Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Қорқыт- мифтік бейне.Әдістемелік баяндама
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Қорқыт- мифтік бейне.Әдістемелік баяндама

библиотека
материалов

Қорқыт - мифтік бейне

Қорқыт деген лақап ат болса, оның басына барлық аңыздар, жырлар топтастырылса, қалай ғана тарихи тұлға дейсің?! Дегенмен Қорқытты тарихи тұлға ретінде қарастыратын ғалымдар да бар. Мысалы, Ә.Қоңыратбаевтың еңбегінде Қорқыттың өмір сүрген кезі жөнінде мағлұматтар келтіріледі. Парсы тарихшысы Ибн әл-Асирдің айтуына қарағанда, XI ғасырда Сыр бойын мекендеген бозоқ оғыздарының көсемі Қорқыт ибн Абдулхамит деген кісі болған. Сұлжық тарихшысы Имамәддин Исфахани да Қорқыттың XI ғасырда оғыздар көсемдерінің бірі болғандығын айтады. Мұны XIII ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысы Равенди де қолдайды.

Тастағы суреттер мен басқа да археологиялық материалдар шаман дінінің және бақсылардың қола дәуірінің орта кезеңіне таман қалыптасқандығын дәлелдейді. Бақсының негізгі міндеті- адамды тірі қалдыру үшін о дүние өкілдерімен күресу. Бақсының осы жолда кездесетін ең күшті қарсыласы- өлілер дүниесінің құдайы (Ерлік құдай). Бірақ ажалға қарсы тұрған бақсы одан да именбейді, өлілер дүниесі құдайын арбап, жалбарынады, одан ештеңе шықпаса, әртүрлі қулық, амалдар жасайды, тіпті құдайдың қолында тұрған адам жанын күшпен тартып алып кетуден де тайынбайды.

Қорқыт туралы аңыздың негізгі идеясы бақсылар идеясына, жалпы, шаман дініне тән идеяға сай келіп отыр. Мұны бақсы сарынының сөздерінен де көруге болады. Ауру адамды емдеп жатқан бақсы жын-перілерден тіленіп-сұранып отырмайды, ол өлілер дүниесі күштеріне қарсы шабуыл жасайды. Әртүрлі ауруларға бақсылар әртүрлі ем қолданған. Бірде қобыз тартып, сарын айтып, жын-перілерінен аурудың болашақта немен аяқталарын ғана сұрайтын болған.

Алғашқы адамдар «жын ән-күй, әңгіме, ертегілерді ұнатып, құмартып тыңдайды» деп ойлаған. Осы ырымдардың негізінде жын, иелер ән-күйді, ертегілерді құмартып тыңдап, риза болғандықтарын білдіріп, аңшыларға аң жібереді, егіннің бітік өсуіне мүмкіндік жасайды, аурудың бетін қайтарады, адамдардың өзге де өтініштерін орындайды деген наным жатыр.

Бұл наным өрби келе ән-күй, әңгімешілік, ақындық, бақсылық құдіретін адам баласына жындар, иелер, аруақтар дарытады деген нанымға ұласты. Мысалы, қазақтар домбыра үйренем деген кісі үш жолдың торабында тұрған молаға түнеп шығуы керек деп сенген. Яғни, домбырашылық, ақындық өнер о дүниемен, аруақтар дүниесімен байланыстырылған.

Қазақтың бір аңызында алғаш қобызды жасаған Қорқыт қобыздың үнін таза етіп шығара алмай жатқанда әйелі келіп: «Қобызыңды ашық жерге қойып, жасырынып жат. Шайтан қобызыңды көріп, сенің епсіздігіңді келемеж қылып, қай жерін қалай түзеу керегін өзі айтып берер. Сен оның айтқан сөзін жақсылап ұғып ал», - деп ақыл айтыпты. Қорқыт әйелінің айтқанын істеп, қобызыды ашықтау жерге қойып, өзі қалың бұтаның ішінде тығылып жатады. Қобызды көріп қойған шайтан Қорқыттың епсіздігін келеке қылып, қобыз мойнының жоғарғы жағына кішкене тиек орнатса-ақ қобыздың даусы таза шығатынына Қорқыттың ақылы жетпегенін айтып, өзінше мәз болып кетіп қалады. Қорқыт қобыздың мойнына тиек орнатқанда, қобыздың даусы күңірене, таза шыққан екен. Содан бұл тиекті «шайтан тиек» деп атап кеткен деп айтылады.

Армяндар суырыпсалма ақындарын «яншаг», «варсаг», «ата», «деде» деп атайды. Армян фольклорының түркі халықтары фольклорының күшті ықпалымен дамығандығын ескере отырып, армян тілінде түркі жырауларының «ата», «деде» деген ескі атаулары сақталып қалды-ау деп айтуымызға әбден болады. Ендеше, «деде Қорқыт», «Қорқыт ата» деген сөздер фольклордық дәстүрде кейіпкердің есіміне айналған «Білге қаған», «Улуғ жырау» сияқты «насихат айтушы жырау» деген сөз болып шығады.

Абыз Қорқыттан – аңыз Қорқытқа дейін

«Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VII ғасырдың соңы мен VIII ғасырдығ басында қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресіне сүйенсек, Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын баят руынан шыққан, ал анасы – қыпшақ қызы. Қорқыт әлемнің төрт бұрышын кезіп, адам баласы мәңгілік жасайтын жерұйық іздегенде мінген атақты желмаяны анасының жақын туыстары сыйлаған деген аңыз бар.

Негізі, Қорқыт бейнесі екі түрлі әспектіде, яғни абыз Қорқыт және аңыз Қорқыт түрінде қарастырылады. Қорқыттың абыздық бейнесі оның жырларынан айқын көрінеді. Ұлы баба жырлаған делінетін 12 жырдың қай-қайсысында да Қорқыт – әрі автор, әрі кейіпкер. Дана жырау оғыз тайпасының туған елін, жерін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан батырларының ерлігі туралы толғайды. Сонымен бірге әділдік, адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қассиеттерді дәріптеп, қорқақтық пен опасыздыққа қарсы үндейді. Жалпы алғанда, абыз қария небір қысылтаяң сәттерде елге жол сілтейді, жөн көрсетеді, даналық сөздерімен ойға ой, ақылға ақыл қосады. Мұның сыры – дана Қорқыттың халық поэзиясының ерекшеліктерін бойына сіңірген әнші-жырау әрі болашақты болжағыш ақылгөй болғандығында. Оғыз-қыпшақ қоғамының ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз заманында төрт-бес хандықты басынан өткізіп, солардың бәрінде де бас уәзірлік қызмет атқарып отырған. Көптеген деректерде оның Инал, Дойлы, Көл-Еркен, Тұман және Қаңлықожа хандарға күшті ықпал жасағандығы және сол үшін де ел билеушілерінің Қорқыттың ақыл-кеңесінен асаалмағандығы айтылады. Мұндағы Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа атты хандардың Жетісу, Талас, Сайрам, Қазығұрт, Қаратау, Сыр бойы, Орталық Қазақстан, Торғай өлкесі, Ертіс бойы мен Алтайда әкімшілік құрғандығы тарихтан белгілі. Қорқыт ата сол тұста әлеуметтік заң негізін жасап, соның аясында атамекенді сыртқы жаулардан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәлі адамды жазалау шараларын да айқындаған көрінеді.

Өз дәуірінің ұлы ойшылы болған Қорқытты ел-жұрттың қатты қадірлегені соншалық - ол туралы небір аңыздар туғызған. Сол себепті де ұлы жыраудың туғанынан бастап, өмірден өткенге дейінгі әрбір сәтін, бүкіл іс-әрекетін қиялға бергісіз әдемі әңгімеге, әсерлі мифке айналдырған. Абыз бейнесінің шарттылыққа құрылған белгілері көбейіп кеткендіктен де, кейінгі жұрт ақырында «Қорқыт өмірде болған ба, болмаған ба?» деген дүдәмал ойда қалған. Қорқыт өміріне қатысты ең негізгі аңыздарға тоқталар болсақ, әуелгі әңгіме - оның дүниеге келуіне қатысты. Қазақтың аңыз-ертегілерінде Қорқыттың туған күні өте қорқынышты етіп көрсетіледі. Ол күні алай-дүлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, күн тұтылғандай айналаны қара түнек басып, үш күнге дейін күннің көзі ашылмай қояды. Қаратауды қаптаған қалың бұлттан күн күркіреп, жұрттың ұүтын қашырып, зәресін ұшырады. Қорқыттың анасы тоғыз күн бойы қатты толғатып, аса қорқынышты жағдайда нәрестені өмірге әкеледі. Ол туыларда дүниені басқан қара түнектен қорыққан халық жаңа туған балаға «Қорқыт» деп ат қояды. Қорқыт туғанда сөйлеп туады. Ол туарда қатты қорыққан елтуған соң қатты қуанады. Ерте есейген бала Қорқыт бірте-бірте елдік мәселелерге араласып, оғыз жұртының ұлы көсемі деңгейіне көтеріледі.

Қорқыттың қашан туғаны, қанша жыл өмір сүргені жөніндегі пікірлер де әр алуан. Кейбір деректер Қорқытты «VII-VIII ғасырларда өмір сүрген» десе, енді бір ғалымдар «VIII-IX ғасырлардажасаған» деген пікірді ұстанады. Сол сияқты, бірқатар деректерде Қорқыттың 95 жыл жасағандығы айтылса, кейбірінде 300, тіпті 400-ге келген деген болжам бар. Ал әзірбайжандардың «Деде Қорқыт кітабында» «Расул ғалей һи уиссалам заманына жақын, Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты» деп, Қорқыттың өмір сүрген уақытын Мұхаммед пайғамбардың заманына жақындатады. Тіпті кейбір ғылыми еңбектерде Қорқыт атаның пайғамбар елші болып жіберілгені жазылған. Бірақ мұның бәрі түркі халықтары ислам дінін қабылданғаннан кейінгі тірлік болуы мүмкін. Шын мәнісінде, көптеген дереккөздер Қорқыттың оғыз-қыпшақ елі тәңір дінін ұстанған кезеңде өмір кешкендігіне, жырау, жыршылықпен қатар, бақсылық қасиеті зор асқан емші көріпкел болғандығына меңзейді. Алайда көшпелілердің исламғабет бұруына кейінгі кезеңде Қорқыт «мұсылман әулиесі», «дін жолындағы адам» ретінде көсетіле бастаған. Фольклортанушы ғалым Шәкір Ыбыраевтың пікірінше , «Қорқыттың бейнесі трансформацияға ұшыраған. Басында тәңірлік бақсы болғанымен, бірте-бірте оғыздар оны мұсылман әулиесіне айналдырған. Егер де ол таза ислам идеологиясынан кейін пайда болған әулие болса, одан ешкім де тәңірлік діннің өкілін жасамайды. Ал бұрын пайда болған тұлғадан бергі дәуірлерде исламның әулиесін жасауға болады».

Енді «Қорқыт ата қазақ халқына несімен жақын, не үшін маңызды?» дегенге келейік. Оғыз-қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған «Қорқыт ата кітабы» сюжеті жағынан қазақ ауыз әдебиетінің озық үлгісі санатындағы «Алпамыс», «Бозжігіт», «Құламерген».

Жыраулығы бақсылығынан басым тұрады

«Қорқыт ата» кітабы XV ғасырда хатқа түскенге дейін қандай тағдырды бастап кешіп өтіп еді? Атажұртында аңызға айналып, ұрпағының санасында жатталып қалған әпсана жыр түркітілдес халықтардың көкірек көзінен өтіп, Жүсіп Баласағұн, әл-Фараби, беріде Абай фәлсафасымен үндесіп, үйлесіп барып, XXI ғасыр төрінен бір-ақ шыққан жоқ па еді?! Орыс халқы «Игорь полкі туралы жырын» енді жиырма ғасырға асырып марапаттауға, жырлауға әзір. Ал біз, түбіміз түркі дейтін халықтар, Қорқыт атаның он екі жырын неге аспанға шығарып, әуелетіп жырламаймыз? Мектеп оқушысынан бастап, академикке дейін Қорқыт бабамыздың әрбір сөзін домбыраның қос пернесіне бебеулете салып сарнатпаймыз? Парламенттегі шешендеріміз неге сөздерін бабаның бірлік, адалдық, батырлық жайлы ғибратты оралымдарынан бастамайды? Сонда соншалықты патриотизмге, азаматтыққа толы кемеліне келген сөзді бала да, дана да қабылдап, көкірегіне түйіп алып қалған болар еді. Неге жалпы әлем Қорқыттың өмір сүйгіштік рухына таңғалады? Өйткені жұмырбасты пенделердің ішінде бірінші рет ажалмен алысқан Қорқыт еді. Шығыс классиктері О.Хайям, И.Сина адамды мәңгі өмір сүруге апаратын дәріні іздеді, бірақ таппады. Қорқыт тартқан кәрі қобыз күйін әлем халқы ардақтайды, пір тұтады. Шығыс кемеңгерлігінің көшбасында Қорқыт бабаның он екі жыры тұр.Тәкаппар батыс ұлы даланың даналығына бас ие бастады. Алайда «Игорь полкі туралы жыр» жайындағы зерттеулер екі жүз мыңнан асып кетсе, Қорқыт есіміне байланысты материалдар саны әлі күнге дейін мыңға да жетпей отыр.

Қорқыт - сәуегей емес, зерек, көреген кісі. Оның әрбір сөзі терең иірімдерден туған. Мәңгілік өмір іздеген кейіпкерлер дүние халықтарының ауыз әдебиетінде кең кездеседі. Бұлардан Қорқыт абыздың жолы бөлекше. Еуропадағы мәңгілік ғұмыр іздеушілердің жолы ертегімен шектелген. Бұлардың ешқайсысы өлімнен қашпаған. Ал «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» деген сөз атамзаманнан қалған. Қорқыт – болжампаз, ақын, күйші, тарихшы, би, батыр, абыз, қысқасы, оғыздар қауымының асқан ақылманы. Десе де, оның жыраулығы бақсылығынан басым тұрады. Алайда, Қорқытқа көп нәрсені жапсыра беруге болмайды. Бақсы деген атауы Шоқан Уәлиханов пікірінен кейін басымдау аталып кеткен еді. Сосын Қорқыт бейнесін Зевс, Гермеспен тымжақындата беруге болмайды. Қорқыт қобызы мен Герместің асатаяғы – екеуі бір нәрсе емес. Әл-Фарабидің патшадан бастап, бүкіл залды ұйықтатып кететін музыкалық аспабы мен Қорқыт қобызының арасынан неге бір тәлімді байланыс іздемейміз? Алыстағы Аполлоннан таяу тұрған әл-Фараби бабамыз жақын емес пе.

«Қорқытты қадірлеудің Сырдария жағасында мыңжылдық өнегелері бар» деп В.М.Жирмунскийдің айтуында шындық бар. Ш.Уәлихановтың Қорқыт турасында «бірінші бақсы қазақтарды қобыз тартуға, сырын айтуға үйретті" деуі тегін болмауы тиіс.Қорқыт атамыз қара қобызын сарнатып, Сыр суының үстінде жүз жыл өмір сүрген деседі. Қорқыт күйлері біздің ғасырға төрт құбыласы түгел болып жетті ме, әлде кейінгі қобызшылардың аздаған қоспасы бар ма, осы жағын музыка мамандары ажыратыр айтып беруге міндетті. Сосын Қорқытты шаманизм мен мұсылмандықтың арасында қарастыру немесе бірыңғайлыққа бару, не тәңірге, не исламға бағындыру бағыты бар. Бұл турасында да ғалымдар әлі тұтас пікірге тоқталған жоқ. Ең бастысы – Қорқыттың тарихта болған адам екендігі аңыз, шежірелерде, зерттеулерде дәлелденген жағдай екені анық.

Құрастырып жазған : Мқзапбарова Қ.Ш.

Әр түрлі деректерден алынған. 2016 жыл

Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров198
Номер материала ДБ-012010
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх