Инфоурок Информатика Другие методич. материалыОперациялық жүйенің жіктелуі және функциялары тақырыбы бойынша сабақ жоспары (5 сынып)

Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары тақырыбы бойынша сабақ жоспары (5 сынып)

Скачать материал

Пән   Информатика   сынып  5  Күні  08.10.15 ж.

сабақ №: 6

Тақырып: Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары   

Мақсат: Оқушыларды операциялық жүйемен және ДК-дің жұмысымен таныстыру, компьютерде жұмыс столының түсін өзгертуді, күнтізбені, уақытты баптай білуге үйрету 

Білімділік – Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру, операциялық жүйелердің түрлерімен таныстыру.    

Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, білім, біліктерін дамыту 

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. 

Сабақ түрі:  аралас сабақ

Сабақ типі:  жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар:  ДК, оқулықтар, дәптерлер, тест тапсырмалары, карточкалар, интерактивті тақта

 

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардыңіс - әрекеттері

І.

Ұйымдастыру кезеңі.

2 мин

Мұғаліммен амандасып.

Тренингке қатысады.

 

      Оқушылармен амандасып, тренинг өткізу.

Күлім қағып қолымды,

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бір қысайын.

Амандасып өзіңменен,

                       Құшақтап бір алайын.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

7 мин

     ДК-де My test бағдарламасында тест жұмысын орындайды.

Тест

1. Аналық тақшада қандай жад орналасқан?

А) қатқыл дискі

В) ЖЖҚ

С) лазерлік дискі

D) дискет

2. Орындалу барысында программа неде сақталады?

А) бейнежадты

В) жедел жадта

С) қатқыл дискіде

D) ТЖҚ-да

3. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қызмет ететін құрылғы:

А) жедел жад

В) процессор

С) сыртқы тасымалдауыш

D) дискіжетек

4. Компьютерді өшірген кезде ақпарат:

А) жедел жадтан жоғалады

В) тұрақты есте сақтайтын құрылғыдан жоғалады

С) қатқыл дискіден өшіріледі

D) компакт-дискіден өшіріледі

5. Дұрыс емес тұжырымды таңдаңдар:
А) ТЖҚ-да мәліметтер зауытта микросұлбаларды дайындау барысында бір рет жазылады

В) ТЖҚ-дағы мәліметтер соңынан өзгеруі мүмкін

С)  ТЖҚ-да қуат көзі өшірілген соң компьютер автоматты түрде іске қосатын программалар сақталады

D) ТЖҚ-дан операциялық жүйенің алғашқы жүктелуі орындалады

6. Қазір дискет не себепті қолданылмайды?

А) оқу үшін арнайы қондырғының қажеттілігі

В) аз сыйымдылық және сенімсіздік

С) тасымалдау ыңғайсыздығы

D) қайталап жазудың мүмкін еместігі

7. Ақпаратты магнитті тасымалдауыш – бұл:

А) винчестер

В) CD

С) DVD

D) флеш-жад

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

10 мин

     Бірінші операциялық жүйенің (ОЖ) пайда болуы үшінші буынды ЭЕМ - нің жасалуымен байланысты.

ОЖ міндеті мен қызметі

     Операциялық жүйе - бұл программалық   жабдықтама мен қолданушының, программалық жабдықтама мен компьютердің аппаратурасының араларында өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін программа.

ОЖ-нің қызметтері:

·         мәліметтердің енгізілу-шығарылуын жабдықтау, оларды басқару;

·         қолданушымен сұхбат жүргізу;

·         программаларды өңдеу үдерістерін жоспарлау және ұйымдастыру;

·         компьютерлік жадтың ресурстарын жұмыс істейтін программалар арасында үлестіру;

·         қолданбалы программаларды орындап және олардың жұмыс істеуін жабдықтау; компьютерге қызмет жасау;

·         компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары арасында дел- дал болу.

ОЖ-ге қойылатын талаптар

     Сендерге белгілі, операциялық жүйе - бұл программа. Программаны арнайы кәсіп мамандары - программалаушылар жасайды. Әрине, операциялық жүйе - біршама күрделі программа, сондықтан да оны бір адамның жасауы мүмкін емес.  

     Операциялық жүйелерді программалаушылардың үлкен ұжымы жасайды, олардың арасындағы міндеттері нақты бөлінген.

     Бұл сұраққа жауапты бүгінде ОЖ-ге қойылатын талаптарды қарастырғаннан соң ғана ала аламыз:

·         ОЖ кез келген программаның орындалуын жабдықтау керек. Бұл үйлесімділік деп аталады.

·         төзімділік – ОЖ компьютердің әртүрлі аппараттық қамтамасыздығында жұмыс істеу керек;

·         сенімділік және беріктік – әрине, ОЖ еш іркіліссіз және кемшіліксіз жұмыс істеуі керек.

·         қауіпсіздік – заманауи ОЖ – де бір қолданушының мәліметтері басқа қолданушылардан қорғалуы тиіс;

·         кеңеюшілік - ОЖ компьютерде ұзақ уақыт қызмет ететіндіктен, оған жұмысының жақсаруы үшін әртүрлі толықтыруларды енгізу мүмкіндігі болу керек;

·         өнімділік - кез келген қолданушы ОЖ-нің тез жұмыс істегенін қалайды.

 

11-сурет. ОЖ-ге қойылатын талаптар

Қызықты ақпарат

     Заманауи операциялық жүйелер

     Windows

     Windows операциялық жүйелер торабы өз дамуларын MS-DOS операциялық жүйесі үшін алғашқы графикалық операциялық қабықша пайда болған 1985 жылдан бастап алды.

     Бүгінде Windows-тік ОЖ-ні сендер әр компьютерде дерлік көресіңдер, ата- аналарыңның немесе басқа таныстарыңның жұмыстарында. Бірақ Windows-та - қазіргі заманғы компьютерлерге орнатылған тек ОЖ ғана емес.

     Unix

     Unix ОЖ-ні кәсіби түрде қолдану үшін жасалған. Сондықтан оның интерфейсі қарапайым қолданушы үшін түсініксіз болады. Unix-ті жасаушыларға серверлердің жұмысын басқаратын сенімді ОЖ-ні дүниеге келтіру маңызды болған.

     Заманауи Unix сырт жағынан қарағанда әлі күнге дейін бұйрықтық жолдар интер- фейсінен турады. Оның ішінде әртүрлі графикалық қабықшалар жасалған.

     Linux

     Linux операциялық жүйесін финдік студент Линус Торвальд (жүйе оның құрметіне атауын алған) 1991 жылы дипломдық жұмысы ретінде жасап шығарған.

     Бұл ОЖ-нің ерекшелігі - осы жасаушы енгізген ОЖ-ні тегін тарату принципі болып табылады. Әрі бұл операциялық жүйенің бастапқы мәліметтері толығымен ашық, яғни, кез келген программалаушы бұл жүйені өзгерте алады.

     Бұл принциптер бүкіл дүниежүзіндегі өте көп программалаушыларды қызықты- рады. Ең сәтті жасалғандары Linux-тің ресми нұсқасына енгізіледі.

     Linux-те қолданбалы программалар аз көлемде жасалғандықтан, бұл ОЖ дербес компьютерлерде сирек қолданылады. Бірақ Интернет серверлері үшін Linux жиі қол- данылады.

Түйін!

·         Операциялық жүйе - бұл программалық жабдықтама мен қолданушының, программалық жабдықтама мен компьютердің аппаратурасының араларында өзара әсерді қамтамасыз ететін программа.

·         Компьютер қосылған соң ОЖ жедел жадқа жазылады және ЖЖҚ-да орналасады. Бұл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады.

·         ОЖ-ге қойылатын талаптар - сенімділік, кеңеюшілік, қауіпсіздік, өнімділік, төзімділік, үйлесімділік.

Операциялық жүйелердің дамуы

     Сендер программаның интерфейсінің не екенін білесіңдер. Операциялық жүйелерде бұйрықтың жолдар интерфейса мен графикалық интерфейса бар ОЖ-ге ажыратылады.

     Алғашқы операциялың жүйелер (мысалы, MS-DOS) қолданушымен мәтіндік дисплейдің экранында сұхбатасқан. Қолданушы белгілі ережелер бойынша пернетақтадан қажетті бұйрықты енгізіп отырған. ОЖ осы бұйрықты орындаған немесе қате туралы хабарлама шығарған. Бұйрықты енгізу дұрыс болу үшін қолданушыға барлық файлдардың нақты атауын және олардың орналасуын білу керек. Мұндай жүйелерді бұйрықтың жолдар интерфейса бар ОЖ деп атау қабылданған (15-сурет ).

     Әрине, қолданушы үшін мұндай интерфейс өте ыңғайсыз, себебі үнемі барлық бұйрықтардың дәл жазылуын есте сақтау керек және оларды өте ұқыпты түрде енгізу керек.

     Жұмысты жеңілдету үшін операциялық қабықшалар жасала бастады (16-сурет ).

Қабықша экранда компьютерде сақталған файлдардың тізімін көрсетуге мүмкіндік берді.

     Қолданушы бұйрықтарды қолдан енгізбей-ақ, пернетақтаның қызметші пернелері көмегімен бере алады.

 

 

 

 

 

 

 

     Біртіндеп дисплейлердің графикалық мүмкіндіктері жетіле берді. Символдарды ғана емес, сонымен бірге суреттерді бейнелеу мүмкіндігі пайда болды. XX ғасырдың 90-жылдарының ортасына қарай қолданушымен мәтін арқылы ғана емес, картинкалармен де тілдесетін операциялық жүйе пайда болды. Бұл операциялық жүйені графикалық деп атай бастады.

     Осы кезеңге дейін «тінтуір» типтес «манипулятор» деген атауы бар құрылғы кез келген компьютердің ажыратылмайтын бөлігіне айналды. Графикалық интерфейсі бар программалар қолданушылар арасында  көбірек белгілі бола бастады. Графикалық интерфейсі бар операциялық жүйенің мысалы ретінде заманауи компьютерлерде жиі  пайдаланылатын Windows операциялық жүйесін айтуға болады.

ОЖ-нің жіктелуі

     Таңдалған белгіге қарай жіктелудің бірнеше түрі бар (4-кесте).

4-кесте. ОЖ-нің жіктелуі

Жіктелу белгілері

Түрі

Ескерту

 

Қолданушылар саны

бірқолданушылық

бір қолданушы үшін жұмыс

көпқолданушылық

бірнеше қолданушы үшін жұмысм

 

Үдерістер саны

бірміндеттік

белгілі бір уақыттажедел жадта бір ғана міндет болады

көпміндеттік

бір уақыт ішінде жедел жадта процессормен өңделетін бірнеше міндет орналасады

 

Есептеуіш техниканың құралдарының тиепі

бірпроцессорлық

бір процессордың бар болуы

көппроцессорлық

бірнеше процессордың бар болуы

жүйелік

желіде орындалатын барлық мәселелердің ресурстарын қолданады

 

Интерфейс типі

бұйрықтық жолдар

сұхбат бұйрықтарды енгізу арқылы орындалады;

мысалы: MS DOS, Unix

графикалық

Нысандарды манипуляциялау;

мысалы: Windows

Түйін!

· Алғашқы операциялық жүйелер (мысалы, MS-DOS) қолданушымен мәтіндік дисплейдің экранында қатынасқан. Бұл бұйрықтық жолдар интерфейсі деп аталады.

· Графикалық интерфейсі бар операциялық жүйелердің мысалы ретінде OS/2 және Windows болады.

·  Операциялық жүйелер түрлері: қолданушылар мен үдерістер саны, есептеуіш техникасы құралдарының және интерфейстің типтері.

IV. Компьютердегі

тәжірибелік жұмыс

12 мин

   Оқулықпен жұмыс, 34-35 бет, КТЖ-ты ДК-де орындау.

А деңгейі

     Windows операциялық жүйесінде жұмыс жасау.

1. Жұмыс үстеліндегі белгілердің орналасу ретін өзгертіңдер. Ол үшін экранның бос орнында тінтуірдің оң жақ батырмасымен контекстік мәзірді шақырып, Түр => Белгілерді автоматты түрде реттеу бұйрықтарын таңдаңдар (12-суретп).

2. Жұмыс үстелінен белгілерді жасырыңдар.

3. Белгілерді бейнелеңдер.

4. Пайдалануға болатын гаджеттерді көріңдер.

5. Күнтізбе гаджетін қосыңдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

В деңгейі

1. Өз компъютерлеріңде орнатылған операциялық жүйе нұсқасын қарап шығыңдар (Компьютер => Жүйе қасиеттері) (13-сурет)

2. А деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

С деңгейі

1. Өз компъютерлеріңнің жүйесі туралы мәліметті қарап шығыңдар Іске қосу => Программалар => Стандартты => Қызметтік => Жүйе туралы мәлімет (14-сурет ).

     Жекелеу бұйрығының көмегімен Жұмыс үстеліндегі белгілерді және тінтуірдің сілтемесін өзгертіңдер.

V. Сергіту сәті.

2 мин

Жаттығуды орындарында отырып орындау.

 

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

Алақанды уқалау.

Қолды қысу

Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай 3-4 рет айналым жаса

VI. Бекіту.

6 мин

     Оқулықпен жұмыс, 38 бет, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау, сұрақтарға ауызша жауап беру.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

 

1. Бірінші операциялық жүйе немен байланысты, қашан, қалай пайда болды?

2. Бірінші ОЖ қалай аталды?

3. Бұйрықтық жолдар интерфейсі қандай болатынын сипаттаңдар. Графикалық интерфейсі ше? Қандай интерфейспен жұмыс істеген ыңгайлы?

4. Операциялық қабықша деген не? Олар не үшін жасалады?

5. Операциялық жүйелерді жіктеу үшін қандай белгілер қолданылады?

6. Бұйрықтық жолдар интерфейсі бар операциялық жүйелер қазіргі кезде қандай жағдайларда қолданылады?

VIІ. Рефлексия

2 мин

VIІІ. Оқушыларды бағалау.

2 мин

    Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау,  бағаларын күнделіктеріне қою.

Күнделіктеріне баға қойдырады

IХ . Үй жұмысы.

2 мин.

 §6-7 оқу, ЦБР№1950

 

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары тақырыбы бойынша сабақ жоспары (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 073 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2016 7499
    • DOCX 3.7 мбайт
    • 20 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургалиева Гульмира Талгатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 71054
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 805 человек

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 297 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 191 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 971 человек

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека