Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Органикалық қосылыстар. Қаныққан көмірсутектер
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Органикалық қосылыстар. Қаныққан көмірсутектер

библиотека
материалов
Тақырыбы: Органикалық қосылыстар. Қаныққан көмірсутектер Білімділік мақсаты:...
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой-толғаныс. Периодтық кестелермен...
Алкандарды алудың төрт түрлі әдісі белгілі 1. Алкандарды зертханада қанықпаға...
Алкандар — молекула құрамындағы көміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыста...
Физикалық қасиеттері Алкандардың гомологтық қатарында салыстырмалы молекулалы...
Химиялық қасиеттері Алкандар орынбасу, айырылу изомерлену және тотығу реакция...
Метанның таралуы: • Батпақты суларда • Өсімдіктер мен жануарлар организмінде...
Алкандардың изомерлері мен атаулары Алкандарға құрылымдық (көміртек қаңқасыны...
IV.Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтары: •«Батпақ газы» деген атауға ие болған газ....
Қорытынды: Берілген модульдің жүзеге асырылуы оқушылардың логикалық және жан-...
12 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Тақырыбы: Органикалық қосылыстар. Қаныққан көмірсутектер Білімділік мақсаты:
Описание слайда:

Тақырыбы: Органикалық қосылыстар. Қаныққан көмірсутектер Білімділік мақсаты: Оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру. Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу

№ слайда 2 Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой-толғаныс. Периодтық кестелермен
Описание слайда:

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, ой-толғаныс. Периодтық кестелермен жұмыс. Сабақтың көрнекіліктері: 1. Интерактивтік тақта 2. Дидактикалық ойын «Химиялық суреттер». 3. Зертханалық құрал-жабдықтар. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгелдеу. II. Үй тапсырмасын сұрау: 1.Алкандарды басқаша қалай атауға болады ? Не себепті? 2. Алкандар неге қаныққан көмірсутектер деп аталады? 3. Гамологтар дегеніміз не? 4. Гомологтық қатар дегеніміз не? ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру барысы: • Алкандардың алынуы • Алкандардың қасиеттері • Алкандардың таралуы

№ слайда 3 Алкандарды алудың төрт түрлі әдісі белгілі 1. Алкандарды зертханада қанықпаға
Описание слайда:

Алкандарды алудың төрт түрлі әдісі белгілі 1. Алкандарды зертханада қанықпаған көмірсутектерді өршіткілері қатысында гидрлеп алады: Н2С= СН2 + Н2Н3С-СН3 Этилен Этан 2. Вюрц реакциясы бойынша,алкандардың гологентуындыларына металл натриймен әсер етіп алады: СН3СL+2Na C2H6+2NaCL 3. Алкандарды көмірді гидрлеу арқылы да алуға болады. Бұл реакция жай заттардың (бейорганикалық) органикалық қосылыстарға өту мүмкіндігін сипаттайды. Реакция 5000С температура шамасында, өршіткі (темір оксиді)қатысында жүреді: nCO+(2n+1)H2CnH2n+2+nH2O 4. Метанды зертханада натрий ацетаты мен натрий гидроксидін балқытып алады: Алкандар табиғатта көп таралған көмірсутектер. Оларды табиғи газдан және мұнайды фракциялап айдап бөліп алады. Олар қаныққан көмірсутектер. Құрамындағы көміртегі атомдары өзара тек дара байланыстар арқылы жалғасқан.

№ слайда 4 Алкандар — молекула құрамындағы көміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыста
Описание слайда:

Алкандар — молекула құрамындағы көміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер. Ең қарапайым алкан — метанныңқұырылымы Алкандардың молекуласындағы әр көміртек атомының барлық төрт валенттігі толығымен, яғни шетіне дейін сутек және көміртек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қаныққан (шектелген) көмірсутектерге жатады. Алкандарды бірінші мүшесі метан болғандықтан, метан қатарының көмірсутектері немесепарафиндер деп те атайды.

№ слайда 5 Физикалық қасиеттері Алкандардың гомологтық қатарында салыстырмалы молекулалы
Описание слайда:

Физикалық қасиеттері Алкандардың гомологтық қатарында салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты балқу және қайнаутемпературалары мен тығыздықтары біртіндеп артады. Гомологтық қатардағы заттардың қасиеттері ұқсас болады және белгілі бір заңдылықпен өзгереді. Гомологтық қатардың бір мүшесінің қасиеті белгілі болса, сол арқылы басқа мүшелерінің қасиеттерін болжауға болады. Сонымен қатар гомологтық қатарларда диалектиканың сан өзгерісінің сапа өзгерісіне ауысу заңы айқын байқалады. Молекула құрамы келесі әр СН2 тобына өскен сайын зат қасиетінің біртіндеп өзгеретінін көреміз. Сан өзгерісінің сапа өзгерісіне ауысуы химияда жиі кездеседі. Алкандардың бастапқы төрт мүшесі — газдар, пентаннан бастап пентадеканға (С15Н32) дейін — сұйық заттар, ал құрамында С16 және одан да көп көміртек атомдары бар жоғары молекулалы алкандар — қатты заттар болады. Қалыпты жағдайда қысымды жоғарылатқанда, пропан мен бутан сұйыққа айналады.  Алкандар — полюссіз қосылыстар. Олар судан жеңіл және сумен араласпайды (ерімейді). Сол сияқты басқа полюстіеріткіштерде де ерімейді, органикалық еріткіштерде ериді. Сұйық алкандар көптеген органикалық, заттардың еріткіші ретінде қолданылады. Метан мен этанның және үлкен молекулалы алкандардың иістері жоқ, ал кейбір ортаңғы мүшелерінің өздеріне тән иістері болады. Алкандар — жанғыш заттар.

№ слайда 6 Химиялық қасиеттері Алкандар орынбасу, айырылу изомерлену және тотығу реакция
Описание слайда:

Химиялық қасиеттері Алкандар орынбасу, айырылу изомерлену және тотығу реакцияларына түседі. Алкандардың басқа көмірсутектермен салыстырғандағы бір ерекшелігі — олардың құрамындағы көміртек атомдарының валенттіктері толығымен сутек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қосылу реакцияларына түспейді. Алкандар құрамындағы тағы бір ерекшелік — оларда едәуір берік коваленттік σ-байланыстың болуы. Бұл байланыстың полюстігі төмен, сондықтан алкандар, негізінен, SRмеханизмі бойынша реакцияларға түседі. С—С байланыс едәуір қатаң жағдайда үзіліп, реакцияға қиын түседі. Алкандардың парафиндер деп аталу себебі осы. Алкандар химиялық реакцияларға энергия берген (қыздыру немесе ультракүлгін сәулелердің әсерінен) жағдайда ғана түседі. Реакция барысында көміртек пен сутек С—Н арасындағы байланыс үзіліп, сутек атомы басқа атомдар мен атом топтарына алмасады немесе көміртек атомдарының С—С араларындағы байланыстар үзіледі. Алкандар полюссіз қосылыстарболғандықтан, байланыстардың үзілуі негізінен радикалдар түзе, гомолиттік механизм бойынша жүреді.

№ слайда 7 Метанның таралуы: • Батпақты суларда • Өсімдіктер мен жануарлар организмінде
Описание слайда:

Метанның таралуы: • Батпақты суларда • Өсімдіктер мен жануарлар организмінде • Табиғи газдың құрамында

№ слайда 8 Алкандардың изомерлері мен атаулары Алкандарға құрылымдық (көміртек қаңқасыны
Описание слайда:

Алкандардың изомерлері мен атаулары Алкандарға құрылымдық (көміртек қаңқасының) изомерлену тән. Ол молекуладағы көміртек атомдарының өзара орналасуынан болады. Тармақталмаған көміртек тізбегі нормалді изомер деп аталады. Алкандардың изомерленуі бутаннан (С4Н10) басталады. Бутанның молекуласында барлық көміртек атомдары тізбектеліп орналасады (н-бутан). Ал изобутанда көміртек атомдары тармақталып байланысады, негізгі көміртек тізбегі үш атомнан тұрады да, 4-көміртек атомы үзіліп, бүйірінен 2-көміртекпен байланысады. Тармақталған изомерлерде радикалдар әр түрлі орналасуы мүмкін. Қосылыс құрамындағы көміртек атомдарының сандары өскен сайын изомерлердің сандары да көбейе береді. Алкандардың бастапқы төрт көмірсутегі тривиальді аттармен аталады: метан, этан, пропан, бутан. Ал бесінші көмірсутек— пентаннан бастап грек сандарына -ан жұрнағы жалғанып аталады. Рационалды атау бойынша көмірсутектер бір немесе бірнеше сутек атомдары радикалдарға алмасқан метанның туындылары ретінде қарастырылады. Егер формулаларда бірдей радикалдар қайталанса, грекше ди-, три-, тетра-, т.б. сандармен көрсетіледі. Метан көміртегінің негізі етіп ең көп тармақталған көміртек атомы алынады

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11 IV.Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтары: •«Батпақ газы» деген атауға ие болған газ.
Описание слайда:

IV.Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтары: •«Батпақ газы» деген атауға ие болған газ. •Отын ретінде қолданылатын газ. •Табиғи газдың құрамында болады. •«Сығылған газ» немесе «балон газы» деп аталады. •Мұнайға серік газдың құрамында бар. •Шахтадағы жарылысты туғызатын газ. •Қандай газ қызыл жолақты цистерналар арқылы тасымалданады. V.Оқушыларды бағалау. VІ.Үйге тапсырма: III - тарауды қайталау.5-6 есептер.

№ слайда 12 Қорытынды: Берілген модульдің жүзеге асырылуы оқушылардың логикалық және жан-
Описание слайда:

Қорытынды: Берілген модульдің жүзеге асырылуы оқушылардың логикалық және жан-жақты ойлау қабілетінің дамуына, олардың құрылысына өарап заттардың қасиетін болжай алу қабілетіне ие болады.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров451
Номер материала ДБ-005475
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх