Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Қауынның адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 27 бет

Word. Қауынның адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 27 бет


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қауынның адам ағзасына пайдасы


МАЗМҰНЫ



І. Кіріспе …..............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім


2. 1 Қауынның шығу тарихы.................................................................6

2. 2 Қауын көкөнісіне сипаттама ..........................................................7

2. 3 Қауынның биологиялық ерекшелігі.............................................9

2. 4 Қауынның адам ағзасына пайдасы ..............................................14

2. 5 Піскен қауынды дұрыс таңдау .....................................................22.

2. 6 Қауынды бақшада өсіру тәсілі ......................................................24


ІІІ. Қорытынды ......................................................................................25

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................26


Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі: Асқабақ тұқымдастарына жататын қауын шырын жемісті өсімдіктердің ішінде ең маңыздылардың бірі. Оның жемісі тікелей де түрліше өңделген күйде де ( консерві, тәтті су, қақатаған, кептірген т.б.) тағам ретінде кеңінен қолданылады. Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты бұл өсімдік кез-келген жерде өсе бермейді. Ауа-райы ыстық Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжан және т.б.егіледі. Осы аталған мемлекеттердің суармалы және суарусыз егін шаруашылығында бұл өсімдіктің көптеген түрлері және сорттары егіледі. Әр мемлекеттің ауа-райы жағдайларына байланысты жергілікті жаңа сортттары енгізілген. Қауынның биологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне арналған ғылыми зерттеулер де баршылық. Соның ішінде Алманиязовтың «Қазақстандағы қауын-қарбыздар» деген еңбегін атауға болады. Дегенмен, басқа өсімдіктерге қарағанда жалпы асқабақ тұқымдастарының, соның ішінде қауынның физиологиялық ерекшеліктері туралы зерттеулер айтарлықтай көп емес.

Қауын (лат. Cucumismelo) — Асқабақ тұқымдасына (Cucurbitaceae), Қияр туысына жататын (Cucumis), біржылдық, ыстыққа төзімді, жарық сүйгіш бақша өсімдігі. Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты бұл өсімдік кез-келген жерде өсе бермейді. Ауа-райы ыстық Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжанда егіледі. Асқабақ тұқымдастарына жататын қауын шырын жемісті өсімдіктердің ішінде ең маңыздылардың бірі. Оның жемісі тікелей де түрліше өңделген күйде де ( консерві, тәтті су, қақтаған, кептірген т.б.) тағам ретінде кеңінен қолданылады. Қауынның Отаны Орта және Кіші Азия болып саналады. Жарық және жылу сүйгіш өсімдік. Құрғақшылыққа төзімсіз. Бір өсімдікте сорт пен орналасқан жеріне байланысты 2-ден 8-ге дейін, массасы 1,5 кг-нан 20 кг-ға дейін қауын өсіп шығуы мүмкін. Осы аталған мемлекеттердің суармалы және суарусыз егін шаруашылығында бұл өсімдіктің көптеген түрлері және сорттары егіледі. Әр мемлекеттің ауа-райы жағдайларына байланысты жергілікті жаңа сорттары енгізілген. Қауынның құрамында А,Р,С дәрумендері, каротин, фоли қышқылы және аскорбин қышқылы, май, минералды тұздар, темір, калий, натрий, клетчатка бар. Қауындағы дәрумендер: фоли қышқылы және В9, С дәрумені, бетакаротин. Фоли қышқылы аяғы ауыр әйелдерге, сондай-ақ депрессиядан құтылғысы келетіндерге және есте сақтау қабілетін жасартқысы келетіндерге таптырмас ем. Ал С дәрумені біздің ағзамызды қыстық суықтардын сақтайды. Бета-каротин тері мен шаштарды нәрлендіреді. Қысқаша айтқанда, қауын иммунитет қалыптастырады. Қауынның құрамындағылар ұйқысыздықтан, шаршаудан және ашушаңдықтан жақсы ем. Қауындағы микроэлементтер қауынға емдік қасиеттерді қамтамасыз етеді.қауынның еті жүйке ұлпасына, теріге, шашқа керек кремнийге бай. Темірдің көп мөлшерде болуы қаназдықта көмектеседі. Калий мен магнийдың болуы жүрек-қантамыр жүйесі ауралуарында таптырмас ем.

Қауын – ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Қауын 25 – 300С температурада жақсы өседі. Қауынның құрамында: қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылдары, темірдің минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көміртектері бар. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып кетеді. Жаздың ыстық күндері шөлді жақсы басады. Қазақстанда қауынның 22 аудандастырылған сорттары егiледi. Жемістері қайта өңделген күйде кеңінен қолданылады. Қауыннан бал, цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды кептіреді және қақтайды. Қақталған қауындарды «қауынқақ» деп атайды, олар ұзақ уақыт бойы сақталады. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді.

Әр мемлекеттің ауа-райы жағдайларына байланысты жергілікті жаңа сорттары енгізілген. Қауынның пайдалылы оның сорттарына байланысты болады. Заманауи бақша шаруашылығы - бақша дақылдарын жинау барысында және күтіп баптап өсіру шаруашылығында экологиялық таза өнімнің шығымына нұсқан келтірмей өнімділікті арттырудың көптеген арготехникалық тәсілдерін іздестіруде.

Зерттеудің мақсаты: Қауынның өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Қауынды тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Қауынның шығу тарихына үңілу;

- Қауын көкөнісіне сипаттама жасау;

- Қауынның биологиялық ерекшелігін анықтау;

- Қауынның адам ағзасына пайдасын зерттеп білу;

- Піскен қауынды дұрыс таңдау жолдарын айқындау;

- Қауынды бақшада өсіру тәсілін танып білу.



















ІІ Негізгі бөлім


2. 1 Қауынның шығу тарихы


Қауын – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік - Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын Қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған.

hello_html_7ea3ffa4.jpg

Қауын... Көз алдыңызға бірі дөңгелек, бірі сопақ пішінді дәмі тіл үйірер жемістер келген болар. Дәл қазір жас пен кәрінің ортақ тіске басарына айналған осы көкөністің маусымы. Қауын сіздің де сүйікті асыңыз екендігіне күмәніміз жоқ. Ал сіз сол жемістерді жей отырып, «бұлар қашан, қайдан шықты?», «құрамынды нендей заттар бар?», «пайдалы ма, зиян ба?» деген сауалдар қойып көрдіңіз бе? Иә?! Олай болса, бүгін сіздің сауалдарыңызға бірге жауап іздеп көрейік!

Қауынның отаны

Қауынның ең алғашқы пайда болған мекенін дөп басып айту қиын. Дегенмен, қауынның отаны – Египет деп тұжырым жасауға бірнеше дәлелдер бар. Есте жоқ ежелгі заманнан бері египеттіктер Ніл өзенінің аңғарларында қауынның алуан түрлі сорттарын өсіріп келген. Қабырғаларға салынған қауын суреттері мұның айқын дәлелі бола алады.

hello_html_b94affd.jpg

Құдайларға құрбандық шалынып жатқан мұндай суреттер көне Египет ғибадатханаларынан, табыттардан табылған және олардан қауын суретін байқау аса қиын емес. Жер бетіндегі барлық мемлекеттер қауындар Египеттен тараған деседі. Арабтар ортағасырларда қауынды Жерге түскен «жұмақтың жемісі» ретінде таныған.

Қауын гректер мен римдіктерге де бағзы замандардан бері танымал. Италияндықтардың сүйікті тағамадары болғандығы соншалықты, зиялы қауым өкілдерінің өзі тамақтану мәдениетін естен шығара отырып, қауынды асқан ашқарақтықпен жейтін болған. Тарихшылардың айтуынша, Рим императоры Клавдий Альбин таңғы асқа он қауынды бірден жеген екен.


2. 2 Қауын көкөнісіне сипаттама


Қауын (Cucumіs melo) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік-Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын Қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған.

Бақша дақылдарының ішінде кеңінен егіліп келе жатқан өсімдіктің бірі – қауын. Қауынның ең сапалы, әрі өнімді сорттары Ақмешіт, Қазалы жерлеріне, Орта Азия республикаларына таралған. ІХ-Х ғасырларда Хорезм қауындары әртүрлі елдерге, соның ішінде Қазақстанға да тарай бастаған. Дихандар піскен қауынды бұзбай, әр елге жеткізу үшін, оны қорғасынға орап тастаған.

Қазақстанға тараған қауын тұқымдары жергілікті топырақ климат жағдайына жақсы бейімделіп, әсіресе Шымкент, Түркістан және басқа аудандарда мол өнім берген. Жергілікті дихандардың қауын тұқымын көптеген жылдар бойы сұрыптап, таңдауы нәтижесінде бертін кезде Қызылорда облысында қауынның жергілікті сорттары шығарылған. Дихандар қауынның сапасын білу үшін бірін-бірі қонаққа шақырып, қауынға баға берген. Осындай жиында қауынды күзде, қыста сақтап пайдалану қарастырылған. Сөйтіп, олар қауынның ұзақ сақталатын түрін сұрыптаған. Осындай ізденудің нәтижесінде ұзақ сақталатын түрін сұрыптаған. Ондай түрлерге: Қызылорданың Қара күлябін, Торлама күляб, Қалайсан және Шымкенттің Бұхара сорттар түрлерін жатқызуға болады. Бұл сорттар өз жерінің топырақ климатына сай келіп жақсы өсіп, мол өнім берген.

Жапырағы ірі, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы буындарға тарамданып жер бетіне төселіп өседі.  Гүлі сары, дара жынысты, қос жынысты түрі де кездеседі. Жемісі – көп тұқымды, жемісінің түсі де, пішіні де сортына байланысты әртүрлі болады, салмағы 200 г-нан 16 кг-ға дейін. Қауынның жемісінің құрамында 4,5 – 18% қант, 0,6% белок, С, РР витаминдері, каротин болады. Қауын жәндіктер арқылы тозаңданады да, гүл жатыны түйнекке айналып жеміс салады. Қауын 25 – 300С температурада жақсы өседі, температура 150С-қа төмендесе өсуі баяулайды да, 3 – 50С-та үсікке шалдығады. Құрғақшылыққа төзімді, саздақ, құмайт, құмды жерлерде жақсы өседі. Пісу кезінде суарса немесе жаңбыр жауып топырақта ылғал шамадан тыс көп болса дәмі кемиді, кейде шіріп те кетеді. Қауын сорттары мен түрлеріне қарай әңгелек, әміре, т.б. топтарға бөлінеді. Қауынды тіліп кептіріп қауынқақ жасайды, қауынқұрт қайнатады, тосап, мармелад, т.б. дайындайды.

Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде гектарынан 300 – 400 ц өнім алынады. Себер алдында шопағын 6 – 7 тәулік күнге жайып, не 4 – 6 сағат 50 – 60 0С температурада қолдан қыздырады. Топырақ температурасы 12 – 140С-қа жеткенде егеді. Қауынның Қазақстанда аудандастырылған сорттары: Іле, Ашық сары, Бұхара – 944, Іші қызыл – 189, Қалайсан, 1940 жылы Қызылорда облысының диқандары шығарған – әңгелек, ерте пісетін – Ақ дәмбілше, орта мерзімде пісетін – Колхозшы 749/753, кеш пісетін – Қара күләбі, торлама т.б. түрлері бар. Қауын өсіру, оның тұқымын жақсарту жұмысымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.


Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!



9


Автор
Дата добавления 01.08.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров270
Номер материала ДБ-149607
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх