Инфоурок Математика Другие методич. материалыҚорытынды есебі математикадан "ЭКСПО-2017"тақырыбында

Қорытынды есебі математикадан "ЭКСПО-2017"тақырыбында

Скачать материал

Қорытынды есебі  «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы»

.Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» деп еліміздегі халықаралық көрменің маңызын түсіндіру мақсатында, оның  міндетінің негізгі салмағы да осы үш пән-математика,физика және информатикаға бағытталған.Сондықтан да биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадық.Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды.Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді.

Бірінші күні,яғни 19 қаңтар апталықтың ашылуы құрметіне «ЭКСПО-2017» атты көрме,«ЭКСПО-нақты ғылым елінде» қабырға газеттер конкурсы ұйымдастырылды.

Апталықтың ашылуында 9-11 сыныптар арасында «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» тақырыбында презентация қорғады және көрермендермен сайыс түрінде өткізіп қызығушылық танытты.Оқушылардың белсенділігі көрінді.

Математика пән мұғалімі Омарбаева Ақмарал 8а сыныбында «Жазықтықтағы нүктелердің координаталары.Кесінді ортасының координаталары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі туралы білімін кеңейтеді, координаталары бойынша нүктені салуын үйренеді, кесінді ұштарының координаталары ортасының координаталарын таба біледі.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі   II. Қызығушылықты ояту  III. Мағынаны тану .Сабақтың кезеңдері сақталған.Сабақты сәйкестендіру арқылы сұрақтың шешімін апталықтың тақырыбымен байланыстыра білді,топтық жұмыс арқылы постерь қорғады.

 Омарбаева Ақмарал мен Кенжеева Айсұлу 8а-9а сынып аралығында «Болашақ және біз»тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізді.Мақсаты:оқушылардың математика, информатика, физика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту.Сайыс түрінде екі топ «Болашақ экологтар» және  «Болашақ технологтар»  арасында сайыс түрінде өтті.Оқушылардың белсенділігі жоғары болды,өз шеберлігін біліммен ұштастыра отырып,оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылығын оята білді. Көркемдік жағы мен құрылымы өте жақсы шықты.Сұрақтар апталық тақырыбымен сәйкес келеді. Қатысқан мұғалімдер өз дәрежесінде өтті деген баға беріп жатты.Информатика пәні мұғалімі Кенжеева Айсұлу «Нөмірленген және таңбаланған тізімдер»  жаңа білім игеру сабағын 6 «А» сыныбында өткізді. Мақсаты: нөмірленген және таңбаланған тізімдерді түсіну, білу, ерік-жігер тәрбиелеу, тапсырманы аяқтау,Сабақ жақсы өтті деп бағаланды, себебі жұмыс нәтижесін оқушылар көрсете білді, олар сабақ мақсатына сай постерь жасап,таныстырды.Сабақта өмірмен ұштастыра отырып,пән аралық байланыс жақсы көрініс тапты. Айсұлу шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім болып танылды.Сабақтың құрылымы жақсы,оқушылардың ізденісі де байқалды.Математика пән мұғалімі Дүйсенова Әсия 6 «А» сыныбында «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» тақырыбында білім бекіту, өзіндік сабағын  өткізді.Мақсаты: сурет бойынша теңдеу құрып, оның шешу жолдарын ережеге сәйкес шешімін табуға есептер шығару, топтық, жеке жұмыстар арқылы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.Пайдаланылған слайдтар оқушылардың белсенділігін арттырып,қызығушылығын оята білді.Пән мұғалімдері Райсова Рая мен Дүйсенова Әсия  5-6 сыныптар аралығында  «Математиканы өмірде пайдалана аласың ба?» атты сыныптан тыс жұмысын өткізді.Сыныптар топқа бөлініп сәлемдесуі мен ұран,эмблемалары жақсы болды.Оқушылардың жауапкершілігі мен белсенділіктері көрініп тұрды.Таңдалып алынған тапсырмалар деңгейлеріне сай алынған.Әрбір баланың бойында пәнге деген қызығушылығы мен білсем екен деген ойлар көрініс тауып отырды. Алынған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес алынған және тақырыпты ашатындай сұрақтар қарастырылған.

Математика пәні мұғалімі Райсова Рая  5 «А» сыныбында «Аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару» тақырыбында  білімді бекіту сабағын математикалық ойын түрінде өткізді.Мақсаты:аралас сандарды қосу және азайту кезіндегі оқушылардың білімдерін жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту, өзін-өзі басқаруға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Сабақтың құрылымы да ерекше болды,оқушылармен өте тығыз байланыста,пәнаралық байланыс орнатылған.әрбір сабақтың кезеңі қорытындыланып,ерекшеленіп,бағаланып отырды.

6 «Б» сыныбында пән мұғалімі Вовк Татьяна «Решение линейных уравнений с одной переменной» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: теңдеудің қасиеттерін қолданып, оның шешу жолдарын ережеге сәйкес шешімін табуға есептер шығару, топтық, жеке жұмыстар арқылы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.Тест жұмысы алынып, оқушылардың өздері бағалап, бағалау парағына ұпайларын қойып отырды. Тақтадағы есептерді оқушылар тексеріп, қателерін талдап көрсетті.Пән мұғалімдері Вовк Т.Н. мен Кулакаева Г.А. 7 «Б» - 8 «Б» сыныптары арасында «Эрудит» математикалық сайыс түрінде өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.Алынған сұрақтар көркем безендірілген оқушылардың жас ерекшеліктері еескерілген және ЭКСПО-ға байланысты сұрақтар жақсы таңдалған.Физика пән мұғалімі Жалбырова Г.Т. 7 «А» сыныбында «Газ қысымы» тақырыбында ашық сабақ берді.Мақсаты: ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым. Оның өмірде қолдануын және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Тәжірибе арқылы қысымның пайда болуының көрсетіп, сол арқылы физикалық диктант алып, бағалады.Жаңа тақырыпты экраннан слайд көру арқылы сабақты талқылады.

Апталықты қорытындылау мақсатында 5-11 сыныптар арасында «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламалық шоу ретінде өткізілді.Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі көрінді.Сұраққа жауап берген екі оқушы шығып, білімдерін жарыстырды.Алынған сұрақтар өте жақсы таңдалған және тақырыпқа сай алынған.

Апталықтың соңында өткізілген конкурстар мен сайыстарға белсене араласқан сыныптар мен жекелеген оқушыларға дипломдар мен мадақтама қағаздар тапсырылды.

Көрмеге қатысқан сыныптар бойынша 1-орын 10 «А» сыныбы

2-орын 8 «А» сыныбы мен 9 «А» сыныбы

3-орын 5 «А» сыныбы мен 11 «А» сыныптары марапатталды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қорытынды есебі математикадан "ЭКСПО-2017"тақырыбында"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 334 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2017 1220
    • DOCX 465.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дуйсенова Асия Орынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дуйсенова Асия Орынбаевна
    Дуйсенова Асия Орынбаевна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2612
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 36 регионов

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: отрицательные числа, дроби, возведение в квадрат, извлечение квадратного корня

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 42 регионов

Курс повышения квалификации

Аспекты преподавания самостоятельного учебного курса «Вероятность и статистика» в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 276 человек из 64 регионов

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 32 регионов