Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары" интеграция сабақ дүниетану мен өзін өзі тану
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары" интеграция сабақ дүниетану мен өзін өзі тану

библиотека
материалов

Қосымша № 3

«Өзін- өзі тану» пәнінен интеграцияланған: дүниетану сабағының жоспары

Мектеп:№2 ОМ КММ Мерзімі:25.11.15.

Мұғалім: Сыздыкова Б.Б. Сынып: 4 «Ә» сынып Оқушы саны: 17

Тақырыбы: Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Құндылық: қиянат жасамау Қасиеттер: жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік

Сабақ мақсаты: орман және тоғай өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру.

Міндеттері: Орман және тоғай ерекшеліктерін ашып көрсету. Танымдық белсенділікті, зерттеу дағдыларын дамыту. Табиғатты аялауға баулуға ықпал ету.


Мақсаты: қиянат жасамау құндылығын негізге ала отырып, жанашырлық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Оқушыларға жанашырлық ұғымы туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың бойындағы мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

3.Оқушыларды жанашыр, қамқор болуға, табиғатқа мейірімді болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер), перзентация, бейне фильм, аңдар суреті бар қима қағаздар, ватман, маркерлер, оқулық.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (сыртқы тыныштық)

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»



Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, 50кабинеттен шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, институтқа қарай аяңдаймыз. 50 кабинетке келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз. Сұрақтар:

1.1. Балалар, қандай әсер алдыңдар?

1.2. Сендерге жағымды әсер етті ме?

1.3. Неліктен мұндай күйге түстім деп ойлайсыңдар?

Қорытынды:

Ендеше, балалар, осы жақсы күйімізді үнемі сақтап жүрейік.

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

2.1. Сабақ № 20, бет 69-72, сұрақтарға жауап беру.




  1. Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар жұптасып жүмыс істейді.

Бір оқушы орман өсімдіктері туралы, ал екіншісі жануарлар туралы ақпарат іздейді және есіне сақтайды.

Мәтінмен жұмыс істеп болғаннан кейін бір-бірімен ақпаратпен бөліседі.

3.1. Орманды мекендеушілердің қоректік тізбегін құру.

3.2. Оқушылар жұптасып жұмыс істеуін жалғастырып, қоректік тізбекті құрады.

Өзекті сұрақ: «Орманды мекендеушілердің бір түрі жойылып кетсе, не болады?»

Өзекті сұрақты талқылау.



  1. Мұғалім сыйлығы (ішкі интеграция)


Сұрақтар:

4.1.Бұл бейне фильм не жайында?

4.2.Бұл бейне фильмнен қандай жануарлар мен өсімдіктерді байқадың?

4.3.Орманда тағы қандай дыбыстарды естуге болады?

4.4Сендер өсімдіктер мен жануарларды қалай қорғар едіңдер, сендердің әрекеттерің ?










  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

5.1. Топқа бөлу. Аңдардың үш түрі салынған қима қағаздар арқылы үш топқа бөлу.

1-топ. – Өлең шығару. «Табиғатты қорғайық» (Дұрыс әрекет құндылығы мен қасиеттерді пайдаланып, 1 шумақ өлең жазу)

2-топ. – Коллаж жасау.«Солтүстік Қазақстан өңіріндегі аңдар» (сызба,  сурет, т.б. теңеу). 

3-топ. – Сөзжұмбақ құрастыру. «Өсімдіктер»

5.2. Тапсырманы қорғау. Топтардың жұмыстарын талдау.

5.3. Тапсырманы қорытындылау.








  1. Сабақты қорыту:

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім-кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін - де сүйе алмайды.







  1. Үй тапсырмасы туралы ақпарат.

    1. Сабақ № 21, бет 73-76, ата-аналармен бірге сабақтың соңында қойылған сұраққа жауап табу немесе орманды мекендеушілер туралы қосымша ақпарат іздеу.












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров82
Номер материала ДБ-231476
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх