Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Конспекты / Организмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары.Эритроциттер 8 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Организмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары.Эритроциттер 8 сынып

библиотека
материалов

Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы,Үржар ауылы.

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп»КММ

Биология пәні мұғалімі:Тумарбаева Назым Сериковна

Сыныбы: 8 сынып

Сабақ тақырыбы: Организмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.


Сабақ мақсаты: Қанның құрамын, қан жасушаларын және эритроциттерді түсіндіру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Қан плазмасы мен қан жасушалары туралы түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Білім-білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақ түрі: Дәстүрлі.

Сабақ әдісі: Баяндау әдісі.

Көрнекілік: Тірек-сызба, плакат.


Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру (2 мин.)

2. Пысықтау сұрақтары (5 мин)

3. Жаңа тақырып түсіндіру (20 мин.)

4. Бекіту (5 мин.)

5. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

6. Бағалау (2 мин.)

7. Үйге тапсырма (1 мин.)

8. Қорытынды.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру сәті:

1) оқушылармен амандасу.

2) мәлімдеме бойынша журнал толтыру.

2. Пысықтау сұрақтары:

1. Бұлшықеттердің ең басты қызметі.

2. Бұлшықеттерді қандай белгілеріне қарап топтастырады?

3. Қолды бүгетін, жазатын бұлшықеттер топтары қалай орналасады?

4. Бұлшықеттердің қажуы қандай жағдайларға байланысты?

5. Көкет дененің қай жерінде орналасқан және қандай қызмет атқарады?

3. Жаңа тақырып: Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.

Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.

Қанның қызметі:

  1. Адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бір-бірімен

өзара байланыстырады.

  1. Оттекті өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады.

  2. Қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді.

  3. Ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т.б. мүшелерге тасымалдайды.

  4. Дене температурасының тұрақтылығын сақтайды.

  5. Ағзаны зиянды микроптардан қорғайды

  6. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды.

  7. Жасушаларда қышқылдың, судың денгейін реттейді.

  8. Қорғаныштық қызмет атқарады (қанның ұю қабілеті).


hello_html_38d8ff39.gifhello_html_2eafc8ef.gifҚанның құрамы плазмадан (55%)

қан жасушаларынан (45%)


Қан плазмасы – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Плазманың құрамында 90-92 % су, 7-8 % нәруыз, 0,12 % глюкоза, 0,7-0,8 % май, 0,9 % тұз болады.

hello_html_m35a72d06.gifальбуминдер (4,5%)

Пhello_html_301a247.gifhello_html_m7b972c2b.gifлазмадағы нәруыздар глобулиндер (1,7-3,5%)

фибриногендер (0,4%)


Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат көзі.Плазмада глюкоза мөлшері 0,04%-дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырлып, тырысып қалады.

hello_html_52569207.gifэритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары)

Қhello_html_m5751e562.gifhello_html_m5bde134e.gifан жасушалары лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары)

тромбоциттер (қан пластинкалары)


Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді.Пішіні – ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды.

Гемоглобин – қанның қызыл түсті пигменті. Оттекпен қосылған гемоглобинді – оксигемоглобин дейді.

4. Бекіту сұрақтары:

1. Қандай сұйықтықтар ағзаның ішкі ортасын құрайды?

2. Қанның құрамында қандай жасушалар бар?

3. Эритроциттер қандай қызмет атқарады?

4. Қан плазмасының қан сарысуынан қандай айырмашылығы бар?

5. Қан ағзада қандай қызмет атқарады?

6. Гемоглобиннің өзіне тән ерекшеліктерін атаңдар?

5. Үй тапсырмасын сұрау: 6-шы тарау. Тірек-қимыл жүйесі бойынша сабақ сұрау.

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма: 27 тақырыпты оқып, мазмұндау. 56-суретті салып келу.

8. Қорытынды: Қанның құрамы – плазмадан және қан жасушаларынан тұрады. Қан плазмасы – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Қан жасушаларына –

эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады.








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров223
Номер материала ДВ-427359
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх