Инфоурок География Другие методич. материалыҚорытынды кеш сценариі "География әлеміне саяхат" (6-10 сынып)

Қорытынды кеш сценариі "География әлеміне саяхат" (6-10 сынып)

Скачать материал

Қорытынды кештің тақырыбы: «Жер –Ана бізде қонақта»

Мақсаты:Жер планетасы,материктер туралы,ондағы тіршілік әлемімен танысу,сабақта алған білімін жинақтап,одан әрі таным деңгейлерін арттыру,актерлік шеберлікке,табиғатты аялап,сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:слайд,Жер-Ана,материктер мен Қазақстан сырт пішіндерінде киінген оқушылар,қазақша киінген жүргізуші,әр материктің өсімдіктері мен жануарлары салынған плакаттар,альбомдар,карталар.

Қойылымның барысы:

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме ? Ұстаздар және оқушылар!Сіздер бүгін бір апта бойы өткен биология,химия,география пән апталығының қортынды кешін тамашалағалы отырсыздар.Қортынды кештін тақырыбы: «Жер-Ана бізде қонақта» деп аталады.Кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Мың сан халқы ізіне ерген,

Келешекке берік сенген,

Қасиетті туған өлкем,

Кереметсің қандай көркем!

О,Жер-Ана қадіріңе жетейін,

Көрерменді сырға қанық етейін.

Жер-Ананы шақырып ап ортаға,

Сіздерге толық таныстырып өтейін-деп ортаға Жер-Ананы шақырайық.

О,Жер-Ана бізге жылдам келіңіз,

Сізге әр кез дайын біздің төріміз.(Жер-Ана келеді)

Міне, Жер-Анамыз да көрінді

Сәлеметсіз бе Жер-Ана!

Жер-Ана:Амансың ба қарағым!Амансыздар ма оқушылар! Құрметті ұстаздар!Мені бәрің де география,биология,химия пәндерінен жақсы танисыңдар деп ойлайын.Солай ма? Рахмет.Дей тұрғанмен де,мен сіздерге қонаққа келген соң,өзім жайлы айта кетейін.

Күн жүйесін үшінші боп мекендедім,

Көлемім кең,үлкен жүк көтергенім.

Ізімнен ерген менің 6 ұлым бар,

Емессіңдер сендер де бөтендерім.

Және бар менің 240 немерем,

Немерелерім шеттерінен көреген.

Жан жағымдағы Плутон,Шолпан,Марыстар,

Дейді маған «бақыттысың не деген!»

Өйткені менің басымдау еді пәрменім

Артықтығым 6 бала көргенім,

Солардан өрген өздерің аман тұрғанда

Әрқашан да тіршілігім бар менің.

Жүргізуші:

Қасиетті Жер-Ана , жақұтпысыз?!

Біз барда шыныменен бақыттысыз.

Сіз аман кезде,біз бармыз дей аламыз,

Өйткені сіздей анадан жаралғанбыз. Қымбатты Жер-Ана,жаңа бір сөзінізде 6 балам бар деп едіңіз,неге ертіп келмедіңіз?Сіз рұқсат етсеңіз,соларды бір-бірден ортамызға шақырсақ деп тұрмыз.

Жер-Ана: Шақырыңыздар,айналайындар!Мен қарсы емеспін.

Жүргізуші: Ендеше,алдымен анамыздың үлкен баласы «Еуразияны» шақырамыз.

Армысыз,Еуразия бабамыз,

Біздер сіздің бір балаңыз боламыз.

Өзіңіздің 4-ші балаңыз-

Қазақстан-біздің туған анамыз,

Ұлы баба бізхге рақым етсеңіз,

Өзіңіз жайлы аздап айтып кетсеңіз.

Еуразия:Орасан зор материкпін,

Төрт мұхит,төрт қабырғам.

Алуан түрлі тірлігімен

Көп халық менен табылған.

Исландия аралым бар,

Фенноскандия-орманым.

Балқан таумен таралынған

Гималай,Альпі қорғаным.

Аравия-үлкен түбек,

Месопотамия-жазық ойпат.

Орта Азия шөлді өлкені

Жылқы,түйе жүрер жайлап.

Тынық мұхит жағасында

Вулканым бар отты алып.

Ұлы Қытай жазығында

Ырзығын терген көп халық

Архипелаг,Малазия

Тұрады 5 мың аралдан

Күріш пенен шай бұта

Бұл жерге тән таралған.-мен осынау өлен жолдарымен өзімді

таныстырдым.Ендігі кезекте сіздер мен жайлы білемекенсіздер соны сұрақ қою арқылы білгім келіп тұр.

Сұрақ:

Жүргізуші: Шынымен зор екенсіз,

Мақтануға тұратын.

Бірде көл,бірде шөл екенсіз,

Таулардан шеп құратын.Сізге көп-көп рахмет,Еуразия!Енді осындай алып баласы бар Жер-Анамызға арнап ән:

Жүргізуші: келесі кезекте Африканы шақырайық.

Африка: Мен Африка!Қос мұхит арасында

Европадан 3 есе үлкен құрлықпын.

Түп атам «Евразия» тайпасында,

Белімді экватор кескен құрлықпын.

Маймыл,піл,жираф,зебра мекен еткен,

Какаодан жетістікке жеткен елмін.

Африка: меніңде оқушыларға қояр сұрағым бар.Менде тағы қандай өсімдіктер өседі ? Атап беріңдерші.

Жүргізуші:

Бәрекелді қысқа да нұсқа айттыңыз,

Сонда-дағы сездік біраз жайтты біз.

Сізге көп рахмет.Келесі кезекте Жер-Анамыздың 3-ші баласы Солтүстік  Американы шақырамыз.

Солтүстік Америка:

Өзім жайлы менде айтып берейін,

Құнды-құнды мәліметтер терейін.

Ағаларым өзін айтып мақтанды,

Байлығымды мен де мақтап көрейін.

Қалың тоңды қойбұғым бар,

Қылқанды шырша орманым бар.

Бұғы,құндыз ондатра-

Ең бағалы аңдарым бар.

Ниагара алып құламадан,

Энергия аламын.

Үлкен антиль,Кіші антиль,

Бағамдай бар аралым.

Гольфстрим ұлы ағысым,

Кордильер таулы тізбегім.

Иеллустон-ұлттық паркке

Барудың жолын іздегін.

Гейзер суы көкке өрлеп,

Секвоялы жасыл орман.

Міне,осы барым менің,

Маған мәнгі мақтан болған.

Жүргізуші: қараңыздаршы,бұл жерлерде де біраз қызықтар бар екен.Енді ортаға Оңтүстік Американы шақырамыз.Амансыз ба,Оңтүстік Америка,біздерге қош келіпсіз.Өзіңіз жайлы айтып беріңізші.

Оңтүстік Америка:

Шығысым менің кең жазық,

Анд тауы батыс жағында.

Амазонка ең сулы өзен,

Биік таудан соғылған.

Өсімдігім мимоза,

Кеброчо,кактустар.

Мекен еткен жерімді,

Пума,ягуар жыртқыштар.

Жиырмадан астам елім бар

Титикака көлім бар.

Менде сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр.Менде тағы қандай жануарлар мекендейді.Атап беріңдерші.

Жүргізуші:

Көп рахмет.Сіз де мығым екенсіз,

Талай адам қызыққандай мекенсіз.

Келесі кезекте Антрактиданы ортаға шақырамыз.

Қош келдіңіз мұзды менен,

Дейді көп жұрт сізді бекем.

Шыныменен сізді ойласам,

Менің өзім дір-дір етем.

Антрактида: Шыныменен мінезім сәл қаттылау,

Жақтарым да бар ғой бірақ жақсылау.

Мысалы менде ғалымдардың ғылыми

Станциялары жұмыс жасайды бақылау.

Жануарларым тюлень,теңіз мысығы,

Пингивиндердің көрдіңіз талай қызығын.

Жүргізуші: Көп рахмет.Келесі кезекте Жер-Анамыздың ең кенже баласы «Австралияны» шақырамыз.

Хош келдіңіз,кенжесі ананың,

Сіз жайында білгіміз келіп барады.

Біздің кеште қонақ болып қайтыңыз.

Бірақ сіз де өзіңіз жайлы айтыңыз.

Австралия:

Айтар болсам өзімді

Тыңдаңыздар сөзімді.

Ағалардан шалғайдамын,

Құрғақшылық бар аймағым.

Қос мұхитпен қоршаулымын,

Қалталы келеді жануарым.

Әлем бойынша қой өсіріп,

Ең бірінші орын алдым.

Жүргізуші: Сізге де шексіз біздің алғысымыз.Әрдайым алға бассын жақсы ісіңіз .Көп-көп рахмет сізге.

Жүргізуші: Қасиетті Жер-Ана !Сіздің 240 немереңіздің ішінен 9-шы немереңіз біздің анамыз.Енді «Қазақстанда» шақырғымыз келіп отыр.

Қазақстан-туған өлкем бағыстан

Бақытымды іздемеймін алыстан.

Бүгін бізге қонат болып кетіңіз,

Балалардың әнін тыңдап жарысқан.

Сіз біз үшін ең киелі мекенсіз,

Бізбен бірге мәңгі жасап өтерсіз.

Қасиетті жер секілді ананың

9-шы немересі екенсіз.

Отан-Ана ортамызға келіңіз

Өзіңіз жайлы бізге айтып беріңіз.

Деп ортаға Отан-Ана Қазақстанды шақырамыз.

Қазақстан:

Белестерден белестерге ұласқан,

Орман,шөлім,өзен-көлім қыр асқан.

Тау мен тасын жауып құмның етегін,

Баурайында сылдыр қаққан бұлақтар.

Менің жерім дәнге,малға,кенге бай,

Менің елім жаны жайсаң,көңілі жай!

Қазақстан : Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқущылар мен де өзім жайлы сұрақ қоюды жөн көріп тұрмын.Сұрағым мынадай –Менің жер аумағым қанша ? Жер аумағымның көлемі бойынша мемлекеттер арасында нешінші орынды аламын ?

Жүргізуші:

Табиғатты қойған сынап кенелте,

Қазақстан-байтақ өлке,кең өлке.

Қазақстан-ғажапстан бұл күнде,
Ағыл-тегіл ақтарылған кең өлке.

Отан-Ана қадіріңе жетемін

Сенен басқа Отанды мен не етемін!

Сен мұңайсан,мен де бірге мұңаям,

Сен қуансаң,мәңгі күліп өтемін.

«Туған өлкем-қандай көркем»-еді деп,

Табынамыз саған,атамекенім !

Өзіңізге арналған «                                       » әнін қабыл алыңыз.

Орындайтын :

Осымен «Жер-Ана бізде қонақта» атты театрландырылған қорытынды кешіміз аяқталды.Көңіл қойып тындағандарыңызға көп-көп рахмет.

 

 

 

 

Бекітемін:                                         Тексерілді:

Мектеп директоры: Құрмашов       Оқу ісінің меңгерушісі: Оспанғалиева Э.Ә.

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

« Жер – Ана бізде қонақта »

( қорытынды кеш )

 

 

 

 

 

Өткізген пән мұғалімдері: Мұхағалиева А.С.
                                                 Қадылбекова Ж.Қ.

                 2015-2016 оқу жылы

 

Бекітемін :                                          Тексерілді :

Мектеп директоры:Құрмашов С.     Оқу ісінің меңгерушісі:Оспанғалиева Э.Ә.

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

 

 

 

« Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы , көліктік жағдайы »

( ашық сабақ 9-сынып )

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген география пәнінің мұғалімі: Қадылбекова Ж.Қ.

                                2015-2016 оқу жылы

Бекітемін :                                          Тексерілді :

Мектеп директоры:Құрмашов С.     Оқу ісінің меңгерушісі:Оспанғалиева Э.Ә.

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

 

 

 

 

« География әлеміне саяхат »

( сыныптан тыс жұмыс )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген география пәнінің мұғалімі: Қадылбекова Ж.Қ.

                  2015-2016 оқу жылы

 

Бекітемін :                                          Тексерілді :

Мектеп директоры:Құрмашов С.     Оқу ісінің меңгерушісі:Оспанғалиева Э.Ә.

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

 

 

 

 

« Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі »

( ашық сабақ 5-сынып )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген география пәнінің мұғалімі: Қадылбекова Ж.Қ.

                         2015-2016 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қорытынды кеш сценариі "География әлеміне саяхат" (6-10 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 836 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2016 2082
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кадылбекова Жанаргуль Кадылбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2966
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 327 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе