Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Судың құпия сырлары ғылыми жоба 27 бет

Word. Судың құпия сырлары ғылыми жоба 27 бет



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов




МАЗМҰНЫ


І КІРІСПЕ


1. 1 Су - өмір бесігі .......................................................................................3


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2. 1 Су – өмір өзегі, тіршілік қайнары ........................................................4

2. 2 Судың құпия сырлары ...........................................................................7

2. 3 Құрылымдалған су................................................................................10

2. 4 Құрандағы су мәселесі .........................................................................16


3.1 Тәжірибелік бөлім ...............................................................................18


ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................20


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................22











Аңдатпа


46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің 10 «Б» сынып оқушысы Әбибулла Талшынның «Судың құпия сырлары» атты ғылыми жобасы әлемнің жаратылыс негізі судың құпия сырларын танып-білуге, зерттеп-зерделеу.

Жұмыстың мақсаты: күнделікті өмірде кездесетін судың біз білмейтін құпия сырларына үңіле отырып, оның өзіндік қасиеттерін танып білу және тәжірибелер арқылы көз жеткізу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, судың құпия сырларын тереңінен танып-біліп, оның адам көңіл-күйіне қаншалықты әсері барын анықтай алсақ, онда адамдардың бойынша жақсы мінез-құлықтар, мейірімділік, адами қасиеттер көбейе түсер еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Бүкіл жаратылыстың бастауы болып табылатын судың жадының бар екендігінің мән-маңызы айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта судың қасиетін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің химия, биология пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

- Судың құпия сырлары айқындалды;

- Құрылымдалған су формалары таныстырылды;

- Құрандағы су мәселесіне қатысты мәліметтер ашылды;

- Судың қасиеті нақты тәжірибе жүргізу арқылы байқалды.

Жұмыстың орындалу әдістері. Су туралы ғылыми зерттеу еңбектерімен танысу, ғылыми ізденіс, зерттеу, тәжірибе жасау.





І Кіріспе


1. 1 Су - өмір бесігі

Жер шарында суды тіршіліктің бастамасы ретінде еске алмайтын бір де бір халық жоқ. Ертедегі аңыздар мен мифтерде де суды тіршілік көзі ретінде қарастырады.

Су - адам өмір сүруіндегі негізгі атрибуттың бірі. Сусыз өмір жоқ. Өйткені адам өмірін қамтамасыз етудің бүкіл жүйесі суды пайдаланатын технологияларға негізделген. Атамыз қазақ «судың да сұрауы бар» деп жатады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, бүгінде дүниежүзінде екі миллиард адам су тапшылығынан зардап шегеді. Көптеген ғалымдар суды зерттей келе ол тек тіршілік көзі ғана емес, сондай-ақ оның өзіндік құпия сыры бар екенін айтуда. Ендеше мөлдір судың мөлтек сырын ашып көрелік.

Мақсаты – күнделікті өмірде кездесетін судың біз білмейтін құпия сырларына үңіле отырып, оның өзіндік қасиеттерін танып білу және тәжірибелер арқылы көз жеткізу.

Міндеттері:

  • Судың біз біле бермейтін өзіндік құпия сырларын танып-білу;

  • Су жайында зерттеулер жүргізген әлем ғалымдарының ғылыми зерттеулерімен танысу;

  • Суға жасалынған тәжірибелер нәтижесінде пайда болған өзгерістер сырын ұғыну;

  • Құрандағы су жайында айтылған мәліметтермен танысу;

  • Судың қасиеттерін ұғына түсу үшін тәжірибе жасап көру.







Негізгі бөлім


2. 1 Су – өмір өзегі, тіршілік қайнары


«Ол адам баласын бір тамшы (ұрық) судан жаратты…»

(«Нахл» сүресі, 4-аят)


Адам денесінің үштен екі бөлігі судан тұрады. Мидың 85 пайызы, қанның 90, бұлшық еттің 75, бүйректің 82, тіпті сүйектердің 22 %-ы судан тұратыны анық. Адам ас ішпей 3-4 апта өмір сүре алады. Ал сусыз 1 апта да өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан су – өмір тынысы.

Біз күнделікті өмірде «су» ішкеннен гөрі шәй немесе кофе, түрлі газдалған сусындарды тұтынғанды жөн көреміз. Таңертеңгі асқа кофе, түскі асқа шәй немесе түрлі-түсті сусындарды ішкіміз келеді. Кешкі ас та солай. Ал мұндай сусындардың пайдасынан гөрі зияны көп. Бұл туралы әлемге танымал дәрігер – доктор Ферейдун Батмангелидж бір кесе судың адам денсаулығына пайдасы жайлы былай дейді:

«Су – сүйекті ылғандандырып, буын ауруларынан сақтайды.

Су – адамның иммундық жүйесін күшейтіп, түрлі вирустар мен бактерияларға қарсы қорғану қабілетін күшейтеді.

Су – қанның қоюлануының, жүрек, ми ауруларының алдын алады.

Су – мидың есте сақтау, ақыл-ой қызметінде маңызды рөл атқарады.

Су – мінез-құлыққа да әсер етіп, қауіпті аурулар – Альцгеймер, Паркинсонның (психологиялық аурулар) алдын алады.

Су – адамның түр-келбетін жақсартып, терінің ерте әжімденуінен сақтайды».

Ирандық ғалым Ферейдун Батмангелидж ұзақ жылдар бойы су құрамын зерттеп, оның емдік қасиетін пайдаланып, дерттен айықтыру әдісін жасаған еді. Соңғы уақытта әлем бойынша химиялық дәрі-дәрмекпен емдеуден гөрі, табиғи жолмен сауығу жолдары дамып келе жатыр. Өйткені, химиялық дәрілер бір мүшені емдеп жатса, екінші ағзаны зақымдап жатады.

Осы бағытта су құрамы мен қасиетін жіті зерттеп, тың ғылыми жаңалықтарымен баспасөз беттерінде бөлісіп жүрген Сайлаухан Әуелбаева судың ерекше қасиеті ғалымдарға енді ғана белгілі бола бастағанын айтады.

Адам сумен жуынып, дәрет алғанның өзінде денсаулыққа пайдасы шаш етектен. Бұл туралы шариғатта да айтылады. Ислам дінінде ашуланған адамға дәрет алуды бұйырады. Мұның пайдасы ғылыми тұрғыда әлдеқашан анықталып қойған. «Сайлаухан» емдеу, сауықтыру, денсаулықты сақтау орталығының директоры, белгілі ғалым Сайлаухан Әуелбаеваның айтуынша, адам ашуланған кезде адреналин гормоны көбейіп, қан айналысына кері әсерін тигізеді. Осы кезде адам сумен жуынса (яғни ғұсыл құйынып, дәрет алса) көңіл күйі орнына келіп, өз-өзін жайлы сезінеді. Бұл – су адам көңіл күйі үшін маңызды деген сөз.

Бұлардың тысында сөз бен ойдың су құрылымына әсерін жапондық доктор М.Эмото зерттеп, тәжірибелері арқылы қоғамдық пікір тудырып, судың емдік қасиеті жайлы тың көзқарас ұсынған еді. Яғни, жақсы ойлар, сөздер әдемі құрылым туғызса, ал жаман ойлар мен жаман сөздер су құрылымын мутация-лап, формасын тәртіпсіз етіп бұзатынын дәлелдеп берген еді.

Сондай-ақ, Ресей Ғылым академиясының Микробиология институтының зерттеулері бойынша, анайы сөздер айтқан кезде адамның өз ДНК-сы радиациялық сәулеленуге ұшырағандай әсерге ұрынады екен. Бұны тағы да жапондар қайталап, дұрыстығына көз жеткізді: «жаман» сөздер айтқан сәтте адамның ДНК тізбегі жыртылып ыдырап, «жаман ауруға» ұласатындай қатерлі әсерге ұшырайтынын ғылыми тұрғыда түсіндіріп берген болатын. Демек, адам өз ДНК-на әсер ететін болса, судың түп негізіне әсері өз алдына айғақ емес пе?

Сонымен қатар адам ішкі қуатымен материяға әсер ете ала ма деген сауал төңірегінде түрлі эксперимент жүргізген доктор К.Бакстер адамның денесінен алынған ДНК үлгілерін адамнан 500 шақырымдай жерге апарып бақылауға алады. Сосын тәжірибе жүргізілетін адамға әртүрлі эмоциялық күш түсіретін ақпаратпен әсер береді. Нәтижесінде – адам эмоциялық әсерленуге өте қатты берілген кезде оның денесінен алынған ұлпалардағы ДНК үлгілері де тап сондай күшті электромагниттік әсерлерге ұшырап отырған. Әсерлеп айтар болсақ, денеңізді шымшып алса, оны бойыңыздағы барлық жасушаларыңыз бір мезгілде қабылдайды. Тұла бойыңызбен сезінесіз. Ал мына экспериментте адамның ДНК-сы одан алыс қашықтыққа әкетілсе де, денесінің бір бөлшегі ретінде барлық әсерлерді қабылдай беретінін дәлелдеді. Одан да ғажабы – бұл әсерлер сол сәтінде беріледі, яғни бұл уақыт-кеңістіктен тыс тұрған энергетикалық канал деуге болады! Тек сол қуат көзінің каналын табу керек, меңгеру қажет. Әсілі мұндай қасиет Алла тағаладан берілсе керек-ті. Демек, ішкі қуаты бар адам материяға оймен немесе энергетикалық тұрғыда әсер береді деп нақты айта аламыз. Тіпті әрбір адам суға ықпал жасай алады. Бұдан шығатын қорытынды: барлық жаратылыстар, оның ішінде су өлі дене емес, тірі. Олар да Алланы ұлықтап, зікір айтады екен. Суға жақсы сөз айтқанда жақсарып, ғайбаттаған мезетте қасиетін жойып, бұзылатыны сондықтан.

Бүгінгі күні судың емдік қасиетін зерттеп жүрген медицина ғылымдарының докторы Сайлаухан Әуелбаева бұл туралы былай дейді: «Менің адамдарды сумен емдейтінім рас. Өйткені судың тазаламайтын нәрсесі жоқ. Бірақ ол краннан ағып жатқан қарапайым су емес. Суға энергетикалық әсер беру арқылы құрылымын өзгертемін. Сонда судың түсі, дәмі түгелімен өзгереді. Бұл менің емес, Алланың құдіретті күші ғой», – дейді. Ғалымдар адам материяға қалай әсер беретінін ғылыми тұрғыда түсіндіруге тырысып келеді. В.Попонин мен П.Гаряев есімді ғалымдардың зерттеу мақаласында адам ДНК-сының материалдық заттарға әсер ететіні айтылып, бұл әсер осыған дейін белгісіз болған жаңа энергетикалық субстанция арқылы жүзеге асатынын мәлімдейді. Эксперимент нәтижелері Америкада қайталап тексеріліп, «бұл жаңалық өте нәзік энергетикалық құбылыстарды, оның ішінде альтернативті медициналық практикаларда кездесетін құбылыстарды түсініп, олардың негізінде жатқан механизмдерді тереңірек түсінуге үлкен жол ашып береді деген үміттеміз», – дейді авторлар. Эксперимент бойынша, информацияның, ойдың (ойдың да негізі информация, энергетика емес пе?) материяға, оның ең түпкілікті негізіне әсер ететінін көрсетті. Сонымен бірге ойдың уақытқа да, кеңістікке де бағынбайтын өз өлшемі бар екендігін көрдік.

Су адам денсаулығын қалай емдейді деген сауалға оралайық. Ой материяға әсер еткенде, сапалы ой, кие дарыған сапалы қуат кеңістікке күштірек әсер етуі мүмкін. Демек, киелі сөз немесе қуат кеңістікке әсер етіп, оның құрылымын өзгерту арқылы ауруға ықпал етеді деп болжауға болады. Себебі, ой, ақпарат уақыт пен кеңістікке бағынбайды. Материяның ең түпкі құрылымына негізіне әсер беріп, оны өзгерте алады. Заманауи ғылым бойынша материяның түпкілікті негізі материалдық емес, сығындалған ақпарат (информация) дейді. Демек, технократтық тотыққан санамен материя энергетикаға қалай әсер етеді немесе энергетика материяға қалай ықпал жасайды деген сауалдың өзі жөнсіз.

Су – өмір өзегі, тіршілік қайнары. Бұл талас тудырмайтын шындық. Тіпті, адам баласының бір тамшы судан жарытылуында біз біле бермейтін терең сырлар бар. Аятқа мән берейік: «Ол адам баласын бір тамшы (ұрық) судан жаратты…» («Нахл» сүресі, 4-аят).

Сол бір тамшы судың сырына жетемін деп қаншама ғалымдар бүкіл ғұмырын сарп етті. Ол бізге қайдан келгенін, кім жібергенін, және қалай келгенін айтып беретін уақыт та алыс емес. Рухани әлем мен ғылым бір нүктеде тоғысатын уақыт жақындап келеді. Бірақ біз суды тұрмыста күнделікті қолда-нып, тұтына жүріп оның ерекше қасиеттерін сезіне бермейтініміз өкінішті-ақ.

Бір қызығы, адам бойындағы су да сыртқы ортада болып жатқан жағымсыз ақпараттарды өзіне тартып алады. Содан денсаулық, көңіл-күй, жалпы тірлігінде кері кетушілік пайда болады. Немесе, керісінше, күш алып, қуаттанып, шаттанады. Қызық.

«Жақсы ақпараттармен белсендірілген суымыздың ағзаны кез келген сырқат түрлерінен айықтыра алатыны ғалымдар зерттеулерімен айғақталып, күннен күнге су құрамы күшейіп, сол дәрі суымыз әртүрлі салаларда – отбасы, мектептер, аурухана, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, колорадо қоңыздарын жоюда т.с.с. кеңінен қолданыс табуда.

Медицина ғылымдарының докторы, емдеу-сауықтыру орталығының директоры Сайлаухан Әуелбаева: – Су үнемі инверсионды фазалық жағдайда тұрады. Бұл не деген сөз? Яғни су айналадағы ақпараттарды өзіне қабылдап, оны есте сақтап және адам денсаулығына ықпал жасау қабілетіне ие деген сөз. Адам денесінің негізгі бөлігі судан құралғаны белгілі. Мысалы біреумен кикілжіңге келген адамның ұнжырғасы неге түседі деген сауалға осыдан-ақ жауап табуға болады.

Мен бірнеше жылдан бері суды зерттеп, Алланың қалауымен су арқылы адамдарды емдеп келемін. Талай адамдар өздерінің алғыс-тілектерін айтып, ризашылықтарын білдіруде. Бәрі Алланың құдіреті ғой. Бір ғажайып дүние: мен әсер еткен судың құрылымында «халал» деген сөз шықты. Су бетінде жазулы тұр. Оны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағы білікті ғалымдарға көрсеткенімде, олар «халал» деген жазу барын растады. Қазақстандық, шетелдік ғалымдар бұл суды жан-жақты зерттеп, тіпті медициналық қорытындысын да айқындады. Адам ағзасына келтірер пайдасын нақты көрсетіп, қолдану әдістемесін берді. Бұл да бір Алланың хикметі деп білемін», дейді «Ғылымдағы есімі» («Имя в науке») еңбегінде.


2. 2 Судың құпия сырлары


Әлқисса, ғаламдағы негізгі қажеттілік­тердің ішінде судың алар орны ерекше екені белгілі. Судың пайда болу тарихына көз салсақ, осыдан миллиард жыл бұрын суық газ-тозаң бұлтынан жер түзілсе, ал мұз-тозаң түрінен су пайда болды. Бұл ғаламның сырын зерттеушілердің зерттеп тапқан нәтижесі. Академик В.И.Вернадский былай деп жазады: «Негізгі күшті геологиялық процестерге әсер етуі бойынша сумен салыстыруға келетін қосылыстар жоқ. Тірі ағзалар мен минералдар, тіпті жердегі барлық заттардың құрамында суы жоғы болмайды». Рас, мына біздің тұла бойымыздың тоқсан пайызынан астамы судан тұратыны белгілі. Мұны неге айтып отыр десеніз, суға қатысты төмендегі жаңалыққа назар аударыңыз.

Ғасыр жаңалығы

1956 жыл. Оңтүстік-Шы­ғыс Азиядағы жаппай қырып жою қа­руын жобалау мен жасау әскери институтының жабық зертханасы. Жаңа замандағы бактериялық қару туралы бірнеше сағаттық ғалымдар отырысы басталады. Кенеттен отырыс тоқтатылып, ғалымдар тамақтан улану белгісімен ауруханаға әкетіледі. Уланудың себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіледі. Ал ғалымдар­дың ортақ ішкен асы отырыстағы үстел үстіндегі қарапайым ауыз су ғана болатын. Суды улауы мүмкін деген оймен судың құрамына сараптамалық зерттеу жүргізіледі. Бір қызығы, тексеру нәти­жесі көрсеткендей оның құрамында Н2О-дан басқа молекулалық қосынды табылмайды. Бірақ судан басқа себебі анықталмаған қорытынды сараптамаға улану «ауыз судан» деп жазылды. Дәл осы жағдай орын алғаннаннан соң 20 жыл кейін ғалымдар ғажайып болжам ұсынды. Ол болжам бойынша «судың есте сақтау қабілеті бар» делінді. Судың жаңа ашылған осы қабілеті судың тұңғиық сырларына жетелей түсері анық. «Неліктен?» деген сауалға жау­ап іздеуші ғалымдар саны күннен-күнге көбейіп келеді. Ресейдегі Мәскеу Мемлекеттік университетінің биология факультетінің профессоры, ғылым докто­ры Владимир Воейков осыған қатысты былай дейді: «Міне, біз жаңа ғана ғылымда орасан батыл қадам жасадық. Біз шындығында суды білеміз деп жүріп, ол туралы түк білмейтіндігімізді түсіндік. Иә, осыны мойындаудың өзі үлкен ерлік, өйткені бұдан кейін адам бойында білуге деген құштарлық пайда болады». Бүгінде өркениет деп аталатын, бірақ адам баласының ақыл-ойын тар шеңберге шырмап тастаған үрдіс негізінде дүниенің көзге көрінетін және көрінбейтін сырларын тану көкжиегіміз қандай деңгейде екенін бағамдай беріңіз. Орыс ғалымы А.Одоевский «Европа рационализмі бізді ақиқаттың қақпасына ғана алып келді, бірақ ол қақпаны ашуға қауқары жоқ екенін көрсетті» деген тұщымды пікір айтқаны бар. Қазіргі таңда адам баласы әлемді танудың жаңа заңдылықтары табалдырығында тұр, бұл үрдіс жаңа әдістемелерге жол ашып отыр. Оған дәлел жақында жарық көрген «Судың ұлы құпиялары» аталатын қайталанбас тележоба. Жобаның мақсаты – жалпы физикалық заңдылықтардың шегіне сыймайтын су көрсетіп отырған құбылыстардың тылсым қасиеттеріне ену. Фильмге ғалымдармен бірге әртүрлі елдің теолог ғалымдары да қатысқан. Фильмді дайындаушылар: «Фильм дәлелдемейді, ол нақты айғақтарды ұсынады. Сену немесе сенбеу – әркімнің ісі. Ең бастысы осы жайында ойлануға және ойды өрбітуге мүмкіндік туғызу ғана» деп мәлімдейді. Негізгі идея – суға

Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!


12


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-144526

Похожие материалы