Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Оралхан Бөкей "Құм мінезі" ашық сабақ

Оралхан Бөкей "Құм мінезі" ашық сабақ


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Құм мінезі»

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығымен танысу. Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау барысында өмір шындығын таныту, шығармадан алған білімдерін қорыту.

2. Дамытушылық. Оқушы ойын ашық жеткізе білуге, шығармашылықпен айналысуға, талдау жасау кезінде білімін, ойын дамытуға ықпал ету.

3. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, кітап пен білімді өзінің алдына мақсат етіп қоятын жан дүниесі сезімтал да адал, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорыту, жинақтау.

Сабақтың әдісі: жүйелеу, салыстыру, іздендіру

Пәнаралық байланыс: тарих, қаза тілі

Көрнекілігі: мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, слайд, кітап көрмесі, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Жусан исі» повесіндегі Аянның ертегісін аяқтау

  2. «Құм мінезі» әңгімесін оқу

ІІІ. Жаңа тақырып.



Оралхан Бөкей сомдаған сырлы әлемкемелсана иесіне ғана сыры танылатын терең философиялық ойлар мен ғажайып сұлу сөздердің әлемі. Жазушының шығармалары жарық көрген сәтінен-ақ оқырмандар қауымы мен әдебиеттанушылардың қызығушылығын тудырып келеді.Ол өткен ғасырдың 60-жылдары әдебиетке келген қазақ жазушыларының ішінде табиғаты өзгеше, шығармашылығы ешкімге ұқсамайтын айрықша талантты суреткер. Ә.Кекілбаевтің сөзімен айтсақ, ол «...жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті,ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды.Алыс-жақын елдерде аты «қазақ» деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды. Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқарлы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін дешығарып үлгерді» [1,1].

Оралхан шығармаларына байланысты сыншы Т.Тоқбергенов:«Жас жазушының сөз саптауы, ой тастауы бөлек. Өзгеге көп ұқсай бермейді. Өздігімен өзгеше болып көрінгісі келеді екен. Даттарлығынан мақтарлығы басым. Қазірдің өзінде сыншы санайтындардың көбін елеңдетіп отырған жайы бар», – дейді [2,14].

Оралхан Бөкей шығармаларының тақырыбы әр алуан, баянладатын оқиғалардың ауқымы кең. Бұл мақалада қаламгердің белгілі шығармаларының бірі «Құм мінезі» повесіндегі кейіпкерлер жүйесіне тоқталмақпыз.Қаламгердің «Құм мінезі» повесіндегі кейіпкерлердің сыр-сипатын ашуға арналған жұмыстың негізгі ой өзегі-бас кейіпкер бейнесінің өсу жолын, қалыптасып жетілуін қоғам дамуымен байланыстыра түсіндіру болып табылады. Образдылық – көркем әдебиетке тән негізгі ерекшелік. Мұнда адам өмірі суреттеледі. Ол адамдардың өзара қатынасы, қоғамға,қоршаған айналаға көзқарасы арқылы көрсетіледі. Демек,әдеби бейне – адам өмірін қоршаған ортамен байланыста суреттеудің көркемдік құралы, белгілі бір ойды, идеяны ашудың жолы. Сонда әдеби кейіпкер дегеніміз – өмірлік фактілердің негізінде көркемдік бояумен белгілі бір идеяны мегзейтін адам өмірінің нақтылы,жинақталған бейнесі. Кейіпкер –әдеби туындыда өзінің шығармадағы орны мен қызметіне қарай бас кейіпкер, қосалқы кейіпкер деп бөлінеді. Көркем шығармадағы бейнелі суретке қатынасатын адамдардың бәрі де кейіпкер болады. Егер кейіпкер шығарма оқиғаларының нақ ортасында жүріп,сюжеттік оқиғалар жүйесін дамытатын болса, ондағы шиеленіскен түйіннің шешілуінде жетекші қызмет атқарып, автордың айтар идеясын аңғартса, онда ол бас кейіпкер болып саналады. Ал автордың айтар ойының ашыла түсуіне,оны толықтыруға көмек ететін кейіпкерлер қосалқы кейіпкерлер деп аталады [3,88]. Мысалы, повесте бас кейіпкер рөлінде-Бархан, қосалқы кейіпкер рөлдерінде – жары Жұмакүл, қайын атасы Егемқұл, қызы Нұргүл, озат шопан Сейітқұл, совхоз директоры Әліқұл, құдықшы үш жігіт,құдықшы Серік,т.б. суретеледі.


Автор
Дата добавления 21.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров938
Номер материала ДВ-474654
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх