Инфоурок Другое КонспектыОралхан Бөкейдің таңдамалы шығарамалары

Оралхан Бөкейдің таңдамалы шығарамалары

Скачать материал

О. Бөкейдің таңдамалы, танымал шығармалары.

 

    

 

 

    

 

Ø Бөкеев О. Қамшыгер. Әңгімелер. «Жазушы» баспасы, Алматы – 1970 136 бет.

«Қамшыгер» жас жазушы Оралхан Бөкеевтің тұңғыш кітабы. Бұл жинаққа өміріміздің әр қырын әңгімелеген «Бура» және «Қамшыгер», «Терісаққан» секілді шығармалары енді. Әңгіме кейіпкерлері өмірдің жеңімпаздығын бейнелейді.

 

Ø Бөкеев О.. Повестер мен әңгімелер. Алматы, «Жалын»,1978. 280 бет.

Жұртшылыққа белгілі жазушы Оралхан Бөкеевтің «Ән салады шағылдар» жинағына үш повесі және бір топ әңгімелері енген. Бұл шығармалардың бәрінде де жазушы қазіргі замандастарымыздың тыныс – тіршілігін, арман – мақсатын көрікті ой, шебер тілмен жырлайды

Ø Бөкеев О. Үркер ауып барады: Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1981. – 528 бет.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты талантты жазушы Оралхан Бөкеевтің бұл кітабына кезінде оқырмандардың жылы ілтипатына ие болған повестері мен әңгімелері еніп отыр

Ø Бөкеев О. Өз отыңды өшірме: Роман. – Алматы: Жазушы, 1981. – 384 бет.

«Өз отыңды өшірме» жазушы Оралхан Бөкеевтің роман жанрындағы тұңғыш шығармасы. Автор бұл кітабында қазақ даласында Совет өкіметінің түпкілікті орнату мен Түркістан – Сібір магистралын салудағы қарапайым еңбек адамдарының жанқиярлық ерлігін шежірелейді. Романның оқиғасы қызғылықты, тілі көркем.

Ø Бөкеев О. Біздің жақта қыс ұзақ: Повестер. – Алматы: Жалын, 1984. – 432 бет.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкеевтің бұл жинағына, негізінен соңғы жылдары жазған шығармалары енген. «Бәрі де майдан» повесі Ұлы Отан соғысы кезіңдегі тыл өміріне арналған. Автор өз кейіпкерлерінің басынан өткен шытырман оқиғаларды әсерлі тілмен жеткізеді. Жазушының жинаққа кірген көлемді дүниесі – «Біздің жақта қыс ұзақ» атты егіз повесть. Мұның біріншісі – «Сайтан көпір» деп аталады. Автор бұл шығармасында өмір, тіршілік жайлы философиялық терең толғамдарға барады. Ал екінші повесть «Қар қызы» осыдан біраз жыл бұрын шағын көлеммен жарияланған еді. Автор енді осы шығармасына қайта оралып, оған көптеген жаңа оқиғалар қосып, кеңейтіп ұсынып отыр. Архитекторлар өмірінен жазылған «Жетім бота» повесінде адамның қайта оралмас жастық шағына деген сағынышы, жүрек тебіренісі бар.

Ø Бөкей О. Өнерге өлердей – ақ ғашық едім. Очерктер, көсемсөздер, эсселер. Алматы, «Санат», 1995. – 304 бет.

Елу жасқа жетпей, қайтпас сапарға аттанып кеткен аса дарынды қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкей көркем шығармалармен бірге әдебиеттің, өнер мен өмірдің келелі мәселелері, жастар проблемалары туралы келісті кесемсөздер, өрелі очерктер, әсерлі эсселер жазған еді. Бұл туыңдылар айшықты тілімен, бедерлі суреттермен, кейіпкер жанының нәзіктігімен ерекшеленеді. Болашақта жазушы,өнертанушы, журналист боламын дейтін жастарға, әдебиет сүйгіш қауымға Оралханнан қалған бұл дүниелер топтастырылып, ұсынылып отыр.

Ø Бөкей О.Тоқадан қалған тұяқ. - Астана: "Таным", 2003. - 80 бет.

Жинаққа жазушының кезінде оқырмаңдар аса жылы қабылдаған "Ауыл хикаялары" деген сериалды әңгімелерінің бірқатары еніп отыр. Мұндағы іріктелген шағын әңгімелер де Оралхан Бөкееевтің үлкен талант иесі болғанын таңытады.

 

Ø Бөкей О. Таңдамалы шығармалар. 1 – том. Алматы: ҚАЗақпарат, 2003. – 326 бет.

Қазақ әдебиетінің классикалық үлгілері қатарына қосылған небір жауһар туыңдылар калдырып кеткен Оралхан Бөкейдің есімі бүгінде иісі казақ қастер тұтар киелі есімдердің біріне айналды. Оның шығармалары дүниежүзі әдебиетінің тұнығынан жүзіп ішкен орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, кытай тілдеріне аударылып басылып, биік өркениетті бүкіл дүниежүзі оқырмандарының талғам таразысынан өтіп, шынайы рухани сұранысқа айналды. Қаламгердің екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына "Құм мінезі", "Қар қызы", "Жетім бота", "Мынау аппақ дүние" секілді туыңдылары енгізіліп отыр.

 

Ø Бөкей О. Кербұғы. Әңгімелер мен повесть. – Алматы: Атамұра, 2003. – 204 бет.

Қазақ әдебиетіне жасындай жарқылдап келген Оралхан қаламының табы, сөзінің қуаты қалың оқырманның көңілінен кеткен емес. Оның өшпес рухани дүниелері, әсіресе кейінгі жас буынды мас қылғандай әсерге бөлегені шындық. «.... еркіндігін аңсаған Кербұғы тіпті де өлген жоқ» деп өзі жазып кеткендей, суреткер шығармалары уақыт өткен сайын соны қырынан шуақ шашады

Ø Бөкей О. Қар қызы: Хикаяттар / Құраст. Р. Мәженқызы. – Алматы: Раритет, 2008. – 280 б. – «Алтын қор» кітапханасы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өмірден ерте өткен көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің бұл кітабына «Бәрі де майдан», «Қар қызы» және басқа таңдаулы хикаяттар енді. Автор кез келген шығармасында Жақсылық пен Жамандықтың бітіспес күресі арқылы кейіпкерлерінің іші жан әлеміне көбірек үңіліп, әлеуметтік – философиялық ойы салмақты бірегей образ жасайды. Екінші бір ерекшелігі – кейіпкер болмысын табиғат көріністерімен байланыстыра суреттеу. Бұл тұрғыда Оралханды шынайы табиғат жыршысы, өр Алтай өңірін бүкіл сұлу да асқақ келбетімен өрнектеп кеткен нағыз суреткер еді деу керек. Оның стиль даралығы да осы қасиетінде, яғни қара сөзбен жыр кестесін төккен хас шеберлігінде берілген.

Ø Бөкеев О. Атау-кере (Қауіпті будан). Мұзтау хикаяттар. Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010. — 320 б.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары өзінің талантымен жұртты жалт қаратқан Оралхан Бөкеев қолтаңбасы қазақ әдебиеті әлемінен айшықты орнын алды. Оның ойтолғанысына арқау болған жаратылыс құбылыстары ерекше көркемдік бейнелерге айналып жүре беретіні шындық. Романтикалық сарын, драма¬тизм, жаңашылдық пафос айқын сезіліп жататын жазбалары әсіресе жастар жүрегіне отты сезім ұялатып, өмірге құштарлық үмітін оятты. Оның қай шығармасын алсаң да отансүйгіштік рухы менмұндалап тұрады. Көпшілік қауымға ұсынылып отырған бұл хикаяттарыда нағыз шеберліктің жемісі екендігін оқыған жұрт таным-талғамымен таразылай түсері сөзсіз.

 

 

Адамдар неге жылайды?

 

  Адамдардың бір-бірін тірсектен қағып, аяқтан шалуы, көз алартып мүйіздесуі, қияңқыланып жұлқысуы, кек сақтап, есе қайтарысуы, ашу шақырып, жұдырықтасуы, көңілдері қалып, кек көрісуі – неден, не жетпейді деп, өз-өзімізге сұрақ қоя отырып, пенде болған соң өзіңнің де қырын қарап жүрген «біреуің» бар екені есіңе түсіп, ыңғайсызданғандай боласың. Мұны ірке тұрғанда бақтарда, би алаңдарында анда-санда бой көрсетіп қалатын тарс-тұрыстар есіңе түседі. Әсіресе, ессіз ашуға дес беріп, көзді жұмып көлге секіретін құрбы-замандастарымыздың әбес қылығы налытатын. Тыз етпе ашудың түбі неге апарып соқтыратынын әуелден-ақ түсінген халқымыз: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» деп өсиет қалдырған екен. «Оң қолың ашу шақырса, сол қолың арашаға түссін» деуі де бекерден – бекер емес-ті.

 

 

Сен не ойлайсың, осы?!

 

  Біз шөптің үстінде ұзақ жаттық. Осынау оңаша сырласуды сағынып қалғандаймыз. Біз енді неше жылдан кейін кездесетінімізді, кездессек те дәл осылай маяның үстінде жатып сырласатынымызды білмейміз. Біз тіпті күні ертең не боларын білер ме екенбіз. Бірақ жүрегіміз бір соғып, мақсат – ниетіміз өзектес болған соң мейлі алыста, не жақында жүрейік, жатбауыр болып кете алмайсың. Мен замандасымның бойынан айғай-сүреңге толы даурықпа ұраншылдықтан гөрі, ақыл мен парасатқа жуық сабырлықты, талдап барып жақсылығын тататын ойлылықты, әрі мәрттікті көрдім. Көпіріп көп сөйлегеннен, өндіре көп істегенді озық санамақ. Ол тындырған ісін әсте де жұртқа дабырламауды ләзім көрмек. Оған көлгірсіген астарлы сөз емес, атаң болса да әділ айтатын турашылдық қажет. Оған – менің замандасыма арқадан қаққан лепірме сөзді жайдақ үгіттен гөрі, сауатты ақыл қажет. Қазіргі жас жұмысшының жүрегіне уралап емес, туралап қана жол таба аласың. Өйткені олар бәрін біледі, бәрін сезеді. Дәуірмен қоса тыныстап отыр, көздері ашық, көкіректері ояу.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оралхан Бөкейдің таңдамалы шығарамалары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 896 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.10.2015 8645
    • DOCX 3.4 мбайт
    • 18 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саньязова Бекзат Кабдуалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Саньязова Бекзат Кабдуалиевна
    Саньязова Бекзат Кабдуалиевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 449915
    • Всего материалов: 51

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 31 региона

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе