Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Word Pad мәтіндік редакторы. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау

Word Pad мәтіндік редакторы. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақ жоспары

Сыныбы: 7ә

Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторы.

Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау

Сабақтың мақсаты:

білімділігі: Word Pad редакторымен жұмыс істеуді үйрету. Тақырып бойынша алынған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету;

тәрбиелігі: Оқушылардың танымдық белсенділігі мен оқушылар алған білімдерін өздігнен іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ой еңбегін жандандыруға бағыттау. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру

дамытушылығы: Компьютермен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютерлер, әр түрлі тапсырмалар, жұмбақтар

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жеке және топтық жұмыс

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Ұландармен амандасу, сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Ұландарды 2 топқа бөлу.

Ұландар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне мадақтама айтады.

Мысалы:

Сенің көзің ең қымбат плазменный монитор сияқты жарқырап тұр



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы ретінде екі топқа тапсырмалар беріледі.

  1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу әрекетінің тізбегін ата

  • Іске қосу

  • Бағдарламалар

  • Стандартты

  • WordPad мәтіндік редакторы

  1. Топпен жұмыс. Ұландар Word Pad мәтіндік редакторының терезесінің элементтерін жазу.

hello_html_m7e252255.gif

  1. Word Pad мәтіндік редакторының терезесінің элементтерін жазу.

hello_html_m1c5e275f.gif


ІІІ. Жаңа сабақ. Мәтінді пішімдеу - бұл символдардың әлпеттерін, әр түрлі қаріптерді таңдаумен беттердің шетіне туралаумен мәтінді процесі.


Мәтінмен жұмыс істегенде мыналарды қолдануға болады:

hello_html_55cd384d.gif


Баспа құжатының құрылымы мен стилі.

Әдетте құжаттар абзацтарға бөлінген негізгі мәтіннің әр түрлі деңгейлі тақырыптарынан тұрады, тағы тізімдер (тізбектер) де кездесуі мүмкін. Мәтінді безендіру процесін жеңілдету үшін, стиль жүйесін пайдаланады (мәтіннің берілген абзацына тән безендіру элементтерінің жиыны).


Табуляция орнын қолдану – горизонталь бойынша бекітілген шегініс позицияларын беруге мүмкіндік беретін арнайы көрінбейтін маркерлерді (түсіндіру, көрсету, іс жүзінде қолдану) қолдану. Осы мүмкіндіктерді қолданып, өзгеше кестелерді бөлу графаларын жасауға болады.


Арнайы көрінбейтін маркерлерді керекті жерге орналастыру – пішімдеу сызғышында маустың сол жақ батырмасымен шертсе, сонда сызғышта бұрыш пайда болады.

Графа мәтінін әдеттегідей теру.

Tab пернесі – келесі графаға өту.

Enter пернесі – келесі жолға өту.

Сызғыштағы бұрыш (маркер) сызғыштың сыртына тасымалдау арқылы жойылады.

Кестені белгілеп және маркерді қозғалту арқылы бағанды тұтас жылжытуға болады.

WordPad қолданбасында мәтінмен маустың көмегінсіз жұмыс істеуге арналған «ыстық» пернелер мен олардың комбинацияларын есте сақтауға бағытталған.



IV. Бекіту.

  • Аудармашы

Кезеңнің шарты бойынша сұрақтың жауабын айтып, оны орыс, ағылшын тілдеріңе аудару .

  • Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын білдіретін сөз.

(Ақпарат-Информация-Information )

  • Компьютерге мәтін енгізуге арналған құрылғы.

(Пернетақта-клавиатура-Keyboard )

  • Мысыққа ойын керек,

....... өлім керек.

(тышқан- мышка- mouse )

  • Бұл ең басты перне, оны басқан кезде жаңа жол басталады.

(енгізу- ввод- enter)

  • Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.

(өшіру-удалить-delete )

  • Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады.

(Бос орын-пробел-Proble )



  • Сыйқырлы пернелер

    Пернелер комбинациялары

    Мәні

    <Ctrl + ¬ >

    Меңзерді бір абзацқа жоғары жылжытады

    <Ctrl + ­ >

    Меңзерді бір сөзге солға жылжытады

    <Pg Up>

    Меңзерді бір бетке жоғары жылжытады

    g Dn>

    Меңзерді бір бетке төмен жылжытады

    <Ноmе>

    Меңзерді ағымдағы қатардың басына жылжытады

    nd>

    Меңзерді ағымдағы қатардың соңына жылжытады

    Әріпті оң жақтан өшіреді

    Әріпті сол жақтан өшіреді

    Сандық пернелерді қосады

    Бас әріптермен жазу

Компьютермен жеке жұмыс

1 – тапсырма.

Мәтінді теріп, қайталанған сөздерді «буферге көшіру, буферден қою» құралдарын пайдаланып жаз. Осы мәтіндегі «саулық» сөзін қызыл түске өзгерт. Мәтін өлшемі – 20, орта бойынша туралауда орында.

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі»

2 – тапсырма.

Мәтіннің өлшемін – 16, түсін – жасыл, сол жақ туралауда, түрін – жартылай қарайтылған курсивті қылып пішімдеңіз.

«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені,

Еменнің иілгені - сынғаны»

3 – тапсырма.

Мәтінді теріңіз, оны белгілеп алып асты бір сызықпен сызылған, әрі қарайтылған, орта бойынша тураланған етіңіз. Мәтін өлшемі – 22, түсін – көкпен өзгертіңіз. Мәтіннің көшірмесін орындап, «Білім» атымен сақтаңыз.

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

4 – тапсырма.

Қателерді анықтау

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта.


Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, колонкаға құжаттарымды сақтаймын. Жауабы: 7 қате


Көзге жаттығу орындау.

5 – тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.



К









О







М









П










Ь






Ю







Т










Е






Р




Сұрақтары:

  1. Қағаздағы көріністі экранға түсіретін құрылғы

  2. Сазгер қорап

  3. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы

  4. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы

  5. Компьютер сымдары

  6. Берілген терезедегі орындауға болатын командалар тізбегі

  7. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы

  8. Баспа қүрылғысы

  9. Компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор


V. Рефлексия «Жылан ізімен»

н

е

т

а

а

р

е

п

қ

т

пернетақта


с

с

о

р

р

о

е

ц

п

процессор


а

қ

т

н

ш

ы

тышқан



р

а

п

т

а

а

қ

ақпарат


н

и

о


о

м

т

р

монитор




р

е

е

н

п

перне





  1. Оқушылардың білімдерін бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма

"Ақпараттық қоғамдағы компьютердің маңызы мен рөлі" тақырыбына эссе жазып әкелу.

Сабақты аяқтау.






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ

ГЕНЕРАЛ С.Қ. НҰРМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ «ЖАС ҰЛАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ

Өткізген: Информатика пәнінің мұғалімі Ермағамбет Г.Ө.hello_html_2deb9279.png

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров127
Номер материала ДВ-397562
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх