезов айтқандай, «Адам адамнан тек білімімен озады, басқамен оздым деген құр сөз».Білімді ұрпақ қазақ жерін,оның ішінде оңтүстік өңірін дамытатынына нық сеніммен қарау қажет. Жаңа  ойлар, тың идеялар бізден, яғни жастардан шықпақ. Инновациялық бағдармаларды жүзеге асырып, зауыт, фабрикалардың болашақ өндірісін қолға алып бізде туған өлкеміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз.

      Келешек ұрпақтың өкілдерінің бірі мына менмін- 9 лицей оқушысы Тәукебай Олжас. Қазақстанның дамуына тікелей үлес қосатындардың бірі де менмін. Тақырыбымыз: «Оңтүстік Қазақстан өңірінің өркендеуіне өз үлесімді қосамын! Жастардың көзқарасы» яғни өз өңіріміздің дамуында біз не істей аламыз, қандай істер атқарамыз? Қазақта мынандай мақал бар : « Болар бала он бесінде - баспын дейді, болмас бала жиырма бесінде - жаспын дейді» демекші ,мен өз еңбегіммен,өз білімімен қатарластарыма,інілеріме үлгі болғым келеді.Мысалы, мен өз ініме және оның достарына математика пәнін үйретемін.Олар да  өңіріміздің болашағы ғой. Әр сенбі мектепте сенбілік өткіземіз.Бұл үрдіс ауламызда да жалғасын табады. Ауладағы балаларды жинап мұндада кішігірім сенбілік ұйымдастырамыз. Осылайша өлкемізді таза ұстауға, көркейтуге азда болса өз еңбегімізді сіңіреміз. Жігітті достарына қарап таны деген атам қазақ.  Біз сыныбымызбен ұйымдасып, сынып жетекшіміз Әлия апаймен бірге жыл сайын ардагерлерге, балалар үйіне барып тұрамыз .Ол кісілер бізді көргенде бір марқайып қалады. Сондай-ақ елбасымыз айтпақшы «Білімді ұрпақ – ел болашағы» Мен өз өңіріме тек біліміммен көмектесе аламын, сондықтан ең алдымен біліміме көңіл бөліп жүрмін. Менің қазақ тілі деңгейім өте жақсы деп  айта аламын, ендігі мақсатым әлем тілдерін үйрену, Қазақстанның өндірісін жақсарту, шет елдерге таныстыру, білім жүйесін әлемдік стандарттарға сай ету, қазақ халқының мүддесін қорғау, мұның бәрі де келешектің еншісінде.

        Шығармамның соңын ұлы Қытай ойшылы Конфуцийдің өз туған жері туралы айтқан  сөзімен аяқтағанды жөн көрдім: «Бұл-мен нағыз өзімді тани алатын жалғыз жер, себебі мұнда менің жүрегімнің тілінде сөйлейді».

 

                  

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ОҚО өңірінің дамуына өз үлесімді қосамын " шығарма"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 855 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Сценарий интегрированного урока-вечера "Серебро звучащего слова"
  • Учебник: «Россия в мире (базовый уровень)», Волобуев О.В., Клоков В.А., Пономарев М.В., Рогожкин В.А.
  • Тема: § 47. Российская культура «серебряного века»
  • 25.05.2016
  • 486
  • 0
«Россия в мире (базовый уровень)», Волобуев О.В., Клоков В.А., Пономарев М.В., Рогожкин В.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.05.2016 963
    • DOCX 27.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таукебаева Нагима Сатиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Таукебаева Нагима Сатиловна
    Таукебаева Нагима Сатиловна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3886
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе