Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Шайдың құпия сыры ғылыми жоба 23 бет
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Word. Шайдың құпия сыры ғылыми жоба 23 бет

библиотека
материалов



МАЗМҰНЫ



І. Кіріспе …..............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Шәй ағашы туралы түсінік .......................................................................4


2. 2 Шәйдің түрлері, көк шәйдің пайдасы ......................................................5


2. 3 Шәй ішудің құпиясы.................................................................................8


2. 4 Шәй ішу рәсімі .......................................................................................10

5. Шәйдің қалташарға оралу маңызы ............................................................14


2. 6 Шәй ағашының сиқырлы майы ...............................................................16


2. 7 Пайдалы кеңестер ......................................................................................18


ІІІ. Қорытынды ...............................................................................................21

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................25












Аңдатпа



«№270 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 «А» сынып оқушысы Талғат Нұрғасырдың «Шайдың құпия сыры» атты ғылыми жобасы күнделікті өмірде жиі көріп, өзіміз тұрмыста пайдаланатын шайдың пайда болу тарихы, оның адам ағзасына пайдасы мен зиянын танып білуге, оның емдік қасиеттерін ашуға арналған.

Зерттеудің мақсаты: Шайдың өзіне ғана тән сырын айқындау, оның өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттау, пайдалы мен зиянын зерттеп танып-білу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер шайдың өзіндік қасиеттері мен құпия сырларын жан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе, шай туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, олардың пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.

Зерттеу барысында:

1. Шайдың сан алуан қыр-сыры ашылды;

2.Олардың қоғам мен адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;

3. Шайдың көптүрлілігі мен олардың адам ағзасына пайдасы мен зияны суреттелді;

4. Шайдың дайындалу рәсімі мен оның емдік қасиеттері айқындалды.

Жұмыстың орындалу әдістері. Шай туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.























Шай рухыңды көтеріп, жүрегіңе шаттық

сыйлап, шаршағаныңды басып, санаңды

оятып, күш-қуат беріп, теріңді нәрлендіреді.

Ежелгі Қытай трактатынан.



Кіріспе



Қазақ – шайқор халық. Ата-әжелеріміздің баяғыда «Шай ішсең, көңілің жай» деп мақалдайтыны тегін емес. Мұның сыры неде десек, шайдың адам ағзасы үшін пайдасы мен емдік қасиеті аз емес көрінеді. Шай-адамдар қолданатын ежелгі сусындардың бірі. Бірақ біз шайды сонау ерте заманнан бері ішіп келе жатсақ-та , бұл сусын туралы тым қарапайым нәрсенің өзін, мысалға, оны қалай дұрыс демдеуді де біле бермейміз. Бұл онша жеңіл-желпі қарайтын мәселе емес Менің достарым шайды әр түрлі бағалайды.Шөлді басатын сусын десе,біреуері. шай дастарханда бас қосу белгісі деп есептейді.Шайдың өзінің ерекше бір тарихы бар.Ол Қытай елінен келген.

Біздің елімізде қою сүт, қаймақ қатқан шай ішпейтін адам жоқ. Шай мен кофе, жеміс шырындары мен квас – негізінен, алкогольсіз сусындар. Олардың кең тарап, кең тұтылуының сыры – сүйкімді дәмінен, жұмсақ стимуляторлық әсерінен. Қазір ауыз суына хлордың қосылуы салдарынан бұл сусындардың дәмдік сапасы өз деңгейінде емес. Алайда хлорсыз, бактериялық жолмен өңделген, терең артезиан құдықтарынан алынған, мөлдір, таза күйінде дүкендерде сатылатын (бұлақ суы) ауыз суынан дайындалатын шай, кофе өте дәмді келеді. Әйтеуір, қандай судан қайнатып ішсе де шайдың жаманы жоқ және де қазақтай шайқұмар халық аз шығар, сірә...

Менің зерттеу жұмысыммен толық таныссаңыздар, онда шайдың адам өміріне деген қажеттілігі туралы білесіздер.

II.Негізі бөлім



2. 1 Шайдың тарихы



Шай  өз бастауын Қытай же­­рі­нен алады. Шай – мәңгі жасыл шай өсімдігінің арнайы өңделген жапырағы, сондай-ақ осы жапырақтан әзірленген сусын. Шайдың өзіне тән хош иісі, тіл үйіретін дәмі, шөл қандырып, сергітетін әсері бар. Жас жапырақшалар қытайша «тщайей» дегенді білдіреді. Осыдан «шай» атауы шыққан. Байха шайы да қытайша «бай-хоа» аударғанда «ақ кірпікшелер" дегенді білдіреді. Шынында да шай жапырақшаларының бір беті ақ кірпікшелерге ұқсас жіңішке күміс талшықтармен қапталған. Қазіргі уақытта байха сөзі үгітілген денег мағынаны білдіреді.

Алдымен Қытай шай өндірушілерден жалғыз ел болғандықтан, оның құпиялары мықты қорғалған. Дегенмен, бір ағылшындық шай тұқымын ұрлап қана қоймай, оны өңдеудің күрделі жолын да біліп алған. Осының арқасында европалықтар шайды өз мекендерінде де егуді білген. Шайды тек әйелдер ғана жинаған екен. Себебі, әйелдің нәзік қолдары шайдың иісін одан сайын күшейтеді деп есептеген. Қытай императоры үшін шайды тек 16 жасқа дейінгі қыздар жинаған.

Camellia  sinensis өсім­дігінен  қара шай  мен  көк шай алынады. Айыр­ма­шы­лығы тек жинау тәсілі мен жа­пырақтарын өндеуде. Көк шай қа­ра шайға қарағанда фер­мент­тел­мейді, сондықтан оның адам ден­саулығына қажетті табиғи эле­менттері сақталады. Көк шай­да ғалымдардың айтуынша хи­миялық қосындының негізгі эле­менттер  бөлігі сақталған. XIX ғасырдың аяқ кезінде аме­рика ғалымдары шай құ­ра­мын­да 4-5 пайдалы элемент бар екен­ді­гін дәлелдеген, ал енді қазіргі кез­де 300-ден астам элемент бар еке­ні расталған.

Шай (Thea), ағылш. tea — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі; өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын және сусын ретінде пайдаланылатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін 2 түрі тараған:

  • Қытай Шайы [екі түр тармағы (қытай және жапон) бар] Оңт.-шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биікт. 3 м бұта,

  • Aссам Шайы [бірнеше түр тармағы (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань, т.б) бар] Үндістанның Ассамормандарында өсетін, биіктігі 10 — 15 м ағаш.

Осы екі Шайдың табиғи гибриді цейлон Шайы да екінші топқа жатады. Шайдың бұл екі түрі де Жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарындаөсіріледі. ТМД елдерінен ӘзірбайжанГрузияРесейдің Краснодар өлкесі және Грекия жерлерінде қытайШайының негізінде Шайдың бірнеше жаңа сұрыптары алынған. Мыс., Грузия шайы, Краснодар шайы, т.б. Қолдан өсірілетін Шайсұрыптарының биікт. (жинауы оңай болуы үшін) 2 — 3 м-ден аспайды. Жапон Шайы — бұтағы қалың аласа бұта. Шайдың негізгі тамыры 2 — 3 м тереңдікке кетеді, гүлі хош иісті, ақ немесе қызғылт, аталығы 200-ден астам, жемісі — қорапша, 1 — 5 тұқымды, майлы, піскенде қақырап ашылады. Ш. алғаш рет 4 — 5 жылдан соң, содан кейін жыл сайын гүлдеп, жеміс береді, бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады. Ол 100 жылға жуық тіршілік етіп, 70 жылдай өнім береді.

Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана  сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі­­ өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның  кәсіпкері  бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл- қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды.

Яғни шайдың бұтадан дайындалатыны құпия болмай қалған сәтте оны саудалайтын нарыққа талас басталып кетті. Шайдың отаны сонымен – Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.

hello_html_m5902e767.jpg



Қытайлықтардың аңызы бойынша, Дарма есімді үнді ханзадаларының бірі Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты.  Бұл үшін ол күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады.

Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр.  Шай қорабының сыртындағы байха «Бай-хао»  сөзбе-сөз «ақ кірпік» деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.

Ертеде қазақтар осы шайды «аққұйрық»  деп атаған екен.

Қазір Қытай дүниежүзі нарығына шай өндіріп, сатудан соңғы орындарда қалды.  Франция үшін шарап қандай тарихи, әлеуметтік-экономикалық маңызы болса шай өндіру қытайларға сонша маңызды. Қытайлар көк шай өндіруден қазір де ешкімге дес бермейді. 150 жыл бұрын ағылшындар шайды қытайлардан сатып алып келді.

hello_html_m5eb34dd4.jpg

Шайға сұраныс артқан соң қаржы шығындамау үшін (шайды кемемен Еуропаға жеткізу өте қымбатқа түсетін, әрі сапасы нашарлайды) шай бұталарын өз отарлары – Үндістан мен Цейлонда өсіруді қолға алды. Ең алдымен Үндістанның Ассам штаты кейінірек Цейлонда ( 1972 жылға дейін Британ доминоны осылай аталады, бұл қазіргі Шри-Ланка).

Канди ауданынан жиналатын Цейлон щайы бізге кең танымал. Ағылшындарға еңбек күшінің арзандығы, шай бұтасы егілетін алқаптардың үлкендігі өте көп пайда әкелді және Қытайға шай тәуелділігінен құтқарды десе де болады.

Үндістанға келсек, мұнда шай бұталары негізінен солтүстік бөлігінде өсіріледі. Бізге белгілісі  Ассам мен батыс Бенгалия штаты. Орисса штатындағы көптеген алқаптар жарнамадан түспейтін  «Брук Бонд», «Юнилевр-Липмтон» компаниялар иелігінде.

Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршағаннан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен.

Шай бүйрекке тас байлануды болдырмайды. Қытайлықтарға бұл аурудың белгісіз болып келуі сондықтан. Көк байха шайы қырқұлақ және дәрумен жеткіліксіздігіне бірден-бір ем. Алғаш Еуропада шай алтынға бағаланғандықтан, тіпті оның зияндылығы туралы пікір қалыптасқан. Әр халықтың шай әзірлеуде өзіндік ерекшеліктері бар дәстүр қалыптасқан. Мысалы қытай, жапон халықтары шайға қант қоспай ішеді. Орыс, голланд және көптеген Еуропа елдерінде қанты бар шайды ұнатса, қырғыз, қалмақ, моңғол, тибеттіктер шайдың дәмін тұзбен  келтіреді. Ағылшындар  сүт үстіне шай құяды, керісінше істеу надандық болып саналады. Олардың пайымдауынша бұлай ету шайдың дәмін жоғалтып хош иісінен айырады делінеді. Голланд, шотланд, қалмақтар керісінше шай қайнаған соң сүт қатады.

Шай ішу жапондықтар үшін үлкен рәсім. Қатал дзен-буддизмге құрылған «гя-до» шай ішу рәсімі әуелде Қытайда пайда болған. Кейін бұл рәсім жапон тұрмыс салтына еніп кеткен. Содан бері рәсім тәртібі онша өзгермеген. Жапондар өздерінің ерекше көк шай «о-тяны» қант салмай ішеді. Кез-келген мекемеде «отякумдар» яғни шай дайындап құюшы хатшы қыздар болады екен. Олар күніне 3 рет қызметкерлерге шай дайындап береді. Жапондар шай өсіргенімен оны сыртқа шығарып сатпайды десе де болады.



Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!


11



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров160
Номер материала ДБ-144559
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх