Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Ата салтым - асыл қазынам (ерулік туралы) ғылыми жоба 17 бет

Word. Ата салтым - асыл қазынам (ерулік туралы) ғылыми жоба 17 бет


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ ..........................................................................................................3


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Қазақы салтың – ата-дәстүрің ................................................................4


2. 2 Ерулік – көшпелі қазақ халқының салты .............................................6


2. 3 Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі ..............................................9

ҚОРЫТЫНДЫ


Ата салтым – асыл қазынам ........................................................................11


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................13















Аңдатпа

Кәрімбаев Әлішердің «Ата салтым – асыл қазынам» атты ғылыми жобасы ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл қазына, салт-дәстүріміз – «Еруліктің» тарихы мен оған қатысты салттарды зерттеуге арналған.

Ерулік – көшпелі қазақ халқы көші-қонды аса келелі іс санады. Көшу- қазақтар үшін салтанат есептелді. Қазақ санасында көше алмай жұрттан қалудан үлкен қорлық жоқ. Қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем-кілемше, сырмақтарын оң бетіне қаратып жауып, салтанат етеді. Еру отырған ауылдар жанына келіп, қонған ауылды жабыла қарсы алып, «Қоныс жайлы болсын» айтып, олардың жүгін түсірісіп, үйін тігіседі және «ерулік» апарады. Бұл ерулікке дастарқан көтеріп, шай апару, сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып апару істері де болады. Бұл көшіп, шаршап келген туыс- жұрағаттарына жасалған сый-құрмет және қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында «еруге қару» ретінде алма- кезек болып отырады. Мұны қазақтар «ағайын берекесі»деп атайды.















Кіріспе


Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ - көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық.

Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен, ырымдарымен, той-мереке, әдеп-ғұрыптарымен талай елді таң қалдырып келеді. Тәуелсіз елімізде ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақ-біздің қолымызда.

Жұмыстың мақсаты:

Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, ырымдары өте көп. Ата-бабаларымыздан сақталып қалған салт-дәстүрдің бірі – «Ерулік». Осы дәстүрдің тарихын, мән-мағынасын терең зерттеп, оның халқымызың салт-санасында алатын орнын айқындау, ұрпаққа паш ету.

Жұмыстың міндеттері:

1. Қазақтың салт–дәстүрлерінің бірі - «Ерулік»тарихына зер салу.

2. «Еру», «Көрші», «Айрылысар көже» салттарын ажырата білу.

3. Еруліктің отбасы тәрбиесіндегі маңызына тоқталу









Негізгі бөлім


2. 1 Қазақы салтың – ата-дәстүрің


Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім-болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:

«Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзды ақтай білген елміз» – деген.

Ата дәстүрін ардақтау қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата-бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата-бабамыздан қалған қазынаның бірі салт-дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт-дәстүрімізді насихаттай отырып, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін мақсат ету. Әр жұмысты ұлттық негізде құра отырып, халқымыздың тамаша салт-дәстүрінің бірі «Ерулік» жөнінде кейінгі ұрпақ жан-жақты білуі тиіс деп ойлаймын.

Қазақстан – ұлан-байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі.  Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең-байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата-бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір-қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған  мейлінше  құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ  дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс-тіршілігіндегі керемет салт-ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге  айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» – қазақ халқының негізгі мінез-құлқы. Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық болған. Сондықтан меймандостықтан әдет-ғұрпын айта келсек.


2. 2 Ерулік – көшпелі қазақ халқының салты


Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалған. Халықтың салт-дәстүрлері, рәсімдер мен жөн-жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.

Салт кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс- әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан салт-дәстүріміздің бірі – «Ерулік» туралы ізденіп, соны сіздерге ұсынып отырмын. Ата-бабаларымыз ұлттық дәстүрінде жолы түсіп, үйіне ат басын тіреген жолаушы құдайы қонаққа мал сойып, кең дастарқан жайып, дәм-тұзын татқызатын. Жаңа қонысты бетке алып, ауыл тұсынан өтпекші көш адамдарына ақ жаулықты аналар зереңдері толы ақ қымыз, шұбат, айран ұсынған. Түстендіріп не қона жатқызып сыйлы мейманға лайық кәделі қонақасы берген. «Көш көлікті, көрікті болсын» десіп

Оқушы ғылыми жобасы туралы

Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіре аласыз!


7



Автор
Дата добавления 15.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров88
Номер материала ДБ-143126
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх