Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / Word. Мұқағали - ұлт ақыны ғылыми жоба 30 бет

Word. Мұқағали - ұлт ақыны ғылыми жоба 30 бет

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Мазмұны


Кіріспе ................................................................................................................. 8


Негізгі бөлім


  1. Өлең болып өрілген ақын өмірі ........................................................11


  1. М.Мақатаевтың балаларға арналған шығармаларының

тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері ............................................18


  1. Мұқағали жырдарындағы халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл

сөздері және оның тәрбиелік мәні ......................................................21


Қорытынды .....................................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................................35



























«№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

10 «А» сынып оқушысы Молдахметова

Нұрай Қуанышқызының «Мұқағали

Мақатаев – ұлт ақыны» атты ғылыми жобасына


ПІКІР




Қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың ұлт ақыны ретіндегі өлеңдері нақты зерттеу объектісі ретінде бұрын соңды алынып, қарастырылмаған. Ақынның балаларға арнап жазған өлеңдерін топтап, тақырыптық-көркемдік жақтан алып қарастыру жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Бірінші тарауда М.Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы, ақынның табиғат лирикасы арнайы сараланып, жүйелі түрде зерттелінген. Екінші тарауда ақынның балаларға арналған шығармаларын тақырыптық жақтан топтастырылып, көркемдік ерекшеліктері айқындалған. Үшінші тарауда ақын шығармаларының ұлттық сипаты айқындала отырып, олардың тәрбиелік мәні ашылған.

Ізденуші зерттеу жұмысын орындауда үлкен жауапкершілік танытты. Берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, өз ізденімпаздығын байқатты.

Зерттеу жұмысында ақынның балаларға арналған шығармаларына жан-жақты талдау жасалынып, сараланып, жүйеленіп берілген. Олардың тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері айқындалған. Оның ұлттық рухта жазылған өлеңдерінің құндылығы танылып, тереңінен сипаттама жасалынды.

Жалпы зерттеу жұмысын орындауда оқушы көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Ғылыми жоба жұмысы барлық талапқа сай орындалған, «өте жақсы» деген бағаға ұсынамын.

«№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өсербаева Сәуле

Беркінбайқызы











Кіріспе



Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні тереңде жатыр. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне қарап отырсақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, небір тамаша ертегілер, тақпақтар мен жаңылтпаштар, жұмбақтар шығарғанын және оны бала санасына үздіксіз сіңіріп отырғанын байқаймыз. Сондықтан да ондай өлмес мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтпай бүгінгі күнге жетіп отыр.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында қазақ балалар әдебиеті, оның ішінде балалар поэзиясы ерекше қарқынмен дамып, жаңа туындылар, тың ізденістер дүниеге келіп, бала жанын тәрбиелеп, ойы мен санасын қалыптастыратын әдеби шығармалар болашақтың бастауы ретінде де, сол өмірдің жаңа жыршысы ретінде де жалпы қазақ поэзиясының дамуын соны бағыттарға жетеледі. Бұл кезеңде қазақ балалар поэзиясы тақырыптық ізденістермен бірге, форма, түр жағынан да түрленіп, олардың ішкі мазмұн үйлесімдерін, балаға әсер ете алу тұстарын керемет шеберлікпен суреттеп, шынайы балалар поэзиясының қабырғасы кеңейіп, бұғанасы қатая бастаған өрелі де, сәтті жылдар болған еді. Бүгінде сол кездегі поэзияның рухымен түлеп ұшқан ақындардың бір шоғыры өздерінің жеке мектептерін қалыптастырып үлгерген, айтар ойы салмақты, жазар тақырыбы алуан түрлі, қаламы берік қаламгерлердің дәстүрлі жалғасы болып отыр. Поэзия әлеміне жаңа келген үміткерлер өздерінің таланттарының, үлкен еңбек пен ізденістерінің нәтижесінде осы саланы дамытуға үлес қосты. Солардың бірі де бірегейі – М.Мақатаев.

Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұқағали ақынның поэзиясынан танып, көруге болады. Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Мұқағали Мақатаев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды. Ақын шығармаларына өзі дүниеден қайтқаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

М.Мақатаев шығармашылығы өзінің ерекшелігімен жыр сүйер қауымды балалар әлеміне саяхаттатып, жетелеп алып кетеді. Ақынның балалар ойының өрісін кеңейтіп, оны жаңа белеске алып шығуға жасаған еңбегі елеулі. Оның шығармашылығы сол кездегі балалар поэзиясының табиғатын байытып, оны жан-жақты түрлендіре түсті. Суреткердің әр кезеңде жазған балаларға арнап жазған туындыларының көркемдік-эстетикалық табиғатын, жалпы поэтикалық мәселелерін жаңа заманның талаптарына сәйкес және тың әдіснамалар арқылы саралау бүгінгі ғылым сұраныстарынан туындайды.



Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Поэзия әлемінде өзіндік өрнегі бар Мұқағали қаламынан шыққан әр сөзге үңіле қарасақ, ақынның адам жан дүниесін суреттеудің, оны бар ерекшелігімен сезініп жырлаудың шебері екенін аңғарамыз. Қазақ поэзиясының табиғатын барынша ашып, көркем сөзді дамытушылардың бірі де бірегейі, ол - Мұқағали. Ақын шығармашылығынан адамның ішкі дүниесіне тереңдей еніп, тебірене толғаған лирикалық сипатты молынан кездестіреміз.

Мұқағали дүниетанымы өзі өсіп-өнген жұрттың ауқымынан асып, бүкіл адамзаттық мазмұндағы ойлармен сабақтасып жататындықтан оның поэзия әлеміндегі әрбір сөз қолданысы мен ой образының ерекшеліктері жан-жақты қырынан қарастырлғанымен, балаларға қатысты өлеңдері сошалық ерең зерттелінбеген.

М.Мақатаевтың балаларға арнап жазылған өлеңдерінің ерекшеліктерін тану жолында жасаған еңбегіміз үстінде біз де осындай қиындықтарға жолықтық. Әрине бұл табиғи құбылыс. Дегенімен біздің тақырып әлі күнге дейін тың, қалам тартылмаған, бет қабыршағына дық түспеген тақырып болатын. Жұмыстың ерешелігі мен қызықтығы осында болды. Ақынның өмірі, шығармашылық жолы, оның басқа да өлеңдері жайында айтылған пікірлер жеткілікті болғанымен, оның балалар әдебиетіндегі орны туралы материалдар азғантай. Балалар әдебиетінің соңғы кездерде көзден тасалау, елеусіздеу қалып келе жатқандығынан болса керек деп ойлаймыз. Жеке пікірлер айтылса айтылып та жүрген болар. Ал жүйелі еңбек етіп ескіні жаңартып, сол кездегі көзқарастарға өзгертулер енгізіп жеке кітап етіп шығарған қазіргі балалар әдебиеті мен оның өкілдері, олардың әдебиетке енгізіп жатқан ерекшеліктерімен немесе өзіндік таңбалары жөнінде жазып жүрген ешқандай ғалым ағаларымызды не әпкелерімізді кездестірмедік. Сондықтан да біздің жұмысымыз өзімізге аздап қиындық туғызады. Жұмысымызға арқау еткеніміз ақынның балаларға арнап жазған өлеңдері болды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың ұлттық рухта жазылған өлеңдеріне кеңінен тоқталып, оны көркемдік, тақрыптық жақтарынан зерттеу. Қадым заманнан қазірге дейінгі ұлтық белгілеріміз бен сапаларымыздың жай-күйіне назар сала отырып, нақты мысалдар арқылы Мұқағали поэзиясының көркемдік жүйесін ғылыми саралау. Негізгі мақсатты орындау үшін ғылыми жұмыста мынандай басты міндеттерді шешу алға қойылды.

- Зерттеуде Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмірінің негізгі кезеңдеріне тоқталу;

- Мұқағали шығармаларында мол көрініс табатын шеберлік тұғыры - тіл тазалығына, ой саралылығына, тебіреніс тереңдігіне көңіл бөліп, ұлттық тіл байлығын құбылтуы, қолданудағы көркемдік бейнелеу ерекшеліктеріне назар аудару;

- Балалар поэзиясына қойылатын көркемдік талаптарды ойға ала отырып, ақынның жеткен жетістіктерін саралау;

- Ақынның балаларға арналған әдеби мұрасын талдап, көркемдік мәнін, мазмұндық тұстарын жан-жақты ашу.

- М.Мақатаев шығармашыларының ұлттық рухын айқындау, тәрбиелік мәнін ашу.

Зерттеу тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін ақынның балаларға арналған өлеңдеріндегі көркемдік жүйелерге, ұлттық белгілерге, образдардың сұрыпталу ерекшелігі мен сомдалу дәрежесіне үңіліп, көтерілген идеялардың мәнділігіне назар аударылып, кешенді әдеби талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Дипломдық зерттеу жұмысын жазуда әдебиетттану ғылымындағы осы зерттеудің тақырыбына қатысы бар отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық талдаулары, тұжырымдары басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Ғылыми жоба кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.


























Мұқағали поэзия сарайының есігін өзі

ашып еркін төрледі, жыл асқан сайын өрледі...

М.Әлімбаев



1. Өлең болып өрілген ақын өмірі

Поэзия сөз өнері. Поэзия арқылы қаламгер әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алады. Оны жанды көрініске айналдыра алады. Ол айналамыздағы дүниені, өмірді танып-білудің күшті құралы, біздің қоғамдық ой-санамыздың, көркемдік-эстетикалық сезіміміздің үлкен өнімді саласы. Сөз қолдану шеберлігі, көркемдік шеберлік дегеніміз өмір құбылыстарын танып-білу, ұғып-түсіну қабілетімен көркем ой-сезім қуаттылығымен терең тамырланып, қабысып жататындығында.

Поэзияда тек тіл, сөз ғана емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркем дік қуат дарытатын, сипат, өң беретін сол ой-сезім тереңдігі, өткірлігі, әсер- лілігі.

Өлеңге, өлеңмен жазылған шығармадағы әрбір суретке, әрбір сөзге поэзиялық сәулет, поэзиялық нәр, көрік беретін нәрсе – ақындық ой-сезімнің таңдауы, талғауы, көркемділігі.

Ғасырлар қойнауынан тартқан бай тарихы, сан-салалы дәстүрі, алуан стильдік тармағы бар әдебиеттің даму жолына тыңнан соқпақ қосу – кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтіні белгілі. Әр ақын сөз өнеріне айтарлықтай жаңалық алып келе бермеуі мүмкін. Ақын өз шығармалары арқылы танылып, кейінгі әдебиетке үлгі боларлықтай дәрежеде болса, ұлттық болмысты таныта алса ғана рухани қазынаға қосылған өміршең жаңалық болмақ.

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының бұрынғы Нарынқол ауданындағы Қарасаз топырағында дүниеге келген. Ақынның азан шақырылып қойылған аты – Мұқаметқали. Бірақ, «пайғамбардың атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді», – деп ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен.

1948 жылы онжылдық мектепті бітіргеннен кейін ақын 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқып, өзінің туған ауылында ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отау меңгерушісі, жергілікті комсомол қызметкері, жетіжылдық мектепте мұғалімдік қызметтерін атқарады. Мұқағали өлеңдерін ең алғаш мектептің қабырғасында жүргенде жазып, бірді-екілі туындылары аудандық баспасөз беттерінде жарияланған. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылдары Мəскеудегі Əдебиет жəне өнер институтында оқыған болашақ ақын Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарғанда да, республикалық баспасөзде жұмыс істеген жылдарында да əдеби шығармашылық өмір тынысынан бір сəт те ажырамай, ақындық қабілетін одан əрі шыңдаған. «Қазақ əдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімдерінде қызмет атқарып, Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясында əдеби кеңесші болған, КСРО Жазушылар одағындағы қазақ əдебиеті бойынша кеңесші міндетін де атқарған.

Ақынның алғашқы жырлары 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінің беттерінде жарияланды. Жас ақын талантын алғаш рет елуінші жылдардың соңына таман Əбділда Тəжібаевтың аңғарып, сəтті сапар тілеп, бір топ өлеңдерін «Қазақ əдебиеті» газетінде жариялатуы – оның ақындық жолын біржолата айқындап берді, əдеби өмірге еркін араласуына жол ашты.

Мұқағалидың 1954 жылы «Əдебиет жəне искусство» (Жұлдыз) журналында бір топ өлеңдері жарық көрді. «Қазақ əдебиеті» газетінде өлеңдер топтамасы оқырманға жол тартты. Арада он жыл салып, 1964 жылы тұңғыш кітабы «Ильич» атты поэмалар жинағы жарыққа шықты. Ал, 1966 жылы «Армысыңдар, достарым!» атты өлеңдер мен поэмалар кітабы, 1967 жылы «Қарлығашым, келдің бе?» атты жыр жинағы оқырман қолына тиіп, қаламгерлік беті айқындалған, өзіндік қолтаңбасы бар ақынның тұлғасын танытты. Ақын өмір бойы: «Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы керек. Поэзияда философ болу – өзін қоршаған əлемді ұғыну, əр заттың мəнін білу, ақырына дейін адам жанының инженері болып қалу» деген қағиданы ұстанған. Мұқағали өлең жазумен бірге шахматты, аңға шығуды, балық аулауды өте жақсы көрген. Мұқағали 1949 жылдың көктем айында жары Лашынмен отау құрады. Ақынның Алмагүл, Шолпан, Лəззат атты қыздары, Жұлдыз, Айбар деген ұлдары бар. Майгүл атты қызы 10 жасында көлік апатынан қайтыс болған. Қазіргі таңда ақынның төрт немересі бар.

«Поэзия! Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедің?!», деп, тебіренетін Мұқағали бүкіл ғұмырын, жан дүниесін қалтқысыз өлең жолына арнады. Талантты да, шамырқанысты ғұмыр кешіп, үдете өнімді жазды. Таланты бай, ішкі рухани қуаты берік ақын небір тамаша лирикалық жырларын ұсынды. «Мавр» (1969), «Дариға жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975) жинақтары қазақ поэзиясында өзіндік белесті із қалдырып, өз оқырмандарын тапты.

Мұқағали Мақатаев «дəл қырықтың бесеуінде» «ұйықтап кетсем болғаны төсегімде» деп өлең жазып, дəл қырықтың бесеуінде бауыр циррозы ауруынан қайтыс болған. Тұңғыш кітабы «Ильич» 1964 жылы жарық көрсе, көзі тірісінде жарық көрген соңғы кітабы «Өмірдастанға» 1976 жылдың 2 ақпанында басуға қол қойылыпты. Осы он екі жылдың аралығында ақынның он бір кітабы жарық көріпті. «Ильич», «Армысыңдар, достарым!», «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр», «Шөп жапырақтары», «Сонеттер», «Құдыретті комедия», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмірдастан». Бірақ, ақынның жыл сайын дерлік шығып тұрған жыр жинақтары шетінен жұп-жұқа, кіп-кішкентай кітапшалар болатын. 1976 ақын қайтыс болғаннан кейін жарық көрген бір ғана «Өмір – өзен» кітабының көлемі (14, 5 табақ) көзі тірісінде жарық көрген бес кітабының көлемімен барабар болып шықты. Кешегі кеңес заманында бүкіл жазғанының тек төрттен бірі ғана шыққан қазақ ақыны тек Мұқағали. Оның атын да, даңқын да өзі өлгеннен кейін жарық көрген кітаптары шығарған. «Мен XXI ғасырдың құрдасымын. Бəлкім одан əрідегі ұрпақтардың туысымен да», деп жазған екен ақын өз күнделігінде. Қазіргі таңда ақынның осы сөзінің шындығына біздің көзіміз толықтай жетіп отыр. Арамызда ақынның өмір тарихын, поэзиясын білмейтін қазақ жастары жоқ шығар.

Мұқағали Мақатаев поэма, дастандарымен, талантты лирикалық шығармаларымен, əлем əдебиетінің кесек туындыларын қазақ тіліне аудару арқылы қазақ əдебиетінің тарихында ерекше орын алып, жарқын да, шынайы талантымен кеңінен танылып үлгерді. Ақын соңында бай да талантты қаламнан туған мұралар қалдырды. Оның жеке өмірі мен шығармашылық ізденістерінің ішкі бірлігі, тұтастығы, дүние құбылыстарына деген шыншыл да сезімтал ақындық көзқарасы туындыларынан барынша айқын аңғарылады. Шығармашылық өмірінің алғашқы қалыптасу кезеңі бүкіл кеңес əдебиетінде үлкен серпіліс тудырған алпысыншы жылдардағы «жылымық» жылдарына тұспа-тұс келген ақын дүниетанымы одан кейінгі социалистік қоғамдағы тоқыраудың əуелгі жылдарында күрделі қайшылықтарға ұшырады. Ал, өткен ғасырдың соңындағы қайта құру, қазақ елінің тəуелсіздік алу кезеңін ақын өз көзімен көре алмай кетті. «Бəсіре» (1981), «Зов души» (1981), «Соғады жүрек» деген екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы (1982), «Шолпан» (1984) атты кітаптары қалың оқырман қолына тиді. 1991 жылы үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді.

Мұқағали У. Уитменнің «Шөп жапырақтарын» (1969), В. Шекспирдің «Сонеттерін» (1970), Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бірінші бөлімін (1971) қазақ тіліне аударып жариялатты.

Мұқағали туған халқының ауыз әдебметі мен жазба әдебиет үлгілерінен мол сусындаған, өзгеше өнеге алған, сондықтан да оның өлеңдері халықтық, ұлттық сипаты айқын, дәстүрге өз жаңалығын қосып, сөз өнерін біршама байыта білген.

«Лирикада мінез болады. Ол ақынның мінезі. Өлеңім өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады» [1,29-б.], – дейді ғалым З.Қабдолов. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс – субъективті нәрсе; бірақ, сонымен қабат ол кәдімгі объективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, – лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады.

Мұқағали лирик ақын. Лирикада адам болмысының түгел көрініс табатыны, адам жанының сыры, ой-сезімі жоғары поэтикалық деңгейде өрнектелетіні аян. Лирик ақын көбіне өзімен-өзі іштей сырласып, ойды іштей саралап, өзіне-өзі сауал қойып, тоқтам айтып, өз ойын дәлелдеуге тырысады. Өз мақсатына жетуде түрлі көркемдік әдістерді құбылта отырып пайдаланады. Әсіресе өз кейіпкерінің ішкі сезімін, жан дүниесін, табиғатын, болмысын беруде пейзажды керемет пайдаланады. Табиғаттың сұлулығын бірде құлпырта сол күйінде суреттесе, енді бірде кейіпкерімен қатар ала отырып, салыстыра,



Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.




Ғылыми жобаның толық нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.08.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров115
Номер материала ДБ-157196
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх