Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.(5сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.(5сынып)

библиотека
материалов

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ОЖ - і бақарудың негізгі тәсілдерін түсіндіре отырып, объектілермен жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақ түрі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі және демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау.
Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Өткен сабақтар бойынша қысқаша қайталап өту:

Біз өткен сабақта ОЖ дегеніміз - ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған бағдарлама екендігін.
Сонымен қатар ОЖ - нің міндеттері:

1. пайдаланушымен диалогті жүзеге асырады;
2. басқа программаларды орындауды іске қосады;
3. компьютердің ресурстарын (жедел жад, дискідегі орын, т. б.) үлестіреді деген болатынбыз.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады. Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:
1. буманың терезелерінің параметрлерін баптау;
2. негізгі менюді баптау;
3. басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.
Біз енді осы үш топқа жеке - жеке тоқталып өтейік.

1. Буманың терезелерінің параметрлерін баптауды Түрі/Вид/→Параметрлер... командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады. Олар: Бума/Папка/, Қарап шығу /Просмотр/, Параметрлер.
Бума /Папка/ қосымша бетінен біз бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режімін таңдаудың батырмалар жұбын көреміз.
Қарап шығу /Просмотр/ қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың толық адресін бейнелейтін жалаушаларды қосады және өшіреді.
Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін қосуға мүмкіндік береді.

2. Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню /Баптау/Настройка/ →Тапсырмалар тақтасы/Панель задач/ немесе Тапсырмалар тақтасы контекстік менюінің қасиеттер командалар көмегімен орындаймыз.
Бірақ әрбір пайдаланушы Windows операциялық жүйесін қалауымызша баптауымызға болады. Ол үшін:
1. Терезелердің түсін өзгертуге;
2. Жұмыс үстелінің бетінде өрнекті таңдап алуға;
3. Команда мәтінінің қаріп өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге;
4. Тышқанның қозғалу жылдамдығын тағайындауға;
5. Жұмыс үстел бетіне өзіміз салған суретті орналастыруымызға;
6. Қондырманы тағайындауға болады.
Windows операциялық жүйесінің барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшықты мына жолмен ашамыз:

Іске қосу → Баптау → Басқару панелі

Күнді және уақытты баптау.
Біз енді Күн мен уақытты Басқару панелі арқылы қалай баптауға болатынын қарастырайық. Ол үшін мына тапсырмаларды рет - ретімен орындасақ, экрандағы есептер тақтасының төменгі оң жақ бұрышында қойған уақыттарымыз көрінеді.
1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық;
2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Күн/Уақыт белгісін тышқанмен шертеміз;
3. Екі қосымшасы бар Қасиеттер(Свойства): Күн/Уақыт терезесі пайда болады.
4. Міне біз ашылған терезеден өзімізге қажетті күнді және уақытты таңдай аламыз, таңдап болған соң Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.

Windows жағдайындағы дыбысты тағайындау.
Компьютермен жұмыс жасаған кезде Windows-тің жұмыс процесіне әр алуан дыбыс – шиқыл, сықыр, лепті үн және т. с. с күйін келтіруге болады. Ол үшін мына тапсырмаларды ретімен орындасақ жеткілікті:
1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық;
2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Дыбыс белгісін тышқанмен шертеміз;
3. Қасиеттер(Свойства): Дыбыс терезесі пайда болады.

Бағдарламаланған оқиғалар бөлімінде оған белгілі бір дыбыс меншіктейміз немесе Обзор... батырмасын шертіп ашылған Дыбысты іздеу терезесінде берілген оқиғаға сәйкес келетін дыбысты таңдаумызға болады, содан кейін ғана алдымен Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.
Сонымен қатар оқиғаға ішінде бар дыбыстардан дыбыстық схема таңдап, содан кейін оған ат қойып және Қалай сақтаймыз... батырмасында шертіп, жаңа дыбыс тағайындаумызға да болады.

Тышқанды баптау.
Тышқанның жүрісін баптау үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық;
2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Тышқан белгісін шертеміз;
3. Қасиеттер(Свойства): Тышқан терезесі пайда болады.
4. Араластыру /Перемещение/ қосымшасын екпінді етіп, онда орналасқан Шлейфті көрсету /Отображать шлейф/ опциясына жалауша орнатамыз, сонда тышқанды жылжытқанда, оның шлейфі пайда болатынын көреміз, содан кейін ғана алдымен Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.

IV.Тапсырмалар

Тәжірбиелік жұмыстар 80 бет А,В,С 94 бет А деңгейлері



V.Сабақты қорытындылау үшін жаңа сабақ бойынша қорытынды сұрақтар қоямыз:
1. Windows операциялық жүйесінің барлық баптауын қалай ашамыз?
2. Басқару панелі командасының ашылу жолын көрсет.
3. Күн мен уақытты қалай баптаймыз?
VI. Үйге тапсырма: Түсіндірілген сабақ бойынша оқып келу..

Краткое описание документа:

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ОЖ - і бақарудың негізгі тәсілдерін түсіндіре отырып, объектілермен жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақ түрі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі және демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау.
Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Өткен сабақтар бойынша қысқаша қайталап өту:

Біз өткен сабақта ОЖ дегеніміз - ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған бағдарлама екендігін.
Сонымен қатар ОЖ - нің міндеттері:

1. пайдаланушымен диалогті жүзеге асырады;
2. басқа программаларды орындауды іске қосады;
3. компьютердің ресурстарын (жедел жад, дискідегі орын, т. б.) үлестіреді деген болатынбыз.

Сабақтың барысы

 

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсатымен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

 

ІV Білімді өзектендіру

Автор
Дата добавления 21.02.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров1307
Номер материала 402630
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх