Инфоурок Химия Другие методич. материалыОрганикалық химиядағы есептер мен жаттығулар қолданбалы курстың сабақ жоспары 11 сынып

Органикалық химиядағы есептер мен жаттығулар қолданбалы курстың сабақ жоспары 11 сынып

Скачать материал

 

Сынып – 11                        сабақ реті:   №1                            күні   02.09.15

Сабақтың тақырыбы

Органикалық қосылыстардың изомерлерінің формулаларын молекулалық формуласы бойынша құрастыру.

уақыты

Білімділік

мақсаты:

Дамытушылық мақсаты:

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушылардың органикалық реакциялардың жіктелуі және механизмі туралы алған білімдерін қайталау; 

Түсіндіру біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару, еске сақтау қабілеттерін дамыту;

Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен, кестемен өздік жұмыс, фронталды сұрақтар, есептер шығару 

 

Құралдар мен реактивтер:

11-сынып оқулығы және тапсырмалар жинағы

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау)

-Сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау

-Оқушыларды психологиялық дайындау

-Амандасу.

-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

-Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

-Сабақтың  жалпы мақсатын ашу.

1-2

Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

3.Білімді жаңғырту:  

Фронталды әңгімелесу: 

ОҚҚТ шығуына қандай себебтер негіз болды?               

ОҚҚТ негізгі қағидаларын тұжырымдап беріңдер.

Органикалық қосылыстарға қандай химиялық байланыс тән?

 Коваленттік байланыс қалай түзіледі?

 Коваленттік байланысқа сипаттама бер ?

 Н-Сl,  Н-Н, Сl  - Сl атомдар арасында байланыс түзілгенде қандай орбитальдар   өзара қаптасады? 

 Химиялық  реакцияның қандай белгілері бар?

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

1.Мұғалімнің түсіндіруі: 

А.М.Бутлеровтың ОҚХҚТ

1.Молекулада атомдар нақты болады.

  1828 жылы–Берцелиус шәкірті –неміс ғалымы Велер бейорганикалық заттан алғаш қы рет органикалық зат несеп нәрін- синтездеп алды.

1845 жылы –Кольбе сірке қышқылын алды.

1854 жылы -  Бертло майды синтездеді.

1861           жылы -  алғашқы рет қантты зат синтезделіп алынды.

2.Молекуладағы атомдар өзара валенттіліктеріне сай өзара белгілі бір тәртіппен байланысады.Көміртек 4 валентті.

 

       Н                                         Н    Н                                           

        |                                           |      |                                               

Н – С – Н                           Н – С – С – Н                           

        |                                           |      |                                               

       Н                                         Н    Н                                       

 

  метан                                       этан                                    

 

1.      Органикалық заттардың қасиеттері олардың құрамына қандай атомдар және қанша мөлшерде кіретіндіктеріне тәуелді болуымен қатар, ондағы атомдардың өзара байланысу ретіне де тәуелді болады.

 

       Н           Н                                                       Н    Н

        |             |                                                         |      |

Н – С – О – С – Н                                          Н – С – С – О – Н

        |             |                                                         |      |

       Н           Н                                                       Н    Н

 

   диметил эфирі                                               этил спирті

қайнау темп. -23,7°С                                   қайнау темп. +78,7°С

1.       «Химиялық құрылыс» терминін А.М.Бутлеров ұсынды. Құрылыс- бұл молекуладағы атомдардың валенттігіне сәйкес тәртәппен байланысуын көрсетеді.

Изомерлену –молекула бірдей сапалық және сандық құрамы бар,бірақ құрылысы, қасиеттері әртүрлі болатын құбылыс ,ал ол  заттар -изомерлер

 СН3 – СН2 – СН2 – СН3                                                  СН3 – СН – СН3

                                                                                                                         |

                                                                                 СН3

нормаль бутан                                                   изобутан

Қалыпты бутан мен изобутанның молекулалық формулалары бірдей С4Н10  болғанымен физикалық және химиялық қасиеттері бір-бірінен өзгеше әр түрлі заттар. Мысалы, бутанның қайнау температурасы -0,5°С, изобутанның қайнау температурасы ­11,7°С. Бұл заттар бір-біріне изомер болып табылады

2.        Молекуладағы көмірсутек  атомының саны өскен сайын,изомерлердің де саны өседі.Мысалы: формуласы  С10Н22   болатын заттың  75 изомері , формуласы С14 Н30 болатын заттың 1858  изомері бар.

3.      4.Қасиетіне қарай заттың молекуласының құрылысын ,құрылысына қарай –қасиетін болжап айтуға болады.

 

ОҚХҚТ маңызы:

-теория  табиғатты диалектико – материалистік тұрғыдан түсіндіруге болатынын дәләлдеді

-теория заттарды атом-молекулалық ілім негізінде терең қарастыруға мүмкіндік берді.

-теория химиядағы жинақталған деректерді түсіндірді және жүйеледі,жаңа заттардың бар екендігін болжауға және олардың құрылысын анықтауға,химия өнеркәсібінің дамуына көмектесті

-теория  көміртек тізбегінің құрылыс негізінде заттарды ғылыми негізде классификациялауға мүмкіндік береді

-теория ары қарай екі бағытта дамыды : стереохимия,  атомның электрондық құрылысы туралы білім алу.             

 

14-15

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Мына заттардың құрылымдық формуласын жаз:

3-метилпентан, 2,3-дихлорбутан, 2,3-диметил-4,4-диэтилоктан,и3-пропилпентан  

 3-4

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

-оқушылардың өзін – өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

1-нұсқа

1 есеп. С4Н10  қаныққан көмірсутектің изомерін тап?

2 есеп. Метан, Этан, Пропан, Бутан, Гептан қаныққан көмірсутектердің құрылымдық формуласын және молекулалық массасын анықтаңдар?

3 есеп. 0,25 г пропан жанса қанша грамм көмірқышқыл газы түзіледі және судың зат мөлшерін анықта?

2-нұсқа

1 есеп. С5Н12  қаныққан көмірсутектің изомерін тап

2 есеп. Гексан, Пентан, Октан, Нонан, Декан қаныққан көмірсутектердің құрылымдық формуласын және молекулалық массасын анықтандар?

3 есеп. 0,75 г су түзілсе қанша грамм пропан жанды? Көмірқышқыл газының зат мөлшерін анықтандар.

15-17

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты, мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасы: Тапсырма жинағынан № 1-10 есептерін шығару.

2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру. Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. 

1-2

  Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым – қатынас принципін үйрету.

 

1-2

 

Сынып – 11         сабақ реті:   №2                           күні 08.09.15

Сабақтың тақырыбы

Органикалық қосылыстардың әртүрлі кластарының арасындағы генетикалық байланысқа жаттығулар

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

 

 

Дамытушылық мақсаты:

 

 

Тәрбиелік мақсаты:

Органикалық қосылыстардың құрамы, құрлысы, қасиеттері арасындағы өзара байланыстардың негізінде химиялық қосылыстардың жеке кластарындағы генетикалық байланысты қарастыру. Генетикалық қатарды пайдалана отырып заттардың  массасы не көлемін  анықтау.

 

Генетикалық байланыстарға мысалдар келтіру арқылы химиялық реакциялар жаза білу  дағдыларын, органикалық қосылыстар туралы ◦білімдерін пайдалана отырып логикалық және абстрактілік ойлау дағдыларын дамыту

 

Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, жеке, жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағыдалндыру. Ой еңбегіне баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

 

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

сұрақ-жауап, ой қозғау, баяндау, өздік ізденістік жұмыс, есептер шығару

 

Құралдар мен реактивтер:

11-сынып оқулығы және тапсырмалар жинағы

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау)

-Сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау

-Оқушыларды психологиялық дайындау

-Амандасу.

-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

-Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

-Сабақтың  жалпы мақсатын ашу.

1-2

Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

 

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

Генетика – гректің «генезиз» «шығу тегі» сөзінің негізінде алынған, яғни органикалық заттардың шығу тегі. Органикалық қосылыстар – құрамына міндетті түрде көміртегі атомы кіретін (карбид, цианид, карбонат, көміртегі оксидтерінен басқа) заттар.   

Заттардың жеке кластарының өзара байланысы арқылы бір-біріне айналуы генетикалық тектік байланыс деп аталады.

Органикалық қосылыстардың негізі  Бутлеровтың құрылыс теориясы

Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы бойынша:

1)      Органикалық зат молекуласындағы атомдар ретсіз орналаспайды, олар өздерінің валенттіліктеріне сай белгілі бір ретпен байланысады.

2)      Органикалық заттың қасиеті оның молекуласының құрамына қандай  атомдардың қанша мөлшерде кіретіндігіне тәуелді болумен қатар молекуладағы атомдардың өзара байланысу ретіне де (яғни химиялық құрылысына) тәуелді болады.

3)      Молекула құрамындағы атомдар мен атом топтары бір-бірінің химиялық    қасиетіне әсер етеді.

4)      Заттың қасиеті арқылы оның молекуласының химиялық құрлысын анықтауға және керісінше оның молекуласының химиялық құрылысы бойынша заттың қасиетін болжауға болады

 Осы қағидалар органикалық қосылыстардың құрмындағы С атомының ерекше қасиеттерін сипаттайды:

- өзара тізбектеліп, тармақталып, тұйық тізбек жасай жалғасуы;

- жай және еселі байланыстар түзуі;

- С атомдарынан түзілген тізбектің  изомерленуі;

- гомологтік қатар түзуі.

Сондықтан органикалық қосылыстар кластарының арасында генетикалық байланыстар түзіледі .

6-7

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

Дәптермен жұмыс: сурет салып,көміртек атомының құрылысын түсіндіру

8-9

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

А-деңгейі

 І. CH3-CH3   →  CH3-CH2CI   →   C2H4  →  C2H5OH

ІІ.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда шығымы 80% болса, 2л этиленнен неше грамм этил спиртін алуға болады?

ІІІ.Шығармашылық тапсырма: (Оқушының өз мүмкіндігіне қарай ерікті. Қосымша бағаланады). Генетикалық қатар бойынша сандық есеп мәтіндерін құрастырып,шығар.

В-деңгейі

І. CH4   →  HCOH  → CH3OH  → CH3CI   →   C2H6

ІІ.Көлемі 107,5л құмырсқа спиртін алу үшін құрамында 96% метан бар табиғи газдың қандай көлемі қажет?

ІІІ.Шығармашылық тапсырма: (Оқушының өз мүмкіндігіне қарай ерікті. Қосымша бағаланады). Генетикалық қатар бойынша сандық есеп мәтіндерін құрастырып,шығар.

                                               С-деңгейі

I.  Бутан  →   бутен-1  →  бутен-2  →  2,3- бутандиол

ІІ.Көлемі 44,8л (қ.ж) бутанды дегидрлегенде теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда 80% этилен түзілді.  Этиленнің көлемін анықтаңдар.

ІІІ. Шығармашылық тапсырма: (Оқушының өз мүмкіндігіне қарай ерікті. Қосымша бағаланады).  Генетикалық қатар бойынша сандық есеп мәтіндерін құрастырып, шығар.  

14-15

 

 

 

 

 

 

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

-дәптерге жазғандарын тексеру

1-2

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты, мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасы:

Генетикалық қатарлар бойынша орыдалатын тапсырмалар ретін орындаңдар:                                                

                                                                          Этилен → этиленгликоль

Натрий ацетаты   → ацетилен  → этанол

                                                                         Ацетальдегид → этанол

 

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі:

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. 

1-2

Рефлексия кезеңі:

Сабақты мына сөйлемдерді аяқтау арқылы қорытындылайды:

Бүгін сабақта мен ..... білдім.

Енді мен ..... білемін

Енді мен ....... оқушыдан үйренемін.

 

1-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып – 11                  сабақ реті:  №3                           күні 09.09.15

 

Сабақтың тақырыбы

Органикалық  реакциялардың  жіктелуі  мен  номенклатурасына қатысты жаттығулар орындау

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

Дамытушылық мақсаты:

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушылардың органикалық реакциялардың жіктелуі мен механизмдері химиялық реакция және оның белгілері тақырыбы туралы алған білімдерін қайталау

Қорытынды жасау, көңіл аудару,есте сақтау қабілеттерін дамыту

 

Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу

 

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен, кестемен өздік жұмыс, фронталды сұрақтар, есептер шығару 

 

Құралдар мен реактивтер:

11-сынып оқулығы және тапсырмалар жинағы

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау)

- Сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау

- Оқушыларды психологиялық дайындау

- Амандасу

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

- Оқушылардың көңілін сабаққа аудару

- Сабақтың  жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету

1-2

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )

Білімділік міндеттері:

- оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру

- оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. Білімді жаңғырту.

Фронталды әңгімелесу:

Ø  ОҚҚТ пайда болуына қандай нақты жағдайлар әсер етті?

Ø  ОҚҚТ негізгі қағидаларын айтыңдар     

Ø  Органикалық қосылыстар молекуласына қандай байланыс тән

Ø  Ковалентті байланыс қалай түзіледі?

Ø  Ковалентті байланысқа сипаттама бер?

Ø  Н-Сl ,  Н-Н,  Сl  - Сl байланыстары түзілгенде орбитальдардың қандай түрлері қаптасады? 

Ø  Химиялық реакцияның қандай белгілері?

7-8

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

Білімділік міндеттері: 

-Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;

-берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау

Мұғалімнің түсіндіруі:

    Реакциялардың жіктелуі. Жіктелудің барлық белгілері органикалық химияда сақталады,бірақ аздаған өзгешелігі бар.Ол реакцияны жіктеудің негізгі белгісі ---заттардың құрылысына байланысты..

Органикалық реакциялар

 

Орын басу                        қосылу                     бөлу                   изомерлену

А)                                       Б)                               В)                                  Г)

А) Негізгі белгісі жай заттың күрделі затпен әрекеттесуі. Ондай заттар органикалық химиядада бар. Мысалы:  натрийдің сірке қышқылымен әрекеттесуі.

                          2 СН3ОН  +  Na СН3ОNa + Н2

                          2 СН3СООН + Мg  → Мg(СН3СОО)2 + Н2

  Бірақ органикадағы «орын басу» ұғымы , бейорганикадағы орын басу ұғымының айырмашылығы бар. Егер бастапқы зат  молекуласындағы атом немесе функционалды топ басқа атом немесе топқа ауысса, бұл да орын басу реакциясы деп аталады, ал бейорганикалық химияда бұл алмасу реакциясы болып есептеледі.                          

СН3–СН2–ОН + НВr → CH3–CH2Br  + H2 O

Б) Қосылу деген не? Бұл аз нәрсені негізгіге қосу. Органикалық молекула қосылу реакциясына түсу үшін онда қос байланыс болу қажет, бұл молекула негізгі молекула болып есептеледі. Молекула қос байланыс үзілген жерденқосылады, немесе тұйықталған тізбек ашылған жерден басталады. 

В) Ағылшын тілінің транскрипциясында  оларды  элиминирлеу реакциясы, бұндай  реакциялар  айырылу реакциясын еске салады, бірақ өздерінің ерекшеліктері болады. Оларды қосылу реакциясына қарама-қарсы реакция ретінде қарастырады.

                             Гидрирлеу - дегидрлеу,

                             Галогендеу - дегалогендеу,

                             Гидратациялау - дегидратациялау.

Мысалы: СН2-СН2 + Н2 СН3-СН3 ;      СН3-СН3 СН2-СН2 + Н2

Г) Органикалық химияда бастапқы затт молекулалық құрамын сақтайды (ештеңе қосып алмайды, не бөлмейді), бірақ химиялық құрылысын өзгертеді.

 

 Құрамы бір, бірақ құрылысы әртүрлі заттарды не деп атайды? (Изомерлер, бұндай реакциялар   изомерлену реакциялары деп аталады).

                                   СН3-СН2-СН2-СН3   СН3-СН-СН3                                                               

                                                                                              

                                                                                           СН3         

 Алкандардың тізбектелген түрінен көміртек қаңқасының тармақталған күйге айналуы изомерлену реакциясының нәтижесінде түзіледі-бұл өте маңызды өнеркәсібтік процесс риформинг деп аталады. Ол төменгі сортты бензин маркаларының  сапасын арттыру үшін қолданады. Бұл негізгі типті реакциялардан басқа процессті сипаттайтын жиі кездесетін терминдерде бар:          

тотығу, тотықсыздану ,  поликонденсация,  пиролиз,   полимерлену,  крекинг.

   Органикалық химиядағы реакцияға қабілетті бөлшектер түрлері:

Молекулада байланыс үзілген кезде түзілетін бөлшектер  (радикалдар және  иондар), өте тұрақсыз, аз ғана  уақыт тұрады. Олар басқа атомдар және топтармен қарқынды байланысқа түседі. Радикалды тұрақтандыру үшін оған жұптаспаған электроны бар бөлшек қажет. Анион немесе бөлінбеген электрон жұбы бар атом  байланыс түзу үшін бос орбиталі бар атом іздейді.  Катионға электрондық тығыздығы көп  партнер қажет. Сондықтан  барлық реагенттер үш топқа бөлінеді: 

         -радикалды   реагент

         -электрофильді  реагент

         -нуклеофильді реагент.

Механизм -  реакцияның жеке сатылары арқылы біртіндеп жүруін айтамыз.

18-19

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-Оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау

-Оқушылардың өзін – өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

жаттығуды тексеру

5-6

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

Үй тапсырмасы:

1. Изомерлену құбылысын гександы C6H14 мысалға ала отырып, оның барлық изоиерлерін жазыңыз.

2. Молекулалық формулаларын C3H8O-ға сай заттардың изомерлерінің құрылымдық формулаларын жазыңдар.

3. Мынадай қосылыстар: HCl, H2O, CO, H2CO3 молекулаларының құрылым формулаларын жазып, электрон тығыздығы қай элемент атомдарына қарай ығысатындығын көрсетіңдер.

5-6

Сабақ қоры-тындысын шығару кезеңі:

- Жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру. Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. 

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым – қатынас принципін үйрету.

1-2

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Органикалық химиядағы есептер мен жаттығулар қолданбалы курстың сабақ жоспары 11 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.11.2015 5585
    • DOCX 125.5 кбайт
    • 32 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарова Арайлым Жанатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омарова Арайлым Жанатовна
    Омарова Арайлым Жанатовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35617
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 261 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 350 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 692 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 317 человек