Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері ғылыми жоба 44 бет
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Word. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері ғылыми жоба 44 бет

библиотека
материалов

Мазмұны

 

І. Кіріспе........................................................................................................3 бет

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

2. 1 Мың теңге тұратын дәрі шарбағының дәл түбінде өсіп тұр.

(Халық мақалы) ..........................................................................................7
2. 2 Негізгі дәрілік өсімдіктерге мінездеме ..............................................9

  1. 3 Дәрілік өсімдіктердің емдің қасиеттері .............................................21

2. 4 Дәрілік өсімдіктерді өсіру...........................................................................37

  

ІІІ. Қорытынды..................................................................................................42

 

ІҮ. Пайдаланылған әдебиет..............................................................................44



 

Кіріспе


«Өсімдік – өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Өзім бала күнімнен бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған – түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән жайы халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру сырқауды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан 6 мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылады. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындалатындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн көзінен олардың емдік қасиеті жойылатындығы, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілу тиіс екені дәлелденген. Осы себептен шумерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керектігі ұсынылған. Вавилондықтар менассириялықтар сол шумерліктердің көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен. Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған. Египеттіктер олардан үйреніп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, меңдуана, жалбыз т.б. өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдап егіп өсірумен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырып отырған. Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің фармокологиялық әсеріне қарай іш өткізетін, құстыратын, қақырық түсуін жеңілдетіп топтарға бөлген. Өсімдіктерді ауру-сырқаудан емдеуге пайдалану әр елдің өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашады. Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз рол атқарған Греция дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, оларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің «Дәрілік заттар» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктердің алты жүзден астамы қолданылуы жолдары жазылған. Рим дәрігерлері бұл өсімдіктердің ауруларды емдеуге пайдалану жайындағы деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен алған. Дегенмен Рим дәрігерлерінің емдік қасиеті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізген әсері де өте зор. Үлкен Плинийдің айтуы бойынша, римдік дәрілік өсімдіктердің мыңнан астам түрлерін тапқан.


Зерттеудің мақсаты мен міндеті.

Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологилық ерекшеліктерін зерттеу. Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін, сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау. Өсімдіктердің табиғатта – ауаны тазарту, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, тағамдық, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады.

  • ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет жинақтау;

  • өсімдіктердің биологиясын және морфологиясын анықтау;

  • өсімдіктердің өсуінің ерекшеліктерін анықтау.

  • өсімдіктің қоршаған ортаның әртүрлі кері әсерлеріне төзімділігін анықтау;

  • өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары.













І. Негізгі бөлім


2. 1 Мың теңге тұратын дәрі шарбағының дәл түбінде өсіп тұр. (Халық мақалы)

Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған. Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу - Насыр - Әл Фараби, Әбу - Әли Ибн - Сина, Беруни, Әл - Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40-%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем - дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.[2, 75 бет]

Қазақ емшілерінің ауру-сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Олай болса, аяғымыздың астында өсіп жатқан дәрілік өсімдіктерді танып, білім зерттеп ауруымызға шипа етпеске. Біздің ауданымыз маңындағы жерлерде, елді мекендерде өсиетін көптеген дәрілік өсімдіктер бар. Оларға түймедақты, итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды, жатқызуға болады.

Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі ляззат мүмкіндігімен ғана (бұлардың шипалы күші де осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында (меруерт гүл, шегіргүл, гүл шетен) олардың денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады, өздерінің жер үстіне және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақбақ ата заманнан «өмір нәрі» аталған, ал қалақай – витаминдер қоймасы саналады. Өсімдіктерді отап тастауға асықпай, алдымен олардың пайдалы қасиеттерін біліп алуға тырысу керек. Қазақ емшілерінің ауру-сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі.

Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі шайыры және тұқымынан дәрі-дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі-дәрмек алуға болады. Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады. Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақ, балшық секілді лас нәрселерден арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай кептіру, көлеңкеде кептіру, самалдатып кептіру қажет. [1,23-бет]



2. 2 Негізгі дәрілік өсімдіктерге мінездеме


Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер –медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .


Республика териториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. 
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған. 
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. 

Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар. 

Қазақ емшілерінің ауру-сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі.

Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі шәйірі және тұқымынан дәрі - дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады.

Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді.

Жантақ – Қазақстанда кең таралған өсімдік. Шөл және шөлейтті аймақтарда кездеседі. Бұл әсіресе құрғақшылыққа өте төзімді өсімдік. Күлте күлгін қызыл түсті, гүлдері жұқа тікенектерге орналасқан. Гүлдеп тұрған шіліктер бал өндірудің бағалы көзі болып табылады. Жантақ – құмда, сортаң жерде өсетін көпжылдық өсімдік. Бойы 40 – 50 см. Сабағы тік өседі, гүлі қызыл. Қыркүйек, қазан айларында гүлдейді. Созылмалы гастритке, асқазанға, тік ішектің жарасына қарсы қолданылады.

Бақбақ – орман ішінде өзен, арықтың жағаларында өсетін көпжылдық өсімдік. Сап – сары болып сәуір айында гүл ашады. Өт – несеп жолдарын тазартуға, қақырық түсіруге, қуық, бүйрек қатты түйіліп ауырған жерді басуға қолданылады.

Қызылмия – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік.Бау-бақша арасында, өзен мен арық жағаларында көп кездеседі. Қызылмияны Әбу - Әли Ибн Сина – Орта Азияның «Женьщен» деп атаған. Қызылмия шілде, тамыз айларында гүлдейді. Мұны гастрит, қуық, бүйрек ауруларына, өкпенің қабынуына қолданылады.

Асқабақ – күй талғамайтын бау – бақшаның бәрінде өсе беретін біржылдық өсімдік. Жапырағы ірі, гүлі сары. Асқабақтың ұрығын ұнтақтап, қара мейізге қосып, келіде жаншып ішінде құрты бар балаға 4- рет жегізсе іштегі құртты айдап шығады. Асқабақ сабағын суға қайнатып, ішсе несепті жүргізеді. Бүйрек пен жүректің ісініп, ауырғанын қайтарады. Өсімдік мамыр – шілдеде гүлдеп, дәні қыркүйек– қазан айларында піседі.

Шырмауық көпжылдық  шөп  тектес  өсімдік. Сабағы   жерге   жайылып, басқа өсімдіктерді орап  ұзарып  өсе  береді. Маусым-қыркүйек  айларында  ақ, көгілдір, ызғылт  гүл   ашады.Шырмауықтың   кепкен  ұнтағын  сүтке салып  ішсе, өкпені тазалап, созылмалы   жөтелді   кетіреді. Кепкен  ұнтағын  жараға, ауырған  жерге тартса   жақсы  ем  болады.

Жалбыз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Оның түрлері көп. Қазақстанда оның 2 түрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Өзен мен көл жағалауларында өседі, тау баурайларында, шабындықтарды, бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына керекті заттар көп. Қазір ол шөпті көп жерлерде қолдан өсіріп дайындауда.Осы дәрілік өсімдіктердің ішінде жалбыз өсімдігіне тоқталсам. Анамның айтуынша, кішкентай кезімде денсаулығым сыр бергенде осы жалбыз шөбін қолданып мені емдеген екен. Осы өсімдіктің дәрілік қасиеті туралы қысқаша тоқтала кетсем. Жалбыз (мята) шөбінің емдік қасиетін адамдар ерте заманнан білген. Жүздеген ауруға ем деп айтады. Көктемде қара жалбызды теріп алып, кептіріп, ұнтақтайды. Осының 2 ас қасығын 0,5 кг балға араластырып жейді. Күніне 1 шай қасықпен 3 рет 2 ай ішсе, жүрек ауруына бірден-бір ем. Сондай-ақ, бүйрек, бауыр, өт қабынуы ауруларына пайдаланады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары май қосып қабылдаса, демікпе дертіне, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Жөтелгенді тияды, қарлығып шығатын дауысты ашады.Терлегіш адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып, демдеп, түнге қарай жарты стаканын ішсе, ал шуашы бар адамдар сол суға 3 рет аяғын жуып жүрсе, сырқатынан жазылады. Бойға күш-қуат беретін қасиеті бар, қуық - несеп жолдарының қабынуын жазады.Сонымен қатар, жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып, өкпе туберкулезіне де қолдануда.Жарақатқа, іріңді сыздауыққа, қотырға жалбыз тұнбасын жағып, таңып тастаса, тез жазылады. 

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбіне 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.



  1. 3 Дәрілік өсімдіктердің емдің қасиеттері


Жиде

hello_html_7dcd00d.jpg

Сыртқы құрылысы

Жиденің біздің елімізде екі түрі өседі. Биіктігі

10 м-ге дейін болатын бұталы ағаш. Жапырақтарының үстіңгі беті сұрғылт көк, астыңғы жағы ақшыл, діңі және бұтақтары жылтыр, қызыл-қоңыр. Ал жапырақтарының ұзындығы 3-8 см, ені 0,4-1,8 см келген сопақ пішінді. Мамырдың соңы мен маусым айының басы жиде гүлдейтін мезгіл. Жиде – жеміс-жидек тұқымдастарының ішіндегі ең соңында гүлдейтін ағаш. Ал екінші түріне жататын, бұталы болып өсетін түркімен жидесі еліміздің оңтүстік аймағында өседі. Ол – биіктігі 3-8 м болатын ағаш тектес өсімдік. Бұталары тікенді, күміс түсті ұзынша кезек орналасқан жапырақтары болады. Гүлі қос жынысты. Гүлі ұсақ, хош иісті, қызғылт сары. Гүлінің иісі өткір, жүз метрге дейін иісі аңқып тұрады. Тұқымынан, тамыр өскінінен не тамыр түбінен көбейеді.

Жемісі — сырты ұнтақты жұмсақ қабықпен жабылған, түсі қызғылттау, бірақ қоңыр қабыршақпен жабылғаннан кейін күлгін көрінеді. Оны жеуге болады.

Өсетін жерлері

Жиденің дүние жүзінде 40-қа жуық түрі бар. Оның ішінде Орталық Азияда 5, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Оның бірі – сүйір жемісті жиде, оның биіктігі 3-4 метр, бұтақтары тікенді ағаш. Республикамыздың батысында, оңтүстігінде және Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда, сонымен бірге, Сырдария, Шу, Талас, Іле, Арыс, Сарысу өзендерінде, көл бойындағы тоғайда, құм жиегінде, кейде сортаң жерлерде өседі. Солтүстік облыстардан басқа барлық жерлерде өседі.

Қолданылуы

Жиде ағашын қазақтар жақсы біледі. Бұл еліміздің барлық өңірінде өседі. Жиденің гүлі мен жемісін іш өткенде, организмнің иммунитеті төмендегенде және тағы басқа ауруларға пайдаланса болады. Жидеде Е дәрумені көп. Сондықтан гүлін де, жемісін де күнге қақтамай, арнайы жерде кептіріп, қайнатып ішкен аса пайдалы. Ел арасында жиде гүлдеген мезгілде әйел затының ағзасында табиғи өзгерістер пайда болады деген сөз бар. Сонымен бірге, жиденің көптеген дертке шипа екені айтылады. Жиде гүлдегенде ағза қуаттанып, күшейеді. Ол иммунитетті күшейтеді. Расында, ата-бабаларымыз қандай өсімдік пайдалы, зиян екенін жақсы білген ғой. Жиде адамға күш-қуат беретіндіктен ел арасында ол туралы ғажайып әңгіме шыққаны сөзсіз. Жалпы, жиденің хош иісті гүлімен бірге оның жемісі де аса пайдалы.

Жиде жемісі бір дәнді, сүйекті, қызыл қоңыр, әрі ақшыл түстес тәтті болады. Жиде құрғақшылыққа төзімді. Оны құм тоқтатуға, жыра, арық, өзен бойын бекітуге, қаланы көркейтуге пайдаланады. Сүрегі мықты, шайырынан бояу, сабағының қабығынан, жапырағынан тұрмыстық заттар жасалынады. Ал гүлінен хош иісті май, иіс сулар алынады.

Жемісінде 40-60 пайыз қант болады. Сондықтан жиденің гүлінен ара бал жинайды. Жиде балы адам денсаулығына аса пайдалы. Жиде гүлдейтін мезгілде ара бағушылар араларды тау бөктерінде өсетін жиде ағаштарына жіберіп, әсел жинайды. Жемісін медицинада қолданады. Ол құстарға жақсы азық болады. Сабағынан алынатын сағызды заттан (камедь) лак және бояу өндіріледі. Бүгінде кейбір адамдар жиде ағашынының пайдасы аса зор болғандықтан қолдан өсіруді мақсат тұтып, оны іске асырып жатқан жайы бар.



Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!




Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!



11




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-148270

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"