Инфоурок Другое Другие методич. материалыОралхан Бөкей шығармашылығына арналған әдеби кеш

Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған әдеби кеш

Скачать материал

Әдеби сазды кеш сабағы 
( Оралхан Бөкеев шығармашылығына арналған) 

Үлкен зал. Зал іші гүлмен, шармен безендірілген. Төрде Оралхан суреті. Залға жазушы шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды. Залға: «Ұйқым келмейді», «Мынау аппақ дүние» деген өз сөздері ілінді. 
1 Жүргізуші: Қадірлі әдебиет жанашырлары, сіздердің назарларыңызға төл әдебиетімізде өміршең өрнек қалдырған талантты жазушы, аяулы азамат Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған «Өр Алтайдың мұзбалағы - Оралхан» атты кешті ұсынамыз.

2 Жүргізуші:Бүгінгі кеште О.Бөкей шығармашылығы тамашаланады.

 3 топ  жазушы шығармасынан үзінді көрсетіп, қара сөздерін жатқа оқып, сайысады.

 1Жүргізуші:

1- ші « Өнерге өлердей ғашық жандар» тобы

2-ші «Өнер қырандары» тобы

3-ші «Жол сілтеушілер» тобы қарсы алыңыздар! Әр топ өздерін таныстырады.

2Жүргізуші:

Толқытар ойлар мың қилы, 
Армансыз әсте күн бар ма?! 
Жүрегі оның бұлқынды, 
Анадан алғаш туғанда. 
Иә, Оралхан Бөкеев сұрапыл соғыстың отты жылдарында 1943 жылы 28-қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатон қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында Бөкей мен Күлия отбасында дүниеге келеді. 
1Жүргізуші: Өзінің туған күні туралы Оралхан әзіл-қалжыңы аралас былай дейді екен: «28 – қыркүйек  – қазақ әдебиеті үшін қайырлы күн. Мұхтар Әуезов 28 – қыркүйекте  туған. Шерхан Мұртазаның туған күні де 28-қыркүйек, мен де осы күнде дүниеге келіппін» - деген екен.

2Жүргізуші: 1- ші « Өнерге өлердей ғашық жандар» тобы,  «Мезгіл әуендері» шығармасынан жатқа үзінді оқиды .

 

2Жүргізуші:

-         Қаракөз , осы сенің атынды дәл етіп кім қойған?

-         Менің есімімді анам қойған. Оның кешке қандай қатысы бар?

-         Оралханның есімін де анасы Күлия қойыпты. Оның өзі бір – тарих.

2Жүргізуші: 1943 жылы Оралханның әкесі  Бөкей Орал қаласында еңбек армиясында жүрген кезінде сол жылдың 28 қыркүйегінде Оралхан дүниеге келіпті.Анасы «Әкесі Оралдан аман есен оралсын» деген ырыммен «Оралхан» атапты. Ниеті қабыл болып, әкесі аман – есен оралады екен.

1Жүргізуші: 2- ші «Өнер қырандары» тобы,  Қалымжан Сымбаттың орындауында  «Аспирант қыздың тракторшы жігіті»                      шығармасынан үзінді .

1Жүргізуші:

Бөкей отбасында – 6бала оның ішінде 5қыз : Шолпан,Әймен,Ләззат,Мәншүк, Ғалия, 1 ұл – Оралхан  болды.

2Жүргізуші: Оралхан үлкен апайы Шолпанға: «Сен біздің алдыңғы дөңгелегімізсің, сен қалай дөңгелесең , біз де солай дөңгеленеміз» - депті.

1Жүргізуші: 3- ші «Жол сілтеушілер »тобы,  « Терісқаққан » шығармасынан үзінді оқиды.

2Жүргізуші:Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған Оралхан ағаның алғашқы әңгімесі 1967 жылы «Жұлдыз» журналында «Таң шапағы» деген атпен жарыққа шығады. 
1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген Оралхан Бөкей журналистік кәсіптің шырағын жиырма жасында жағып, қатардағы әдеби қызметкерлігінен Бас редакторға дейінгі 26 жылда жазу өнерінің ат жалында ойнағаны жұртқа мәлім. 

1Жүргізуші: 1- ші « Өнерге өлердей ғашық жандар» тобы,    « Өз отынды өшірме» шығармасынан үзінді көрсетеді.

1Жүргізуші:

Оралхан Бөкей драматург ретінде де көп танымал. Оның «Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес», «Зымырайды пойыздар», «Желтоқсан желі» пьесаларында да заман тынысы, адамдардың алуан түрлі адамгершілік қарым – қатынастары, арман – қиялы, ұмтылыс – құлшыныстары көрініс береді. Бұл шығармалар ұзақ жылдар театр сахналарынан түспей, көрермен көпшіліктің рухани азығына айналғаны белгілі.

2Жүргізуші: Құмарқанова Айманның орындауында «Оралханға арнау»

2Жүргізуші: 2- ші «Өнер қырандары» тобы,    «  Қар қызы» шығармасынан үзінді көрсетеді.

1Жүргізуші: Белгілі жазушы, ақын – Марфуға  Айтхожина Оралхан Бөкей туралы былай деп жырлайды.

«Өр едің, өр Алтайдай, тірегім ен,
Айрылды қазақ сендей түлегінен.
Өзінді қастерлеген туған елдін,
Жатарсын, орын алып жүрегінен».

2Жүргізуші: Өмірден ерте кеткенімен артына мол әдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер. Жазушының адамның сезім тұңғиығына, жан – дүние тереңіне, ой – арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның игілігіне қызмет ете береді.

1Жүргізуші: 3- ші «Жол сілтеушілер»тобы, « Құлаштың шоты еді » шығармасынан үзінді көрсетеді.

1Жүргізуші:  Шерхан Мұртаза сөзінде:  «Оралхан – дүниеден озғалы, міне, тура жиырма  жыл болды. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар: жасқа – ақыл, кәріге – қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады» - деген екен.

2Жүргізуші: Дүйсенбаева Аяланың орындауында «Катоным» әні

 

2Жүргізуші: 1- ші « Өнерге өлердей ғашық жандар» тобы,    Дастанның орындауында « Қамшыгер» шығармасынан жатқа үзінді оқиды .

2Жүргізуші: Тынымсыз еңбегінің, игілікті ізденісінің арқасында Оралхан Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен, өзіндік өрнегін сала келіп еді. Оның алғашқы әңгіме – повестерінен – ақ («Қамшыгер», «Үркер», «Бура», «Кербұғы», «Қайдасың, қасқа құлыным») ешкімге ұқсамайтын өзінше сөп саптамасы, асқақ мінезі, алғыр зерде – зейіні оқушысын бірден баураған болатын. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде асқақтыққа, өршілдікке тартып, толғау – толғаныстары кең тынысты, өзгеше үнді болып шығатын. Олардан бірде романтикалық құштарлықты, бірде публицистік от – жалынды, бірде реалистік өткірлікті, енді бірде сағыныш – мұңға бөлейтін лирикалық әуенді айқын аңғарар едік.

1Жүргізуші: 2- ші «Өнер қырандары» тобы, Нұғыманова Наргизаның орындауында «Бура » шығармасынан үзінді .

2 Жүргізуші: 9сынып оқушыларының орындауында «Көк тайынша» шығармасынан көрініс.

1Жүргізуші: Қазақ әдебиетіндегі орны бөлек тұлғалы қаламгерлердің бірі. «Жазушылық дегеніміз, - дейді ол, - шындыққа жүгіну, ал әдебиет дегеніміз – сол шындықты шырақ алып іздеудің бірден – бір формасы». Осыдан – ақ талантты жазушының бүкіл шығармашылығындағы темірқазық бағдары аңғарылып тұрған жоқ па! Оның қай шығармасын алсаңыз да іздейтіні шындық, зерлейтіні ақиқат.

2Жүргізуші: 3- ші « Жол сілтеушілер »тобы, Ергазиевна Мираның орындауында «Мезгіл әуендері » шығармасынан үзінді .

2Жүргізуші: Оның көзі тірісінде де, бақиға аттанған соң да аттандап: "Алтайдың кербұғысы!", "Мұзтаудың мұзбалағы!" деген сынды эпитеттерді қарша боратқан. Бала Орашты, бозбала Оралханды, жазушы әрі қайраткер Бөкеевті танығысы келген кез келген адам оның шығармаларын екі қайтара оқып шықса, сол жеткілікті шығар. Оралхан - жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген екен.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған әдеби кеш"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 421 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 4568
    • DOCX 20.1 кбайт
    • 84 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жылкышинова Гульназ Танатаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50745
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе