Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Зәйтүн жемісі мен майының адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бет

Word. Зәйтүн жемісі мен майының адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бет

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


МАЗМҰНЫ



І. Кіріспе …...............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім


2. 1 Зәйтүн өсімдігіне сипаттама............................................................5

2. 2 Зәйтүн жемісі мен майының адам ағзасына пайдасы..............8

2. 3 Құранда зәйтүн жемісі туралы.......................................................9

2. 5 Бетке арналған зәйтүн майы – тиімді рецепттер .....................21



ІІІ. Қорытынды ......................................................................................23

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................24








Кіріспе


Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми - лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған. Қазақстанда орман қоры 21, 8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3, 35 %- ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.
Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т. б. өсімдіктерден дәрі - дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді. Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік - тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз. Табиғаттың ерекшелігі сол, ашылатын сыр, шешілетін жұмбақ, қызықты құпиялар жайы өте көп. Адам тіршілік барысында әртүрлі жағдайда сырқаттанғанда сол сырқаттың емін, шипасын біздің көз алдымызда айналамыздағы тіршіліктен табуға болатынын біле бермейміз. дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болады

hello_html_m4685e269.jpg

Ариканың ылғалды тропиктік ормандары өзінің түр құpaмының байлығы мен алып жатқан жер көлемі жағынан Оңтүстік Американың трониктік ормандарына қарағанда біршама кейін тұрады.

Африканың ылғалды тропиктік ормандарынан көптеген бағалы техникалық және азық-түліктік өсімдіктер түрі шыққан. Солардың бipi – зәйтүн пальмасы, ол тeхникалық (ұрық қабынан) және азық-түліктік (тұқымдарынан) май бepедi. Мұның соңғысы тағгaмғa тікелей пайдаланыла береді және сондай-ақ маргаринге қоспа ретінде қолданылады. Зәйтүн пальмасы тропиктік елдердің плантациялық дақылы ретінде тек өз елінде ғана емес, сонымен, қатар Малайя архипелагының аралдарына кеңінен тараған. Оңтүстік америкадан әкелінген зәйтүн пальмасының плантациялары, какао ағашы, каучук  көп жерде табиғи өсімдіктерді ығыстырып шығарады.

Қазіргі уақытта зәйтүн жемісі мен оның майы біздің елімізге де кең таралып, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын ас мәзіріне айналған. Оны жай тағам ретінде ғана қарап қоймай адам ағзасына тигізер орасан зор пайдасын біз зерттеу барысында танып-білдік.

Зерттеудің мақсаты: Зәйтүн жемісі және оның майының өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Зәйтүн майының пайдалы жақтарын, оның тағамдармен қосып пайдаланғандағы емдік қасиеттерін зерттеп танып-білу.

Міндеттері:

- Зәйтүн өсімдігіне сипаттама

- Зәйтүн жемісі мен майының адам ағзасына пайдасы

- Құранда зәйтүн жемісі туралы

Бетке арналған зәйтүн майы – тиімді рецепттер


ІІ Негізгі бөлім


2. 1 Зәйтүн өсімдігіне сипаттама


Зәйтүн, олива (лат. Olea) – зәйтүндер тұқымдасына жататын мәңгі жасыл көп жылдық ағаш тектес өсімдік.

Негізінен тропиктік, субтропиктік аймақтарда өседі. 80-ге жуық түрі бар. Соның ішінде шаруашылық үшін маңызды түрі – еуропалық Зәйтүн (O. europaea). Бұл түр жабайы түрде кездеспейді.

hello_html_26ee8635.jpg

Зәйтүн – көпжылдық (1000-1500 ж.) жеміс ағашына жатады. Өте баяу өседі. Ботаникалық атауы – Olea europaea. Негізгі отаны – субтропикалық белдеу. Қазіргі уақытта зәйтүн жемісін өндіру жөнінен алғашқы ондыққа мына мемлекеттер кіреді: Испания, Италия, Грекия, Түркия, Сирия, Марокко, Тунис, Мысыр, Португалия және Ливан.

hello_html_6414c3dc.jpg

Бір ағаш жылына 30-35 келідей жеміс береді. Үнемі жасыл түсін сақтайды. Діңгегі жуан. Тамыры орташа алғанда небәрі 80 см тереңдікке дейін бой тартса да, жан-жағына қарай кең тарамдалады. Бұл қасиет Зәйтүн ағашының құрғақшылыққа деген төзімділігін арттырады екен.

hello_html_5c1e7557.jpg

Биіктігі 5 – 6 м, кейде 10 – 12 м-ге дейін жетеді. Жапырақтары ұсақ, сопақша келген, қарама-қарсы орналасқан. Гүлі ұсақ, қос жынысты, гүл шоғы ақшыл. Жемісі – сүйек, сопақша, толық піскен кезде күлгін немесе қара түсті келеді. Зәйтүн атпа тамыр сабақтарымен, тұқымымен, қалемшемен және ұластыру арқылы көбейтіледі. Тұқымымен көбейткенде 10 – 12, ал басқа жолмен көбейткенде 4 – 5 жылда өнім сала бастайды. 200 жылға дейін өнім береді, бірақ ең мол жеміс беретін кезеңі 20 – 50 жыл аралығында. Ағаштары 300 – 400 жыл өседі.

hello_html_3bad099c.jpg

Зәйтүннің 60-қа жуық түрінен тек Еуропалық зәйтүн ағашы (Olea europaea) ғана шаруашылықта жиі қолданылады. Зәйтүннің шикі жемісінің құрамында шамамен 50 – 75% май болады, сонымен қатар қант, ақуыз, пектин, В, С витаминдері, А провитамині, т.б. құнды заттар кездеседі. Жемістерін жасаң кезінде жеуге болмайды, өйткені құрамында дәмі өте ащы глюкозид олеуропеин заты болады. Жемістерін қайта өңдегеннен кейін пайдаланады. Жемістерін салқындай сығып алған бірінші фракциясы зәйтүн майы деп аталады, ол тағам дайындауда, консерві өнеркәсібінде және медицинада дәрі ретінде, ал қалған жемісін, тұқымын қыздырып барып, сығып алынған екінші фракциясы – ағаш майы сабынын қайнатуда қолданылады. Сығындысы мал азығы ретінде пайдаланылады. Зәйтүн ағашының отаны – Кіші Азия мен Мысыр. Осы жерде алғашқы жабайы зәйтүн ағашы өскен, және ол басқа елдерге осы мекеннен тараған. Қазіргі уақытта зәйтүн дақылы өнімдерін ең мол өндіретін елдер – ИталияИспанияГрекияПортугалия, т.б. ТМД елдерінде Зәйтүн дақылы13ғасырданбелгілі. ҚырымдаӘзірбайжандаТүрікменстандаГрузиядаРесейдің Краснодар өлкесінде өсіріледі. Зәйтүннің кеңінен тараған 500-ден аса сұрпы шығарылған. Зәйтүн жемісі Қазақстанда да тағамға көп пайдаланылады.

Қазіргі әл-Құдыс мешітінің шығысында Зәйтүн тауы (Елеон) атты биіктеу жота бар. Ол жердің Зәйтүн ағаштары 2 мың жылдық деседі. 

Зәйтүн ағашын қасиетті деп есептегендіктен, көне Мысырда қайтыс болған адамның денесін зәйтүн майымен сылаған. Жерлеуге апаратын табыт та зәйтүн ағашынан жасалынған.   

Көне гректер зәйтүнді «сұйық алтын» деп жоғары бағалаған. Олар зәйтүн ағашын балтамен шапқан адамды қатаң жазалаған. Олимп ойындары жеңімпаздарының мойнына Зәйтүн ағашының майда бұтақтарынан өрілген алқа таққан.

Көне шығыс елдеріндегі ғибадатханаларда шырағданға зәйтүн майын пайдаланған.

Христиандардың құпия діни рәсімінің бірі маймен сылауда (елей) осы зәйтүн майы пайдаланылады.











2. 2 Зәйтүн майының пайдалы қасиеттері

hello_html_563860bf.jpg

Зәйтүн майы ерте кезден бері өзінің пайдалы қасиеттерімен белгілі. Халықта «Сұйық алтын» деген атпен танымал май, ежелгі заманнан бастап медицинада, дене, шаш күтімінде, ас даярлауда және күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып келе жатыр.

Зәйтүн майын шаш күтімінде де пайдалануға болады. Шашыңыз құрғақ болса, ал бас теріңіз қабықтанса, зәйтүн майын қолданып, шашқа арналған шипалы кондиционер дайындауға болады. Ол үшін, жарты кесе ысытылған майды шашыңызға жағып, басыңызға арнайы телпек тағып, оның үстіне сүлгі орап, сол күйде 45 минут отыру қажет. Уақыт өткен соң, шашыңызды сабын сумен жақсылап жуу керек. Бұл әдіс шашыңыздың әдемілігін қайтару үшін өте тиімді.

hello_html_m603e0f17.jpg

Теріңізді жазатайым күйдіріп алсаңыз, зәйтүн майы, күйік жерінің тез жазылуына көмектеседі. Майдың құрамындағы А, Е және D дәрумендері тері жасушаларының қалпына келуіне ықпал етеді. Оның үстіне, зәйтүн майы, микробтардың жараға енуіне бөгет жасайды.

hello_html_m29c79624.jpg


Құрамы

hello_html_m209e4b64.jpg

Зерттеуші мамандардың айтуынша, зәйтүн майының химиялық құрамы ерекше. Онда адам ағзасына ең керекті витаминдер, қышқылдар, микроэлементтер жинақталған. Ол өсімдік майларының арасындағы қоректік нәрі ең қуаттысы болып табылады. Құрамындағы A, B, C, D, E, F, K витаминдері тотығу арқылы адам ағзасына қауіп төндіретін еркін радикалдармен күреседі.  Сондай-ақ бойдағы сүйек пен бұлшық ет тіндерін қатайтып, асқазан, ішек жұмысын жақсартады. Басқа майларға қарағанда зәйтүн майында көп кездесетін линолей қышқылы денедегі холестеринді азайтады, жаралардың тез жазылуын қамтамасыз етіп, көздің өткірлігін күшейтеді. Өз кезегінде фенолдар иммунитетті көтеріп, кәрілікті баяулатады.

Зәйтүн майы ағзаға жағымды әсер беретіндіктен әрі денедегі майларды ыдырататындықтан мамандар оны диеталық өнімдер қатарына жатқызады.

Медициналық зерттеулер

hello_html_37e10f87.jpg


Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!




10

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров192
Номер материала ДБ-144053
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх