Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Қазақтың ұлттық киім үлгілері ғылыми жоба 25 бет

Word. Қазақтың ұлттық киім үлгілері ғылыми жоба 25 бет


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Мазмұны:


Кіріспе.............................................................................................................3


Негізгі бөлім


2. 1 Қазақтың ұлттық киім тарихы және өзіндік ерекшеліктері.................4


2. 2 Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері ..................................................8


2. 3 Қазақтың ұлттық киімдердің сипаттамасы..........................................14


Қорытынды..................................................................................................21


Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................22



























Аңдатпа

«№270 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 «Ә» сынып оқушысы Батырбекова Гүлзияштың «Қазақтың ұлттық киім үлгілері» атты ғылыми жобасы қазақ халқының ұлттық киімінің тарихы мен оның жасалу ерекшеліктерін танытуға арналған.

  Жұмыстың мақсаты: Ұлттық киімдердің түрлері мен ерекшеліктерін зерттей отырып, тарихи құнды мәліметтер жинақтау. Ұлтымыздың мұрасын сақтауға және оны көбейтуге үлес қосу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Қазақтың ұлттық киім өнері өз дәрежесінде танытылып, көрсетілсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабалар рухы, ұлттық өнер, діл, салт-дәстүріне деген құрметтері артып, таным қабілеттері арта түсер еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Ұлттық өнерді ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта қазақтың ұлттық киіміне деген жастардың қызығушылықтарын арттырп, әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің тарих, өнер пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

  • Қазақ ұлттық киім өнерінің тарихы терең таныстырылды;

  • Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің атауларына, жасалуына аса мән берілді;

  • Оларды қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен салыстыра зерттеу жүргізілді;

  • Қазақ халқының ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері айқындалды.

Жұмыстың орындалу әдістері. Ұлттық киім үлгілерімен терең танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу.






Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі. Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу), сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.

Зерттеудің мақсаты. Ұлттық киімдердің түрлері мен ерекшеліктерін зерттей отырып, тарихи құнды мәліметтер жинақтау. Ұлтымыздың мұрасын сақтауға және оны көбейтуге үлес қосу.

Міндеттері:

  • Қазақ ұлттық киім өнерінің тарихымен терең танысу;

  • Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің атауларына, жасалуына аса мән беру;

  • Оларды қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен салыстыра зерттеу;

  • Қазақ халқының ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындау.



Негізгі бөлім


2. 1 Қазақтың ұлттық киім тарихы және өзіндік ерекшеліктері


ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойында өмір сүрген қазақтардың киім-кешегін палеэтнологиялық деректермен салыстырғанда С.И.Руденко күпінің қазақтардың ата-бабасына кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Бұл қазақтың ұлттық киімдерінің тарихының көшпелілер тарихымен тығыз байланысты екендігін білдіреді.

Тарихы мен ерекшеліктері киім адамды қоршаған ортаның әртүрлі әсерінен қорғап, денесіне сән береді. Қазақтың ұлттық киімдері оның бай тарихы-мәдени мұрасы өзге халықтардың киімдерінен басқаша және ерекше қасиетке, сән-салтанатқа ие. Қазақтар киімді солға қарай қаусырады. Бұл сақ тайпаларының киімдеріне, орта ғасырлардағы түріктерде кездесетін ерекшелік.

Ғалымдардың зерттеулеріне қарасақ, ҮІ ғасырда Қазақстан территориясында көптеген түркі тайпаларын біріктірген қуатты мемлекет –Түркі қағанаты өмір сүрді. Ол Иран, Византия мемлекеттерінен сауда-саттық жасап, Ежелгі Русьтен қымбат бағалы  аң терілерін, қымбат барқыт, алтындап тоқыған парша маталар сатып алып, көркем киім-кешектер тігіп дайындады.

Сол кезде қағанат жерінде адамдар жібектен тігілген киімдер киді. Қаған ордасында болған Қытай монахы Сюань Цзянь бұл жөнінде былай деп жазды: «Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, ал оның жанында жүрген нөкерлері қамқадан желбегей шапандар жамылған, қандай тамаша көрініс». Орта ғасырда қазақ жерінде өмір сүрген түркі тайпаларының бас және сыртқы киімдерінің үлгілері Орхон-Енесей ескерткіштері мен тас мүсіндерде сақталып қалған. ХІ  ғасырда Түркі қағанатының жері ұлы даланың ұлы перзенттері қыпшақтардың қолына көшіп, көшпенділердің киім үлгілері әрі қарай баи түсті.

Қазақтың бірнеше ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы үл жүздің, оның руларының аттарымен де жеке бөлініп айтылды. Олар қыпшақ тымақ, адай, бөрі, және т.б.

Біздің ұлттық киімдеріміз географиялық аймағына қарай да ерекше үлгілер жасалған. Олардың кейбірін Жетісу үлгісі, Арқаның үлгісі деп бөліп жатады. Қазақтың ұлттық киім үлгілеріне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу тәсілдерінің де тигізген ықпалы мол. Қыпшақтардың ішкі-сыртқы киімдері көшіп-қонуға еркін, жүріп-тұруға, ауа-райының барлық жағдайларына қолайлы етіп тігілген. Негізінен, Еуропаға шалбар киюді үйреткен – Қыпшақтар. Олардың киімдері төзімді, ыңғайлы, қарапайым да әсем болған, мұндай киім киген адамдарға қыстың қаһарлы аязы, жаздың аптап ыстығы, күздің қара суығы, жауын-шашын ешбір қауіп-қатер төндіре алмаған.

Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде Сәбит Мұқанов былай деп жазды: «Адамға ауа-райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалған. Әсіресе, тері сырт киім үшін пайдаланылады.

Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп тіккен.

Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді. Сонда біздің ата-бабаларымыз, соның ішінде әйелзаты қалай киінген? Мұндайда тарихи деректер, саяхатшылар жазбалары, көне сызба-суреттер сыр шертеді.


Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай - жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі.

Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың т.б. киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады.

Әр ұлтты өзге ұлттан айыратын оның сыртқы сыйпатын  анықтайтын белгілерінің бірі ұлттық киімі. Сондықтан ұлттық киім әр халықтың материалдық мәдениетінің бір бөлігі болп саналады. Ұлттық санамыз  қайта жаңғырып түрлі мерекелерде қазақы киім киюді қайта салтқа айналдыруға тырысып жатқанмен ұлттық киім әлде болса қазіргі өмірге толық сіңісе қоған жоқ. Ұлттық киім бар да оны кию мәдениеті де бар. Біз сол мәдени дәстүрлі жоғалтып алмауымыз керек. Ал адамдар киіммен өзінің басқаға деген сыйластық сезімін, көңіліндегі қуаныш пен басқа түскен қайғысын да бідіре білген. Қазақтың ұлттық киімінің, жастар киімінің де өз ерекшеліктері бар. Жас деңгейіне қарай бөліну, ер адам киімінен гөрі, әйел адам киіміне тән. Ұлттық киімдерді дәстүрлі әдіспен әшекейлеп әзірлеу қолданбалы ою-өрнекті қолдану ғасырлар бойы сіңірген қазақ халқының өнері болып табылады. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктеріне тоқталсақ. Ондағы оюлардың өзі сонау ата-бабаларымыздың тарихымен астасып жатса керек және осы жылдарға жеткен ою-өрнек түрлерін 4-топқа бөліп қараймыз.

Олар:

1-ші: Зооморфты (аң пішіндес)

2-ші Өсімдік пішіндес

3-ші Геометриялық денелер пішіндес

4-ші Космогониялық пішіндес түр (көк әлеміне байланысты)

Әсіресе осы оюлардың ішінде өсімдік пішіндес ою-өрнекті көбіне қыз балалардың камзолына, сәукелесіне сәйкестендіріп салып отырған. Ал қазақ халқының жолға шығарда киетін киімдерінің өзіне салынатын оюларды да ерекше болған. Оларға аң пішіндес ою-өрнектер салып отырған.

Себебі: «Жортқанда жолың болсын» - деп құстың, аңның бейнесіндегі оюларды келтірген. Сонымен қатар геометриялық оюларды да ер адамдардың киімдеріне салған.

Қазақтар ұлттық киім кигені дұрыс. Ұлттық киімнің тәрбиелік мәні зор. Рухты тәрбиелейді. Маңғыстау елінде ұлттық киімдердің қазіргі заманға сай үлгіде тігілген керемет киімдерін көруге болады. Менде осы ұлттық киімдеріміздің жандануына, ары қарай үлес қоссам деген ойдамын.

Киім үлгілерінің ұлттық көрінісінің нақыштары, өрнектері,  айшықты, ырғақты, стильдерді өз ерекшеліктерімен құнды Ұлттық киімді әшекейлеп әзірлеу, қолданбалы ою-өрнекті қолдану, ол ғасырлар бойы сіңірген қазақ халқының өнері болып табылады.

 




2. 2 Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері


Қазақ халқының ұлттық киімдері  этнологиялық, экономикалық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон,

Оқушы ғылыми жобасы туралы

Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіре аласыз!


10



Автор
Дата добавления 15.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров173
Номер материала ДБ-143142
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх