Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / Word. Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат ғылыми жоба 27 бет
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Word. Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат ғылыми жоба 27 бет

библиотека
материалов




МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ ..............................................................................................................3


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2. 1 Қорқыт ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген

қазақ даласының ғұламасы.................................................................................5


2. 2 Қорқыт туралы аңыздар ..............................................................................8


2. 3 «Қорқыт ата кітабы» және қолжазба нұсқалары ....................................12


2. 4 «Қорқыт ата кітабының» композициялық  құрылысы............................13



ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................25


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .........................................................26



















Аңдатпа

46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің 9 «Ә» сынып оқушысы Әбілдаева Жансаяның «Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат» атты ғылым жобасы ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері Қорқыт жайындағы аңыз бен ақиқатты танып білуге, ол жайлы зерттеулер мен тарихи деректерді ашып көрсетуге арналған.

Жұмыстың мақсаты: Қобызбен күй шалуды алғаш орнықтырушы, ел қамы мен халық тағдырын болжай білген көріпкел бақсы, күйші, аңыз кейіпкері, Сыр бойында өмір сүрген батыр Қарақожаұлы Қорқыт жайлы аңыз бен ақиқаттың бетін ашу, оның артында қалған мұралары, олар туралы зерттеулер жайлы жаңаша талдаулар жасау, жас ұрпаққа оның өнегелі өмірін паш ету.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Қорқыт бабамыз жайлы тереңірек талдай жасай отырып, ол туралы аңыздар мен ақиқаттардың ара жігін ашып көрсетсек, оның жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпшақ және қаңлы тайпаларын басқарған данышпан кісі болғандығын таныта алсақ, мұраларының, нақыл сөздерінің жастар тәрбиесіндегі алар орнын көрсете алсақ, онда оның қазақ тарихындағы орны жоғары дәрежеде айқындалып, жас ұрпақтың бойында ата-бабаларымыздың атқарған істеріне, тарихымыз бен мәдениетімізге деген құрметтері артып, олардың бойында ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттері арта түсер еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Бабалар ісін ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта Қорқыт мұраларын әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге көмекші құрал, сондай-ақ мектептің тарих пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

  • Қорқыт Қарақожаұлының өмірі жайлы тың деректермен, жаңа зерттеулермен таныстырылды;

  • Оның шығармаларын зерттеген ғалымдар еңбектері, музыкалық мұраларын бүгінге жеткізуші мұрагерлері жайлы зерттелінді;

  • Қорқыт жайлы аңыздар зерделенді;

  • «Қорқыт ата кітабының» композициялық құрылымына талдау жасалынды;

Жұмыстың орындалу әдістері. Қорқыт туралы зерттеулермен, оның мұраларымен терең танысу, естеліктер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, тарихи талдау, салыстыру әдістері қолданылған.





Аннотация


В данной исследовательской работе ученицы 8 «Ә» класса средней школы №244 имени Ибрая Жахаева на тему «Дух патриотизма в произведениях Даулетбека Байдрахманулы», проведен анализ стихотворений поэта, его вклад в казахской литературе и развитие творческой жизни.

Цель работы: Обширное знакомство с творческой жизнью поэта Даулетбека Байдрахманова, глубокий анализ произведений на патриотическую тему и его вклад в казахской литературе.

Научный прогноз исследовательской работы:

Всесторонне проанализировав творческую жизнь Даулетбека Байдрахманулы и выявив личностную значимость в истории казахской литературы, молодое поколение будет гордиться подвигами своих предков, уважать литературу и культуру своего народа.

Теоретическая значимость исследования:

Выявлено, что нужно уважать и гордиться подвигами предков, периодически вспоминать о них.

Практическая значимость исследования:

В будущем, материалы, собранные в результате исследования, послужать для интересующихся лиц ценным пособием. А также можно внедрить в программу эллективных курсов по литературе.

Результаты данного исследования:

  • исследование творческой жизни Д.Байдрахманулы;

  • обширный анализ стихотворений поэта на патриотическую тему;

  • выявлен личностьный вклад в казахской литературе.

Методы проведения работы:

Знакомство с творческой жизнью писателя, собрание воспоминаний, научное исследование, литературный анализ, сопоставление.








Кіріспе


Түбі бір түркі халықтарына ортақ жәдігерлер түркі тектес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының мәңгі рухани баға жетпес мұралары болып табылады. Ежелгі замандардан сыр шертетін осындай құнды мұраның бірі – түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты ақын, дәулескер күйші, ақылгөй, данышпан, жырау әрі философиялық мазмұны аса терең аңыздардың кейіпкері – Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Қорқыт ата туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткендігі белгілі. Олар: ел аузындағы Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, тарихи шежірелер және «Қорқыт ата кітабы».

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы 12 қарашада «Қорқыт және түркі әлемі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысушыларға арнаған құттықтауында төмендегідей пікір айтты: «Түбі бір түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты ақын, дәулескер күйші, философиялық мазмұны аса терең аңыздардың кейіпкері Қорқыт бабамыз баршамыздың рухани болмысымыздың алтын арқауы болып табылады. Егемендікке қол жетіп, өзінің өткеніне көз жібере бастаған қазақ халқы үшін Қорқыт бабамыз қалдырған гуманистік ниеттегі дидактикалық мұралардың маңызы өзгеше зор дер едім. Өйткені оның осыдан он ғасырдан астам уақыт бұрын айтқан өсиет қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен де жақсы үйлесім тауып отыр».

Зерттеу жұмысының өзектілігі. «Өлген кісі тірілмес, өткен қайтып келмес», дейді абыз өзінің сөзінде. Иә, өткенді қадірлеуге, одан сабақ алуға болады, бірақ оған қайтып оралу жоқ екен, тек ілгері ұмтылу қажет. Осы қарапайым айтылған кемел ойды келешегіне үлкен бағдар белгілеп, әлемдік өркениет көшіне ілесіп, Орталық Азияның Барысы болуға бекем бел байлап отырған бәріміз де мұқият зерделесек болады.

Аңыз бойынша Қорқыт бабамыз адамның өлімнен қашып құтылмайтындығы, оның ғұмырын жарық дүниеде бітіріп кеткен жасампаздық ісі мен өшпес өнері ғана жалғастыра алатындығы туралы данышпандық, пәлсапалық байлам қалдырды. Осы ғаламат ой әрбір саналы жанның ғұмыр бойы темірқазық етіп ұстар бағдаршамы болуға лайық десек, қателеспейміз...» (1, 2-б.).

«Қорқыт ата кітабы» түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы ХІІ-ХІІІ ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т. б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды.

Ал Қорқыт атаның өзі туралы бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә. Марғұлан төмендегідей пікір айтады: «Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады» (2, 135-б.).

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қобызбен күй шалуды алғаш орнықтырушы, ел қамы мен халық тағдырын болжай білген көріпкел бақсы, күйші, аңыз кейіпкері, Сыр бойында өмір сүрген батыр Қарақожаұлы Қорқыт жайлы аңыз бен ақиқаттың бетін ашу, оның артында қалған мұралары, олар туралы зерттеулер жайлы жаңаша талдаулар жасау, жас ұрпаққа оның өнегелі өмірін паш ету.

Зерттеудің міндеттері:

  • Қорқыт Қарақожаұлының өмірі жайлы тың деректермен, жаңа зерттеулермен танысу;

  • Оның шығармаларын зерттеген ғалымдар еңбектері, музыкалық мұраларын бүгінге жеткізуші мұрагерлері жайлы зерттеп білу;

  • Қорқыт жайлы аңыздарды зерделеу;

  • «Қорқыт ата кітабының» композициялық құрылымына талдау жасау;



































Негізгі бөлім


2. 1 Қорқыт ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген қазақ даласының ғұламасы


Тарихи деректермен халық шежіресі бойынша, Қорқыт – ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан екені мәлім. Міне, сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел ағасы атанған.   

«Қорқыт» атауы Шоқан Уәлиханов пен Г.Н.Потаниннің болжауы бойынша «қорқ» - қорқу, қорқамын, қорқыту, өлімнен қорқып қашу, бақсылық үшін қолданылатын іс-әрекет десе, профессор Ә.Қоңыратбаев «хор» - тайпа атына жақындығын айта келіп «құт» сөзінің ескі жұрнақ екенін, Қорқыт – оғыздардың құты, ойшыл, сәуегейі «құт әкелетін адам» тұлғасы бейнеленген, – деп қорытындылайды.

Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Ал оның теңдесі жоқ күйші-композитор болғандығын халық жадында сақталған «Қорқыт ата күйі», «Қорқыт сарыны», т. б. музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір-ұстаз тұтқан. Олар өздерінің өлең жырларын бастар алдында, алдымен Қорқыт атаның есімін ауызға алуды шарт деп білген:

Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған барлық бақсы асқан ата.

Таңғалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.

Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан секілді. Қорқыт атаның жан тебірентерлік сиқырлы күйлері, ұлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келе жатыр.

Қорқытты асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты жырау деп, мазар-күмбезіне (қорым, пантеон) бас ию сонау оғыз-қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында) халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, оны Қорқыт атаның күй тартатын жері деп, басына күзетші, шырақ жағушы адам қойып жүрді. Қорқыт ата күмбезі шамамен ІХ-ХІ ғасырларда салынған.

Қорқыт – жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпшақ және қаңлы тайпаларын басқарған данышпан кісі бейнесімен VIII-IX ғасырларда-ақ аңыз кейіпкері болған жан. Қорқыт ата жөніндегі жыр-дастан алғаш қыпшақ даласы мен Сыр бойында туып, халық эпосының дәстүрі бойынша сан ғасырлар бойы ауызша айтылып келген. Тек XVI ғасырда ғана Қорқыт есімімен байланысты бұл дастан қағазға түсірілген.

Енді оғыздар жөнінде бірер сөз айта кетейік. Оғыздар Кавказ өңіріне қоныс аудармай тұрған кезде олардың түбегейлі мекені Қаратау өңірі, Бөген, Шаян және Арыс маңайы болған. Араб ғалымы Әбу Исхах ибн Мүхаммед әл-Фариси әл-Истахридің (850-934) жағрафиялық еңбегінде Келес даласында болған оғыздар қонысы туралы құнды деректер бар. Осы еңбекте «Келес даласында, Ангрен мен Шыршық аңғарында, Шатқал және Угам жоталарының баурайында оғыздар қыпшақтармен және басқа түркі тілдес топтармен аралас мекендеген», деп жазылған (3, 269).

Оғыз тайпалары, сондай-ақ Сырдарияның төменгі ағысында мекен еткен. Истахридің айтуы бойынша, Сыр бойында тұрған оғыз тайпаларының ең маңызды қалалары Янги-Кент (Жаңакент), Жент, Өзкент (Өгізкент), Баршынкент (Қыз қала), Сүткент, т. б. болған. Оғыздармен қатар Сырдария бойында қыпшақ тайпалары да тұрған. Олардың басты қалалары Сығанақ, Сауран, Отырар, т. б. кенттер еді. Демек, қазақ халқының рухани тұрмыс-тіршілігіне оғыздардың тигізген ықпалы аз болған жоқ. Кейінірек XI ғасырдың орта кезінде оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардың тегеурінінен Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға қоныс аударып кетті. Ал сонда осында қалып қойған оғыз тайпалары қазақ қауымын құрысуға қатынасып, солардың этникалық құрамына біржола сіңіп кеткені мәлім.

Қорқыт ата – қара қобызды түркі жұртының аруақты аспабына айналдырған ұлы күйші, түркі саз өнерінің негізін қалаушы. «Күй атасы – Қорқыт» дейді қазақ халқы. «Қорқыт Шығыстың ең алғашқы бақсысы» дейді Шоқан Уәлиханов. Қай пікірде де шындық бар. Күй өнері, қобыз тарту үрдісі Қорқыттан басталғаны тарихи шындық болу керек, сірә?! Бұл пікірімізге, он үш ғасыр бойы жоғалмай, сиқыры мен сазын сақтап бізге жеткен Қорқыт Атамыздың өз күйлері. Бұл пікірімізге Қорқыт Ата қалыптастырған өзгеше күй мектебінің Кетбұға, Асан Қайғы, Қожеке, Ықылас дәстүрлері түрінде бізге жеткені айғақ.

Қадым заманнан Сыр суының төменгі ағысында тұрған Жаңакент қаласы ұзақ жылдар бойы оғыз мемлекетінің астанасы болған. «Су аяғы Қорқыт» деген мақал осыдан шыққан. Сөйтіп, тарихи болмысы ғылымға мәлім Қорқыт атаның туып, өмірге келген, тіршілік еткен, атақты күй-жырларын, нақыл-ғибрат сөздерін шығарған, күллі адамзатқа мәңгілік өмір іздеген, ақырында дүние салған жері де осы Сырдарияның төменгі ағысы, Қармақшы қыстағының маңы, ескі қорымы тұрған жер.

Қорқыт туралы әңгімелер мифологиясы, болжамдар VII-IХ ғасырларда Сыр бойы оғыз-қыпшақ тайпаларының ауыз әдебиетінде айтылып, Орта Азия, Кавказ, Түркия, Балқан түбегі аймағында таралып, Қорқыт ата айтқан нақыл сөздер қазақ мақал-мәтелдерінде, жыр жолдарында, жыраулардың толғауларында өзгермей сақталып, халқымыздың жыраулық, бақсылық, қобыз-күй атасы, көріпкел, ақылгөй, адамгершіліктің жоғарғы шыңына баулитын тарихи-өнегелі тұлға ретінде танылады. Сыр бойындағы Шөмекей (Сарыбай) елінде Құлназар ақын Қорқыт ата туралы:

Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан,

Қазылған көрді көріп қатты сасқан.



Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.




Ғылыми жобаның толық нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!



Автор
Дата добавления 15.08.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров244
Номер материала ДБ-157189
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх