Инфоурок Музыка Другие методич. материалыОралөңіріндегі қобыз өнерінің өркендеуі Қазақ халық аспаптар бөлімі.

Оралөңіріндегі қобыз өнерінің өркендеуі Қазақ халық аспаптар бөлімі.

Скачать материал

                        Орал өңіріндегі қобыз өнерінің өркендеуі.

Орал саз училищесі – Қазақстандағы байырғы оқу орындарының бірі. Оның жарты ғасырлық өткен жолы училище бітірушілердің жемісті қызметі, қол жеткен жетістіктерімен ғана емес саз педагогикасындағы ұлттық дәстүрлерді дамытуға қоқан айтарлықтай үлесімен де аталып өтіп отыр.

Училище бітірушілерінің арасында Қазақстан ұлттық өнерінің мақтанышы, тамаша мәдениет қайраткерлері бар. Олар: КСРО халық артисі, КСРО мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Р.Жаманова, өнер зерттеу ғылымының кандидаты Ғ.Бисенова, Қазақстан Республикасының еңбек сінірген артистері, Алматы мемлекеттік консерваториясының профессорлары Т.Тікишев, Т.Нұралиев, Республиканың еңбек сіңірген артисі, Орал облыстық филармониясының әншісі Қ.Қожаков және басқалар. Олар есімдері Ақ Жайық өнірінің тарихынан бөліп алуға болматын Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұхит, Дина, Сейтек сияқты аға толқынның үздік дәстүрлерін өз қызметтерінде пайдалануда.

Ұлы Отан соғысының төртінші жылы жүріп жатты. Соғыс кезінің қиыншылықтарына қарамастан кеңес үкіметі жас музыканттар  даярлау туралы ойластрды. Облыстық өнер бөлімінің 1944жылғы 24тамыздағы  №=35 жарлығына сәйкес Орал саз училищесі ашылды. Оның директоры, бұрын балалар музыка мектебінің директоры болған Константин Степанович Булдыченко тағайындалды.

К.С.Булдыченко – жоғары білікті музыкант, баскару және ұйымдастырушылық қабілеті мол, тамаша педагог болатын. Училищені құру үшін негізгі база балалар музыка мектебі мен театр қасындағы бір қабатты үйде орналасқан музыкаға дарынды балаларға арналған интернат болды. Жанадан ұйымдастырылған музыкалық училищеге әдейі ғимарат бөлінді, қазіргі кезде онда  № =3 балалар музыка мектебі орналасқан. Оның  ауласында  қосалқы қызмет блмелерімен  интернат болды. Училищенің ашылуына облыстық баспасөз бен радио зор үн қосқан.

Училище өз жұмысын үш бөлімнен – фортепиано, ән айту, үрмелі және шекті аспаптарға бөлінген оркестрмен бастады. Оқу бөлімінің меңгерушілігіне Федор Ильич Малиновский тағайындалды.

Ол кезде училищеде кәсіптік музыкалық білім беру дәстүрін Клавдиенко Т.А., Маревская М.Д., Балотин А.В., Барман А.М., Ковалев Д.И., Аламаха В.И., Рыков сияқты оқытушылар жүргізді. Ән айту класының негізін Ленинград опера театрының әншісі Горбунова Е.А. қалады.

Музыка училищесінің алғашқы оқушылары қатарына балалар музыка мектебінің үздік бітірушілері мен интернаттың тәрбиеленушілері қабылданды. Олардың ішінде К.Хабибулина, М.Мұхамбетова, З.Мусралиева,  Д.Мустафина, М.Шакирова және басқалары болды. Үрмелі аспаптар класына Орал қаласында орналасқан әскери бөлімшенің музыкалық взводының тәрбиеленушілері, ал ән бөліміне – көркем-өнерпаздар үйірмесіне қатысушы А.Муравьева мен Ғ.Бисенова қабылданды.

1948жылы училищені  алғашқы оқушылар бітіріп шықты. Мемлекеттік емтихандар ерекше салтанатты жағдайда және үлкен өрлеу үстінде өтті. Жергілікті газете Е.Соллертинскийдің «Музыкалық училищенің алғашқы бітірушілері» деген тақырыпта мақала жарық көрді. Оңда былай деп жазылған: «Емтихан алушы комиссияның алдынан қабілетті жастар бірінен соң бірі өтуде. Бұлар училищенің алғашқы түлектері роялға қарапайым киінген Зылиха Мүсіралиева отырып, әуенді сазды ойнай жөнелді. Одан кейінгі кезек Қафия Хабибуллинаға келді. Хабибуллина өзі  орындаған әрбір шығармаға ерекше түр, сыршылдық береді.

Орал саз училищесі ұйымдасқаннан бергі 50жылда үш мыңға жуық музыканттарды тәрбиелеп шығарды. Олар республикамыз бен одан тыс жерлерде еңбек етуде. Олардың бірқатары қазір құрметті демалыста.

Қазіргі уақытта училищеде маман педагогтар жұмыс істеп, дәстүр сабақтастығын жалғастыра түсуде.

Жыл өткен сайын училище де өсе түсті. 1996 жылы республика үкіметінің қаулысымен жергілікті ұлт өкілдерінің балалары үшін екі жылдық дайындық бөлімі ашылды, музыка, теориясы бөліміне қабылдау жалғасты.

1978 жылы мәдени ағарту жұмыстары бөлімі ұйымдастырылды, ол 1980  жылы өз алдына арнаулы орта оқу орны-мәдени ағарту училищесі болып құрылды.

Оқу процесін жоспарлау және басқару мәселерімен училищенің оқу бөлімі айналысады, оған В.М.Плетнева жетекшілік етеді. Ол училищедегі барлық сегіз бөлімінің оқу-творчестволық қызметін үйлестіріп келеді.

 

 

 

 

                                    Қазақ халық аспаптар бөлімі

            Қазақ халық аспаптары класы 1960 жылы ашылды. Алғашқы оқытушылары Б.Г.Гайсина (домбыра) және жоғары арнаулы білімі бар У.К.Каримов (бас қобыз) болды. Ол сонымен қатар қазақ халық аспаптар оркестрінің алғашқы жетекшісі болды. Одан кейін Г.Н.Қазтұғанова (домбыра), А.И.Есмурзина (домбыра) оқытушы болып жұмыс істеді.

            1973 жылдан бастап, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген оқытушы С.Г.Кариеваның ұйымдастыруымен қобыз – прима класы тұрақты жұмыс істейді. Сондай – ақ сол жылдан бері Қазақстандағы белгілі домбырашы – педагог, «Домбыра ойнау мектебі» кітабының авторы М.А.Айтқалиевтің жүргізуімен домбыра класы да тұрақты істеп келеді. Оның оқушылары арасында Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан мәдениет институтының ректоры, педагогика ғылымының кандидаты М.Е.Ержанов, Орал саз училищесінің қазақ халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі А.Е.Құсмағамбетова бар. Әр кезеңдерде қазақ халық аспаптар оркестрі «Ақ Жайық жастар ансамблінің құрамында Румыня мен Болгарияда шығармашылық сапарда болды.

            1991 жылы оркестрге басшылықты, училищенің бұрынғы түлегі, Алматы консерваториясын бітірген, училище директоры Қ.Қ.Қажымов өз қолына алды. Оның басшылығымен оркестр 1992 жылы саз училищелер халық аспаптар оркестррлері аймақтық конкурсында лауреат атанды.

            1993 жылы оқушы Нұрсұлу Батырғалиева (оқытушы А.Е.Құсма,амбетованың класы) халық аспаптары жас орындаушыларының XV  республикалық конкурсында лауреат болды.

            Училищенің түлегі Тоқтағанов Айтжан қазір Алматы консерваториясының домбра кафедрасында доцент болып еңбек етеді.

 

 

  Құсманқызы Роза Орал облысының бұр.Фурманов ауданына қарасты Қарасу аулында 1936 жылы дүниеге келді. Мектеп қабырғасынан-ақ өнерге деген қызығушылығы басталады. Мектептегі көркемөнерпаздардың белді мүшесі болып, облыстық өнер сайысында жүлдегер атанып, би билеп, ән салып ерте көзге ілінеді. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына 1954 жылы қобыз класына оқуға түсіп, оны 1960 жылы бітіреді.

  Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау музыкалық училищелерінде, Алматыдағы Қазақконцерт ұжымында, Роза Бағланованың ансамблінде, Қыздар педагогикалық институтының музыка факультетінде жұмыс істейді.

  1966 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясының жанындағы халық қазынасы ән-күй мұрасын жиыстыру фольклорлық кабинетінде жұмыс істей жүріп, 1975 жылы С.Прокофьев атындағы музыка мектебінің алғаш рет қобыз класын ұйымдастырып ашады. Осы жылдар ішінде, жас ұрпақтарды қазақтың ұлттық өнерге тәрбиелеу жолында еңбек етіп, оқушылары республикалық өнер сайыстарында лауреат атанып, жүлделі орындарға ие болады. Көп жылғы ұстаздық өмірінен туындаған тәжірбиелі, бағдарламалы жұмыстың нәтижесі ретінде, қобыз аспабын үйретуге арналған методикалық әдістеме бойынша репертуарлық оқулық құрал хрестоматия жазды. 1998 жылы «Рауан» баспасы арқылы жарық көрді. «Сағыныш», «Ықыластың қобызы» атты кітаптардың авторы. 1914 жылы Қазақ СССР ғылым академиясының «Тіл әдебиет сериясы» атты журналда және «Халық композиторы Ықылас Дүкенов туралы» мақаласы құнды деректер әкелді. Роза Құсманқызының творчестволық еңбегі бағаланып «Ветран труда», «Халық ағарту ісінің озық қызметкері», Еңбек ардагері, Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің озық қызметкері медальдар мен атақтарымен марапатталады. Көп жылғы саналы еңбектері ескеріліп  №3 С.Прокофьев музыкалық мектеп ұжымы мұғалімдер советінде 1999 жылы 10 қыркүйек күні «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ұсынды.

  Кәлембаева Меруерт Қабекенқызы 1939 жылы 9 маусымда Орда ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Күләш Байсейітова атындағы саз-мектеп интернатына оқуға түсіп, 1956 жылы бітіріп шықты. Меруерт Қабекенқызының орындаушылық, шығармашылық жолы, ең алдымен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспатар оркестрінің қобызшылар тобында жеке орындаушы және орындаушы және сүйеумелдеушілік қызметімен тікелей байланысты.

  Орындаушылық, шығармашылық жолмен қатар 1966 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогикалық қызметпен ұштастырды. Меруерт Кәлембаева 1957-1958 жыл Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық жастар мен студенттер фестиваліне және Қазақстанның онкүндік өнеріне қатысты. Жеке орындаушы ретінде Қазақстан шеберлері тобының құрамында жүріп көптеген шет елдерде: Франция, Италия, Германия, Польша, Венгрия, Куба, т.б. өркениет аймақтарына ұлттық мәдениеттің жетістіктерін таныстырды. Бүкілодақтық үнжазба «Мелодия» фирмасынан «Қобыз – сазы» атты күйтабағын жарыққа шығарды. 1997 жылдан профессор.

  Меруерт Кәлембаеваның ұстаздық еңбегі өзінің көптеген талантты түлектерімен жалғасты. Олар: ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Ғ.Болтаева, Т.Қарақожаева, сондай-ақ Э.Ахмедиярова – Президенттік ансамбльдің жеке орындаушылары болып табылады. Осы күнге дейін шәкірттері Халықаралық байқауларда жоғары жүлденің иегерлері атанып келеді.

  Меруерт Кәлембаеваның оқу-әдістемелік жұмыстары музыкалық жоғары оқу орындарында қобыз мамандықтарына арналған типтік оқу бағдарламаларын байытуға, қазақ күйлерін қобыз бен фортепианоға арнап өңдеп, қобызшылардың концерттік репертуарларын көбейтуге бағытталған.

  М.Кәлембаева ұлт аспаптарында орындаушылардың халықаралық, Республикалық байқауларына бірнеше рет төрайым және алқа мүшесі ретінде шақырылды. Жмырма жылдан астам уақыт – Халық аспаптар факультетінің деканы әрі ұйымдастырушысы болып еңбек етті. Аталмыш факультеттің бірінші басшысы ретіндегі жемісті қызметі факультет студенттерінің көркемдік, орындаушылық және жалпы білім алу деңгейінің өсуіне бірден-бір әсер етті. 1977 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.

  Әжімұратов Қуаныш 1945 жылы 25 қаңтарда Сырым ауданы, Жетікөл ауылында дүниеге келген күйші-қобызшы. 

    1975 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын қылқобыз және домбыра мамандығы бойынша бітірген. Сол жылдан бастап Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт аспапар оркестрінде бас домбырашы және қыл қобыз аспабының жеке орындаушы болып көп жылдары табысты еңбек еткен. Оркестр құрамымен көптеген шетелдерде болып, қазақ музыка мәдениет танытуға үлес қосты. Репертуарынан Қорқыт, Ықылас, Әбікей, Тәттімбет сынды композиторлардың шығармалары орын алады. Біраз өлеңдердің авторы.

    1994 жылы қазақ өнерін дамытудағы зор еңбегі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген артисі атағына ие болды. 2000 жылдың маусым айында Алматы қаласында дүниеден өтті.

     Болтаева Ғайни Әділбекқызы 1957 жылы 2 шілдеде Кимелев селосында дүниеге келді. Музыкалық қабілеті жастайынан аңғарылған Ғайни 1967 жылы Қарағанды облыстық орта арнаулы саз мектеп-интернатына қобыз мамандығы бойынша оқытушы С.Ә.Нокиннің сыныбына қабылданды. Мектеп қабырғасында жүріп өзінің қабілеті мен талабының арқасында Киев қаласында өткен балғын музыка өнерінің фестиваліне қатысады.

    1975 жылы саз мектебін бітіріп, Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияға түсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор М.Кәленбаевадан дәріс алады. Консерваторияда оқып жүріп, 1979 жылы Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрінің қобыз тобына жұмысқа орналасады.

    1980 жылы консерваторияны бітіріп, жұмысын әрі қарай жалғастырды. 1983 жылы І Республикалық Құрманғазы атындағы сайыстың лауреаты, 1985 жылы оркестрдің ішінде өткен пультаралық конкурстан қобыз тобының концертмейстерлігін жеңіп алады. 1994 жылы Ғайнидың қазақ өнерін өркендетудегі зор еңбегі ескеріліп, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» деген құрметті атақ берілді. Ол мемлекеттік «Салтанат» ансамблінде, 1996 жылдан қазіргі кезге дейін Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрінің құрамында еңбек етіп жүр.

   

    Хаирова Мереке Есетқызы. 1959жылы 8 наурызда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Марской ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп қобызда жеке ойнаумен қатар ұлт аспаптар оркестрінің белді мүшесі болды. Сөйтіп 1976 жылы Гурьев музыка училищесінің қобыз класына оқуға түседі. Ұстазы Ғалия Ажығалиқызы Шопанова Мерекенің теориялық білім кенейтумен қатар көптеген байқауларға дайындап 1курстан-ақ оркестрге отырумен орындаушылық шеберлігін арттыруда еңбегін ерекше айтып өтуге болады. 1977жылы облыстық филормониясының Атырау-Ақжайық вокалды эстрадалық ансамблмен алматыда өткен республикалық байқауда 2-ші орын иеленеді. Осы училищені 1980жылы үздік бітіріп, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының қобыз класына оқуға түсіп, әйгілі қобызшы Қ.Р. халық әртісі Құрманғазы мемлнкеттік консерваториясының профессоры Фатима Жұмағұлқызы Балғаевадан  дәріс алып, ұлы ұстаздың ұлағатын үйреніп өнер айдынында шарқ ұра бастады.

«Құрмет грамотасы» - БҚО білім басқармасы – 2000, 2001, 2004, 2006.

«Грамота – Қазақстан Республикасының Білім және ылым Министрлігі, наурыз 2009

«Алғыс хат» - Қазақстан Ұлттық консерваториясы сәуір 2009ж.

«Грамота» - «Астана-Мерей» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, желтоқсан 2009.

Қазақ халық аспаптары класы 1960 жылдан бастап ашылды. Жоғары оқу орнын бітірген алғашқы оқытушылар - Гайсина Б.Г. (домбыра), Каримов У.К. (бас-қобыз) болды. Ол сондай-ақ қазақ халық аспаптары оркестрінің алғашқы жетекшісі болды. Одан кейін Казтуганова Г.Н. (домбра), Есмурзина А.И. (домбра) мұғалім болып жұмыс істеді.

Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының түлегі, жоғар білімді Кариева С.Г. 1973 жылдан бастап қобыз-прима класын ашты. Сондай-ақ 1973 жылдан бастап домбра класын Қазақстандағы белгілі домбырашы, «Домбыра үйрену мектебі» кітабының авторы Айтқалиев И.А ашты. Оның оқышуларының арасында – Орал қаласындағы Дәулеткерей атындағы өнер институтының ректоры, доцент, педагогикалық ғылымдарының кандидаты Ержанов М.Е., Орал қаласындағы музыкалық училищаның қазақ халық аспаптарының меңгерушісі Құсмағанбетова А.Е. болды.

1979 жылдан бастап бас-қобыз класы ашылды, оны Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының түлегі Аймчиева С.И. басқарды. 1985 жылдан бастап қазақ халық аспаптар бөлімі өздігінен бөлініп шықты.

 

 

ЕРҒАЛИЕВА АЙГҮЛ ТЕМІРБОЛАТҚЫЗЫ

Қазіргі кезде қобызда орындаушылық өнер өзіндік дәстүрі мен тарихы бар қазықтың аспапты музыкасындағы аса қарқынды дамып келе жатқан сала. Тамыры Орта

атындағы Батыс Қазақстан мемдекеттік университетінің доценті А.Т. ғасыр, Қорқыттан бастау алған қобыз аспабы біздің заманымызға жеткенше талай қиын-қыстау заманды бастан өткізіп, бірнеше жүзжылдық уақыт аралығында бақсы-балгерлік сипатымен халыққа қызмет етіп, тек ХІХ ғ. Ықылас Дүкенұлы қолында жаңғырып, осы аспап ұлттық мәдениетімізде көркемдік-эстетикалық мазмұнға ие болды.

Жаңа заманда жаңа сапаға ие болған қобыз өнерінің тарихы ҚР халық әртісі, профессор Фатима Балғаева,  ҚР халық әртісі Гүлнәфиз Баязитова, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Досымжан Тезекбаев, ҚР еңбегі сіңген әртіс, профессор Меруерт Каленбаева, профессор Базархан Қосбасаров, ҚР халық әртісі, профессор Ғалия Молдакәрімова, ҚР халық әртісі, профессор Раушан Мұсақожаева, өнертану кандидаты Қалия Оразалиева, тәжірибелі ұстаз Әбдіманап Жұмабеков сынды өнер майталмандары есімдерімен тығыз байланысты

Орындаушылықпен қатар білім беру саласында да жүйе түрінде орнығып, дамып келе жатқан аспаптың ертеңіне сенімі мол. «Қарапайымнан күрделіге»  принципі бойынша, немесе «мектеп-колледж-ЖОО» сынды көпсатылы оқытудың арқасында қобыз өнері бүгінгі таңда едәуір жетістікке жетті.

Осындай, тамыры тереңнен тартылған өнер түрінің біздің облысымызда да дамып келе жатқаны баршамызға аян. Алғашында Светлана Кариева, Қарылғаш Атиханова, Мереке Хайырова, Қалия  Музаппарова, Айгүл Ерғалиева, Жәмилә Нүрымбетова және олар тәрбиелеген көптеген шәкірттері қазіргі кезде  қобыз  өнерінің өрісін  алысқа жайып, насихаттауда.

Қаламызда белгілі бір арна ретінде қалыптасқан қобыз дәстүрінің шебер орындаушылары мен өнегелі ұстаздарының мәртебесін асқақтата отырып, бүгінгі кеште біз осы мамандықтың қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, ғылыми түрде зерттеп-зерделеуде де қол жеткізген табыстарымен дараланып, еңбектеніп жүрген ұстаз-ғалым Айгүл Темірболатқызы Ерғалиеваның есімін айырықша атап өткіміз келеді. Өнертану кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ доцені А.Т.Ерғалиева 40-ға жуық ғылыми мақалалардың, оқу-әдістемелік құралдар мен «Ықылас Дүкенұлының күй мұрасы» атты монографияның авторы. 

       А.Т.Ерғалиева Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген, Алматы мемлекеттік консерваторияны 1987 ж. қобыз мамандығы бойынша ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор  М.К.Каленбаеваның сыныбынан тәмамдады. 1985-1994 ж.ж. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік ансамбльдерде мамандығы бойынша орындаушылық жұмыста болды.           1994 жылдан бері Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық қызметте. 2010 ж. М.О.Әуезов атындағы  әдебиет және өнер институтында «Ұлттық музыка контекстіндегі Ықылас Дүкенұлы мұрасы» атты диссертациялық жұмысын қорғады. Ғылыми жетекшісі -- өнертану докторы,  профессор  С.Ә.Күзембай.

Ұлттық өнерді насихаттау мақсатымен Мәскеу (1985), Тәшкент (1986), Омск, Хабаровск, Магадан, Владивосток (1986), Ташауыз (Түрікменстан, 1990), Витебск, Гродно (1991) және т.б. қалаларда болды. 1991 Анкара қаласында өткен тұңғыш түркі тілдес халықтар фестиваліне, 2008 ж. Польша елінің арнайы шақыруымен «Под кучерой» (Легницы қ.) атты әлемдік этнографиялық фестивальге қатысып, дипломмен марапатталды. 2009 ж. Элиста қ.  «Эпос и массовая культура» атты Халықаралық конферецияға қатысып, баяндама жасап, Қалмақ Республикасының Президенті К.Илимджинов атынан дипломмен марапатталды.  2013 жылдың қыркүйек айының 16-21 аралығында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті ректорының қолдауымен «Бабалар тарихына тағзым» атты фольклорлық-этнографиялық экспедицияға қатысып, өлкенің жаңа тарихын жазуға атсалысты.  Сонымен қатар, үстімізгі жылдың қараша айының 15-19 аралығында РФ Самара қаласында өткен С.Орлов атында%ы конкурс-фестивалі аясында өткен халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, «Казахский кылкобыз» атты баяндама жасады.

А.Т.Ерғалиева өзінің ұзақ педагогикалық еңбек жолында көптеген шәкірттерін музыка өнерінің қиын да қызықты жолына қанаттандырып, кәсіби мамандарды дайындауда үлкен жауапкершілікпен қарайтын ұстаздардың бірі. Қазіргі кезде оның шәкірттері Батыс Қазақстан облысы мен қатар, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе қалаларының шығармашылық ұжымдары мен білім беру ордаларында жемісті еңбек атқаруда. Айгүл Темірболатқызының өмірдегі самғау белестерінің бірі – 17.00.02 Музыка өнері мамандығы бойынша диссертация қорғап, өнертану кандидаты дәрежесін алуы. Айтып, жазуға оңай бұл сөздердің астарында тек еңбекпен өрелескен үлкен тағдыр жатыр. Ол таңдаған қобыз – ерекше орындаушылық әдісіне байланысты меңгеру тұрғысынан қиын аспаптың бірі Алғашында осы аспапты жетік меңгеріп, кәсіби орындаушылық өнерде шыңдалып,  қазақтың ұлттық өнерін насихаттау мақсатында көптеген жақын, алыс шет елдерде болды. Кейін педагогикалық жұмысында да жоғары білікті маман ретінде өзін таныта алды. Үнемі ізденіс үстінде жүрген ұстаздың шәкірттері облыстық «Дала дарындары», «Дельфий ойындары», халықаралық «Шабыт», «Ертіс Жұлдыздары», РФ Самара қаласында өткен С.Орлов атындағы конкурстың жүлдегерлері.

Кәсіби маман ретінде республикамыздың орталық білім ордаларында шыңдалып, тағдырын М. Өтемісов атындағы БҚМУ ұштастырған  өнертану кандидаты, М.Өтемісов Ерғалиеваның алар асулары әлі алда.

                             Нұрымбетова Жамиля Игілікқызы

1973 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

.  1988-1992  жылдар аралығында Қызылорда музыкалық училищесін Майра Мүйінтаеваның класын үздік, ал Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясын ҚР халық артисі, профессор Ф.Балғаевакласы бойынша бітірген.

2001 жылы Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының шақыруымен жанұясымен Орал қаласына келіп, Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Дәулеткерей атындағы өнер институтының «халық аспаптары» кафедрасына ұстаздық қызметке орналасқан.

2002 жылы ақпан айында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның қазақ халық аспаптары оркестрі өткізген пульттер-аралық конкурсқа қатысып, 1-қобыз тобының концертмейстері қызметіне тағайындалған.

       2011 жылы «Қобыздың қоңыр үні...» атты жеке шығармашылық концертін берді. Сол жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет қайраткері белгісімен марапатталды.

        Қазіргі тағда Құрманғазы атындағы саз колледжінің жоғары категориялы оқытушысы, оқушылары мен студенттер Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты. Көптеген мақалалар, оқулықтар мен алғашқы электронды оқулықтарының авторы.

                             Хамиева Қарлығаш Қайыржанова

2000 жылдан бастап  Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрінің артисі, 2-қобыз тобының концертмейстері.2002 жылдан №1 Балалар саз мектебінде сабақ береді.2008 жылдан №3балалар саз мектебінде қобыз класының оқытушысы және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарады. Облыстық «Дала дарындары» фестивалінен 2-орын иегері. 2 оқушысы облыстық және Республикалық конкурстың лауреаттары.

                                        Қалила Қадыралиева

     1999 жылы Тасқала ауданы Семиглав ауылында қызмет атқарған . 2001 жылы №11 жалпы орта білім беретін мектепте жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысындағы Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрінің артисі. 20 шақты оқушылар тәрбиелеген.

                                  Кукасова Эльмира.

     2010жылдан бастап №3 балалар саз мектебіның оқытушысы. 2008жылы қазан айынан бастап Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның Дәулеткерей оркестрінің артисі болып жұмыс жасайды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оралөңіріндегі қобыз өнерінің өркендеуі Қазақ халық аспаптар бөлімі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 506 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 924
    • DOCX 27 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Музапбарова Калия Шамшиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Музапбарова Калия Шамшиевна
    Музапбарова Калия Шамшиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33308
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкальный менеджмент: стратегии успеха и профессиональное развитие в бизнесе

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания музыки в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 182 человека из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 905 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек