Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Кірпі, менің тікенекті досым ғылыми жоба 14 бет
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Word. Кірпі, менің тікенекті досым ғылыми жоба 14 бет

библиотека
материалов



МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ ............................................................................................................3


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Кірпі және оның тіршілігі .........................................................................5


2. 2 Кірпінің түрлері .........................................................................................7


2. 3 Кірпінің өзіндік қасиеттері мен пайдалы жақтары.................................9


ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................13


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................................................14











Аңдатпа

Кірпі сүтқоректілер қатарына жатады. Кірпінің үстінде инелері көп болады. Кірпінің арқасын, бүйірлерін тікенек ине басқан. Тұрқы 13- 27 см, салмағы 700-800г, орманда, бұта арасында, бау-бақшада, тіпті елді мекендерде тіршілік етеді. Жемін әдетте іңірде және түнде аулайды. Жәндіктермен, көлбақамен, жыланмен қоректенеді. Күзде ұйқыға кетеді де, көктемде күн жылынысымен оянады.

Жатақтарынан көбіне кеш түсе шығып, түнімен жем іздейді, Негізгі азықтары - әртүрлі омыртқасыз жәндіктер. Кейбір ұсақ омыртқалы хайуанаттарды да азық етеді. Қолда ұстағанда кеміргіштерді, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды, ұсақ кұстарды, кейде өсімдік тектес азықтарды да жей береді. Күзде қоңданған кірпілер қазан-қараша айларында қысқы, ұйкыға кетеді.

Кірпі – адам баласын өзіне жақын жіберетін бірден-бір жануар. Мұнысы оның батыр болғандығынан емес, ол нашар көреді және көбіне иіскеп білу қабілетіне сенеді. Жақындаған қауіпті сезген жағдайда ол дөңгелене қалып, өзінің қатты тікенектерін алға тартады. Өйткені ол қанша қашып құтылмақ болса да, алысқа бара алмас еді; оның аяқтары қысқа, өзі де епетейсіз.










46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-

лицейдің 4 «Б» сынып оқушысы

Әбибулла Нұрсәуленің «Менің тікенекті

досым» атты ғылыми жобасына

Пікір



Оқушы Әбибулла Нұрсәуленің «Менің тікенекті досым» атты ғылыми жұмысы әлемнің жер-жерінде тіршілік жасайтын кірпінің көптүрлілігін айқындауға, оның адамзат үшін пайдалы жақтарын көрсетуге арналған.

Ғылыми жұмыста кірпілердің тіршілік әрекеті кеңінен талданған. Оның жер бетіндегі түрлеріне сипаттама бере отырып, жергілікті жерімізде тіршілік жасайтын ұзын құлақты кірпі түріне тоқталады.

Ізденуші тылсым табиғаттың бір бөлшегі ретінде кірпілердің өзіндік қасиетін тани отырып, оның шипалы жақтарын таныстырады, егер оны орынды пайдала алсақ, ұрпақ денсаулығының нығая түсеріне сенім білдіреді.

Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.

46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-

лицейінің бастауыш сынып мұғалімі: Абдикадирова Жадыра









Кіріспе

Мен өткен жылы көктемде есік алдындағы бақшадан кішкентай кірпі баласын тауып алдым.

hello_html_5f5f887b.jpg


Мен оны көргенде қатты қуандым. Ол дөңгеленген тікентермен қоршалған екен. Біз оны үйге кіргізіп, еденге жібере салғанда, ол ұясынан аяқ-қолдарын, тұмсығын шығарып жүгіре жөнелді. Ол айналасындағының бәрін иіскеп, бірнәрсе іздей бастады. Мен оған сүт әкеп беріп едім, ол қомағайлана іше бастады.

Сөйтіп ол біздің үйде бір аптадай жүрді. Кірпінің сыртынан қарап, оны бақылау қызық болды. Оның түн жануары екенін білдім. Күндіз ол ұйықтап, түнде оянып алып, үй ішінде жүгіріп жүреді, үйшігіне салған газеттерді тысырлатады, біз берген жемістерді жеп, сүт ішеді. Біз оған сондай-ақ сәбіз, капуста, нан бердік.

Кірпіні қызықтап жүріп ойландым: біз оны дұрыс тамақтандырып жүрміз бе? Жалпы кірпі деген қандай жануар. Осы сұрақтарға жауап алу үшін мен іздене бастадым.

Мен кірпі жайлы көбірек білгім келді және сіздермен бөлісуді ойладым.

Менің ғылыми жобамның мақсаты: кірпі, оның тіршілігі жайлы көбірек мәлімет ала отырып, оның түз жануары екендігін және ол еркіндікте өмір сүруі керек екендігін дәлелдегім келді.


2. Негізгі бөлім

2. 1 Кірпі және оның тіршілігі


Мен интернетті ақтара отырып кірпі жайлы көп мәлімет алдым.

Кірпі сүтқоректілер қатарына жатады. Кірпінің үстінде инелері көп болады. Кірпінің арқасын, бүйірлерін тікенек ине басқан. Тұрқы 13- 27 см, салмағы 700-800г, орманда, бұта арасында, бау-бақшада, тіпті елді мекендерде тіршілік етеді. Жемін әдетте іңірде және түнде аулайды. Жәндіктермен, көлбақамен, жыланмен қоректенеді. Күзде ұйқыға кетеді де, көктемде күн жылынысымен оянады.

Әсіресе, жапырақты ормандарда, бұталар арасында, өзен, көл жағаларында, шабындық арасын мекендеуді ұнатады. Қоныстарында тұрақты тіршілік етеді. Тас арасында, бұталар ішінен, ағаштар қуысында ұя жасап, кейде ін қазып өмір сүреді.

Жатақтарынан көбіне кеш түсе шығып, түнімен жем іздейді, Негізгі азықтары - әртүрлі омыртқасыз жәндіктер. Кейбір ұсақ омыртқалы хайуанаттарды да азық етеді. Қолда ұстағанда кеміргіштерді, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды, ұсақ кұстарды, кейде өсімдік тектес азықтарды да жей береді. Күзде қоңданған кірпілер қазан-қараша айларында қысқы, ұйкыға кетеді. Бұл кезде олардың дене температурасы 33,7-35,3 градустан 1,8-4,3 градусқа дейін төмендейді; 31,2%-ке дейін салмақтарын жоғалтады.

Қысқы ұйқыдан наурыз-сәуір айларында оянып, өніп-өсуге кіріседі. Күйлеуге түскен кезде еркектері арасында аналықтар үшін үлкен қақтығыс болады. Шағылысқаннан кейін 5-6 жеті өткен соң, 2-ден 10-ға дейін жас кірпілер дүниеге келеді. Кірпілер көбіне жылына бір-ақ рет көбейеді, ал тіршілігіне аса қолайлы болған жылдары жылына екі рет те еніп-есуі мүмкін. Жас кірпілердің туғандағы салмағы 12-25 г, денесінің ұзындығы 55-95 мм болады. Жалаңаш, соқыр, жәрдемсіз болып туса да, кірпі балалары тез өседі. Екі жетіден соң арқаларында инелері өсіп, көздерін ашады, бір айдан соң ұяларынан шығып, тіршілік ете береді.

Кірпі – адам баласын өзіне жақын жіберетін бірден-бір жануар. Мұнысы оның батыр болғандығынан емес, ол нашар көреді және көбіне иіскеп білу қабілетіне сенеді. Жақындаған қауіпті сезген жағдайда ол дөңгелене қалып, өзінің қатты тікенектерін алға тартады. Өйткені ол қанша қашып құтылмақ болса да, алысқа бара алмас еді; оның аяқтары қысқа, өзі де епетейсіз.

Ересек кірпінің салмағы килограмға, тұрқы 30 сантиметрге дейін жетеді; инелерінің саны 16 мыңға дейін, ұзындығы 2-4 см, жуандығы 1 миллиметрдей болады.

Жаздың күні жапырақтардың астынан ұя жасап алады не бір шұңқыр тауып, сол жерге жапырақтарды төсейді. Осы жерде оның балалары дүниеге келеді. Әдетте аналықтар 7 аптадан кейін 8-ге дейін бала туады. Кірпінің балалары соқыр және жалаңаш болып туылады. Ал кірпінің балалары жұп-жұмсақ, қызыл шақа, нәп-нәзік және көзі жабық күйінде туады. Олардың салмағы 12-25 грамм ғана шығады. Көзі екі аптадай уақыттан кейін ашылады, осы кезде инелері де қатайып, онда қара қошқыл және ақшыл сызықтар пайда болады. Кірпінің баласы үшінші-төртінші аптадан бастап өздері қоректенеді. Бірақ екі айға дейін енесінің соңынан қалмайды.

Алғашқы күні анасы балаларының қасында болып, келесі күні балаларына сүт жетуі үшін тамақ іздеп кетеді, сөйтіп оларды сүтпен асырайды.

Қысқа қарай олар денелеріне май жинап, алты айға созылатын терең ұйқыға кетеді. Ол өз шұңқырда қалың қардың астында өз терісіне оранып, шар сияқты домаланып алып ұйқтайды. Жүрек қағысы минутына 200-ден 21-ге соғысқа дейін азайып отырады. Барлық өмір сүру қызметтері төмендейді.

Бұл кезде оның дене температурасы 6 градус жылылыққа дейін төмендейді. Алайда қатты аяздарда кірпінің ұйқысынан оянып, жылынуына тура келеді – оған күзде жиналған май қоры жұмсалады. Егер қыста жылымық пен аяз жиі-жиі болып, кірпі қайта-қайта ояна берсе, ол май қорын тым көп жұмсап қояды да, көктемге қарай әлсіреп қалады.


Оқушы ғылыми жобасы туралы

Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!






10



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров239
Номер материала ДБ-143575
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх