Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Ошағанның емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бет
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Word. Ошағанның емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бет

библиотека
материалов

Ошағанның емдік қасиеттері


МАЗМҰНЫ



І. Кіріспе …...............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім


2. 1 Ошаған өсімдігіне сипаттама..........................................................6


2. 2 Ошағанның адам ағзасына пайдасы және

емдік қасиеттері ..............................................................................10

2. 3 Ошаған майының пайдасы............................................................15


ІІІ. Қорытынды ......................................................................................18

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................20










Кіріспе


Қазақстанның өсімдік әлемі әртүрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40%-нан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Өсімдіктерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде дамыған елдердің медицина саласындағы басым ғылыми жұмыстары жаңа, жоғарғы технологиямен дәрілік өсімдіктерден препараттар алуға бағытталған. Оның себебі, дүние жүзінің халықтарының 70–80% дәстүрлі медицина әдістерін пайдаланады. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Кейбір дәрілік өсімдіктердің дәрілік қасиеттері әртүрлі болғандықтан, әр аймақтың халқы дәрілік өсімдіктерді өздерінше пайдалануы мүмкін. Өйткені халық медицинасында қолданылатын көптеген дәрілік өсімдіктер ғылыми медицинада әлі күнге дейін белгісіз болып келеді. Өнеркәсіптің дәрілік шикізаттарға сұранысының артуына байланысты, олардың республика көлемінде өсетін жерлерін зерттеу және қорларын анықтау аса маңызды міндет болып табылады [1]. Дәрілік өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады. Дәрілік өсімдіктерді зерттеп, емдік қасиетін анықтап, таныстыру ісінде республикада бірқатар жұмыстар атқарылуда. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін тереңірек білу үшін олардың жеке даму циклдарындағы морфологиялық және анатомиялық құрылысының ерекшеліктерін білу ол өсімдіктерден алынатын шипа затты фармакологияда пайдалануға, сапасын арттыруға, экологиялық сипатын, жүйелілік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді [2]. Оңтүстік Қазақстанның флорасында 3000-дай түрлі өсімдіктер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар.

Өсімдік –тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды.

Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді.Сондықтан халық өсімдіктерді – басқа пана, жанға сая деп бағалаған.Қазақстан Республикасы территориясында 6000–нан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 500 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады.

Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай.Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі.Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр.Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.

Дәрілік өсімдіктер – қазіргі кезге дейін әр түрлі дәрілік препараттар алатын шикі заттың негізгі көзі болып табылады.Қазіргі кезде олардың 40%-ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.

Жүрек –қан тамырларының ауруларын емдеуде , олар 80%-ға дейін, ал бауыр және асқазан –ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды.[12]. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда.

Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Индия фармакологтары өз елінің флорасында өсімдіктің 800 –ге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу тәсілдері осы Индия, Қытай, Жапон елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру- сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі дәрмек түрлері өте көп.

Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінелік жұмыстар жүргізілге. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.

Фармаколог Ли Ши- Чжень ХVI ғасырда, өзінің 27 жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, 52 томдық дәрігерлік еңбегін шығарған.Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің 2000-ға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан әрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.

Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған.

Зерттеудің мақсаты: Ошаған және оның майы мен тұнбасының өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Ошағаннан дайындалатын ем-домдардың жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.

Міндеттері:

- Ошаған өсімдігіне сипаттама беріледі;

- Ошағанның адам ағзасына пайдасы және емдік қасиеттеріне терең талдау жасалады;

- Ошаған майының пайдасын жан-жақты зерттеп білеміз.












Негізгі бөлім


2. 1 Ошаған өсімдігіне сипаттама


Ошаған (Agrimonia) – раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктер.

Ошаған – гүлдің аты, дала гүліне жатады.

Қазақ бұл гүлді «ошаған гүл», «кәрқыз» деп екі түрлі атпен атайды. Қазақ гүл танушылары ошағанды күрделі гүлдер тұқымдасына жатқызады. Біржылдық шөптесін өсімдік деп қарайды. Жапырағы бүтін жиекті не ара тісті, бір үйлі, кезектесіп орналасады. Аталығында 5 аналық гүл себеттері болады. Тұқымы ұзынша, екі бүйірі қысыңқы, қос тұқымды, жаңғақша. Тың сабақты, көп бұтақты, тікенді келеді.  Жер жүзінде 25 түрі бар. Ең көп, ең көлемді тараған, даңсалы өсімдіктер санатына кіреді. Тамыз, қыркүйек айларында гүлдейді. Тұқымы сұр жасыл түсті болады. Ошаған құрамында йод көп. Сондықтан «дәрі шөп», «дәрі гүл», «ем гүл» деп атаған.

hello_html_3052b850.jpg

Ошағанның тағы бір түрі – оның бой биіктігі 1-2 метр шамасында болады. Тамыры жуан, тұмар тәрізді келеді. Оның көп шашақ тамырлары болады. Сабағы тың өседі. Жоғарғы жағынан бұтақшалары өсіп шығады. Түп жағындағы жапырағы топтасып өседі, жапырағы өте үлкен келеді. Сопақша жұмыртқа формалы. Бәрі де шашақты келеді. Шоқтас гүлі басында өседі, қызыл күрең түсті. Сыртқы басы гүл, ортаншысы шар тәріздес болады. Гүл ораншысының ұш жағы ілмек, ине тәрізді. Тұқымша жемісі сопақтау, төңкерілген жұмыртқа формалы, сұрғылт түсті. Егіс атыздарында, жол жағаларында, арық бойларында, жазық шөпті жерлерде, қоныс маңында көп өседі. Ошағанның  тамыры, жапырағы, сабағы, жемісі, тұқымы дәрі болады. күз маусымында тамырын қазып алып, күнге кептіреді, жұмсартып турайды, жазда жапырағын жастай не кептіріп пайдаланды, дәрілік қорға сақтайды.

hello_html_m3302c0de.jpg

Қазақтың әдеби тіл өнерінде: «Ошағандай жабысып алды», «кәріқыздың тікеніндей» деген сөз тіркестері бар.

«Есік алды ошаған,

Ұстатпайды қашаған.

Қайта айналып келгенше,

Аман болсын босағам», (сыңсу)- деген өлең жолдары бар.

Ен далада еркін көшіп, таңдаған құтты қонысына қонған қазақ халқының есік алдында, іргесінде ошаған гүлі өсіп-өніп тұратыны анық.

Қазақстанда тау баурайларында, жазғытұрым су жайылған жерлерде, жол жиегінде, бақтарда, қарағайлы және жаңғақты ормандардың арасында өсетін 2 түрі (азия Ошағаны және түкті Ошаған) кездеседі. Олардың биіктігі 25 – 140 см. жапырақтарының жиегі тілімделіп келген, олар сабаққа қарама-қарсы Тамыры жуан, сабағы тік өседі, оның сыртын безді түк жапқан. Жапырағының үстінгі беті жасыл түсті, ал астыңғы беті – сұрғылт жасыл түсті, шеттері тегіс емес. Қауырсын тәрізді тақ  орналасады. Тостағанша, күлте жапырақшаларының саны – бесеуден. Сары түсті, бес тілімді гүлдері ұзын шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – сыртын ширатылған қыл жапқан жаңғақша. Жемісі піскенде адамның киіміне және жануарлардың жүніне жабысады. Ошағанның құрамында илік және бояғыш (сары түсті) заттар бар.

hello_html_m324a4579.jpg

Ошағанның тамыры емдік мақсатта қолдануға күз айларының аяғына қарай жиналады. Бір жылдық өскіндердің ғана тамырларын жинау керек. Жинау кезінде тек топырағынан ғана сілку арқылы тазартылады яғни жумау керек. Кебіңкіреген топырақ қалдықтарын сол алғашқы күні ақ щетка мен тазаланады.Ошаған тамырының тұнбалары мен қайнатпалары гастриттерді, асқазан мен ұлтабар жараларын, іріңдерді, сыздауықтарды емдеуге қолданылады.  Қан құрамын жақсартуға үлкен көмегі бар. Қуық және жыныс мүшелерінде болатын түрлі кеселдерге ошаған қайнатпасының пайдасы бар. Сондай ақ подаграны, ревматизмді, геморройды, жиі іш қатқан жағдайларда және қант диабетін емдеуге қолданылады.

Олардың құрамында эфир майлары, илік заттар, пигменттер, ащы заттар, К витамині және органикалық қышқылдар болады.

Бұл арамшөптің басқа түрінен айырмашылығы – ол мал үшін улы емес, бірақ балық үшін уытты екен. 2002 жылы  Ресейдің Курск медициналық академиясының ғалымдары ошағанның химиялық құрамын зерттеді. Зерттеу жұмыстары шөп құрамында халин, аскорбин қышқылы, илік заттар және ең бастысы, сабын өндірісінде кеңінен қолданылатын сапаниннің бар екенін көрсетті. Дегенмен, суда жақсы еритін бұл зат өсімдіктің түрлі бөліктерінде – жапырағында, сабағында, тамырында, гүлінде, тұқымында болады.

Ол жазда өсіп, тұқым шашады да, күзге қарай өліп қалады. Қыс ішінде өсімдіктің бір бөлігі шіріп, сапанин бөлінеді. Көктемде ол балықты, әсіресе, шабақтарды құртады. Толқынмен су жағасына шығып қалатын көбікке назар аударыңыз. Сапанин деген осы.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде бұл шөп йод препараттарын өндіру үшін қолданылады.


2. 2 Ошағанның адам ағзасына пайдасы мен емдік қасиеттері


Ошаған өсімдігі көпке мәлім. Ал енді осы тікенегі көп табиғат сыйының емдік қасиеттерін білемізбе? Халықтық медицинада кеңінен қолданылуына қарай бұл өсімдікке деген көз қарасыңыз бірден өзгеруі мүмкін.

Ошағанның басқаша атауы: Шоң айна

Қасиеті: Ащты кермек дәмді, суық райлы, усыз, ісікті тарқатады, өкпені тазалап, қызылды сыртқа шығарады, жұтқыншақ қабынуға ем болады, уытты қайтарады.

Дәрілік шикізат алудағы маңызды өсімдіктің бірі – ошаған (Аgrimonia L.) Халық медицинасында бауыр, бүйрек, өт қалтасы, асқазан, ішек ауруларын және геморрой, ревматизм ауруларын емдеу үшін, ауыз уылғанда оны шаю үшін қолданылады. Ошағанды теріні өңдеу үшін қолданады. Өсімдік тұнбасы жүнді сары түске бояйды. Кәдімгі ошағанның бал беру өнімі 96 кг/га құрайды. Ошаған шайын ерте кезден бері әншілер мен ораторлар тыныс жолдарының қабынуларын емдеу үшін пайдаланған.

Халық емшілері малдың асқазан – ішек, өт жолдары мен бауырының қабынуына қарсы қолданған. Ошағанның тұнбасын балмен араластырып бауыры, өті ауыратын малға ішкізсе, олар тез оңалады, азыққа тәбеті артады. Аузы уылған кезде ошағанның тұнбасымен шайса, тез жазылады. Дәрілік шөптің ұнтақталған 70 грамы бір литр қайнап тұрған суға салынып, 15 – 20 минут тұндырылады. Асқазан – ішек жолы қабынған, тірілей салмағы 50 – 60 кг бұзауға азықтандырардан 30 минут бұрын күніне үш рет 150 – 200 грамнан ішкізіледі. Ал қозыға ішкізу дозасы – 30 – 50 мл.




Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!



9


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров242
Номер материала ДБ-141880
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх