Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыОрганизация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Скачать материал

Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру

        Мен, Жылқыбаева А.Т., 5-сыныпта сынып жетекшісінің міндетін атқарамын. Сыныпта 7 оқушы: 2 – қыз бала, 5 – ер бала. І тоқсанда үлгерім сапасы 100% құрап, 2 оқу озаты (Мукашев Б., Кунибаев А.) және 5 екпінді оқушы болды. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша сыныпта 1 оқу озаты (Мукашев Б.), 6 оқушы екпінділер қатарында, жалпы үлгерім сапасы - 100%. Балалардың тәртіптері жақсы, барлық қоғамдық, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысады. Сынып бойынша тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша жоспарлар құрылып, бекітілді. Іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі.

        Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиесінің мақсаты: Отан алдында жауап беру қабілетін қалыптастыру, қоғам өміріндегі маңызды мәселелер жөнінде азаматтық позициясын қалыптастыру, ал міндеті өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған деген құрметті күшейту, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру болып табылады.

         1-қыркүйек күні алғашқы Бейбітшілік сабағын өткіздім. Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Қонаққа оқушылардың ата-аналары келді. Ата-аналармен бірге оқушылар топтық жұмысқа қатысып, Ата Заң - Конституцияның негізгі баптармен танысты, «құқық» пен «міндет» деген ұғымдарының мағынасын білді.

    

         13-қыркүйек күні Тілдер күніне арналған «Тіл – халық мұрасы» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынды, тілге байланысты мақал-мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерді еске түсірді, топ болып жұмыс атқаруға үйренді. «Ақыл» және «Озат» екі топ сынға түсті. Жеңімпаз топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматтары» атағына ие болды.

   

        Осы іс-шаралардың әзірлемелерін «Инфоурок» сайтына жіберіп, сертификат алдым:

   

       20-қазан күні «Қазақстан еліме саяхат» атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан туралы білімін кеңейту және толықтыру; Отанға сүйіспеншілікке, намысқа дағдыландыру. Оқушылар Қазақстан туралы өлең оқыды, Отан туралы мақал-мәтелдер айтты, ноутбуктан Қазақстан қалалары туралы презентация көрді.

       Еліміздің бас қаласы Астана – бейбітшілік пен достықтың қаласы екенін, оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және көпшілік ортада еркін сөйлеуге, өз ойларын дәлелді еркін жеткізуге үйрету мақсатында 17-қараша күні «Астана – мерейім, мәртебем, беделім» сынып сағатын өткіздім. Оқушылар тақырыптық буклетті және ноутбуктан фотосуреттерден слайд-шоу қарай отырып, Астана қаласына барған саяхаттары туралы әңгімелеп берді. Астана туралы өлең-тақпақтарды, әндерді еске түсіріп, айтып берді.

      3-желтоқсан күні «Тұңғыш Президент күніне» орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар фотосуреттер, презентациялар мен бейнероликтер арқылы Елбасының өмір жолы, ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік алды.

     4-желтоқсанда жерлес жазушымыз Мәди Хасеновтың туған күні аталып өтті. Жауапты мұғалім қазақ тілі мұғалімі Қалымжанова С.Т. кешті өте мазмұнды өткізді. 5-сынып оқушылары іс-шараға белсене қатысып, өздері жазған шағын өлең шумақтарын оқыды. Балалар шығарған тақпақтарын аудандық «Мектеп жаршысы» газетіне жібердік.

      Тәуелсіздік күніне арналған мектепішілік іс-шараларға оқушыларым шамалары келгенше қатысты. Солай, «Жырлайды жүрек» патриоттық әндер сайысына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

         

       Құқықтық  тәрбиесінің мақсаты: саяси және құқықтық қатынастар жөнінде бастапқы түсінік қалыптастыру; өздерінің құқықтары мен міндеттерін іске асыруға дайындығын қалыптастыру болып табылады.       Құқықтық тәрбиесі бойынша келесі жұмыстар атқарылды: 29.09. – «Менің сыныбым. Сыныптағы міндетім» және айына 1 рет «Адам өмірінің қауіпсіздігі» және 2 рет «Жолда жүру ережелері» туралы әңгімелер өткізіліп тұрды. Нақтырақ айтатын болсам, ЖЖЕ-ге байланысты келесі тақырыптар қарастырылды: «ЖЖЕ атаулары және негізгі түсініктемесі», «Ескерту белгілері», «Реттелетін және реттелмейтін жол қиылыстары», «Жол-көлік оқиғаларының себептері», «Жол таңбаларының мақсаты» және т.б. Осындай жұмыстың мақсаты: жолда және көшеде жүру ережелерін пысықтау, жол ережелерін үнемі сақтап, көше тәртібін бұзбауға баулу, оқушыларды жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру.

       Рухани-адамгершілік бағыты бойынша атқарылған жұмыс. Қайырымдылық жасау айлығы аясында мектебімізде «Қарттарым, аман-сау жүрші» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Ұстаздар күні» де аталып өтті. Оқушыларым осы мектепішілік іс-шараларға белсене қатысты. Ата-әжелеріне арнап жазған шағын шығармалар мен тақпақтары аудандық «Мектеп жаршысы» газетінде жарияланды.

      

       Адамгершілік туралы түсінік беру, бойларындағы рухани адамгершілік касиеттерін арттырып, дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу мақсатымен 13-қазан күні «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар көздерін жұмып, әдемі әуеннің ырғағымен іштерінен жақындарына, достарына, жандарына жақын адамдарға жақсы тілек тіледі. Содан кейін шеңберге тұрып, бір-бірлеріне гүлді ұсына отырып мақтау айтып, жақсы тілек айтып, жақсы тілек жолдады. Келесі кезекте «Мен» деген сөзге әркім өзі туралы берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сызба толтырды. Сабақтың барысында түрлі жағдайаттар ойнатылды, шешілді, Венн диаграммасы толтырылды. Сабақтан оқушылар үлкен әсер алды.

       

         24-қараша күні «Есіміңді құрметте» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға есімдердің мәні мен мағынасы туралы мәлімет беру, өз есімдеріне лайықты азамат болуға және есімдерін бұрмаламауға тәрбиелеу. Сабақта оқушылар есімдер сыры туралы айта отырып есімнің адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін және өз есімдеріне лайықты адам болу керектігін ұғынды. Қазақ халқы балаға ат қоюға ежелден ерекше мән берген. «Атына заты сай болсын» деген ниетпен бала өмірге келсе, оның атын ізгілік, даналық шақыратындай етіп қоюға тырысқан және оны көпке сыйлы, құрметті адамға қойдырған. Адам баласы үшін оның есімінің мәні зор. Есімдердің мағыналары кең, ауқымды. Өмірге келген ұрпағына мәнді, мағыналы есімдерді қоя отырып әр ата-ана оған әлемдегі бар жақсылық атаулыны тілейді. Сабақ барысында оқушылар есімдер сырына үңіліп, көптеген ақпараттармен танысты. Есімдердің оңай қойыла салмайтынын ұғынды. Соңында келесі сұрақтарға жауап бере отырып өз есімдері туралы ой бөлісті:

1.     Өз есіміңнің қойылуы туралы не білесің?

2.     Сенің есіміңді кім қойған?

3.     Өз есіміңе ризасың ба?

        Осы бағыт бойынша тағы да «Кітап – білім бұлағы» сынып сағаты және мектепішілік «Алтын күз» мерекесі мен «Жаңа жылдық» шырша тойы өткізілді. 5-сынып оқушылары тапқырлық пен белсенділікті танытты.

         Салауатты өмір салтын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға қалыптастыру, өз денсаулықтарын күту мақсатымен келесі жұмыстар атқарылды: 6-шы қыркүйек күні «Денсаулық фестивалі» өтті; басқа балалармен бірге оқушыларым күзгі орманға серуенге шықты; «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» акциясына қатысты. Сыныпта келесі іс-шаралар өткізілді: «Денсаулық – зор байлық», «Жемістер, көкөністер – дәрумендер көзі», «Денсаулық – баға жетпес құндылық» танымдық сабақтар, «Оқушының гигиенасы мен күн режимі», «Дене тәрбиесі мен шынығудың маңызы», «Ауыз қуысының гигиенасы»,  «Зиянды әдеттер туралы ұғым» әңгімелері. Әр сабақтан балалар денсаулық – зор байлық, баға жетпес құндылық екеніне көздерін жеткізді, дәрумендер туралы түсінік алып, олардың ағза тіршілігіне қажеттілігін, өсіп дамуға, дұрыс тамақтануға керек екенін түсініп, өздеріне қажетті көп мағлұматтар алды.

   

   

                   

        Оқушыларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу, табиғатқа деген адамгершілікті қарым-қатынас және оның тағдырына жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында 26 қыркүйек күні мектепішілік «Таза жол» акциясына қатыстық. Сонымен қатар 5-сынып оқушылары «Жасыл ел» акциясына және мектепішілік сенбілікке де үлкен жауапкершілікпен қатысты. Әр бейсенбі күндері «Тазалық күні» өткізіледі, сынып кезекшілігі арнайы құрастырылған кесте бойынша жүргізіледі.

            

        

  

         Талғам мәдениетінің мақсаты қоршаған өмірдегі тамаша құндылықтарды, әдемілік пен сұлулықты қабылдау қабілеттілігін қалыптастыру, ал міндеті әдемілік, сұлулық, талғам құндылықтарына деген қызығушылық пен осы мәдениет саласы бойынша негіз қалыптастыру болып табылады. Осы бағыт бойынша мектеп оқушылары 13-қаңтар күні Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына барып, «Қар ханым» атты ертеңгілікті тамашалады.  

 

 

        Сыныптан 3 оқушы (Жумабаева З., Мукашев Б., Тасберген С.) республикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына қатысып, сертификат алды.

        Осы уақыт аралығында сынып 3 рет мектепішілік кезекшілік міндетін атқарды. Кезекшіліктің қорытындысы ретінде 2 рет «Кірпі» қабырға газетін шығарды.

      

  

        Ата-аналармен жұмыс туралы айтатын болсам, ата-аналармен байланыс оқушылардың күнделіктері арқылы орнатылды. Осы уақыт аралығында 3 рет ата-аналар жиналысы өткізілді: 1 – мектепішілік, 2 – сыныпта. Кездесулер әртүрлі формада ұйымдастырылған. Оқу жылдың басында ата-аналар ашық сабаққа да қатысты. Сыныптан 1 ата-ана мектепішілік ата-аналар комитетінің құрамына кірді. Ол Кунибаев Асеттің анасы – Жаныбаева А.Е.

 

          

       Оқушылардың күнделік жүргізу, толтыру туралы айтатын болсам, Кунибаев Асеттің күнделігі таза, ұқыпты толтырылады, Қайролла Алмас үй тапсырмаларын уақытында, толық жазады, қалған оқушылар бақылауды қажет етеді: кейбіреулерінде орфографиялық режим сақталмайды, бағаларды уақытында қойғызбайды, ата-аналрдың қолдары уақытында қойылмайды.  

       Сынып оқушыларымен бірге мектебімізге және сыныбымызға жаңа дәстүрлерді енгіздік: «Орта буынға қабылдау» рәсімін және сыныптастарды туған күндерімен құттықтап, арнайы қабырға газеттерін шығару.

         

 

       Осы бағыттар бойынша және жылдық жоспарға сәйкес жұмыс келесі тоқсандарда да жалғасады.

 

 

Сынып жетекшісі:       ЖылқыбаеваА.Т.

І жартыжылдық қорытындысы

2014-2015 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру

        Мен, Жылқыбаева А.Т., 5-сыныпта сынып жетекшісінің міндетін атқарамын. Сыныпта 7 оқушы: 2 – қыз бала, 5 – ер бала. І тоқсанда үлгерім сапасы 100% құрап, 2 оқу озаты (Мукашев Б., Кунибаев А.) және 5 екпінді оқушы болды. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша сыныпта 1 оқу озаты (Мукашев Б.), 6 оқушы екпінділер қатарында, жалпы үлгерім сапасы - 100%. Балалардың тәртіптері жақсы, барлық қоғамдық, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысады. Сынып бойынша тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша жоспарлар құрылып, бекітілді. Іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі.

        Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиесінің мақсаты: Отан алдында жауап беру қабілетін қалыптастыру, қоғам өміріндегі маңызды мәселелер жөнінде азаматтық позициясын қалыптастыру, ал міндеті өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған деген құрметті күшейту, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру болып табылады.

 

         1-қыркүйек күні алғашқы Бейбітшілік сабағын өткіздім. Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Қонаққа оқушылардың ата-аналары келді. Ата-аналармен бірге оқушылар топтық жұмысқа қатысып, Ата Заң - Конституцияның негізгі баптармен танысты, «құқық» пен «міндет» деген ұғымдарының мағынасын білді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2015 1336
    • DOCX 9.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жылкыбаева Айгуль Толкынбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 9
    • Всего просмотров: 59054
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе