Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / Word. Халқына пана болған - Бала би ғылыми жоба 26 бет

Word. Халқына пана болған - Бала би ғылыми жоба 26 бет

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


МАЗМҰНЫ




І Кіріспе..................................................................................................3


ІІ Негізігі бөлім


2. 1 Бала би датқаның ғибратты ғұмыры.............................................6


2. 2 Бала биден қалған асыл мұра.......................................................11


2. 3 Бала би өмір сүрген дәуір.............................................................18

ІІІ Қорытынды......................................................................................21


Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................24






























Кіріспе


«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің баяндамасында: Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады» дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағытөл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау», деп тұжырымдайды.

Кешегісіз бүгін жоқ. Аудан тарихы – халық тарихы. Әулие мекеннің әмбия дәстүрінің арасында қол бастаудың да, жол бастаудың да асыл тумасынан арыла сусындаған шиеліліктер уақыт ағымына сай өз бастауын қалыптастыра отырып, күні бүгінгі тәуелсіз кезеңге келісті келбетпен келіп жетті.

Ежелгі Сыр – сонау Бегапаттан бастап Фараб пен Яссы, Сығанақ пен Бестам, Ташкент пен Жент, бір кездегі көк теңіз Хазар немесе қазіргі Арал теңізіне дейінгі ұлы алқаптың бүкіләлемдік жылнамада өзіндік орны, өзіндік тарихы бар екені даусыз.

Бүкіл Қыпшақ даласының түстігіндегі Сейхун мен Жейхунның (Әму мен Сыр) жағасында небір ғұламалар мен батырлар, данагөй әулиелер өткен. Сонау бір мыңыншы ғасырда-ақ тарихта қыпшақ даласының Гаваны аталған Сығанақ қорғанының, Х ғасырда Оғыз хан мен Оқшы батырлар өмір сүрген әйгілі Бестам қаласының, Түркістандағы Яссауи кесенесіне дейін ежелгі Тұран, оғыздар мен түркі қыпшақтарының бегзат азаматтарын жерлейтін паньтеон болған. «Оқшы ата» әулиелер мазарының, Афрасиаб заманынан келе жатқан мортықтар мен обалардың, біздің дәуірімізден бұрын Сейхун дарияның арнасы болған Нәнсайдың осы Шиелі жерінде болуының өзі бізге көп жайды аңғартса керек. Шиелі аумағында бұдан басқа қаншама қасиетті жерлер мен белгілер бар. Жүніс әулие, Бақты ата, Қабыл ата кесенелері мен Ақбикеш, Ақ сүмбі белгілері, кейін келе бой көтерген Қызыл там, Жөлек қорғаны, ата-бабамыздың қолымен тұрғызылған.

Бестамның тұсынан дарияның үстіне кілем төсеп, қобызын сарнатып, қазіргі Қорқыт бекетіне жеткенде дүние салады деген де аңыз бар. Сонау Жәнібек пен Керейге ренжіп, Желмаясымен жерұйық іздеп, ең соңы Шиелі жеріне жетіп дүние салған Асан ата (Асан қайғы) кесенесі Шиеліден 18 км жерде, темір жол бойында тұрса, Қыш күйдіретін завод соғып, Сығанақ пен Бестамның құрылысына қыш дайындаған. Қыш ата мен Ғайып-тағыны болжайтын, көріпкел әулие болған Ғайып аталар мүрдесі осы Шиелі жерінде жатыр. ХҮІ ғасырдан бері қазақтың, қазақ өмірінің Гимні атанған «Елім-ай» әні осы Шиеліден, Шиелінің Қаратауынан, соның етегіндегі Бестамда өмірге келген. Қазіргі Шиелі қаласының негізі 1900-1905 жылдары темір жолдың келуінен бастау алады. Сол жылдары Шиелі, Бәйгеқұм, Тартоғай, Сұлутөбе бекеттері соғылып, халық жиналып, қоныстана бастайды. Бұрын ата-атаға бөлініп, шағын ауыл болып отырған елдер топтаса бастайды [1, 2].

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сыр өңірі қашаннан-ақ ақын, жыраулар мен шайырлардан, данышпан би-шешендерден қалған асыл мұраларды көздің қарашығындай сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.

Расында да, біз өткенімізді елемесек, болашақтан күтеріміз қайсы? «Түлпарда да тұлпар бар – қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек». Барымызды бағалап, азаматтарымызды ағалай біру, қазақы қалпымызды сақтап, мұсылманшылық парызымызды мейлінше ақтап жүру кісілік міндет саналады.

Осындай айтулы ел ағасының бірегейі, халқына аға да, пана да болған әйгілі шешен Бименбет Есенәліұлы – Бала би бабамыз.

Бала би шешен ойға жүйрік, тілге шебер, тапқыр, маңызды мәселелер шешуде адамгершілігімен көптің көкейінен шығып отырған. Шешендік сөздерінің әсерлі де ұлағатты, ұтымды да тапқырлығы тыңдаушыларын таң қалдырған. Осындай үлгілі істерімен би Сыр елінің құрмет-мақтанышына бөленген. Өзі туып-өскен ортасының алғыс-құрметін арқалап, дәуір қайшылықтарының бетін ашып, келелі ой қозғаған өткір сөз иесі болған адамды халық қасиеттеп құрмет тұтқан. Өйткені ол халық болашағын ойлап, бағыт-бағдар берген. Бала би еліне, оның рухани жетілуіне атсалысқан [2, 34-39 бб.]

Бидің ел аузында айтылып, осы уақытқа дейін ұмытылмай келе жатқан әңгімелері аз емес. Үлгілі, нұсқалы сөздер айтып, әдебиетімізге елеулі үлес қосқан Бала би мұралары осы күнге дейін толық жинақталып, зерттеле қойған жоқ.

Ата-бабалардан қалған сөз үлгісі қазақ халқында өсиет саналған, елдің тарихы, үлкенді-кішілі ел басынан өткен оқиғалар, заманына лайықты қайраткерлер жайындағы деректер, аталы сөздері, ел ішінде сақталған шешендердің бірі Бала бидің ұлағатты әңгімелері, үлгілі сөздері кезінде көп болса керек, бірақ олардың барлығы бізге жетпеген. Халқының адал перзенті, көш басшысы, терең ойлы, дарынды бабаларымыздың әділдік, тапқырлық-шешендіктері қашақ да болса жас ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Сол себепті Бала би бабамыздың өнегелі өмір жолын тереңірек зерттеу, оның халық алдындағы еңбегіне әділ баға беру, шешендік сөздерін талдап, зерделеу – жұмысымыздың өзекті мәселесі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Сұлу Сырдың бойындағы Иранбақ саналатын киелі Шиелі – туған жеріміздің тұғырлы тұлғаларының бірі – Бала би датқа жайлы, оның ғибратты ғұмырына жан-жақты зерттеу жүргізу, тарихи деректерге сүйене отырып, оның ел бірлігін, ынтымақтастығын сақтап қалуда еткен ерсен еңбектеріне баға беру.

Осы мақсатқа қол жеткізу барысында зерттеу жұмысымыз кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2. 1 Бала би датқаның ғибратты ғұмыры


Шиелі ауданы – ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысында орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа, Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қазақтың тауларының атасы қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып, Шиелі жеріне келіп тірелетін сырлы өзен Сарысу, «Таңбалы тас» тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған «Телікөл» де осы елде.

Шиелі – мақтауға да, мақтануға да тұратын, жерінің байлығы құт –қамбамызға ырыс болып өрілген қымбатты да, қасиетті мекен. Оның киелі топырағында күллі түркі әлемінің көрнекті қайраткері Мұстафа Шоқай, дән атасы Ыбырай Жақаев, ән атасы Нартай Бекежанов бастаған алыптардың ізі сайрап жатыр. Сыр бойының саңлақ ақыны, жауһар жырдың абызы атанған Әбділда Тәжібаев пен қазақ сынының сардары атанған Мұхамеджан Қаратаев, әйгілі математик Асқар Жұмаділдаевтар да осы Шиелі жерінің төл перзенттері.

Бұл топырақта есте жоқ ескі кездерден-ақ бағы жанып, базары қызған қырыққа жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек Жолының арналы сабағы сайрап жатыр. Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтағы, әр тасы алуан түрлі ғибратты шертер еді. Бағзы дәуірлерден – Соғдиана, Мәуреннахр, Тұран, Түркістан атанып, атақ-даңқы алыс қиырларға жайылған Сыр елінің тағдыр-талайы төркүл дүние тарихының алтынмен жазылған тараулары. Түп тұқиянымен – ғұн, сақ, скиф, түрік, оғыз, қыпшақтар осы киелі жерде ғасырлар бойы тұрмыс кешіп, бүкіләлемдік өркениетке елеулі ықпал жасап, сыбағалы үлес қосыпты.

Шиеліде бүгінгі тарих парағына есімдері алтын әріппен жазылған тумысы бөлек тұлғалар, ұлтымыздың мақтан тұтар ұлылары мен ұлықтары жетерлік. Аттары аңызға айналған жеті әулие – Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулие, Ғайып әулие, Бала би, Досбол би, Қыш ата осы Шиелінің киелі топырағында жатыр. Мұнан берірекке көз жіберер болсақ, алты алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқай, атақты әнші-балуан Иманжүсіп, Сыр сүлейлері Бұдабай, ағайынды Мәнсұр мен Нартай Бекежановтар, қазақ ғылымы мен әдебиетінің көрнекті өкілдері Әуелбек пен Қалжан Қоңыратбаевтар, Әбділда Тәжібаев, Шахмардан Есенов, Қалмақан Әбдіқадыров, Мырзабек Дүйсенов, Мүсілім Базарбаев, тағы басқалар және екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев бастаған 41 Еңбек Ері бұл аймақтың құнарлы да киелі аймақ екендігін білдірсе керек [3, 2].

Даласы дархан, қойнауы қазына, тарихы телегей теңіз бұл өлке тұрғындары тумысы бөлек тұлғаларының өнегелі өмір жолдарын ұрпақтарына ұлағат етуге барынша көңіл бөлумен келеді.

Адамзат баласы мен өткен түрлі қоғам тарихын ой елегінен өткізсеңіз, әр кезеңнің саяси-әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес халық өзінің арасынан ел басқаратын көсемін, адалдық пен әділдіктің қорғаны болатын шешенін өмір сахнасына шығарғаны айқын. Тарих қойнауына кеткен ХІХ ғасырдың белортасында Сыр бойы, Түркістан-Ақмешіт аймағында дүниеге келіп жас кезінен жарық жұлдыздай жарқырап, ел, халық болмысына ерте араласып, әділдік пен адалдықтың ақ туын әр кезде барынша биік ұстаған, Алла Тағаладан қанымен бірге қалыптасып, жанымен бірге жаратылған ұлық қасиеттері арқасында артында өшпейтін, ұмытылмайтын із, іс, сөз қалдырған Қыпшақ тайпасының Бұлтың руынан тараған Есенәлінің кіші ұлы Бименбет болды.

Адамзат баласы жаралып, тіршілік еткен сонау ықылым замандардан бері қасиетті Сыр өңірі сан-мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны хақ. Оны еліміз әрдайым ардақ тұтып, қастерлеп келеді. Бұл аймақтың өзінің табиғаты жағынан еліміздің басқа да өңіріндегі, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс, Іле сияқты қазақ халқының бұрынды-соңды өмірімен бірге жасап, біте қайнасып келе жатқаны мәлім. Алайда олардың күнкөріс кәсібі мен тіршілік шаруашылығында, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінде көптеген өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпы еңбекқорлық пен іскерлік, төзімділік пен

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Н. Әлиасқар. Мөлдір бұлақ журналы. 2011 ж, 03 қазан, 2-б.

2. Бала би шешен.//Ата мекен. Құраст.:М.Аяпұлы, Н.Қасымұлы, -Алматы, Қайнар, 1998. 34-39 бб.

3. Е. Әбіл. Шиелі тұғырлы тұлғаларын ұлықтады. Егемен Қазақстан. 2010 ж., 16 қазан 2-б.

4. Қ.Маханбет. Бала би дана болған, ел-жұртына пана болған. Өскен өңір. №87-88. 2011 ж., 26 қараша, 4-5 бб.

5. А.Дәулет, Қ.Маханбет. Бала би датқа.//Иман ұялаған мекен. –Қызылорда, Полиграфия БҮ. 2001 ж. 36-38 бб.

6. Бала би шешен.//Шежірелі Шиелі: Энциклопедиялық тарихнама. РПО «Кітап».-Алматы. 2000. 34-35 бб.

7. А.Дәулетов. 2011-10-25 Сыр бойы №205-206, 2011, 5 қараша, 5-б.

8. Қ.Маханбет. Бала би. -Қызылорда, 2000 ж. 203 б.

9. Т.Қоңыратбаев. Ертедегі ескерткіштер. –Алматы, 1996 ж. 314 б.

10. Н.Сарыпбекұлы. 92 Баулы Қыпшақ – Бұлтың Ата ұрпақтары. –Қызылорда, Ататек шежіре. 2009 ж. 165 б.



















Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!













11


Автор
Дата добавления 15.08.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров25
Номер материала ДБ-157173
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх