Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / Word. Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі (Нартай Бекежанов туралы) ғылыми жоба 25 бет

Word. Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі (Нартай Бекежанов туралы) ғылыми жоба 25 бет

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Мазмұны

 

І Кіріспе .................................................................................................3

 

ІІ Негізгі бөлім

Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі


2. 1 Өздерің білер Нартаймын...........................................................................6


2. 2 Сырнайымен даланы әнге бөлеп...............................................................10



ІІІ. Қорытынды

«Мені де еске алатын табылар жан…».............................................................22

 

ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер .......................................................25

















Аңдатпа

«№181 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 “А” сынып оқушысы Әйтімова Бірғанымның «Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлділі» атты ғылыми жобасы XX ғасырдың қайталанбас тұлғасы, қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған көркемсөз шебері – Нартай Бекежановтың шығармашылық өмір жолын танып-білу, оның ақындық дара тұлғасын зерттеп-зерделеуге арналады.

Жұмыстың мақсаты: Сыр еліне танымал ақындарымыздың бірі, сырнайды шебер сарната білген дарынды, талантты тұлға Нартай Бекежановтың шығармашылық өмір жолымен танысу, оларға талдау жасау, айтыстары мен арнау, насихат өлеңдерін зерттеп, мән-мағынасы терең ақын жырларының қырларын аша отырып,  оларды халыққа паш ету, уақыт өтсе де құнын жоймайтын асыл мұра екендігін көрсету.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Н.Бекежановтың өлмес мұралары терең зерттеліп, кеңінен насихатталса, оның жас ұрпақ берер өнегелі, тәлімді сөздері өз дәрежесінде танытыла білсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабалар рухына деген, олардың атқарған істеріне деген құрметтері артып, таным қабілеттері арта түсер еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Бабалар ісін ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта Нартай еңбектерін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің тарих, өлкетану, әдебиеттану пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

  • Нартай Бекежановтың шығармашылық өмір жолы кеңінен танытылды;

  • Ақынның танымал айтыстары, насихат жырларын зерттелініп, талданды;

  • Нартай шығармашылығына Сыр бойы ақындарының берген бағасы көрсетілді;

Жұмыстың орындалу әдістері. Ақынның шығармашылық өмірімен танысу, естеліктер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, тарихи деректер жинау.






Кіріспе


Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағалылыққа ие болды.

Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Халық арасында былай дейді: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күйдің бір бөлігін сіңірген».

Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білген де халықтың өзі. Ұқыпты сақтап және жақсы дамыта келе ол ұрпайқтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың  өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музыкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.

Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтар адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға дейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».

Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.

Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.

Нартай Бекежанов – қазақтың халық поэзиясының тарихында өзіндік дара шығармашылық ерекшелігімен мәңгілік ақындық екінші өмірін жасап кеткен үлкен тұлға. Оның шығармашылығы – қазақтың халық поэзиясы тарихындағы суырыпсалма, төкпе (импровизаторлық) ақындық, әншілік, жыршылық, композиторлық қасиеттерді толық, тұтастай сіңірген қыры мол сан салалы мұра. Осыған байланысты қазақтың халық поэзиясындағы Ж.Жабаев, Н.Байғанин, К.Әзірбаев, А.Тәжібаева, Н.Баймұратов, Р.Мәзхожаев және жазба поэзиядағы А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, С.Мәуленов, М.Әлімбаев, т.б. аға буын ақындар Нартайдың ақындық өнері мен азаматтық тұлғасы туралы жақсы пікірлер жазды. Сонымен бірге Қазақстанның барлық атыраптарындағы ақын-жыраулар да Нартайды ұстаз тұтып, оның суырыпсалма, төкпе ақындықты, орындаушылық (әншілік, жыршылық), композиторлықты тұтас меңгерген дәстүрін жалғастырды.
Зерттеудің мақсаты: Халық ақыны Нартай Бекежановтың шығармашылық өмірбаяныны терең зерттей отырып, оның артында қалған асыл мұрасымен танысу, әдебиетіміз бен мәдени мұрамызды байытудағы орнын айқындау.

Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер жүктелді:

Нартай ақынның шығармашылығымен өзектес қоғамдық-әлеуметтік қызметінің маңызды кезеңдерін бағалау;

– ақынның әдеби-шығармашылығымен бірге аталған ақындық ортасымен ықпалдастық мәселелерін айқындау;

лирикалық, дидактикалық өлеңдерінің мазмұнының тереңдігін саралау;

айтыс өнерін дамытудағы өзіндік шеберлік, импровизациялық дарын нәтижелерінің көркемдік дәрежесін таныту;

ауызша және жазба ақындық дәстүрін біртұтас ұстанған шығармашылық қабілетінің сипатына баға беру;

ақындық өнер өнегесінің өзіндік мектеп дәстүрін қалыптастыруға әсерін аңғарту.



















ІІ Негізгі бөлім

Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі


2. 1 Өздерің білер Нартаймын...


Қазақ әдебиетінің көп ғасырлық тарихын құрайтын негізгі шығармашылық тұлғалар – халық ақындары. Авторлық тұлғалары қалың жұртшылықтың барлық жастағы ортасында толық танымал болғандардың «Халық ақындары» болып аталуының өзі олардың ел жүрегімен берік орын алғандықтарынан болса керек. Халық ақындарының лирикалық өлеңдері мен эпикалық дастандары, айтыстары ұлттық сөз өнері дамуының қалыптасу, даму тарихының барлық кезеңдерінде де көпшіліктің қабылдауына ие болу құдіретімен бағаланып келеді. Қазақ әдебиетінің тарихындағы аса өзекті мәселелердің бірі – халық ақындарының ауызша және жазба шығармашылық салаларды қатарлас ұстанатыны. Бұл – қазақ поэзиясының түркілік дәстүрлерден бастау алып қалыптасқан дербес өзгешеліктерінің бірі.

Қазақтың халық поэзиясындағы суырып салма, төкпе ақындық пен композиторлық, орындаушылық (әншілік, жыршылық) өнердің үздік шебері Нартай Бекежановтың (1890–1954) шығармашылығы – ұлттық рухани құндылықтар қатарындағы қазынамыз. Нартайдың өзіне дейінгі қазақ поэзиясындағы ақындық дәстүрге тән белгілерді қолдануы мен шығармашылығындағы қоғамдық-әлеуметтік мазмұнды игерген жаңашылдығы, өзіндік стилі – дәстүрлі жалғастықтың көрінісі.

Нартай Бекежанов – қазақтың халық поэзиясының тарихында өзіндік дара шығармашылық ерекшелігімен мәңгілік ақындық екінші өмірін жасап кеткен үлкен тұлға. Оның шығармашылығы – қазақтың халық поэзиясы тарихындағы суырыпсалма, төкпе (импровизаторлық) ақындық, әншілік, жыршылық, композиторлық қасиеттерді толық, тұтастай сіңірген қыры мол сан-салалы мұра. Осыған байланысты қазақтың халық поэзиясындағы Ж.Жабаев, Н.Байғанин, К.Әзірбаев, А.Тәжібаева, Н.Баймұратов, Р.Мәзхожаев және жазба поэзиядағы А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, С.Мәуленов, М.Әлімбаев, т.б. аға буын ақындар Нартайдың ақындық өнері мен азаматтық тұлғасы туралы жақсы пікірлер жазды. Сонымен бірге Қазақстанның барлық атыраптарындағы ақын-жыраулар да Нартайды ұстаз тұтып, оның суырыпсалма, төкпе ақындықты, орындаушылық (әншілік, жыршылық), композиторлықты тұтас меңгерген дәстүрін жалғастырды.

Мысалы, қазақ поэзиясының алыбы ұлы Жамбыл:

О, Нартай, шешен таңдай, қасқа маңдай,
Сөзің тәтті, дәмді екен шекер балдай.
Жүректі сілкіндіріп бір ояттың,
Сарғайып Күншығыстан атқан таңдай»,

Айтыссаң, алдырмассың ақындарға,

Жарқырап қараңғыда жанған шамдай! – деп, Нартай жырларының эстетикалық қуатына баға берген. Бұл — 1938 жылы Жамбыл творчествосының 75 жылдық тойы кезінде айтылған сөз.

Халық ақыны Айманкүл Тәжібаева Нар­тайдың халықтық, қоғамдық өнерін жоғары бағалаған:
Нареке, жұртым сүйген нарым едің,
Жасыңнан жыр суына қанып едің.
Атанып ақындардың ағасындай,
Тайқымай талай топты жарып едің.
…Төккендей үннен інжу, тілден маржан,
Керегін келелі елдің тауып едің.

Өзімен тұстас халық ақындарының арасында осындай жоғары бағаға ие болған Нартайдың импровизаторлық шеберлігін­дегі сөздердің қуаттылығы, поэтикалық ажары жазба әдебиеттегі ақындарға да қатты әсер еткен. 30-40-жылдары қазақтың жазба ақындары­ның халық поэзиясының әсерін көп қабылдауына ауызша ақындық дәстүрдегі мазмұнды тіл өрнектерінің айрықша әсер еткені сөзсіз.

Мысалы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Асқар Тоқмағамбетов: «Нартай – суырыпсалма жүйрік, оның әні мен жыры ағытылып, түйдектеліп, шумақталып жатады. Нартай тек өлеңнің ұйқасын ғана қумайды. Сөздің салмағына көп зер салады. Ол – үдей шабатын ақын», – деп, ақындық шеберлік сырларын көрсетеді.

Жүлделі жүйрік Нарекең.

Сүйсінгендей бар екен! -

дейді академик жазушымыз Сәбит Мұқанов. Бұл – 1945 жылы 22 июньде Жамбыл қайтыс болып, қырғыз елінің саңлақ ақындары Әлімқұл мен Оспанқұл қазақ халқына өлеңмен көңіл айтқанда, соларға табан астында жауап берген Нартайдың суырыпсалмалық талантына риза болып айтқан сөзі.

Ал Нартайдың 1936 жылы Москвадағы қазақ әдебиеті мен өнерінің тұңғыш онкүндігінде шырқаған «Толқын» әніне академик Ахмет Жұбанов: «Толқын» біз баяндап кеткен, өлеңге бағынышты қысқа демді ырғаққа құрылған шығармаларына жатпайды. «Нартай әні» секілді гармоньды құлаштай созып, даусын шырқай, аспан астын жаңғырта айтатын ән. Мұнда Нартайға тән кең құлаш, жүрегіңді жылытатын лирика, үлкен гуманистік кейіп бар», — деп жоғары баға береді («Замана бұлбұлдары». - Алматы, 1975, 307-308-беттер).

Нартайдың қуатты ақындық шебер­лігінің шеңберін кеңейтіп, бүкіл халықтық-әлеуметтік, қоғамдық деңгейге көтерілген кезі – кеңестік дәуір. Ұлт саясатының идеологиялық мазмұны Нар­тайды 30-40-жылдары Жамбыл секілді халық таланттарымен бірге биік сатыға көтерді. Бұл туралы академик А.Жұбанов: «Отызыншы жылдардан бастап, біздің мәдениетіміз өсіп, республиканың жер-жерлерінің қатынастары күшейе бастағанда Нартайдың әні де, өлеңі де кең өріс алды. Бұрынғы тек «Сыр бойының Нартайы» енді «бүкілқазақстандық» ақын болып кетті», – деп көрсетті.

Нартай Бекежанов 1890 жылғы наурыз айының ішінде осы күнгі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Коммунизм» колхозына қарасты «Бестам» деген жерде орта шаруа отбасында дүниеге келеді. Әкесі Алыпқаш, Бекежан үлкен әкесі. Туыстық жағына үңілсек, Нартай атақты Ағыбай батырмен (18001884) аталас, рулас болып келеді. Анасы Бақтыгүл, туған ағасы Мәнсүр (18751933) заманында елге белгілі ақындар болған. Бақтыгүл Сыр бойының атақты сүлей ақыны Бұдабай Қабыловпен (18481911) айтысып, жеңіске жеткен деген аңыз-әңгіме бар. Нартай да жасынан ән-өлеңге құмар болып өседі.

Көңілім қыран құстай аспандаған,

Он жеті үйір болып жастан маған.

Бойыма біткен өнер шыдатпады,

Ұялып айтпай тастап қашқанменен,

деп өзі айтқандай, оның ақындық, әншілік атағы ел ішіне ерте тарап кетеді.

Сауықшыл ауыл дәстүрін өнеге тұтқан өнерлі бала он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. 1935 жылы  Шиелі қыстағында ашылған балалар үйіне көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып орналасады. Бірер  жылдан кейін Қызылордада ұйымдастырылған концерт-эстрада бюросына шақырылады, өмірінің ақырына дейін  сонда қызмет істейді. 1939 ж. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу құрметіне болған этнографиялық  концертке қатысып, академиялық Үлкен театрда ән шырқап, жыр толғайды. «Қызыл Москва» деген толғауы осы  тұста шығарылды. Республикалық ақындар айтысына қатысып, Нұрлыбек Баймұратовпен өнер сайысына түседі. 1946 жылы Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысады. Ақын халық әндерін шебер  орындаумен қатар, өзі де әндер («Толқын», «Нартай сазы») шығарды. Шығармалары «Домбыра сазы» (1950), "Өлеңдері мен айтыстары" (1950,1956), «Өсиет» (1982), «Аманат» (1990) деген атпен жеке кітап болып жарық  көрді.

«Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақ КСРінің еңбек сіңірген өнер



Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.




Ғылыми жобаның толық нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!







11


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.08.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров63
Номер материала ДБ-157205
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх