Инфоурок Другое Другие методич. материалыОраза айы мүбәрәк болсын!

Ораза айы мүбәрәк болсын!

Скачать материал

                                                             Ораза айы мүбәрәк болсын!

Мақсаты:

Білімділігі:Дінге,салт-дәстүрге жүгіне отырып,эстетика-этика,имандылық,сенім мен төзім,тазалық туралы бала зердесіне ғибарат ету.Сондай-ақ,бес парыз намаз,қасиетті рамазан айы,ораза ұстау,құрбан айт туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелік:Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрін жалғастырып құрметтеуге,инабаттылыққа,имандыққа,адамгершілікке,адалдыққа,достыққа,ерлікке,қайырымдылыққа,мейірімділікке,ізгілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық:Ислам дініне,мұсылмандыққа деген құштарлығын , қызығушылығын,белсенділігін,ой-өрісін дамыту,адами қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнектілігі: құран кітабы,діни кітаптар,нақыл сөздер,жазылған плакаттар,мешіттің суреті,газет-журнал қиындылары.

Барысы:

1-жүргізуші:Мұсыламандар,биік тұлға байсалды.

Құшақ жайып мерекесін қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтаймыз ораза айымен баршаңды.

2-Жүргізуші:Ассалаумағалейкум,құрметті көпшілік қауым!

1-жүргізуші:Армысыздар мен оқушылар!

2-Жүргізуші:Аса қамқор мейірімді Алланың атымен бастаймын! Он сегіз мың ғаламның падишасы Алла Тағала бүкіл әлемді құрмет пен нұрға бөлеген,бүкіл адамзат баласының бұлжытпай орындайтын ұлы әмірі ретінде қасиетті Құран Кәрімді Рамазан Айында түсірген.

1-Жүргізуші:Егеменді еліміздің ертеңгі болашақ ұрпақ қолында.Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып,халық дәстүрін жүрегіне ұялатып,санасына құю бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.

Ал енді оқушыларға кезек берейік:

Оқушы:Мұсылман дінінің негізін салған Мұзаммед Пайғамбар.Ұлты араб.Меккеде туған.Мұхаммед ойдан шығарылған емес,тарихи тұлға.Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп атайды.

Оқушы:Аштық халінде кедейлер мен аш жүргендердің қамын ойлайды,ал тоқтық халінде оларды ойламайды да ұмытып кетеді.

Оқушы:Аштық халінде қара қарапайымдылық пен мінез құлық жұмсақтықы көбейеді,ал тоқтыққа тәкәппарлық,мақтаншақ және ашу пайда болады.

Оқушы:Аштық  халінде көңіл тыныштығы мен зейін күштілігі мықты болады,ал тоқтықта ақымақтық пен ұмытшақтық пайда болады.

Көрініс: «Ораза» немересі мен әжесінің әңгімесі.

Жүргізуші:Ораза толық 30 күнді қамтиды.Алғашқы он күні мейірім күні,ортаңғы күні күнәдан арылу,соңғы он күн тозақ отынан құтылу деп аталады.

Жүргізуші: Ораза  ұстаған  адам  таңертеңнен күн  шықпай  және  күн  батқан соң тамақ  ішеді. Таң  алдындағы  тамақ «таң сәресі» деп  аталады, күн батқаннан  кейінгі «ауыз ашар» деп  аталады.

Жүргізуші: Жүректерді  толтырып  тәтті  арманға,

                    Әнменен  бір болыңыз  шаттанғанда.

                    Оқушылардың  өнеріне  зер  салыңыз,

                    Үшінші  мыңжылдыққа  аттанғанда,

дей  келе, оқушымыздың  орындауында  «Дүние керуен» әні.

Оқушы: Аллаға шын иланған  адам оның ұлықтығын таниды, айбынынан  қаймығады. Алла Тағала қалаған адамының несібесін кеңітеді және тарылтады. Қасиетті Рамазан  айында күнәдан тазару үшін, жұртымыз, отбасымыз үшін жақсы тілек, ниетпен ораза ұстайды.

Оқушы: Аллаға сенудің пендеге  берері мол. Тіршілікте дұрыс, түзу жол табу иман мен жақсы істердің нәтежиесі. Иман адам бойында қанағат, қайсарлықпен сабырлылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Ислам діні ұстанатын бес парызы бар:

«Алладан  басқа  Тәңір жоқ , Мұхаммед оның елшісі»деп күәлік беру;

Намаз оқу;

Ораза  ұстау;

Садақа беру;

Қажылық;

Оқушы: Алла мінсіз, әуелден  Пайғамбар хақ

Мүмин  болсаң үйреніп, сен де ұқсап  бақ.

Құран  рас, Алланың  сөзі  дүр ол ,

Тә уилін білерлік  ғылымың шақ.

Алланың, пайғамбардың жасындамыз,

Ынтамызды бұзбастық иманымыз,

Пайда, мақтан, әуесқой  шайтан  іс

 Кәні біздің  нәпсіні тыйғанымыз.

Жүргізуші: бүгінгі ашық тәрбие  сағатымыздың мақсаты: ислам дінінің мұсылмандардың өміріндегі маңыздылығы  мен пайдасы, қажеттілігі  туралы  білмек еді. Осы орайда ортамызға арнайы шақыртумен  келіп отырған мешіттің  бас  имамына  сөз береміз, қоятын сұрақтарыңыз болса кезек береміз.

Көрініс: «Зәмзәм».

Ән: «Анаман  хат».

Жүргізуші:  Әміршіміз Алла Тағала өзінің елшісі Мұхаммед(ғ.с)ға айтыпты: «Барлық жұмыста адамның қайырымды ісі өнсе, тіпті жеті жүз есе бағалаймын. Бірақ ораза мен үшін тұтылады және мен сол үшін сый көрсетемін », дейді.

Жүргізуші: Пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.с.) Рамазан айының ерекше маңыздылығына көңіл бөліп: Рамазанның бастапқы он күнітозақ отынани құтылу деген. Сондықтан баршамыз ораза ұстап, жәннаттан үмітте болайық.

Жүргізуші: Мұсылман діні туралы біз білмейтін мағлұматтарды  білуге үлес қосқаныңыз үшін көп рахмет.

Жүргізуші: Назарларыңызға рахмет. Қош, аман болыңыздар.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ораза айы мүбәрәк болсын!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 299 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2016 1453
    • DOCX 14.2 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Енсегенова Салтанат Шотыкбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1517
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой