Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.

Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға ОЖ және оның негізгі басқару элементтерімен таныстыру

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, пәнге деген қызығушылығьш арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың  өту  барысы:

                   1.Ұйымдастыру кезеңі.

                   2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

                   3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

                   4.Тапсырмаларды орындау.

                   5.Сабақты бекіту.

                   6.Үйге тапсырма беру

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

4. Видеокарта дегеніміз не?

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру кезеңі:

1. Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды?
А) Аппараттық жабдықтаманы
В) Программалық жабдықтаманы
С) Жады құрылғысын
Д) Прцессорды.
2. Компьютердің программалық жабдықтамасы түрлерінің дұрыс тізімін табыңдар.
А) Басқару жүйелері, қосымшалар мен программалау жүйелері
В) Жүйелік ПЖ, қосымшалар мен программалау жүйелері
С) Программалар, ойындар, интернет - қосымшалар
Д) Жүйелік ПЖ, қосымшалар, дерек қорлары.
3. Мәтіндік процессор программалық жабдықтаманың қандай түріне жатады?
А) Жүйелік ПЖ
В) Қосымшалар
С) Программалау жүйелері
Д) Программалар.
4. Операциялық жүйелер қандай программалық өнімдердің құрамыны кіреді?
А) Қолданбалы программалық жабдықтаманың
В) Жүйелік программалық жабдықтаманың
С) Дерек қорларын басқару жүйесінің
Д) Программалау жүйелерінің.
5. Компьютер құрылғыларына қызмет көрсететін программалар қалай аталады?
А) Жүктеушілер
В) Драйверлер
С) Трансляторлар
Д) Интерпретаторлар.
6. Компьютерге қосылған принтермен жұмыс істеу үшін қандай программа керек?
А) Жүктеуіш
В) Драйвер
С) Утилита
Д) Интерпретатор.
7. ОЖ жүктелуідеген не?
А) ОЖ компьютердің жедел жадына орналасуы
В) Компьютер жұмысының басталуы
С) Сыртқы тасығыштан ақпарат оқу
Д) Винчестерден ақпарат оқу.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Windows – тың негізгі функциясы – осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.

Windows – бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі – бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft Windows 98 ортасының ерекшеліктері:

  • пайдаланышының интерфейсін стандарттау;

  • көлемі оңдаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;

  • жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;

  • бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;

  • көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбаны қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;

  • графикалық режімді басым қолдану;

  • жергілікті желі және Internet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас

Windows- графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе белгішелер түрінде бейнеленеді.

Windows- тің обьектілірі- терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлықта бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.

Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Он жұмыс істейтін программалардың терезелерді, құжаттардың жеке файлдары шарт белгіде түрінде орналасқан.

Шартбелгі бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне, дисплей экранындағы программаны, терезені, құжаттардың жеке файлдары командалық файл.

Қапшық экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үлгі қолданылады.Бума бұл обьектілер қоймасы.

Тышқан - тетігімен орындалатын ең негізгі операция экран бетімен сілтемені қозғалуы болып табылыды

Мәлімет алмастыру буфері - әр түрлі программалар немесе құжаттар арасында мәлімуттерді тасымалдап, олрдың фрагменттерін бір біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.

Есептер тақтасы - бұл кранның төменгі жағындағы жеңішке сұр жолақ.Есептер тақтасында ПУСК батырмасы, іске қосылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.

Пуск батырмасы – бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің бас менюі пайда болады.Бас меню жеті пунктен тұрады:

  1. Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосвмшалардан тұратын тізім.

  2. Жуық арада ашылған құжаттардын 15-тен аспайтын тізімі

  3. Баптау

  4. Іздеу

  5. Анықтама

  6. Орындау

  7. Жұмысты аяқтау

Сабақты бекіту кезеңі:

Тапсырма. Жұмыс үстелін баптау.

1. Жұмыс үстелінің параметрлерін өзгертіңіз
. (фон, заставка, безендіру).

2.
Пуск -> Программы -> Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз, каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.

3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның көмегімен өзгертіңіз.

4. Қосымша терезесін жабыңыз.

5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.

6.Қосымшаны немесе программаны
Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.Қосымшаны жабыңыз.

7 Windows-дың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді:
мультимедиа, настройка Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына көшіріңіз.

Үйге  тапсырма: Өткен тақырыпты оқып, мазмұдап келу.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 10.12.2015
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров134
Номер материала ДВ-246580
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх