Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Бақбақтың емдік қасиеттері ғылыми жоба 22 бет
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Word. Бақбақтың емдік қасиеттері ғылыми жоба 22 бет

библиотека
материалов

Бақбақтың емдік қасиеттері



МАЗМҰНЫ





І. Кіріспе …..............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Бақбақ өсімдігіне сипаттама ..........................................................5

2. 2 Бақбақтың химиялық құрамы ......................................................7

2. 3 Бақбақ өсімдігінің адам денсаулығына пайдасы.......................8

2. 4 Бақбақ гүлінің шығу тарихы туралы аңыз ............................. 14

2. 5 Бақбақ туралы қызықты деректер ............................................15

2. 6 Бақбақ гүлі ауыз әдебиетінде ........................................................17

2. 7 Бақбақты тұрмыста тағам жасауға қолдану ............................18

ІІІ. Қорытынды ......................................................................................21

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................22






Кіріспе


Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдікті зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Мал бағумен ықылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған.

Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни  әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына, әсіресе, дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы  да әр түрлі болуы мүмкін. Оның да жөні бар. Өйткені кейбір  өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері бар.          

Зерттеудің өзектілігі: Дәрілік өсімдіктің түрлері көп. Соның ішінде күрделігүлділер тұқымдасына жататын – бақ-бақ. Дәрілік бақ-бақтың биологиялық активті заттары өт айдайтын, диуреттік, спазмолитикалық, іш жүргізетін, қақырық түсіретін, тыныштандыратын, ұйықтататын, несеп айдағыш қасиеттерге ие. Бақ-бақ сығындысы ыстықты басып, уытты ісікті қайтарады. Омырау безінің қабынуы, көз дәнекер қабығының қабынуы, көз теріскені, бадамша бездің жедел қабынуы, өкпе іріңді ісігі, өт қалтасының қабынуы сынды ауруларға шипа болады Сондықтан да осы өсімдіктің химиялық құрамын толығырақ зерттеп, фармакология үшін оның құндылығын ғылыми түрде анықтау қажет.


Зерттеудің мақсаты: Бақбақ өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Бақбақты тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету.

Міндеттері:

- Бақбақ өсімдігіне сипаттама беру;

- Бақбақтың химиялық құрамын анықтау;

- Бақбақ өсімдігінің адам денсаулығына пайдалы жақтарын терең зерттеу;

- Бақбақ гүлінің шығу тарихы туралы, ол туралы қызықты деректерге тоқталу;

- Бақбақ гүлі ауыз әдебиетіндегі орнын айқындау;

- Бақбақты тұрмыста тағам жасауға қолдану тәсілдерін көрсету.



















ІІ Негізгі бөлім


2. 1 Бақ-бақ өсімдігіне сипаттама

hello_html_60c9646c.jpgБақбақ (Одуванчик, Taraxacum) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер өздерінің көптүрлілігімен ерекшеленеді. Осы тұқымдасқа жататын көп туысы полиморфизммен ерекшеленеді, яғни олардың құрылысы сан алуан. 

Жер бетінде Бақбақ (Taraxacum) 700 жуық түрі бар, ал Қазақстанда бақбақтың 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін  эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: кәдімгі бақбақ (Taraxacum officinale) [1, 30 бет], оны көбінесе емдік қасиетін пайдаланады, өйткені тамыры инулин затына бай, ал көксағыз бақбағының (T. koksagnuz) тамырында 20 % каучук бар екені мәлім және бұл түрі Шығыс Тянь – Шань аймағында көп кездеседі, шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Бақ-бақтың көптеген түрлері таулы өңірлерде, Арктиканың теңізді құмдарында, Тынық мұхитының бір-біріне жақын орналасқан аралдарда, былайша айтканда адамның өмір сүруіне қолайсыз жерлерде өседі.

Кәдімгі бақбақ гүлінің гүл формуласы Т 0 К (5)А (5)Ж  (2) [2,92 бет] – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадір тұтып, сүйіспеншілікпен «жер күні», «денсаулық эликсирі» деп атаған.  Көп жылдық көктем гүлі. Оны ел ішінде сарғалдақ, тозғанақ деп те атайды. Республикамыздың барлық өңіріне дерлік таралған. Ол бұлақ бойларында, көл жағасында, ылғалды жерлерде қар кетіп, жер дегдісімен бүршік ашып гүлдей бастайтын дәрілік өсімдік. Гүл сабағын, жапырақтарын сындырсаң сүт тамшылары шып-шып шығады, жапырақтары түп жағында топтасып орналасады. Жапырақ жиегінде қауырсын айрықтары болады. Гүлі сары күнбағыстың кішкентай түріне ұқсайды. Сабағында жұмсақ ақ түкшелері болады. Шатырша гүлділер тұқымдасына жатады [ 5 ].

Дәрілік бақбақ түймедағы мен мыңжапырақ сияқты күрделі гүлдер тұқымдастарына жатады. Ұзын, дұрыс емес түрдегі қалақты және тістес жапырақтары сабақтың айналасында дамиды, оның атауы француздық «dent de lion» сөзінен шыққан.

Тамырына жақын орналасқан, жапырақтары жылтыр, ұзын, әртүрлі формалы. Бақбақтың тамыры мен жапырықтарында кристалды татраксин қышқылы, шырын қант, тағы басқа заттар, ал тамырында 25 процентке дейін инсулин болады. Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, кейде жапырақтары пайданылады. Ол халық медицинасында кеңінен қолданылады. Тамырынан жасалған тұнба тәбет ашады, астың қорытылуын жақсартады, емшек сүтін молайтады, тері аурулары кезінде зат алмасуын дұрыстайды, қақырық түсіреді. Тамыры мен ұңтақталған жапырағын қатты ісіктерді басуға қолданады. Ғылыми медицинада бақбақтың тамыры мен шөбін тәбет ашатын, ас қорыту органдарының қызметін жақсартатын шипалық зат ретінде пайдалынады. Одан әртүрлі препараттарды жасайды.

Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, мамыр-маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады.

Созылмалы іш қатуға, көтеуге суын қайнатып, дәкемен тығындауға қолданылады. Бала емізіп жүрген ананың сүтін көбейтуге, теріге шыққан бөрткендерге, безеуге басқа шөптермен қосып дәрі жасалады. Ол қолқа демікпесінің қақырығын шығаруды тездететін дәрі ретінде қолданылады.

Бақбақ кермек дәмді, суық райлы, уытсыз болады. Ол дененің ыстығын басып, ісікті қайтарады. Өтті айдауға көмектеседі.

Бақ-бақтың сөлінде ащы гликозидтер: тараксацин және тараксацерин, 2-3 % каучукты заттар болады. Бақ-бақтың гүлінде және жапырағында: каротиноидтар, никотин қышқылы, холин, тиамин, сапонин, кальций, фосфор, темір, марганец және т.б элементтер, тритерпенді спирт, 5% белок, дәрумендер: С, А, В2, Е, РР осылар болғандықтан тағам ретінде қолданылады.

Ежелгі Греция дәрігерлері бақбақты дәрілік өсімдік ретінде қолданған. Теофраст оны терідегі сары дақтарды және сепкілдерді кетіру үшін ұсынған. Германияда ХVІ ғасырда оны тыныштандырғыш ретінде және ұйықтату үшін пайдаланған. Қытай халық медицинасында бақбақтың барлық бөліктері ыстық түсіруші, жалпы тұрақтандырғыш ретінде қолданылады, сонымен қатар тәбет көтеруші ретінде, жылан шаққанда, бала емізетін аналардың сүтіндегі лактацияны көтеруде, лифтратикалық түйнектер суықтағанда, фрункулезде және де тері ауруларына ем ретінде қолданады. Болгарияда бақбақты атеросклерозды емдеуде, қан аздықта, тері, өт қабы, сары ауру, геморрой, азқазан және ішектер қабынғанда пайдаланылады. Германияда – авитаминоз, қан аздық, ревматизм, тұз байлану ауруларында қолданылады. Францияда шырыны – тұз байлану ауруы, сары ауру, тері ауруларында, сондай-ақ қанның құрамын жақсарту үшін және несеп айдағыш дәрі ретінде пайдаланады. Польшада бақбақтың жапырағын жалпы әлсіздікте, бүйрек ауруларында пайдаланылады.

2. 2 Бақбақтың химиялық құрамы


Өсімдіктің тамыры мен жапырағының құрамында ашы гликозид – кристалды таракцин қышқылы болады. Бақбақтың негізгі емдік қасиеті де осыған байланысты. Сонымен қатар тамырының құрамында жасұнық, флавнойдтар, смола, 24 % дейін полисахарид инулин, аскорбин қышқылы, эфир майлары, илік заттар, аздаған май, нәруызды заттар бар. Жапырағы мен гүлшоғырында каротиноид С және В2 дәрумендерімен қатар никотин қышқылы сенанин бар [6,49 бет]. Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөністердегіден көбіне асып түседі. Ал бұның өзі адам ағзасына келтіретін пайдасы өте жоғары, өйткені жүрек жұмысы және гемоглобиннің мөлшерін артуына оң әсер етеді. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант ― инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат ― гликозид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Инулин полифруктозан, ол суық суда тіпті ерімейді, ал ыстық суда жақсы еритін қасиетке ие. Күрделігүлділердің құрамында көп кездесетіндіктен, соның ішінде бақбақта, өте тәтті дәмге ие және қант диабетіне қарсы қолдануға болады екен, өйткені инулинді ферменттер тоқтыра алмайды. Мүмкін бақбақтын осы қасиетіне байланысты адамдар одан «бал» жасауға әдістенді ме екен?!



2. 3 Бақбақ өсімдігінің адам денсаулығына пайдасы


Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бір сыпырасы белгілі болған.

Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460 – 377 б.д.д.) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ. Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып, біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.

ХVI ғасырда алғаш рет Парацельс атты атақты дәрігер шипалық қасиеті бар өсімдіктерге химиялық анализ жасады. Ол да өсімдіктің емдік қасиеті оның құрамындағы кейбір заттарға байланысты екендігіне баса назар аудара отырып, сол заттарды таза күйінде алуға күш салды. Осындай дәрілік өсімдіктің бірі – бақбақ. Бақбақтың шөбін, тамырын дәрі үшін жинайды. Бақбақ асқа тәбетті ашып, ас қорыту жүйесінің жұмысына көмектеседі. Созылмалы іш қатуға, көтеуге суын қайнатып, дәкемен тығындауға қолданылады. Бала емізіп жүрген ананың сүтін көбейтуге, теріге шыққан бөрткендерге, безеуге басқа шөптермен қосып дәрі жасалады. Ол қолқа демікпесінің қақырығын шығаруды тездететін дәрі ретінде қолданылады. Бақбақ кермек дәмді, суық райлы, уытсыз болады. Ол дененің ыстығын басып, ісікті қайтарады. Өтті айдауға көмектеседі.

Кәдімгі бақбақ – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадір тұтып, сүйіспеншілікпен «жер күні», «денсаулық эликсирі» деп атаған. Бақбақтың емдік қасиетін Ежелгі Грецияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған. Көптеген елдерде ( Швейцарияда, Чехияда, Словакияда ) бақбақ тағамдық өсімдік ретінде өте бағалы, ал Францияда оны егіп өсіреді. Оның әлі өркендеп жетпеген, француздар «писанли» ( pissentli ) деп атайтын, жас жапырақтары ерте көктемде витаминді салат үшін пайдаланады. Тұқымдастың латынша «taraxic» ― көз ауруы атынан алынған, өйткені орта ғасырда дәрігерлер сол ауруды осы өсімдікпен емдеп жазған көрінеді. «tarassein» ― тыныштандыру деген сөздің басқа да туындылары болуы мүмкін. Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар. С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец


Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!


9


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 22.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров494
Номер материала ДБ-145839
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх