Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Жолжелкеннің емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бет

Word. Жолжелкеннің емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бет

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Жолжелкеннің емдік қасиеттері


МАЗМҰНЫ



І. Кіріспе …...................................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім


2. 1 Жолжелкен (подорожник) өсімдігіне сипаттама............................6


2. 2 Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті ...........................................10

2. 3 Жолжелкен өсімдігінен жасалатын дәрілер ..................................16


ІІІ. Қорытынды ...........................................................................................19

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................20







Мың теңге тұратын дәрі дәл

шарбағыңның түбінде өсіп тұр.

Халық даналығы


І. Кіріспе


Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер


Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы дәуірлері кезінде адам баласының негізге көрегі өсімдік болған. Алуан түрлі жемістерді, өсімдік тамырларын, түрлі-түрлі гүлдерді, шоптерді жинай жүріп, адам тамағын тойғызып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі аурулар азабынын құтылу жолдарын іздестіре бастаған. Сөйтіп, өсімдіктің шипалық қасиетін зерттеп білуге адамды өмірдің өзі жетектейді. Оның алғашқы аптекасы орман мен дала болды.

Біздің Қазахстанда дәрілік өсімдік түрі өте көп. Олар: адыраспан , арша, қалақай, жолжелкен, шайқурай, асқабақ, сәбіз, пияз, т.б. осыларды адам аруларына тиімді пайдалану кажет.

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.

Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған.

Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз.

Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау- бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерін де аса бағалы, «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.

Осындай емдік қасиеті мол өсімдіктің бірі – жолжелкен. Біз осы зерттеуімізде жолжелкеннің өзіндік ерекшеліктері мен адам ағзаларына тигізетін пайдасы, емдік қасиеттерін зерттеп білетін боламыз.

Республикамыздың барлық өңіріне кеңінен таралған жолжелкен көпжылдық өсімдік. Оны ел ішінде иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық деп те атайды. Оны әлем халықтарының көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады. Мәселен, ертедегі Грекия, Римнің дәрігерлері жолжелкен тұқымын дизентерияға қолдануды ұсынса, тоғызыншы-оныншы ғасырдағы арабтар асқазанға ішуді тапсырған.

Зерттеудің мақсаты: Жолжелкен өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Жолжелкеннен дайындалатын ем-домдардың жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.

Міндеттері:

  • Жолжелкен (подорожник) өсімдігіне сипаттама беру;


- Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиетін айқындау және оларға кеңінен зерттеу жасау;

- Жолжелкен өсімдігінен жасалатын дәрілерді анықтау.























ІІ Негізігі бөлім.hello_html_29c0bfc0.jpghello_html_7bbdfb63.jpg


2. 1 Жолжелкен (подорожник) өсімдігіне сипаттама


Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен, Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 – 50 (80) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 – 4-тен масақ гүлшоғырына топталған.

hello_html_328b53dd.jpg

Жолжелкен тұқымдастарына жатқызылатың жолжелкен (Подорожник большой) - көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 - 40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады. Мамырдан бастап тамызға дейін гүлдейді. Жемістері шілдеден күзге дейін піседі. Батпақты, сазды жерлерде көп өседі.

Республикамыздың барлық өңіріне кеңінен таралған жолжелкен көпжылдық өсімдік. Оны ел ішінде иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық деп те атайды. Оны әлем халықтарының көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады.

hello_html_5f1b7a1c.png

Қазақстанда жолжелкенің жиырмаға жуық түрі бар. Көп кездесетін түрі үлкен жолжелкен. Жолжелкен Қазақстанның барлық жерінде өседі. Негізінен орманның жол жиектерінде, шалғынды алқаптарда кездеседі. Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған.

Қазақ халқының гүл тану және гүл өсіру мәдениетінде жолжелкеннің де өзіндік биік орны бар, даңқы, дәрежесі бар, әсемдік және дәрілік жақтан атқарар қызметі бар. Бұл гүлдің түп жағындағы сабағынан өсіп шыққан жапырақтары желкенді қайықтың желкеніне ұқсайды. Жапырағының сол пішініне қарап оны қазақ «жолжелкен», «желкен гүл» деп атаса, сабағының ұшы егеуқұйрық тышқанның құйрығына ұқсағандықтан, «егеуқұйрық», «тартар жапырақ», «шаңқағар гүл» деп атайды. Жолжелкен деуі негізінен бұл гүл жол жағаларында, арық, бұлақ бойларында өседі. Көзге көп түседі, соған қарап «жол» сөзін қосқан.

Қазақтың табиғи ауа райын болжайтын аспан есепшілері көктем айларында жол жағасында өсіп тұрған жолжелкен гүліне көз салып, көңіл тоқтатады, ой қыдыртады, болжам жасайды, алдағы күндерді долбарлайды.

Егер көктем айы туа, мамыр айының басында жолжелкен гүлі желкенді жасыл жапырақтарын кең жайып, егеуқұйрық сабағын тік көтеріп, күлімдеп күнге қарап, кішкене гүлдерін ашып тұрса, онда биыл жаз жайлы, жаңбырлы болады, жерімізге "ерке көктем" кірді, "ерте көктем" келді деп қабағат қуанады. Қуанышымыз баянды болсын деген ырыммен жолжелкен гүлінің түбіне ақ тамызады немесе ақ шүберек байлайды. Сөйте, жақсылық жамандыққа ауыспайды. Бәрінен де сақ болу керек. Жолдан талай-талай көзді адамдар өтеді. Өсімдік болса да, жолжелкенге көз тиеді. Сол көздің сұғы қайтады деген. Көзге көрініп тұрған жақсылықтан көрінбей тұрған жамандық әлдеқайда жақын тұрады, жақсылықтың да жамандыққа ауысуы қас қағымда-ақ болады деп ойлайды. Көп нәрседен сақтанады да, кейде жақсылықты ашық, жария айтудан пайда болмас деп жасырады, құпия ұстайды.

Егер көктем айларында жол жағасындағы жолжелкен жапырағын жақсы жаймай, егеуқұйрық сабағын аспандата көтермей жүдеулік көрсетсе, онда көктем жайсыз болады, жай кірді, жаз жаңбыры аз болады деп ұйғарады да, қыс қамына жаз кіріседі. Алдағы апаттардан алдын ала сақтанады.

hello_html_m1ff81b63.jpg

Қазақ жолаушы жүріп келе жатқанда да жол жиегіндегі өсіп тұрған жолжелкенге көз қыдыртады. Егер жолжелкен жайқала көктеп, желкен алақанын жайып тұрса, онда мына гүл бата беріп тұр, жолымыз болады екен деп қабағат қуанады. Жақсы ырымға санайды. Жолын тоқтатпай қуана-қуана ары қарай жалғай береді. Ал жол жағасындағы жолжелкен қурап, желкен алақанын жая алмай тұрса, жол тұйықталып тұр деп ары қарай жол алмайды. Үйіне қайтады. Өйткені жолдағы апаттарды ешкім де болжап бере алмайды, қатер туылуы мүмкін деп ойлайды. Жолжелкен жолды белгілейтін гүл деп таниды.

Қазақ гүл бапкерлері жолжелкенді үлкен жапырақты гүлдер тұқымдасына жатқызады, оның ең жақын гүлдес туысы деп санайды. Көпжылдық шөптектес өсімдік деп біледі. Оның бой биіктігі 10-50 сантиметр шамасында болады. Жолжелкен ұзын сабақты келеді, жапырағы сабақ түбінде өседі. Жапырақ алақаны жұмыртқа формалы немесе сопақша бүтін жиекті келеді. Оң беті жасыл, артқы беті күлгін жасыл түсті болады. Жапырақ бетінде 5-7 доға тәріздес жүйкелері болады. Кішкене гүлі жай масақ формалы болады. Қауашақ жемісі жарық қақпақты, тұқымы сопақтау қара қоңыр түсті келеді. Бұл гүл дәрі саналады.

Қазақ емшілері жолжелкеннің тұқымы мен барлық шөбі дәрі болады деп қарайды. Күзде әбден піскенде тұқымын қағып алып, тазалап шикідей не қуырып пайдаланады. Шөбін жаз күндері жұлып алып, жас күйінде не турап пайдаланады.

Жолжелкеннен жасалған дәрілердің қасиеті – тәтті дәмді, суық райлы, усыз болады. Жолжелкен тұқымы ыстықты басады, уытты қайтарады. Несепті айдайды және молайтады, іштің өтуін тияды. Қақырықты шығарып, жөтелді басады. Шөбі де ыстықты басып, уытты қайтарады. Несеп жолының қабынуына, қуық қабынуға, бүйректің жедел қабынуына, несеп жолына тас байланғанға, созылмалы кеңірдекшелердің қабынуына, іші судай өткеніне, сыздауықтың асқынуына ем болады.

Жолжелкеннің халық медецинасында жапырақтарын дене сыртындағы аққан қанды тоқтататын дәрі ретінде қолданылады. Ол үшін кептірілген және ұнтақталған жапырақтың ұнтағын жараланған жерге қан біржола тоқтағанға дейін себеді. Жуылған жас жапырағын жараға, ірінді ісікке, шиқанға сорғыш дәрі ретінде жапсырады. Сол сияқты жапырақтарынан сығылып алынған шырынын жәндіктер шаққан жерге және іріңді жараға жағады. Жолжелкен тамырын іштің қан аралас өтуіне қарсы, қан қақырғанда қайнатпа түрінде, ал ұрығын дизентерия мен іш өткенде пайдаланады. Жолжелкен шырыны қарын бездерінің секрециясын күшейтеді. Жолжелкен ұнтағына фармакологиялық сынақ жүргізген кезде ол туберкулезді, қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай нәтижеге жеткізді. Жолжелкеннің кептірелген жапырақтары мен сабағынан жасалған сығындысы терінің барлық қабатын регенерациялауға көмек береді.

Жолжелкенді кәдімгі ақбас жусанмен, адыраспанмен, шайқураймен қосып, ас қорыту органдарының ауруларына: қарын (әлсіздігінде), асқазан шырынының жеткіліксіздігіне, асқазан қыжылдағанға, жүрек айнығанға қарсы қолданылады.



2. 2 Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті


Жолжелкеннің (Plantaginaceae L.) дәрілік өсімдік ретінде қолданысы ерте кезден белгілі болды. Парсы және араб дәрігерлері жолжолкен өсімдігін аса жоғары бағалап, оны көптеген сырқаттар мен дерттерді емдеуге қолданған. Ежелгі Мысыр перғауындары, абыздар мен патшайымдар жолжелкен шөбін қолданған. Ұрпақтары үшін жолжелкен өсімдігінің рецепт жазбаларын папирус қағазына жазып қалдырған. Барлық жер шары бөліктерінде жолжелкенді кеңінен пайдаланды. Ол тек қана дәрі ретінде ғана емес, сонымен қатар тағамға да қосылды. Оны қуатты ауырсынуды басатын, зарарсыздандыратын және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданады. Жолжелкен жапырағының тұнбасы көмегімен кәдімгі жөтелден және ауамен жұғатын аурудан ғана емес, сонымен бірге мынадай: өкпе туберкулезі, плеврит, жоғарғы тыныс жолының катары, бронх демікпесі мен көкжөтел сияқты ауыр дерттерден жазылуға болады.


3. Бүйрек жолына тас байланғанда жолжелкеннен 15 г, тараққұйрықтан 15 г қосып қайнатып, ішсе тастың түсуіне ықпал жасайды.

hello_html_m514ff0b1.jpg

4. Созылмалы кеңірдекше қабынуға, өкпе қызып алқынуға жолжелкеннің шөбінен 30 г; өрік дәнінен 9 г, тұттың тамыр қабығынан 9 г бәрін қосып, 300 г суға 5 минут ақырын қайнатып ішеді.

5. Іш бұзылып, сұйық болып өткенде жаңа жолжелкен шөбінен 15 грамды 300 грамм суға қайнатып ішеді. Осыған тұқымын қуырып қосып қайнатып ішеді.

6. Қуық асты безі қатерлі ісікке ұшыраған кезде 20 г жолжелкен тұқымына 20 грамм құлан қурай тұқымын қосып қайнатып, ішеді. Мұны бір ай жалғастырып, 15 күн демалып, қайталауға болады.

7. Жолжелкеннің тұқымы ыстықты басып, уытты қайтарады. Қақырықты шығарып, жөтелді тоқтатады. Шөбі де осындай қасиетке ие.

8. Ішек қабынғанда, 15 грамм жас жолжелкенді (кептірілгенінен 9 грамм) қайнатып, күніне екі рет ішеді.

hello_html_mff2d800.jpg

9. Несеп жолының және қуықтың қабынуына 9 грамм жолжелкен тұқымын, 15 грамм тікенді ұшқат гүлін, 9 грамм жүрек жапырақты, 6 грамм қызыл мияны суға қайнатып ішеді.

Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!




13

Автор
Дата добавления 27.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров166
Номер материала ДБ-147752
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх