Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Орал ақбөкендерінің популяциясы және оларды қорғау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Орал ақбөкендерінің популяциясы және оларды қорғау

библиотека
материалов





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы ауданы

А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім

беретін мектеп-балабақшасы



hello_html_m1d4b0891.gif








Авторы: 10-сынып оқушысы

Бекболатова Аяжан

Жетекшісі: химия-биология пәндерінің

мұғалімі Жахатов Руслан

Каспиұлы

Кеңесшісі: б.ғ.к. Қарағойшин Жасхайыр

Мұқанғалиұлы





Мұратсай 2012 ж.





Жоспары:


І. Кіріспе. Ақбөкеннің систематикасы

ІІ. Негізгі бөлім.

1) Ақбөкеннің морфоанатомиялық ерекшеліктері, ерекше қасиеттері.

2) Ақбөкеннің таралуы, кездесетін аймағы.

3) Сандық ерекшеліктері және оларға әсер ететін факторлар.

4) Ақбөкендердің Орал популяциясының азайып кету себептері.


ІІІ. Қорытынды. Ақбөкендерді қорғау, сақтау шаралары.






































Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.

Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады. Сондықтан уникальды антилопаның (Saiga tatarica Linnaeus, 1766.) Орал популяциясы ақбөкендерінің ерекшеліктері мен оларды қорғауды мақсат етіп алдық. Ақбөкен систематикасына тоқтала кетсек ақбөкеннің (лат. Saiga tatarica), оның кәдімгі классификациясында, жалғыз түр екендігіне күдік пайда болды. Өйткені, Mammal Species of the World [ «Дүние жүзі сүтқоректілері» ] (Wilson, Reeder, 2005) еңбегінің үшінші басылымында ақбөкеннің моңғол түршесін S.Borealis-S.Borealis-дің өліп біткен қазба формасына жатқызылған. Қазіргі екі түр тармағынан S.t.tatarica және S.t.mongolica – тұратын бұл классификацияны барлық эксперттер қолданады.

Біріншіден систематика маңызды, өйткені ол мүмкіндігінше эволюциялық даму тарихын және әртүрлі формалар арасындағы байланысты анықтайды. Сондай-ақ оның практикалық маңызы бар, себебі түрлердің таксономиялық ерекшеліктері Халықаралық табиғат қорғау ұйымының (МСОП) Қызыл тізімінің, СИТЕС қосымшасының және соған сәйкес табиғат қорғау заңдылықтарының- қоныс аударатын түрлердің Конвенциясы мен халықаралық басқа да келісімдердің және ұлттық заңдылықтардың негізін құрайды. Сонымен бірге түрлер дүние жүзілік, региондық және жергілікті деңгейдегі табиғат қорғаудың басты бағытын анықтау үшін кең қолданылады.

Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді.

hello_html_624ec61.gif hello_html_m36dd340a.jpg

Сарыарқа өңірінде басын төмен сала, алғашқы кезде сағатына 70-80 шақырым жылдамдықпен орғи түскен бұл аша тұяқтыны көргенде, оның құстай самғаған жүйріктігіне мейірің қанып сүйсінесің. Әне-міне дегенше ұшқан қанаттыны басып озып, бел асады. Одан әрі ол, «бөкен желіс» деп аталып кеткен желе жортысқа басады. Киіктің мұндай жүйріктігіне танауының ерекше болып бітуі де көмектеседі. Бірнәрседен үркіп шаба жөнелгенде оның желге толып керілген танауы өкпені шаң-тозаңнан қорғаумен қатар оған баратын ауаны ылғалдап, жылытады. Бұл ауа райы қатаңдау болып келетін шөлді аймақта тіршілік ететін жануарлардың сол ортаға тамаша бейімділігі болып табылады. Міне, осындай бейімділігі арқасында бұл жануар біздің дәуірімізге дейін жеткен болуы керек.

Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салмағы 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салмағы 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына байланысты болады. Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады.

Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді.. Оның мүйізінің емдік қасиетін халықтық медицина ертеден білген. Одан жень-шень немесе пантокрин тәрізді дәрі алынады. Мұндай дәрі өкпе қабынуы, жүрек ауруы, паралич сияқты ауруларға ем есебінде қолданылған. Мал еті ауырлау тиетін науқастар киік етін жеген, өйткені киік еті – тез сіңетін жеңіл тамақ. Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі жара – теміреткіге жақса, ол тез жазылатынын шығыс халықтары ертеден түсінген. Ал, бұл жануардың қаны шөлі қанбайтын сусамыр ауруына шалдыққандарға пайдалы. Қазақта киікті «киелі, қасиетті аң» деуі осыдан. Сондықтан да ХVII-XIX ғасырларда ақшаға құныққандар бұл иесі жоқ тегін байлықты дәрілік шикізат есебінде пайдаланатын мүйізі үшін аяусыз қырып, жыл сайын тек Ресейден ғана оның

жүз мыңдаған мүйізі шет елдерге шығарылып отырған. Мәселен, 1840-1850 жылдар Қазақ елінен Бұхар, Хива хандығына 750 мың киік мүйізі өткізілген.

Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді. Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады. Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады.

Ұрғашы киіктер текелерге қарағанда майды көп жинай алмайды. Күйек кезінде орташа ғана семіреді де, төлдер алдында 4,5 келідей іш май жинайды. Бірақ лақтарын емізген кезде тез арықтайды. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.

Енесі алғашқы сағаттарда лақтарын емізген соң, біршама қашықтыққа ұзап, алыстан бақылап жүреді. Егер жыртқыштар пайда болып, қауіп төне қалса, лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады. Табиғаттың барлық заңдылықтарын іште жатып үйренген құралайлар енесі қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын сездірмей, жыбырламай жатады.

Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді, екі-үш метр жерден қарасаңыз, жатқан бір төмпешіктер екен деп қаласыз. Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден бейімделген киіктердің тағы бір ерекшелігі – ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды. Далада келе жатқан кез келген киік жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді. Алғашында ол көзіне түскен шөпті қармайды, бір аптадан соң ғана шөптің дәмін алып, таңдап жеуге көшеді. Жас туған киіктер лақтарын он-он бес күндей суат басына апармайды, оларды алысқа тастап, тек өздері ғана келеді. Бұл уақытта құралай тек енесінің сүтін ішеді, бір-бір жарым аптадан соң табынмен суатқа келіп, алғаш судың дәмін татады.

Көктем шыға, солтүстікке қарай жылжитын қалың табын жылдың бұл мезгілінде суаттарды көп іздей бермейді. Олар жаңа өнген шөптің нәрімен, таңғы түскен шықпен сусындайды. Жауынды күндері апталап су ішпей жүре береді. Киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суларын іше береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табынды суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары «команда» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды.

Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Көктемгі айларда киіктер ақселеу мен құрақты қорек етеді. Жаз айларындағы аптаптарда жапырақты шөптер қурап кетеді де, жануарлар жусан, қырықбуын, шиді оттайды. Қыс кездерінде киіктер қарын жел үрлеп кеткен жоталардың

жонынан азық тауып жейді. Ауыл маңайындағы маялап үйілген құрғақ шөпті олар жей алмайды, өйткені танаулары кедергі жасайды. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған, сондықтан елді мекендерге жақындап баратын болса, тек қар астындағы күздік бидайды тебіндеп азықтану үшін барады.

Зоолог мамандардың айтуынша, киіктердің басқа жануарларға ұқсамайтын тағы да бір ерекше қасиеті бар екен. Ұрғашы киіктер дүниеге әкелетін лақтарының еркек немесе ұрғашы болып тууын өздері реттейтін көрінеді. Егер араларында текелері азайып, ұрықтандырып үлгермей жатса, сол жылы табында кілең еркек лақтар қоздайды. Киіктер осылайша өз өсімін өздері бақылап отырады екен. Ақбөкендердің табыны жыл сайын лақтармен толықтырылып отырады. Осы кезде туған шібіштер (ұрғашы лақ) алты айдан кейін күйлеп, текеге шыға береді. Енді алты айдан кейін бұл шібіштер табынға қос-қостан лақ әкеледі. Ал еркек лақтардың жөні басқа, олар жетіліп, текелік жасау үшін 19 ай уақыт керек, өзімен бірге туған шібіштер бір рет лақтағаннан кейін, келесі жылдың күйегіне ғана араласады.

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының түбінен, Нұра өзенінің бойынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.

Қазіргі сақталған киіктердің үш тобы бар. Олардың ең ірісі және сан жағынан басымы – Бетпақдала-Арыс тобы. Бұл ақбөкендердің мекені – Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының елсіз жазықтары. Киіктердің селдіреген табындарын қалмақ даласынан көруге болады. Жайылым жердің аздығынан олардың басы көбейе қойған жоқ. Аздаған ақбөкен моңғол жерін мекендейді. Қазір олардың тұқымы құрып бітті деуге болады. 1978 жылғы Соколовтың жазғандарына қарағанда, сол кезде Шаргиин-Гоби мен Хойсыл-Гоби шөлдерінде 300 ғана бас киік қалған екен. Қалмақтың да, моңғолдың да киіктері Бетпақдаланың ақбөкендерінен аласа, кішірек болып келеді және бұл топтар өзара араласқа түскен емес. XІX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Қырым, Таврия, Казказ өңіріндегі киіктердің өрісі тарылып, жойыла бастаған. «Қазақстанда 20-жылдардың басында ақбөкендердің саны күрт түсіп кетті. 1917-18-жылғы қыстың жұты түз тағысының жүздеген мың басын шығынға ұшыратты. Сол кездегі жергілікті үкіметтің шешімімен, 1919 жылдан бастап Сарыарқада киік аулауға қатаң тыйым салынды. Бірақ одан көп өзгеріс бола қоймады, 1927-28-жылы болған жұттан кейін ақбөкендерге жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төнді», – деп жазады 1955 жылы зоолог Слудский. 1930-32-жылдардағы

жүргізілген ұжымдастыру науқаны, даладағы киіктердің жауы ит-құс, шыбын-шіркей, соналардың азаюы ақбөкендердің өсуіне өте қолайлы жағдай туғызды.

Далаларда жайылған халықтың малын ұжымдарға жинап, халық отырықшылық өмірге бейімделген тұста ақбөкендердің өрісі кеңіп, санын көбейтуге мүмкіндік алды. Сол жылдары ауа райы да жылынып, қысы жұмсақ болды. Табындары көбейген ақбөкендер 1941-45-жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді. Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 47-48 мың ғана. Ал осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған киіктердің саны 1 миллион 400 мың болған екен.

Тек Қазақстанда 1918-1920 жылдары ақбөкеннің саны 4-5 мыңдай ғана болды. Жойылып кету қаупінде болды. Сондықтан да бұл бағалы аңды Совет Одағында 1919 жылдан бастап аулауға толық тыйым салынды. Басқа да жедел қорғау шараларының арқасында ақбөкен қоры жылдан-жылға көбейе түсті. Мысалы, 1954 жылы – 450 мың, 1964 жылы – 700 мың, 1972 жылы – 1млн 200 мың, ал одан кейінгі жылдары (1976-1994 жж) жылма-жыл республика өңірінде 650 мыңнан 1 млн 200 мыңға дейін ақбөкен қоры өсіп отырды. Табиғаттың берген осы мол байлығын жоспарлы түрде игеру Қазақстанда 1954 жылдан басталды. Сол жылы 2,2 мың ақбөкен атылып алынды. 1954-1998 жылдар аралығында республикамызда 5,5 млн киік ұсталып, одан 90 мың тонна ет, 250 тонна дәрілік мүйіз дайындалды. Тек осы аса бағалы жануарларды аулаудан ғана мемлекет қазынасына жыл сайын 3 млн америка долларындай табыс түсіп отырды. Әйгілі неміс ғалымы, биолог Б. Гржилик қазақ елінде болғанда ақбөкенді «Қазақстандағы ғажайып» деп атады.

Бұл дала аруы санының ол кездерде жылма-жыл өсуіне ауа райының қолайлы болуымен бірге оларды қорғауда едәуір жұмыстар атқарылды, облыстарда оларды қорғайтын арнаулы бригадалар жұмыс істеді. Оралда ақбөкенді қорғау мен оны аулауды тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін арнаулы мемлекеттік шаруашылықтар құрылды. Осындай шаралардың арқасында бұл бағалы жануардың қорын бірқалыпты ұстауға мүмкіндік болып, оның өнімінің белгілі бір мөлшерін халық шаруашылығына пайдалануға мүмкіндік туды. Енді осы «киелі, қасиетті» аңның қазіргі жағдайы қалай? Соған тоқталайық.


Ақбөкендер санының күрт азайып кету себептері:


1. Браконьерлік. Республикамызда ақбөкенді аулау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 шілдесіндегі № 980 «ақбөкенді қорғау мен ұдайы өсірудің қосымша шаралары туралы» қаулысымен 2011 жылға дейін одан әрі созылды. Сондықтанда дала сәні – ақбөкен қорының соңғы жылдары азаюының басты себептерінің бірі – бүкіл жыл бойы аң қоныстарында заңсыз браконьерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы. Әсіресе, бұл жағдай күз бен қыс айларында Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жиі байқалады. Жылдың барлық мезгілдері мен барлық ареал бойына 90-шы жылдардағы браконьерліктің өркендеуімен қатар мемлекеттік инспекторлық бақылаудың, қорғау шараларының төмендеуі басты себептің бірі болды. Браконьерлердің тек мүйізі үшін текелерін қырып-жоюы және қазіргі таңға дейін мүйіздерді сатып алу мен контрабандалық жолмен шетелге тасымалдаудың жалғасуы. Оған соңғы кездегі ақбөкен етін сату мен қысқа дайындау үшін көптеп заңсыз атып алудың көбеюі қосылды. Ал еркек текелерін ғана атып алу табындағы жануарлардың жынысы бойынша пайыздық қатынасын бұзып, табынның репродуктивтік көбею қабілетін өзгертеді. Сөйтіп төлдеуі мен көбеюі төмендеді. Ақбөкендерді заңсыз аулау және оны сатумен айналысатындарға қылмыстық жауапкершілікті қатайту керек. Бөкен атып, мүйізін шетке сататындар заңның жұмсақтығынан тайраңдап, басқа шығуға айналды. Қазір өзіміздің Орал қаласындағы кез келген аялдамада «Ақбөкен мүйізін сатып аламын» деген хабарламалар ілулі тұр. Бөкеннің ізіне түскендердің берген азын-аулақ тиын-тебеніне қызыққан ауыл тұрғындары табиғатты қорғау ісінде тұрлаусыздық танытады. Олар браконьерлерге киік жайылатын аймақтың жолын көрсетеді. Міне, тек қолына мылтық ұстаған браконьерлерді ғана емес, олардың пайдасына жанамалай ортақтасып, киіктің қырылуына осылай «үлес» қосатындарды да жауапкершілікке тартуды қатайтпаса, кейінгі ұрпақ киікті суреттен қарап қалары әбден мүмкін.


hello_html_m6959bb.jpg


2. Экологияның әсері. Сондай-ақ қазақ жерінің табиғат байлықтарын сақтауға, қорғауға және тиімді пайдалануға бүкіл халық болып атсалысуымыз керек. Өйткені, ақбөкен санының азаюына тек браконьерлер әсер етіп отырған жоқ. Оған бізді қоршаған ортаның экологиялық жағынан ластануы да әсер етіп отыр. Мысалы, киік қонысын ауыстырып отыратын жануар. Ол бір жерде қыстайтын болса, енді бір жерде жаз жайлап шығады. Осы сапарларында олар бірнеше шақырым жерлерден өтеді, сол кезде радиация әсеріне ұшырауы мүмкін. Мысалы, 2011 жылдың мамыр айында киіктердің жаппай қырылуы байқалды. Биология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісұлы атындағы Батыс

Қазақстан мемлекеттік университетінің зоология және экология кафедрасының сол кездегі меңгерушісі болған Жасхайыр Қарағойшиннің пайымдауынша аймақтағы киіктердің жаппай қырылуына екі жайт себеп болуы мүмкін. Соның бірі - көршілес Ресей мемлекетінің біздің ауданымызға шекаралас орналасқан, бізге жақын жатқан Капустин Яр полигонындағы үлкен жарылыстар себеп болуы мүмкін. 2011 жылдың 18 мамырдағы ақбөкендер қырылуынан 1-2 күн бұрын жарылыс болды. Арада аз уақыт өткенде ауа райы күрт бұзылып, аспанда белгісіз бұлт пайда болды да артынша аспаннан ақ бор жауды. «Сол кездегі жарылыстың зияны – уы шөпке тұнды, сол шөп арқылы ақбөкендеріміз улануы мүмкін» - деген болжам айтады маман.



hello_html_m6cf5c02e.jpg


3. «Пастереллез» ауруы. Пастереллез қандай ауру?

Пастереллез – үй жануарлары мен құстардың арасында кең таралатын жұқпалы аурулардың бiрi. Бұл ауруға қарсы дер кезiнде емдеу шаралары қолданылмаса, ауыл шаруашылығына орасан зор шығын әкелуi мүмкiн. Ең қауiптiсi, бұл ауру өте жылдам таралатындықтан жануарларға жеке дара емес, үйiр-үйiрiмен жұғып, үлкен шығынға ұшыратады. Адамдарға жұғу ықтималдығы да өте жоғары. Бiрақ адамдарға жұғу фактiлерi мен оның клиникалық көрiнiсi әлi толық зерттелмеген. Түбегейлi жiктелуi, дифференциалдық диагноз қою белгiлерi де жоққа тән. Көп жағдайларда бұл ауруға шалдыққандар өлiмге ұшырап жатады.

Бұл аурудың таралуынан 1981 жылы мамыр айында Торғай облысында 100 мың бөкен, 1984 жылы ақпан-наурыз айларында Еділ-Жайық өзен аралығында 250 мың бөкен, 1988 жылы мамырда Торғай облысында 434 мың бөкен қырылған, 2010 жылы 18-21-мамырда БҚО, Жәнібек ауданы, Борсы ауылының солтүстік бағытында 11920 бас бөкен, соның ішінде 7625 ұрғашы, 4250 жаңа туған лақтары және 45 текесі белгісіз себептен қырылып қалды. Бұл Еділ-Жайық өзенаралық популяциясының 3/1 бөлігі. (2010 жылы сәуірде санағанда 39 мың бөкен болған.) Бұл жағдай 2011 жылы қайталанып дәл сол орында 441 бөкен қырылды.

hello_html_m56488ef.gifhello_html_m7ea164ef.jpg

Ақбөкендер популяциясының жаппай қырылуына әкелетін ірі-ірі және стихиялық ауруларға тап болатынын тарихи бақылаулар көрсетіп келеді. Салыстырмалы қысқа кезеңде (1955, 1956, 1958, 1967, 1969, 1974, 1981, 1984, 1988, 2010 және 2011 ж,ж.) Қазақстанда ақбөкендердің жаппай өлім-жітімге ұшырауы негізінен, аусыл және пастереллез ауруларынан байқалды. 2010 жылы (шамамен 12000-15000 аң) және 2011 жылы (400- аса аң) Борсы поселкасының маңында жаппай қырылған ақбөкендер туралы алынған материалдарды талдау жасалынды. Борсы ауылы маңы:2010-2011 ж.ж.

hello_html_700a663d.gifhello_html_m66b24b9a.gif


Негізгі қорытында мынадай: өлген жануарлар мүшелері мен ұлпаларынан алынған Pastereurella multocida негізінде «пастереллез» ауруынан деп диагноз қою патологиялық және эпидемиологиялық анализсіз дұрыс емес. Уландырғыш заттар болмауы мүмкін деп айтуға негіз бар.

Бірақ бұл ақбөкен популяциясына асимптоматикалық бактериялардың əсерінен жаппай қырылу процесін сақтап қала алмайды; төлдеу кезінде көбеюге қатысатып топтарға жақын адамдар мен малдардың аз болуы хайуанаттардың стрессін азайтып, аурудың болмауына мүмкіндік беруі де ғажап емес. Ақбөкен жағдайында көктемгі топтасу бітіп, аңдар бөлек- бөлек жайылған кезде жəне жаз айларында азықтары мол кезінде биылғы жылғы пастереллездан жаппай қырылудан аман қалған жануарлардың одан əрі өлімдерін болдырмау керек, егер де жаппай қырылудың негізгі себебі - пастереллез болса. Келешекте ақбөкеннің партереллезбен ауруына қандай себептер болды, соны анықтау керек. Ауруды болдырмау мүмкіндігін жақсарту үшін жағдайды жақсы түсініп, басқару қажет; мысалы, жұт болған қыстан кейін қосымша азықтандыруды ұйымдастыру сияқты. Тіпті мұндай шараны орындау мүмкін болсмаса да, ақбөкенді сақтап қалудың басқа да шараларын қарастыруға мүмкіндік береді. Егерде жаппай қырылу аурудан болса, онда ол ақбөкен экологиясының бір бөлімі болып табылады; сол кезде бұл аңды сақтау стратегиясында орын алуы керек. Жаппай қырылу процессін тудыратын немесе бұл процесті күшейтетін антропогендік факторлар əсерін азайту шараларын көрсету қажет. Ақбөкенде аурудың эпидемиологиясын жақсы білу үшін бұл мəселені зерттеу керек, өйткені аурудың дамуына əсер ететін факторлар өте аз зерттелген. Инфекцияның қайталану мүмкіндігін ескеру қажет, мысалы, мұндай жағдай болатындай болса, келешектегі жағдайды тестирования ету үшін материалды сақтау əдісін зерттеп, дайындау қажет. Сау жəне өлген ақбөкенде денелерінің күйі, қазіргі жəне бұрынғы азықтарының жайы, кеңістікте таралуы жəне аңдардың аурулары сияқты əсер ететін экологиялық факторлар зерттеу программасына енуі керек.

Сәуiр айы ақбөкендердiң жаппай төлдейтiн кезi. Төлдеген ақбөкендер бiрнеше күн бойына қалыпты жағдайына келе алмайды екен. Төтенше жағдай аумағында жұмыс iстеп жатқан мамандардың мәлiмдеуiнше, iндет ақбөкендердiң сол төлдеп, иммунитеттерi әлсiзденген кезiнде тиiп отыр. Бұл ауруды тышқандар ғана таратуы мүмкiн. Оның қоздырғыш талшықтары – "hasterella multocida" микробы жабайы жануарлардың бойында кездесетiнi әлiмсақтан белгiлi. Ол көктем мезгiлiнде тез өршiп, ауру жұқтырған кез келген жануарды бес тәулiкке жеткiзбейдi. Ветеринарлардың тәжiрибесiне сүйенсек, тышқандардан немесе үй жануарларынан адамдарға жұққан жағдайлар тiркелген.

Ауа райы бөкендердің қыс қыстау кезінде суық та, қолайсыз болып көктемге әлсіз шығуы, аналықтарының ауруға қарсы тұру қабілетін төмендету себепті төлдейтін кезінде пастереллез ауруы ошағының тарауы (Pasteurella multocida) киіктердің жаппай қырылуына алып келген деген қорытындыға келді. Әдетте, пастереллезге киіктердің аналығы мен лақтары шыдас бере алмай алдымен қырылып қалады.

4. Дала тағысы – қасқырлардың көбеюі. Бөкендердің саны азаюының келесі басты себебі - түз тағысы қасқырлардың көбеюі. Қазақстанда қазір 65-70 мыңдай қасқыр бар деп есептейді облыстық аң шаруашылығы басқармасы. Кеңшарлар тарап жеке шаруалықтарға көшуі мен мал басының азаюы және жыртқыштарды атып санын реттеу жүйесінің жойылуы қасқырлардың жыл он екі ай бойы ақбөкендерге шабуыл жасап, жойып отыруына алып келді. Бұл ақбөкен санының көбеюін тежеуші күшті фактор екенін айқындайды. Дала тағыларының киіктерге келтіретін шығынын есептеу мүмкін емес, бұл арнайы зерттеуді талап ететін тақырып.

Қазақстандағы аңшылық басқармасының жойылуынан басталған табиғат қорғау қызметтерінің әлсіреуі киіктер санының құлдырауына әсер еткен. Қорықшалар материалды-техникалық базасының нашарлауына байланысты жануарларды қорғауды тиісінше атқара алмайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1999 жылдан 2011 жылға дейін бөкендерді атуға тыйым салынғаны белгілі. Алайда, браконьерлікті құрықтау мүмкін болмай отыр. Ақбөкендер қазақ даласынан, тіпті жер бетінен құрып кетудің алдында тұр деп айтуға болады. Халықаралық дәрежеде ақбөкендер санының азаюына алаңдаушылық туып, 1995 жылы оларды СИТЕС ІІ қосымшасына тіркеді, яғни бұл түрдің өнімдері саудасын дүниежүзілік бақылауға алу жөніндегі қосымшаға. 2002 жылы Дүниежүзілік табиғатты қорғау одағы облысымызда мекендейтін бұл киік түрлерін «СR» (жойылып бара жатқан) категориясына енгізген. Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» енгiздi.

Қазіргі кезде киіктерді қорғаумен ҚР АШМ орман және аңшылық шаруашылығы комитеті және өздеріне бағынышты облыстық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы айналысады.

Самолетпен (АН-2) ақбөкенді санау жұмысы жүргізілді. Оған Казақстанның Зоология институтының, ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман мен аңшылық шарушылығы комитетінің, «Охотзоопромнің», облыстардың орман мен аңшылық шарушылығы басқармаларының, Қазақстанның биоəртүрлілікті сақтау ассоциациясының қызметкерлері жəне Өзбекстаннан ақбөкенді сақтау альянсының өкілі қатысты. Ақбөкеннің жалпы саны - 61,0 мың болса, оның бетпақдала популяциясы - 32,3 мың, үстірт популяциясы – 10,4 мың, Орал популяциясы – 18,3 мыңдай болды. 2007 жылмен салыстырғанда, ақбөкенның жалпы саны 11,3%-ке өсті. Бірақ үстірт популяциясының саны азайғаны байқалды. Осы уақытқа дейін санақ кезінде Өзбекстанда қанша ақбөкен қалатыны əлі белгісіз болып отыр? Əрине əр жылдары ауа райына байланысты аңның саны өзгеріп отыратыны белгілі ғой. Бұл мəселені шешу үшін екі елде де бір мезгілде ақбөкенге санақ жұмысын жүргізу қажет.

hello_html_59093ce7.gifhello_html_222b71a8.gif

Ақбөкендерді самолеттен суретке түсіру. Охотзоопром мен Зоология институтың қызметкерлері

Сурет В.Тугалевтікі ақбөкеннің Орал популяциясын санау үстінде.

Сурет Д.Головцовтікі


hello_html_8981103.gifhello_html_m6386f20e.gif

Әртүрлі биіктікте 180 м. Биіктік және 200 м. Биіктіктен түсірілген ақбөкендердің суреттері


Осы аталмыш мекемелердің есебі бойынша әрбір жылдардағы ақбөкендер санының кестесіне көз жүгіртсек:


Популяция аттары

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж

2006 ж. .

2007 ж.

Бетбақдала

1,8

6,9

9,9

18,6

22,8

Үстірт

12,8

15,0

19,6

17,8

16,4

Орал

6,5

8,8

10,1

12,9

15,6

Барлығы

21,2

30,7

39,6

49,3

54,8


Қазақстанда ақбөкенге жыл сайынғы самолетпен санақ жұмысы 2010 жылдың сəуір айының 9-ынан 1 мамырға дейін өткізілді. Оған ҚР-ның Зоология институтының, ҚР- сы ауыл шаруашылығы министрлігінің орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетінің, «Охотзоопром», облыстардың жəне аңшылық шаруашылықтары инспекциясы мен Қазақстанның биоəртүрлігін сақтау Ассоциациясының қызметкерлері қатысты. Санақ мəліметі бойынша, ақбөкеннің жалпы саны - 97,4 мын болды (2009 ж. – 81.0 мыңдай еді), оның ішінде бетпақдала популяциясының саны – 53,4 мың, Үстірттікі – 4,9 мың, Оралдыкі - 39,0 мыңдай болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, бетпақдала мен орал популяцияларының саны өсті де, үстірт популяциясының саны қысқарды. 2010 ж. мамыр айында 12 мың ақбөкен пастереллездан жаппай қырылған соң (жоғарыда қара), орал популяциясының саны қысқарып, 2009 жылдың дəрежесінде қалды (шамамен 27 мыңдай). Сонымен, Қазақстанда бүгінде ақбөкеннің жалпы саны - 85,3 мыңдай болып отыр.

Бұл мақала үшін материалдар 2008 ж. желтоқсан айында ақбөкендердің күйге түсу кезінде, 2009 ж. сәуір айында санақ жүргізу кезінде және 2009 ж. мамыр айында лақтарын тууы кезінде жиналды. 2008 ж. желтоқсан айында Кіші Өзен мен Ащыөзек өзендері аралығындағы территорияда (Аралсор көлінің солтүстік – шығысы, N 49°25′ E 48°35′) ақбөкеннің үлкен тобы (5-6 мың) байқалды. Желтоқсан айының ортасына дейін қар түскен жоқ, азық жеткілікті болды; температура 00-ден минус 6°С дейін болды. Желтоқсан айының басында (күйлеуге түсу алдында) ақбөкендер көбіне топтасып жүрді; тобында 100-1500 бас және одан да көп болды. Сондай-ақ тобында мойындары күйге түсуге тән қоңыр түсті текелері бар бірнеше «үйір-гаремдерде» кездесті. Кейінірек гаремді (үйірге түскен) топтар кӛбейе түсті, 3-ші желтоқсаннан 16-ші желтоқсанға дейін құрамында 6-дан 26-ға дейін (орташа – 15) ақбӛкендер бар 40 гаремдік топтар ұшырасты (оның әрқайсысында бірден төртке дейін текелері болды). 24 тобында – бірден, ал қалғандарында – 2-4 текелер болғаны анықталды; олардың ішінде жасы үлкен текелер қуатын бір жастағы текелерде болды. 10-шы желтоқсанда ақбөкендердің күйлеуі басталды.

Гаремдерден басқа, құрамында 50-ден 600-ге дейін ақбөкендер бар (орташа 2033 бас) тағы да 30 топ кездесті. 6094 кездескен жануарлардың ішінде 606 текелері (9.9%) саналды. 2009 ж. сәуірінде Зоология институты мен ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аңшылық шаруашылықтары комитеті қызметкерлерінің қатысуымен самолетпен ақбөкенді санау жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ мойындарына спутниктік бақылауға арналған ошейниктер кигізу жұмыстары жүргізілді


hello_html_m1c1d2760.gifhello_html_m77ea688f.gifhello_html_m7a5ae5b7.gif


Ақбөкендердің мекендейтін жерін 8 күн аралығында анықтау үшін Argos системасы GPS-сыз жəне спутниктік (TAW-4310H, Telonics) пайдаланылды.

Қабылдағыштар 2,5 жылдай сигнал беріп тұрады.


hello_html_m1f2dd4f5.gif

БҚО аумағында ақбөкеннің Еділ-Жайық өзенаралығы популяциясы мекендейді. Оның өзін біз батыс – Азғыр - Орда тобы және шығыс - Махамбет тобы деп екіге бөлеміз. Азғыр-Орда тобы біздің облыста көктем – күз айларында тұрақтап, қыста Атырау облысына ойысады. Тұрақтайтын аудандары Хаки соры, Ащыөзек өзені, Аралсор көлі маңдары болса да Казталовка ауданына, Жәнібек ауданы Борсы ауылы маңына дейін көтеріледі.


hello_html_m7680fdc6.jpg

hello_html_m3ff1bf82.jpg

Сол кезеңдегі ауа райының қолайлылығы, негізінде, табиғат қорғау қызметінің жақсаруына байланысты, 2003 жылға қарағанда 2004-2009 жылдар аралығында ақбөкендер санының Орал популяциясында едәуір өсімі байқалды. Киік саны 2009 жылы 26,6 мың болса, 2010 жылы 39,0 мыңға жетті. (Таблица 1).

1 кесте– 2012 ж. Батыс Қазақстандағы ақбөкендердің популяция саны


Жылдар

Популяция саны (мың, дара)

Оралда

Барлығы

Қазақстанда

пайыз (%)

1999

84.0

384.0

21.9

2000

17.5

148.5

11.8

2001

9.3

79.3

11.7

2002

6.9

30.0

23.0

2003

6.5

21.2

30.7

2004

8.8

30.7

28.7

2005

10.0

39.6

25.2

2006

12.8

47.4

27.0

2007

15.6

54.8

28.5

2008

18.3

61.0

30.0

2009

26.6

81.0

32.8

2010

39.0

97.4

40.0

2011

17.9

102.0

17.5

2012

21,0

137,0

11,1


Жалпы алғанда Батыс Қазақстанда бөкендер саны әлі аз күйінде қалып отыр. 2010 жылғы мамыр айында санақ кезінде жануар санының кемігені анықталды.

Бөкендердің жаппай қырылуы орын алған Борсы ауылы маңындағы 18-21 мамырдағы оқиғада 11920 бөкен өлсе, 2011 жылғы Жақсыбай ауылының маңындағы 441 бас киіктің төлдейтін орнында қырылуы популяция санын күрт азайтты.

Даланың еркелері күні бүгінге дейін небір қиын кездерді басынан кешті. Солардың бәрі адам қолымен жасалынатын қаскөйліктермен ұштасып жатыр. Біріншіден, елді мекендердегі тұрғындар ақбөкенді азық үшін атып алып жүрді. Бұл әсіресе елімізде нарықтық қатынастың алғашқы қалыптасу жылдарында күн көріс қиыншылықтарына байланысты болды. Екіншіден сол жылдары ауыл тұрғындары ақбөкен аулап, мүйіз сатып жан бақты. Өйткені ақбөкен мүйізінің бағасы Қытайда алтынмен пара-пар болды. Олар сол мүйіздерден 16 түрлі дәрі-дәрмек жасайды екен. “Түлкі мен үкі әдемілігінен жазады” дегендей, дала сұлуы ақбөкеннің мүйізі де өзінің сорына жаралғандай болып тұр. Қытай медицинасында дәрі жасайтын киік мүйізінің “қара базардағы” бір килосының бағасы 30-40 мың теңге тұратын көрінеді. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Қытайда дәстүрлі медицина үшін киіктің мүйізіне дәрілік шикізат ретінде сұраныс мықты. Қытай медицина индустриясының мүйізге деген сұранысы жыл сайын 8 тоннаға дейін барады екен. Қазір көрші мемлекеттегі жинақталған қор 80 тонна көрінеді. Қаскөй браконьерлердің бөкендерді не үшін баудай түсіретінін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Ақшаға құныққандар киіктің киесін ойлап жатқан жоқ. Міне, осындай адам қолымен жасалынып отырған зұлматтан даланың ерке жануары азайып барады. Ол аз болғандай көктемде тағы да індет тиіп, ауыр қырғынға ұшырады. Енді міне, олардың саны 40 мыңға жетер-жетпес болып қалды. Сонымен ақбөкендер қандай індетке ұшырады? Зерттеуші мамандардың айтуы бойынша «Ақбөкендер пастереллез ауруына ұшыраған».

Батыс Қазақстанда орын алған су тасқыны ақбөкенге де әсерін тигізбей қоймады. Санақшылар төрт күн ішінде Қазталов, Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала, Тасқала аудандарын шолып өтіп, 6839 бас киікті санапты. Бұл былтырғымен салыстырғанда едәуір аз.

- Әскери полигон болғандықтан, біз бұл жолы Бөкей ордасы аумағын толық қарай алмадық. Ал киік негізінен осы жақта қыстаған еді. Тасқала ауданында өткен жылы 2 мың бас киік көрсек, биыл тек 150 бас санадық. Су тасқынына байланысты олар басқа жаққа қоныс аударғаны анық. Біз оларды Жайық өзенінің арғы жағына, Тайпақ өңіріне қарай кетті деп болжап отырмыз, - дейді зерттеуші мамандар.

Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» енгiзсе, сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Ал, үстiмiздегi жылы бұл қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр. Әрине бұл игi шаралар қолға кеш алынып отыр. «Ештен кеш жақсы» деген емес пе? Өсiмтал жануар күтiмi көп, қорғауы жақсы болса, санаулы жылдардан соң саны қайта көбейiп, әлi-ақ даламыздың сәнiн келтiріп жүргенін көруден үміттіміз.

Соңғы 3 жылдан бері талқыға түсіп келе жатқан Ақбөкеннің Орал популяциясын қорғау барысында «Бөкейорда – Жайық» табиғи мемлекеттік резерватын құру жөніндегі жұмыстар өз мәресіне жетуі жақын. Облыс әкімдігі мен ҚР АШМ министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті бұл бағытта біріккен жиын өткізді (Орал өңірі 17қараша 2012 жыл). Облыс әкімінің орынбасары Е.Салықов ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қ.Мұсабаев қатысымен өткен жиында Жаңақала, Бөкей ордасы, Жәнібек және Казталов аудандарының 700 га жері 2013 жылдан бастап осы резерват аумағына енбек. Енді киіктердің төлдейтін қыстайтын, көшіп қонатын бағытындағы жерлер ерекше қорғауға алынбақшы. Биыл төлдеу мерзімінде Ресей территориясына өтіп кетуі себепті ҚР АШМ министрлігі мен РФ табиғат қорғау министрлігі Орал- Еділ киік популяциясын қорғау бағытында келісімге қол қойды. Жиын барысында осы резерваттың жобасына байланысты табиғи- ғылыми негіздеме жасаған жұмыс тобының жетекшісі «Еуразия» ұлттық университетінің доценті Жасқайыр Қарағойшиннің құнды баяндамасы тыңдалды.

Мен даланың сәні ерке жануарымызды қорғау мақсатында мынадай ұсыныстарды жасар едім:

  1. Ақбөкендерді заңсыз аулау және оны сатумен айналысатындарға қылмыстық жауапкершілікті қатайту керек. Браконьерлерге қарсы жазаны күшейтпесе, нәтижеге жету қиын. Қазіргі заң баптарында жұмсақтық басым. Атап айтқанда, Қылмыстық Кодекс бабында браконьердің мүлкі тәркіленсін немесе тәркіленбесін деген тармақ бар. Және бас бостандығынан шартты түрде ғана айыру қаралған. Шартты түрде болғандықтан, ол адам киік атуды жалғастыра береді. Ал түрмеге отырғызатын болса, браконьерлер ығар еді.

  2. Ақбөкеннің Орал популяциясын қорғау барысында «Бөкейорда – Жайық» табиғи мемлекеттік резерватын құру керек деп ойлаймын. Резерват жобасы жасалып, тезірек күшіне енсе...


3. Халық арасында үгіт насихат жұмыстарын жүргізуді күшейту. Мысалы

уникальды антилопа– ақбөкенге арналған экологиялық мейрамды өткізу

Өзбекстан Қазақстан және Ресей мектептерінде мейірімді әдетке

айналған.




















Ақбөкен

Сөзі: Несіпбек Айтовтікі, әні: Жалғас Назаровтікі


Дертімді менің қозғама,

Онсыз да ғұмыр азғана.

Айта алмай кеткен сырың бар,

Жадырап тұрған жазға да.


Адасып жүрген ақбөкен, ақ бөкен!

Қай жаққа ауып барасың,

Қай жақтан пана табасың?

Өзегі өксік дүние-ай,

Өртеніп, күйіп-жанасың!


Асарсың шаршап сан қырдан,

Ақ боран шығар алдыңнан.

Қорғансыз болып туған соң,

Жақсылық күтпе тағдырдан.


Адасып жүрген ақбөкен, ақ бөкен!

Қай жаққа ауып барасың,

Қай жақтан пана табасың?

Өзегі өксік дүние-ай,

Өртеніп, күйіп-жанасың!


Шексіз ғой мынау қара жер,

Өзіңді өзің пана көр.

Ажалдан қашқан тіршілік,

Сағымдай заулап аға бер!


Адасып жүрген ақбөкен, ақ бөкен!

Қай жаққа ауып барасың,

Қай жақтан пана табасың?

Өзегі өксік дүние-ай,

Өртеніп, күйіп-жанасың!














Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Бекенов А, Есенжанов Б, Махмутов С. «Қазақстанның сүтқоректілері» Алматы, 2009 ж.

  2. Қарағойшин Ж.М. " Бөкейорда-Жайык" табиғи мемлекеттік резерват құру туралы. Есеп.  Астана, 2011.

  3. Қарағойшин Ж.М. «Млекопитающие степи Западно-Казахстанской области»/Териофауна Казахстана и соопредельных территории (Материалы международной научной конференции), 56-58 бет. Алматы, 2009 ж.

  4. Мелдебеков А.М, Бекенов А.Б. «Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлары» Алматы, 2008 ж.

  5. Мелдебеков А.М, Бекенов А.Б. «Динамика численности и охраны сайгака в Казахстане»/Териофауна Казахстана и соопредельных территории (Материалы международной научной конференции), 175-181 бет. Алматы, 2009 ж.

  6. «Охотзоопром АҚ-ның киікке санақ жүргізу есебі» Алматы, 2011 ж.

  7. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 

  8. Интернет жүйесі. Saiganews электронды журналы.



























Краткое описание документа:

Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.

Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады. Сондықтан уникальды антилопаның (Saiga tatarica Linnaeus, 1766.) Орал популяциясы ақбөкендерінің ерекшеліктері мен оларды қорғауды мақсат етіп алдық. Ақбөкен систематикасына тоқтала кетсек ақбөкеннің (лат. Saiga tatarica), оның кәдімгі классификациясында, жалғыз түр екендігіне күдік пайда болды. Өйткені, Mammal Species of the World [ «Дүние жүзі сүтқоректілері» ] (Wilson, Reeder, 2005) еңбегінің үшінші басылымында ақбөкеннің моңғол түршесін S.Borealis-S.Borealis-дің өліп біткен қазба формасына жатқызылған. Қазіргі екі түр тармағынан S.t.tatarica және  S.t.mongolica – тұратын бұл классификацияны барлық эксперттер қолданады.

    Біріншіден систематика маңызды, өйткені ол мүмкіндігінше эволюциялық даму тарихын және әртүрлі формалар арасындағы байланысты анықтайды. Сондай-ақ оның практикалық маңызы бар, себебі түрлердің таксономиялық ерекшеліктері Халықаралық табиғат қорғау ұйымының (МСОП) Қызыл тізімінің, СИТЕС қосымшасының және соған сәйкес табиғат қорғау заңдылықтарының- қоныс аударатын түрлердің Конвенциясы мен халықаралық басқа да келісімдердің және ұлттық заңдылықтардың негізін құрайды. Сонымен бірге түрлер дүние жүзілік, региондық және жергілікті деңгейдегі табиғат қорғаудың басты бағытын анықтау үшін кең қолданылады.   

 

 Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді.

 

 

Автор
Дата добавления 26.11.2014
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров1400
Номер материала 155295
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх