Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Алма жемісінің пайдасы ғылыми жоба 30 бет
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Word. Алма жемісінің пайдасы ғылыми жоба 30 бет

библиотека
материалов



МАЗМҰНЫ



І. Кіріспе ….................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім


2. 1 Алманың шығу тегі ..............................................................................4

2. 2 Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігі .................9

2. 3 Алма жемісінің адам ағзасына пайдасы............................................11

2. 4 Алма гүлінің шипалық қасиеті...........................................................29


ІІІ. Қорытынды .........................................................................31

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................32





Кіріспе


Жеміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т. б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Шырынды жемісті көп тұқымды - алма.

Алма латынша (мalus) – раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар.

Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан.  Негізінен, алманың Отаны – Орталық Азия. Уақыт өте келе алманың түр-түрі осы жерден Египетке және Палестинаға жеткізіле бастаған. Біраз, яғни кейінірек Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада да алма пайда бола бастаған екен.

Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Күнделікті өмірде жиі пайдаланатын алма жемісінің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты зерттей отырып, оның адам ағзасына тигізер пайдасын танып-білу, емдік қасиеттерін анықтау.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

- Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігін анықтау;

- Алма жемісінің адам ағзасына пайдалы жақтарын тексеру;

- Алма гүлінің шипалық қасиетін зерттеу.

Негізгі бөлім


2. 1 Алманың шығу тегі


1796 жылы жемісті сипаттаған петербургтік ботаник Иоганн Сиверстің атымен аталған Сиверс алмасы Батыстың генетик ғалымдарының зерттеуінше, ғаламшардағы барлық алма атаулының атасы болып табылады. Еуропа ғалымдары Сиверс алмасы 65 миллион жылдық жеміс екендігін дәлелдеді. Тарихи тамыры тереңде жатқан алма ағашы аязға, аптап ыстыққа және құрғақшылыққа да төзімді келіп, 300 жылға дейін өмір сүретін көрінеді. 1929 жылы белгілі кеңестік селекционер-генетик Николай Вавилов Қытайдан келе жатқан кезде Қазақстанда алма жемісі толы ормандарды көреді. Алма жемісінің түрі, түсі, пішіні мен дәмінің әр алуандығына таңданған ол жабайы алмалардың генети­калық орталығының шығу тегі осы жер екендігін түсінеді.

Ежелгі Грек аңыздарында алма жемісі білім мен даналықтың символы ретінде бейнеленген. Алма ағашы гректерде күн құдайы Аполлонның киелі ағашы болып саналған. Ал Скандинавия мифология­сында жасартатын алтын алмалары бар Идунн есімді әйел құдайы болғандығы айтылады. Ол күзететін  алтын алмалар арқылы құдайлар өздерінің жастық шағын сақтап қалатын болған. Бір аңызда Локи есімді құдай Идунн мен оның алтын алмаларын Тьяцци есімді алыпқа беруге мәжбүр болғандығы баяндалған. Жасарта­тын алмаларынан айрылған құдайлар қартая бастаған соң Локиді алтын алма­лардың иесі – Идуннды қайтаруға мәж­бүрлеген («Әлем халықтарының аңыз­дары». Энциклопедия. 1-2 том. Мәскеу, 1988 ж., 1991 ж., 480-б, 67-68-б). Ежелгі аңыздарда ерекше орын алған алма жемісі осылайша мәңгілік жастық шақтың сим­волы саналған. Аңыздың астарында ақиқат бары анық.  Ғалымдардың айтуын­ша,  алма жемісі адамдардың жас көрін­уіне септігін тигізетін көрінеді. Күн сайын алма жеген адамның ағзасы жасарып, қартаю процесі ақырын жүреді. Маман­дардың мәліме­тінше, алманы тұрақты түрде жейтін адамның терісі мен ағзасындағы зиянкес микробтар жойылып, жағымсыз процес­тердің жүруі бәсеңдейді. Оған басты себеп, жемістің құрамында флавоноид және полифенол заттары көптеп кездеседі екен. Бұл элементтер жүректің жұмыс істеуін жақсартып, қартаю процесін тежейді.

Діни кітаптарда жұмақта алаңсыз өмір сүрген Адам ата мен Хауа ананың алма жеу оқиғасы жайлы айтылады. Шайтанның азғыруынан тыйым салынған ағаштың жемісінен жеуі олардың жұмақтан шығарылып, жер бетіне түсірілуіне себеп болған. Егер олар жұмақтан шығарыл­мағанда жер бетіндегі қазіргі өмір болмас па еді, кім білсін? Бұл оқиғадан алма адамзат тарихының бастауында тұрғаны аңғарылады. Сондай-ақ, алма жемісінің ғылым дамуының бастауында тұрғандығын да айта кеткен абзал. Әлемге әйгілі ағылшын физигі Исаак Ньютонның басына кенеттен алма құлаған сәтте ғалымның ойында бір керемет ой пайда болып, ол бүкіл әлемдік тартылыс күші туралы заңды ойлап тапқан. Осылайша дүниені дүр сілкіндірген жаңалық ашқан ғалым ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан. Тіршілік тарихындағы бұл оқиға жайлы ақын Шөмішбай Сариев «Ньютон алмасы» өлеңінде былай жырлаған:

Үзілді алма!

Ұлылық жаршысындай,

Табиғат көз жасының тамшысындай.

Тап болды Ньютон маңдайына,

Ғылымның құла мерген аңшысына.

Уақыт үзіп келген қанша алмадан,

Құпия құбылысты жан шалмаған.

Тартылыс ұлы күшін тұңғыш рет

Ньютондай ешбір адам жар салмаған.

Алманың отаны – Қазақстан екендігін білесіз бе? Білмесеңіз, біле жүріңіздер! Ғалымдардың пікірінше, ғаламшарымыздағы барлық алма атаулының арғы атасы қазақтың жерінде өскен!

Еуропалық мәдениетте алма – таным символы, кейбір ғалымдар алманы тыйым салынған ерекше сезімнің – махаббат пен ынтықтықтың символы деп біледі. Демек, адам баласының жер бетіндегі алғаш мекені, Жер шарындағы алма жемісінің алғаш пайда болған жері – Алатау өңірінде орналасуы әбден мүмкін.

Алма отанының біздің елімізде орналасуы тек бір ғажайып тұжырым деп ойлаған боларсыздар, дегенмен бұл ғылыми дәлелденген дерек. Оксфордтық ботаника профессоры доктор Барри Джунипер және француз зерттеушісі Кэтрин Пэкс бұған дәлел ретінде генетикалық талдамаға негізделген зерттеу жұмысын ұсынады.

Ғылымдағы бұл жаңалық – батыс зерттеушілерінің көпжылдық ізденісінің нәтижесі. Ғалымдар қазірде белгілі барлық алманың сұрыптарына генетикалық талдама жасап, жер бетіндегі алғашқы және, бәлкім, сол Тауратта айтылатын жұмақтағы алма жемісінің отаны – Қазақстан, дәлірек айтсақ Алмалы шатқалы  екендігін мойындады. Бұл мекен сан ғасыр бойына осылай аталып келеді. Алматы қаласының атауы да осы алма жемісінен шыққандығы баршаға мәлім.

Британдық ғалымдар ғаламшарымыздағы алғашқы жеуге жарамды алма жемісі таулы Қазақстанның аумағында теңіз деңгейінен шамамен 2000 метр биіктікте өскендігін анықтады.  «Алма тарихы» кітабының авторы Бэрри Джунипердің айтуынша, қазіргі заманғы алманың арғы атасы өзінің «тарихи отанында» әлі де өседі, бірақ оның саны көп емес, ал «Жаннат бағының» жемісін тек білікті мамандардың көмегімен ғана табуға болады.

Ғалымның ойынша, қазақ алмасын алғашқы болып таратқан – аюлар. Адамдар пайда болғанға дейін Тянь-Шань тауларында аюлардың үлкен тайпасы тіршілік еткен, олар балықпен, етпен қоректенген. Сонымен қатар, аюлардың тәттіні жақсы көретіні белгілі ғой, олар ең дәмді, тәтті де нәрлі жемістерді таңдап жеген. Бірақ аюлар тайпасы отырықшы келеді, сол себепті олар мекенінен онша алыстай қоймайды. Ал көшпелілердің қолға үйретілген жылқылары иелерімен бірге батысқа қарай сапар шеккен.

Адам баласы жылқыны қолға үйреткеннен бастап алма ағашының тұқымдары шартарапқа жайыла бастаған. Ал жабайы жылқыны адамдар алғаш рет, ғалымдардың анықтауынша, Қазақстанда, еліміздің солтүстік аймағында қолға үйреткен. Бұл жануарлар  алма жемістерін жеп, оның тұқымдары жылқының қиымен бірге топыраққа түскен, кейін ол жерде алма ағаштары өсіп шыққан. Қола дәуіріне қарай алма жемісі Парсы шығанағына жетіп, бұл аймақта алғаш алма бақтары отырғызылған. Еуропаға алманы римдік легионерлер жеткізген.

Бұған дейін жабайы алманың отаны қазіргі Түркияның аумағында болған деп есептелетін. Бірақ қазіргі таңда ғалымдар жабайы алманы Александр Македонский б.з.д. 328 жылы қазіргі Қазақстан аумағынан тауып, оларды қолдан өсіріп, бақ отырғызу үшін Македонияға алып кеткен деген мәлімдемелер жасауда. Антикалық дәуір хроникаларына сәйкес, ұлы қолбасшы Орталық Азияның қалаларын катапульталармен атқылап, оқ ретінде алма жемісін қолданыпты-мыс. Снаряд ретінде алма ағаштары көп кездесетін Алмалы мекенінде тау бөктерінде өскен жабайы алма ағаштарының жемістері қолданылған деп саналады. Атақты қолбасшы бұл өлкеден әрі бармады, бірақ Ұлы Жібек Жолының бойында тағы бір аңыз қалдырды.



2. 2 Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігі


Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», «қырғыз алмасы», т,б.  түрлері өседі. 
Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымнан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары будандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.



2. 3 Алма жемісінің адам ағзасына пайдасы

hello_html_m7b1c74c3.jpg

Алманың адам ағзасына пайдасы орасан. Оның құрамында  алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол. Мәселен, 1 алманың құрамының 83-88 пайызын су, 7,5-16 пайызын қант, 0,2-0,5 пайызын қышқыл, 9,5-18,5 пайызын құрғақ қалдық,  0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар құрайды. Сондықтан, көп тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды. Асқазан және көкбауырды әлдендіріп, бетіңіздегі қара дақтардан арылтады. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады. Айта берсең, сөз жетпейтін дәруменге толы алманы қытайлықтар көп тұтынатын көрінеді.


Алманың емдік шипасы

Біз жоғарыда алманың, оның құрамындағы минералдық заттар, мен микроэлементтердің адам денсаулығына пайдасы, қандай дертке ем екендігі туралы әңгімеледік. Біз тағы да оны ғылыми зерттеу деректерімен толықтырып, алманың емдік шипасымен Сіздерді кеңінен таныстыра түспекшіміз.

· Алма қан қысымын төмендетеді.

· Ағзаның радиацияға қарсы қорғаныс қабілетін нығайтады.

· Алманың қышқыл түрлері сусамыр мен семіздікке ем, тәтті түрлері

бүйректегі тасты түсіреді.

· Қаны аз адамдар күніне 400-600 грамм Антоновка алмасын жеуге тиісті.

· Алма-ревмазим, подагра, атеросклерозға ем.

· Алманың құрамындағы дәрумендер мен тағамдық заттар көруді, тырнақ

пен шаштың өсуін жақсартады, жүйке жүйесі ауруының алдын алуға, ағзаға темірдің жақсы сіңуіне көмектеседі.

· Алманы қабығымен жейді. Мұнда С дәрумені, пекин бар. Тамақтан кейін

желінген алма ас қорытуды жақсартады, тіске де пайдалы.

· Алма холестеринді азайтады.

· Алма шырыны суыққа, жөтелге, тамақ ауруына, ыстық көтерілгенде, түрліқабынуларда пайдалы.

· Алманы қабығымен жеу қатерлі ісіктен сақтануға көмектеседі.

· Алма ми жұмысын, есте сақтау, қабілетін жақсартып, альцгеймер

ауруынан қорғайды.

· Буындарды бекітіп, ісікті қайтарады.

· Ұйықтардан бұрып желінген бір алма адамның жақсы ұйықтауына оң

ықпалын тигізеді.

· Үнемі алма жеу жүрек ауруларының алдын алады.

Алмадан шай, тұнба, ботқа жасау

Алма шайы. Тазаланбаған 3-5 алманы бірнеше бөліктерге кесіп, 1 литр суға салады, 15 минут қайнатып, күніне 3 рет тамақтанар алдында 1 стақан мөлшерінде ішеді.

Алма тұнбасы. Алманың кептірілген қабығынан дайындайды. Ол үшін 1 ас қасық шикі алманы алып, 1 стақан қайнаған суға салып, шай сияқты тұндырып қояды, дайын тұнбаны күніне 5-6 рет жарты стақаннан ішіп емделеді.

Алма ботқасы. Үккіштен өткізілген алмаға 1:1 қатынасында сұйық май қосады, сөйтіп, жақпамай (мазь) әзірлейді. Жақпамаймен терісі сыдырылған жерлерді де, ерін, қол, көкірек ұшының жарылған тұстарын да емдейді.

Алма жапырағының тұнбасы. Таза, ұсақталған жапырақтарды ыстық суға 1:4 қатынасында салып, сулы моншада 15 минут қыздырады. Дайын

Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіре аласыз!


11



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров661
Номер материала ДБ-143383
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх