Инфоурок / Информатика / Конспекты / Word мәтіндік редакторы.Жаңа құжат құру,сақтау,ашу.Құжаттарды форматттау. Мәтінді пішімдеу және редакциялау.

Word мәтіндік редакторы.Жаңа құжат құру,сақтау,ашу.Құжаттарды форматттау. Мәтінді пішімдеу және редакциялау.



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов


Пән аты:   Информатика

Сынып:  6 «В»

Күні__________________

 Сабақтың тақырыбы:  Кіріспе. ЕТ кабинетінде жұмыс істеу және қауіпсіздік техникасы ережелері.

Сабақтың  мақсаты:  

 Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

           Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.                                                                   

           Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,   пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

                          а) ұйымдастыру кезеңі

                          б) сабақ сұрау

                          в) бағалау

                          г) жаңа  сабақ

                          д) бекіту

                          е) үйге тапсырма

                          ж) қорытынды

Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:     

            Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок,  пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде  жұмыс істейді.

         І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:

1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды

2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.

3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.  4. Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.

5. Су киіммен, су  қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.

         ІІ. Жұмыс тәртібі:

1.   Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал  ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру керек.

2.   Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек. 

         ІІІ. Жұмыс кезінде:

1.    Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей  тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар.  Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.

2.    Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.

3.    Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.

4.     Аппаратураның  ақауын ешқашан өз беттеріңмен  жөңдеуге ұмтылмаңдар.

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды- бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта,  өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балалрға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

Үйге тапсырма:    Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік  техника ережесін сақтау. 

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,  бағалау. 

 

 

Бекітемін: Пән аты:   Информатика


Сынып:  6 «А, Ә, Б, В»

Күні___11.09.2015_______________

 Сабақтың тақырыбы:  Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Оқушылардың  ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул                                                                                         

Сабақтың  өту  барысы:

                   1.Оқушыларды ұйымдастыру.

                   2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

                   3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

                   4.Тапсырмаларды орындау.

                   5.Сабақты бекіту.

                   6.Үйге тапсырма беру

 Жаңа түсініктер:

             “Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio   cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б  салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс  түрінде  бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.

    Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің  негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта  да,  өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану,  зертеу нәтижесінде пайда болады.

           Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған  дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.

            Ақпарат материялымен  және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпарат түрлері

           Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

 1.      статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

2.      алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

3.      басқарушы және мәлімет беруші;

4.      объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

 Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:

Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.

Бейнелік  ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.







Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.

 

Сабақты бекіту сұрақтары:

 1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2. Адам  ақпараттың қандай түрлерін  қабылдай алады?

3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?

5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

Үйге  тапсырма:  Ақпарат қасиеттері.

 

 

 

 

 

 

 

 


























 













Пән аты:   Информатика

Сынып:  6 «А»

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі туралы түсінік беру.

Білімділік: Оқушылардың ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулықұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                          2.Үйге берген тапсырманы тексеру

                                          3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          4.Тапсырмаларды орындау

                                          5.Сабақты бекіту

                                          6.Үйге тапсырма

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:

                       Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

                       Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?

                       Байланыс тілі деп нені айтады?

                       Қандай тілдерді білесің?

                       Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?    

                       Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір       

Жаңа түсініктер:

           Хабардың, ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез-келген сақталатын,берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем, бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

                1 бай=8бит;

                1 кбайт(килобайт)=1024 байт;

                1 мбайт(мегабайт)=1024кбайт;

                1гбайт(гигабайт)=1024мбайт;

Сабақты  бекіту  сұрақтары:

Есептерді шығару.

1)      2048 байтта=         кб

2)      3 МБайтта=           кб

3)      4096 байтта=         кб

4)      6 байтта =            бит

5)      88 битте=             байт

6)      800 битте=           байт

7)      3072 МБайтта=      гбайт

 

Үйге тапсырма:

Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

 

Пән аты:   Информатика

Сынып:  6 «А»

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі туралы түсінік беру.

Білімділік: Оқушылардың ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулықұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                          2.Үйге берген тапсырманы тексеру

                                          3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          4.Тапсырмаларды орындау

                                          5.Сабақты бекіту

                                          6.Үйге тапсырма

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:

                       Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

                       Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?

                       Байланыс тілі деп нені айтады?

                       Қандай тілдерді білесің?

                       Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?    

                       Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір       

Жаңа түсініктер:

           Хабардың, ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез-келген сақталатын,берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем, бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

                1 бай=8бит;

                1 кбайт(килобайт)=1024 байт;

                1 мбайт(мегабайт)=1024кбайт;

                1гбайт(гигабайт)=1024мбайт;

Сабақты  бекіту  сұрақтары:

Есептерді шығару.

1)      2048 байтта=         кб

2)      3 МБайтта=           кб

3)      4096 байтта=         кб

4)      6 байтта =            бит

5)      88 битте=             байт

6)      800 битте=           байт

7)      3072 МБайтта=      гбайт

 

Үйге тапсырма:

Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

 

 

Пән аты:   Информатика

Сынып:  6 «А»

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Ақпарат қасиеті.  Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Тақырыптары бойынша алған білімдерін бекіту.

Білімділік: Ақпарат және ақпараттың қасиеттері жайлы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулықұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                          2.Үйге берген тапсырманы тексеру

                                          3.Практикалық тапсрмалар тарату

                                          4.Тапсырмаларды тексеру

                                          5.Үйге тапсырма

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:

                       Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері қандай?

Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау қалай жасалады?

Кодтаудың турлері қандай?

ASCII дегеніміз не?

                      Кодтан шығару деген не?

 

Практикалық тапсырмалар:

   Тапсырма 1. Сұраққа жауап бер. Мен үшін ақпарат деген бұл –

Ұғым

Жауаптар(+; - )

Мен бұрын білмеген жаңалықтар

 

Компьютердің жадысында сақталғандар

 

Қоршаған орта туралы мәлімет

 

Не нәрсені естісемде,көрсемде,сезінсемде

 

Не нәрсені радиодан, теледидардан хабарласа,хаттарда жазылса

 

Не нәрсе  жазбаларда,кітаптарда,

фильмдерде,фотосуреттерде сақтағандар

 

Менің қоршауымдағы бәрлық өзгерістер

 

Менің қоршаған  айналамдағы барлық заттар

 

 

Тапсырма 2.  Кестені өзің алған ақпаратқа мысалдармен сол ақпарат алған көздерді жаз.

Ақпарат

Ақпарат көзі

 

Информатика сабағы

Тоққа қосылған үтікке қол тигізу қауіпті

Апаңның ескертуі

Тұратын уақыт болды

 

 

Бағдаршам

Қосындылардың орнын ауыстырғанмен олардың қосындысы өзгермейді

 

 

Тапсырма 3. Кестені толтыр.

Ақпарат қабылдау арнасы

Ақпарат қабылдау түрі

Сезім мүшелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сезіну

Бейнелік- тері арқылы ақпарат алу

 

Тапсырмаларды тексеру.

Үйге тапсырма:  Өткен тақырыптарды қайталау.

 

 



Бекітемін:

Пән аты:   Информатика

Сынып:  6 «А» «Ә» «Б»

Күні 9.10.15ж

Сабақтың тақырыбы: Есептеу  техникасының  даму  тарихы,  Компьютердің буыны.ДК сәулетінің замануи даму бағыттары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға есептеу  техникасының  даму  тарихы,  электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері туралы түсінік беру.

Білімділік: Оқушылардың есептеу  техникасының  даму  тарихымен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                          2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          3.Тапсырмаларды орындау

                                          4.Сабақты бекіту

                                          5.Үйге тапсырма

Жаңа түсініктер:

Есептеуіш техниканың даму тарихы

           Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын,тастарды,ағаш таяқшаларды пайдаланды

           Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында балған.

           Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған

           17 ғасырдың аяғында  шотландиялық Джон Непер  логорифм түсінігін енгізді.логорифм кестесін құрды.

            1761 ж.Ағылшын Д.Робертсон логорорифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Иссак Ньютон  ұсынған.            1642 жылы француз математиці Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.

           1694 ж неміс математиці Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды.Есептеуіш техниканың XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.

           1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады.Он казіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.

        Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.

       XIX ғасырдың соңында американдық Герман Халлериат есепші перфарциялық машинасын құрды.Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлериат  есепші-перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. 1944 американ математигі         Говард айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.Бірінші  электронды машиналар  1946 жылы  Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы  EDSAC  машинасы құрастырылды.

ЭЕМ буындары:

Бірінші буында – бірінші электрондық машиналар 1940-195 жылдар

Екінші буынға 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер, таранзисторлар пайа бола бастады.

Үшінші буынға – интегралдық негізінде құрылған  ЭЕМ-дер.

Қазіргі кездегі компьютерлер төртінші  буынға жатады.

Бесінші буындағы  компьютерлер әлі шыққан жоқ.

Сабақты  бекіту сұрақтары:

1.       бірінші  электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?

2.       Марк-1 машинасы қандай элементтерде жатады?

3.       Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

4.       ЭЕМ  буындарын атаңдар. Олардың бір-біірнен йырмашылығы неде?

5.       Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

Үйге тапсырма:

Есептеуіш техниканың даму тарихы.

 

 

Бекітемін:

Пән аты:   Информатика

Сынып:  6 «В»

Күні 23.10.15ж

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм жəне оның орындаушылары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритм жəне оның атқарушылары туралы түсінік беру.

Білімділік: Оқушылардың есептеу  техникасының  даму  тарихымен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулықұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                          2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          3.Тапсырмаларды орындау

                                          4.Сабақты бекіту

                                          5.Үйге тапсырма

Жаңа түсініктер:

Анықтама. Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

            Алгоритм құруға мысалдар: Жолдан өту ,қалааралық телефонмен байланысу, қазынаны іздеу, т. б. келтіруді ұсынуға болады. Күн тәртібі, шай қайнату, үй тапсырмасын орындау, компьютерде ойнау, футбол ойнау, шахмат ойнау, т. б. алгоритмдерді талдап мысал келтіруге болады.

           

Мысал: Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек:

             1. Орта мектепті бітіріп ,аттестат алу.

2. Ұлттық бірыңғай тест бойынша сынақ тапсыру.

3. Тест қорытындысы бойынша жиныған балл көрсетілген құжаттардың конкурсқа тапсыру .

4. Конкурстан өту.

Алгоритмнің қасиеттері:

1.  Айқын,дәл өрнектелуі.

2.   Үзіктілігі.

3.   Нәтижелілігі.

4.   Жалпыламалығы.

5.    Формалды орындалуы.

            1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген әрбір іс-әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті болуы тиіс. Алгортмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп шығару жолы бірмәнді  анықталғандықтан орындаушы алгоритм командаларын ойланбай орындауына болады.

            2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритм орындау процесі бірнеше қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді, әр қадам өз кезегінде жеке әрекеттерге жіктеледі.Бір қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. Бұл әрекеттерсаны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы  келесі  әректтің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды.

            3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет. Әрбір алгоритмде бастапқы деректер болады, алгоритм орындалып болғанда нәтиже шығады.Мысалы, сандарды қосу алгортмі үшін қосылғыштардың мәні- бастапқы деректер, нәтижесі - қосынды болады. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталана беріп нәтиже бермейді. Ондай алгоритм циклден шықпайтын, нәтижесіз  болғандықтан қайта құру  қажет .

           






4.Алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті.

Белгілі бір алгоритм жеке есепті ғана емес, оған ұқсас басқа да есептер ді шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана өзгеше болады. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a,b,cмәндері үшін құрылады. Ал берілген бұрыштың синусын анықтау алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның (sin) нақты мәнін есептеуге мүмкіндік береді, т. с. с.

            5.Алгоритмнің формалды орындалуы.

                        Орындаушы алгоритм мағынасын,есептің қойылуын түсінбегенмен, әр команданы (әрекетті) орындай отырып, дұрыс нәтиже алады. Алгоритм қадамдарында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындау үшін, әрбір әрекет орындаушыға  түсінікті болуы қажет. Мысалы, х санын квадратта дегенді төменгі сынып оқушылары түсінбейді, ал оны х санын  х санына көбейт деп айтса, онда бұл айтылғанды олар орындай алады. Демек, алгоритм белгілі бір орындаушыға (адамға, адамдардың білім деңгейіне, машинаға т. б.) арналып құрылады.

            Орындаушы алгоритм командаларын орындай отырып, өзі атқарып отырған істің мән – жайына көңіл аудармай - ақ белгілі бір нәтиже ала алады, яғни орындаушы формалды әрекет етеді. Алгоритмнің бұл маңызды ерекшелігін оның формалды орындалуы деп  аталады. Бұл қасиет алгоритмнің орындалуын компьютерге жүктеуге мүмкіндік береді.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.

Бағалау

 








































Пән аты:   Информатика

Сынып:  6 «А»

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмді жазу пішімдері.

Білімділік: Оқушылардың есептеу  техникасының  даму  тарихымен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулықұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                          2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          3.Тапсырмаларды орындау

                                          4.Сабақты бекіту

                                          5.Үйге тапсырма

Жаңа түсініктер:

Алгоритмнің өрнектелу жолдары:

1)      табиғи тіл арқылы жазу;

2)      белгілі бір түйінде сөздер- терминдер (псевдокодтар – жасырын кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады;

3)      графиктік түрде (блок – схема арқылы) жазу;

4)      программалау тілдерінде жазу.

 

Атқаратын қызметіне қарай блоктар негізгі және көмекші болып бөлінеді.Негізгі блоктарға өңдеу (процесс, арифметикалық амал ), шартын тексеру (логикалық),енгізу және шығару блоктары жатады. Көмекші блоктарға алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы және байланыс сызықтары жатады.Орындалатын амалдар мүмкіндігінше блоктардың ішіне жазылады.

           

Блок – схема құруда келесі ережелер сақталуы қажет:

 

  • блок – схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсететін блок болуы керек;

  • блок – схемада бірімен – бірі қосылмаған блоктар болмауы тиіс;

  • блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет;

  •  

 

y: a+ b

 

арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ену, бір шығу сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түріндегі логикалық блоктың бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет.

 

Ал алтыбұрышты фигурамен берілген цикл басы блогының екі кіру және екі шығу сызығы болады. 

Мысалы, y = a + b  формуласы бойынша есептеу алгоритмінің схемасы

 

 

 

  • Алгоритмді бастау блогы;

  • а мен b мәндерін енгізу;

  • y = a + b өрнегін есептеу;

  • y = мәнін басуға шығару;

  • алгоритмді аяқтау.

 

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

Бағалау

 

 

Пән аты:   Информатика

Сынып:  6 «А»

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері: сызықты алгоритмдер.

Білімділік: Оқушыларды сызықты алгоритмімен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулықұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                          2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          3.Тапсырмаларды орындау

                                          4.Сабақты бекіту

                                          5.Үйге тапсырма

Жаңа түсініктер:

Анықтама. Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық, тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

1.                Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм өрнектелуіне қарай тізбектелген командалардан,ал блок схемалары бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.

Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.

1)                Тамақтану алгоритмін блок схема түрінде кесіндеңдер.

2)                Үй жұмысын дайындау алгоритмін блок схема түрінде кесіндеңдер.

3)                y=x2+5 есебін есептеу алгоритмін блок схема түрінде құру.

 

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Тақырыпты оқу.

Бағалау

 

 

 

Пән аты:   Информатика

Сынып:  6 «А»

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері: тармақталу алгоритмі.

Білімділік: Оқушыларды тармақталу алгоритмімен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулықұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                          2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          3.Тапсырмаларды орындау

                                          4.Сабақты бекіту

                                          5.Үйге тапсырма

Жаңа түсініктер:

2. Тармақталу алгоритмдері. Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобы тармақталу алгоритмдері деп аталады.

                                                   

                                          Иә    жоқ                                    

 

 

 

Тармақталу алгоритмі. схемасының бұл түріне міндетті түрде шартты тексеру блогы кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 және  2 сызықтары арқылы байланысады.Тармақталу алгоритмдерінің толымды түрі екі серияның бірін ғана таңдауды іске асырады, мұнда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт орындалса, онда 1-серия жүзеге асырылып, содан кейін келесі амалдарға көшеді. Ал, кері жағдайда 2- серия атқарылып, содан кейін ғана алгоритм ары қарай орындалады.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Тақырыпты оқу.

Бағалау



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Пәні Информатика Сыныбы 8 «А» «Ә» «Б» «В» Күні 14.11.15 ж

Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторы.Жаңа құжат құру,сақтау,ашу.Құжаттарды форматттау. Мәтінді пішімдеу және редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.Ø
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.Ø
Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.Ø
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:,WordPad редакторы, карточкалар.Ø
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырылуы. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сұрақ-жауап арқылы
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішіннен басқа пішінге өзгерту үшін пайдаланылады.
WordPad мәтіндік редакторы.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтіндер дайындауда кеңінен пайдаланылады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бір - біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, әр тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, «көлемді» пішін беруге, көлеңкелеуге және т.б.) орналастыруға болады.WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.

WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
WordPad бағдарламасын іске қосу.
Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау.
Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау.





Общая информация

Номер материала: ДВ-175832

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>