Инфоурок Другое Конспекты"Оригами техникасымен сакура гүлін жасау" ашық сабақ

"Оригами техникасымен сакура гүлін жасау" ашық сабақ

Скачать материал

Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Балалар мен жапөспірімдер

орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

Ашық сабақ;

 

"Сакура гүлі"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сәндік қолданбалы қолөнер»

үйірмесінің мұғалімі ; Ережепбаева Г.Ә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Мойынқұм ауылы 2016-2017ж

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтық тақырыбы: Оригами техникасымен Сакура гүлін жасау.

 


Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
оқушыларға Сакура гүлі туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: оқушылардың жұмысты орындағандағы еріктілігін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуін қадағалау, эстетикалық талғамын қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: үлгілер, ескертпелер, дайын бисерден жасалған сакура ағашының бұтағы
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, математика, тарих

 

 

Картинки по запросу сакура оригами схемы
 


Сакура гүлі

 

Картинки по запросу сакураСакура бағы.

 

Картинки по запросу сакура

 

 

 

 

Сабақтын барысы.

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

         Оқушылармен сәлемдесу.

         Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алдырту.

         Сабаққа оқушылардың назарын аударту.

 

Психологиялық дайындық.


Қане, шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Ұнаған түсті таңдап ап
Тобымызды табайық.


Топқа түрлі -түсті қағаз арқылы бөліну.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

       Сұрақ-жауап арқылы.

ІІІ. Оқушы білімін тексеру

 І. Мақал-мәтел жарысы.


Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.

Әр гүлдің исі басқа, 
Әр жердің жынысы басқа.

Бір гүл толып ашылады, 
Бір гүл солып ашылады.

Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас. 

Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса. 

Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар. 

Гүл қайда болса көбелек сонда. 

Гүл өмір қызығы. 

Гүл өссе жердің көркі, 
Қыз өссе елдің көркі.

Гүл сабағымен қадірлі, 
Ас табағымен қадірлі.

Гүлсіз болса жер мұнды, 
Күлкісіз болса ел мұңды.

Гүлсіз бұлбұл үнсіз. 

Гүлсіз жапырақ тұл, 
Көксіз топырақ тұл.

Гүл табылады, мал сатылады. 
.ІІ. Жұмбақты шешу.

 Гүл секілді
Қызарады, көктейді,
Күн секілді,
Бірақ нұрын төкпейді.(Күнбағыс)

Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.( Түс)
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді. (Қуыршақ)

Жауабы

Бір кісінің он екі баласы бар,
Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.
Әр баласы сапарға шыққан сайын,
Отыз шақты серігін ала шығар.
(бір жыл он екі ай)

Жауабы

Ұшады,
Қонады,
Гүлдердің қонағы.
Қысыңда көрінбей,
Жазыңда болады.
Түр-түсі сары ала,
Не нәрсе? –
(Бал арасы)

Жауабы

Менен өзі аумайды,
Менен көзін алмайды.
(айнадағы бейне)

Жауабы

Арқалаған шатырын,
Аяңдаған ақырын.
(тасбақа)

Жауабы

Ақ қонақ,
Қара қонақ, –
Бірін-бірі қуады,
Кезек келіп тұрады.
(Күн мен түн)

Жауабы

Қыста келген,
Көктемде кеткен.
Көрпе боп жатқан,
(кар)

 


Гүлдер, гүлдер не түрлі, 
Құлпырды да жетілді. 
Барлық дала өртеніп,
Бара жатқан секілді. 
Өрт дегенім — гүл екен,
Отқа ұқсап тұр екен. 
Лүпіл қағып жүрегім 
Үзіп алдым біреуін 
Сыйлайын деп анама. 
Т.Молдағалиев
.


- Балалар, балалар біз бүгінгі сабағымызда сакура гүлі туралы оқып үйренеміз.

Сакура гүлі туралы не білеміз естігендерін бар ма.

Ия балалар гүл дегеніміз табиғат көркі. «Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. Ол - гүл. Гүл - әдемілік өлшемнің шыңы. «Гүл — дүние көркі» десек те қателеспейміз. Гүл (латынша флос)- гүлді өсімдіктердік көбеюінің белгісі. Гүл беру арқылы біз біреуге ақжарқын көңіліміз бен ыстық ықыласымызды, ілтипатымыз бен сыйымызды көрсеткіміз келеді
- Мерекелерде адамдар бір - бірін қалай құттықтайды?
- Гүл сыйлайды.
- Неліктен?
(Балалардың жауаптарын тыңдау, толықтыру).
- Ал, енді, осы гүлдер туралы не білеміз.

-          Гүл - әдемілік өлшемінің шыңы. «Гүл — өмірдің көркі» десек қателеспейміз.

-          Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар

-          . Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Мерекелерде,

-           туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.

ІV.Жаңа сабақтың мақсаты

   Сакура гүлінің аңызы мен таныса отырып,

қағазды бүктеу тәсілдері арқылы жасалу жолдарын үйрену.

.

V. Жаңа сабақты түсіндіру

 Сакура – ағашы – Жапон халқының символы болып саналады. Сакура сәуір,мамыр қарсаңында гүлдеп шыға келеді. Жапон елінде де сакура гүлдегенде тіпті үкімет үйіндегілер де орталық бақтарына барып, халықпен бірге жаңадан жапырақ жайған гүлдерді сүйсіне тамашалайды екен. Ол “ханами” деген дәстүрге айналыпты. Бұл сөздің мағынасы мынадай екен «хана»- гүлге, ми – қарау. Арнайы мереке ретінде аталып өтілетін бұл іс - шараға құрметті қонақ ретінде шетел дипломаттары мен журналистер де шақырылады . Өйткені, сакураның гүлдеуі – жапондар үшін жаңарудың туы мен ұраны іспетті. Бізде жаңару айы Наурыз саналса, жапондарда ол сәуір айына тұспа - тұс келеді. Сондықтан жапондықтардың барлығы, мейлі ол мемлекеттік қызметші болсын, мейлі кәсіпкер болсын, мейлі қарапайым жұмысшы отбасы болсын осы аймен бірге табалдырықтарынан бақыттың аттауын тілейді. Жапониядағы әрбiр мекеме, ұжым ағаш саясында отырып, арнайы әзiрленген тағамдардан дәм татып, сакэ iшедi Сакура гүлдеген кезде жапондықтар ұлттық киімдер киіп, бұл кезеңді ән айтып, билеп, ұлттық ойындар жүргізіп өткізеді. Ұлттық тағамнан ауыз тиіп,  бір-бірін осы кезеңмен құттықтап, игі тілектер айтады.

Ханами кезеңінде саябақтарда аяқ алып жүру мүмкін болмайды.

 Кейбір жандар ағаш түбінде тәулік бойы тұрақтанып қалуы мүмкін.

 Бұл уақыт аралығында жапон халқы жұмыс істемейді, жастар мен

мектеп оқушылары сабаққа бармайды. Барлығы сакураның гүлдегенін бақылайды.

 Шие ағашының саясында демалып, табиғат құбылысына тамсанады. 

 

 

Сакураның гүлдеу кезеңі бір аптаға созылады. Ең бірінші болып Жапонияның оңтүстігінде отырғызылған ағаштар гүлдейді. Сондықтан да алғашқы кезеңді назардан тыс қалдырған жандар солтүстік аймаққа барып, шие ағашының қауыз жарғанын бақылай алады.

Сакура астында сэке ішіп отырғанда, шараға гүл жапырағы түссе, келер жыл молшылыққа, табысқа, сәттіліктерге толы болады деп болжаған.

 

Сакура туралы мынандай аңыз да бар деседі. Сакура атты қария Хотта деген байдың қаталдығы туралы

 Сегун өлкесінің басшысына шағым айтып келеді. Бірақ басшы жалаң сөзге сенбейді.

 Сол кезде Сакура балаларын шақыртып, әлгі байдың ұрдажықтары дырау қамшымен

тіліп - тіліп тастаған арқасын көрсетеді.

 Сегун болса қатыгез Хоттаның сазайын береді, бірақ ыза - кегін ішіне бүгіп қалған

ол кейін Сакураны балаларымен бірге қолына түсіріп, шие ағашының діңгегіне байлап, таяқтың астына алады.

Қашан көз жұмғанша... Міне, содан бері, дейді жапон аңызы, Сакура мен бейкүнә балалардың қаны бойына сіңіп қалған шие ағаштары қызғылтым түсті бояуға малынып гүлдей бастайды. Сакура, сакэ, самурай, сакана сияқты жапонның ұлттық символы болып табылатын атаулар

мен қазақтың саумал, саба, сауу сөздерiнiң түбiрi бiр. Көне жапон тiлiнде Са – Құдай деген мағына береді" Ал кура қазақша қора және ер-тұрман ұғымдарымен мәндес    

 Міне, тіпті табиғаттың өзі адам баласының жауыздығын ғасырлар бойына ұмытпай, жыл сайын

еске салып тұратын қасиеті болады екен.

 

 

 

 

 

http://stranahandmade.net/wp-content/uploads/2014/03/modulniy-cvetok-origami-k-8-marta-2.jpg http://stranahandmade.net/wp-content/uploads/2014/03/modulniy-cvetok-origami-k-8-marta-4.jpg
http://stranahandmade.net/wp-content/uploads/2014/03/modulniy-cvetok-origami-k-8-marta-5.jpg
 

 

 

 

 

 

 


Сарамандық жұмыс

                 Жұмысқа қойылатын талаптар:
               1. жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау
               2. нұсқау көмегімен жұмысты орындау.
               3. Қағазды бүктеу арқылы, яғни оригами техникасы бойынша «сакура» гүлін

    

Сергіту сәті

VІ. Жаңа сабақты түсіндіргенін сұрау.

Сұрақ-жауап арқылы

 

Себепке алма теру ойыны.

 

 

 

 

 

VІІ. Бекіту.

                   Венн диаграммасы арқылы

               Айырмашылығы        Ортақ қасиеті           Айырмашылығы

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды
-Гүлдер үнемі қуаныш әкеледі, сондықтан да адамдар бір - біріне гүлдер сыйлайды, сыйлай да бермек
   Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз 

үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке

айналдыру - бәріміздің парызымыз.

 Бағалау


VІІІ.  Үйге тапсырма:
             сакура гүлін жасап келу

 

                                                        

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Оригами техникасымен сакура гүлін жасау" ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 169 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 2169
    • DOCX 668.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джелдикбаева Гулжан Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 267878
    • Всего материалов: 90

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой