Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Рабочие программы / Орманды дала және дала зонасы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Орманды дала және дала зонасы.

библиотека
материалов

hello_html_681dc5a7.gifhello_html_39c39845.gifhello_html_m31a571de.gifhello_html_m267367a3.gifhello_html_67d57342.gifhello_html_4deb49ca.gifІІІ- тоқсан

Сабақ № 33 Күні:

Тақырыбы:Қазақстанның көлдері.

Білімділік: Оқушыларды көлдер мен бөгендермен және көлдердің типімен таныстыру.

Дамытушылық: Кестемен және кескін картамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Өз елін, өз жерін құрметтеп, сүюге баулу.

Сабақтың жоспары: 1 кезең- ұйымдастыру 4 кезең- бекіту

2 кезең-үй тапсырмасын сұрау 5 кезең- үйге тапсырма беру

3 кезең-жаңа тақырыпты меңгеру 6 кезең- қорытынды, бағалау

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1

Амандасады. Оқушының зейінін сабаққа аударады.

Амандасады.

2


Қазақстан аумағында 48 мың көл мен 3 мыңға жуық бөгендер бар.Көлдердің көбі Солтүстікке қарай орналасқан-Каспий, Арал, балқаш, Зайсан, Алакөл сияқтылар.94% көлемі шағын 1км2 көлдер. Көлдердің барлығы тұйық.Деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады, суы тұзды. 100 шаршы км астам 22 көл бар. Олар 60% құрайды.

Көлдердің географиялық ерекшеліктері бар:

Пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді.

Көлдер


Тектоникалық реликті мұздық кар ескі арна

Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасайды. Бөгендердің шаруашылық маңызы зор. Олар энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулау бағдарламаларында пайдаланылады. Қазақстан бойынша ірі бөгендер: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара,Сергеев және т.б

Дәптерлеріне күнді жазып, жаңа тақырыпты тыңдап. Көлдердің ерекшеліктерін жазып алады. 1-ші: табиғат зоналар бойынша біркелкі таралмаған.2-шіден:топ-топ болып шоғырланған. 3-ші: жасы әр түрлі. Пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінуін дәптерлерге жазып алады.

3

Тақырыпты оқып кестені толтырады.

Қазаншұңқырлардың

пайда болу типтері

Көлдер

Таралу

аймақтары

Тектоникалық

Жер қыртысының қозғалу нәтижесінде

Қалыптасады.

Зайсан, Марқакөл, Қарасор,Теңіз-Қорғалжың

Оңтүстік-шығыс таулары, Сарыарқа.





Тақырыпты оқып шыққан соң, кесте толтырады

4

Үй жұмысы:§ 29 оқу, кескін картаға көлдерді түсіру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

5

Оқушыны бағалайды. Күнделігіне баға қояды.

Мұғалімді тыңдап бағаланады.




Сабақ №34 Күні:

Тақырыбы: Ірі көлдер

Білімділік: Оқушыларға ірі көлдеріі жайлы толық сипаттама беру. Яғни ауданы, судың ауданы, байлығы жайлы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылармен сұрақ-жауап арқылы ойлау дағдыларын анықтау.

Тәрбиелік: Өз елін, өз жерін құрметтеп, сүюге, баулу. Табиғатты аялауға, қорғ,ауға, сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары: 1 кезең- ұйымдастыру 4 кезең- бекіту

2 кезең-үй тапсырмасын сұрау 5 кезең- үйге тапсырма беру

3 кезең-жаңа тақырыпты меңгеру 6 кезең- қорытынды, бағалау

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1

Амандасады. Оқушының зейінін сабаққа аударады.

Амандасады.

2


Сұрақ-жауап арқылы тексеру

1.Тектоникалық көлдерге қандай көлдер жатады? (Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз-Қорғалжың.)

2.Реликті (қалдық) көлдер (Каспий, Арал)

3.Қанша бөген бар? (3 мыңға жуық)

4. Ең ірі бөгендер (Бұқтырма, Қапшағай,Шардара және т.б)

Сұақтарға жауап беру. Дәптерлерін тексерту.

3

Каспий теңізі-Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл.Аты 16 ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан.Ауданы 390 мың км кв. Оның беті мұхит деңгейінен 27 м төмен жатыр. Жағалау сызғының Қазақстан үлесіне 29 пайызы (2340км), Ресейге-16, Әзербайжанға-20, Түрікменстанға-21, Иран Ислам республикасына-14 тиесілі.Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, ал Еділ мен Жйық сағасына жақын жерде 0,2-2 промилле.Мұнда блықтың 55 түрі, құстардың 260 түрі кездеседі. Каспий теңізінің Ақтау порты заман талабына сай жөнделіп, жабдықталды, теңіз айлағы кеңейтілді.

Арал теңізі-Тұрақ тақтада орналасқан жас көл. Неогенде ойыс түрінде пайда болды.Суының көлемі бойынша ТМД-да 2, ал д/ж 4 орында. 1961 ж Арал мұхит деңгейінен 53 м биіктікте жатқан. Ауданы 66 мың км2 суының көлемі 1064 км2 орташа терендігі16,1 м, ең терен 67 м. Ұзындығы 428 км, ені 235 км. Үздіксіз суды пайдалану мақсатында 2002 ж теңіз деңгейі 20 м төмендеді. 1100 аралдар тобы пайда болды. Климаты шұғыл контитентті, кұрғақ. Тұздылығы 9-11, Экологиялық жағдайы нашарлап, құм мен тұз басып қалды.

Балқаш теңізі- Қазақстанда 3 орында. Теңіз деңгейінен 340 мбиіктікте жатыр. Ауданы 17-22 мың км2 , ұзындығы 2383 км. Орташа терендігі 26 м. Балқаш пен алакөлдың ұқсастықтары туралы алғашқы жазған Ш. Уәлиханов. Батыс пен шығыс болып екіге бөлінеді. 21 км сұғына кіретін сарыесік түбегі бөліп жатыр. Батыс тайыз 6-12 м. Шығыс терен 15-26 м. Көлде көптеген шығанақтар, түбектер, мүйістер бар. Ірі аралдары-Барсалар, Тасарал. Өзендер, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Бақанас т.б. Тұздылығы батыста ащы, шығыста 5,2. Климаты континетті. Температурасы қыста төмен, жазда жоғары. Кәсіптік маңызы бар 20 астам балық түрі.бар. Шаруашылықта кеме қатынасы жүреді,батыста мыс балқыту зауыты бар, кен-металлургия комбинаты кеңінен пайдаланады.

Дәптерлеріне күнді жазып, жаңа тақырыпты тыңдап, керек жерін жазады

4

Тақырыпты оқып кестені толтырады.


Көлдің

аты

Көлемі

Тереңдігі

Шығу

тегі

Құятын

өзендер

Байлығы















Тақырыпты оқып шыққан соң, кесте толтырады

5

Үй жұмысы:§ 30,31,32 оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Кестені аяқтау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

6

Оқушыны бағалайды. Күнделігіне баға қояды.

Мұғалімді тыңдап бағаланады.































Сабақ №35 Күні:


Тақырыбы: Мұздықтар және көп жылдық тоң.

Білімділік: Қазақстан мұздықтары және көпжылдық тоң туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Қар сызығы, мұздықтардың негізгі топтарын анықтау арқылы білімдерін арттыру.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бірін-бірі тыңдауға, бағалауға үйрету.

Сабақтан күтілетін нәтиже:  Қазақстан мұздықтары және көпжылдық тоң туралы біледі. Өз отаны туралы білімдері тереңдейді. Бірін-бірі тыңдауға, бағалауға үйренеді.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдәсә: түсіндіру, кестені толтыру, картамен, кескін картамен жұмыс,

Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ: Үйге берге тапсырманы тексеру. Үйге берген кестені тексеру.

ІІІ: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Тұщы судың қоры-мұздықтар. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарыныңкаталогын құрастырды. Соның нәтижесінде тау мұздықтардың картасы жасалынды.

  2. Атласпен жұмыс: мұздықтар таралған аумақты көрсет. Шығыс және оңтүстік-шығыс-Алтай, Сауыр, Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатау жоталары.

Барлығы 2727 мұздық бар.

Ауданы-2033,3 км2 .

Көлемі-100км3 .

Мұздықтардың пайда болуы

жауын-шашын

мен жер бедері


Мұздықтар қалыптасатын белдемшені –хионосфера

Төменгі жағы қар сызығы

Қазақстанның климаты құрғақтығы мен континенттігіне байланысты тауларында қар сызығы бірсыпыра биікте жатыр. Қар сызығы оңтүстікте биік, солтүстікте төмен.

  • Тянь-Шаньда 3800 м айырмасы 200-400 м

  • Алтайда 2600 м

Оқушылар дәптерлеріне таулардағы қар сызығының биіктіктерін жазып алады:

Орташа биіктігі: Солтүстікте 2300-2800 м, оңтүстікте 2500-3000 м.

Сауырда 3300 м,

Жоңғар Алатауының солтүстікте 3300-3500 м, оңтүстікте 3300-3900 м

Тянь-Шаньда, солтсүстікте Іле Алатау 3700-3900 м, оңтүстікте 3900-4200 м.

Мұздықтардың әркелкі орналасуы:

Жоңғар Алатауы 1369 мұздық Тянь-Шаньда 1009 мұздық Алтайда 328 мұзд Сауыр 18

Ауданы 1000 км2 ауданы 857 км2 ауданы 89,6 км2

Оқулық соңындағы кестені қарау:

Мұздықтардың типтері:

Тегістелген төбе

Тау беткейлерінде

Аңғарлық

Биік тау басындағы, Жоңғар Алатау, ауданы 1%

Тік беткейлеріндегі аспалы мұздықтар, 33%

Альпі тектес, 66%

Қазақстан мұздықтары шағын болып келеді, ұзындығы 1-2 км ден 3-4 км –ге дейін. Мұздықтардың көпшілігі зерттеушілердің атымен аталады. Оқулық соңындағы кестені қарау. Ең үлкен мұздық Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы, ұзындығы 14,4 км, ауданы 36,8 км2 , қалыңдығы 300 м.

Үлкен мұздықтар ірі өзендердің басталатын жерлерінде орналасқан. Мұздықтардың суы тау өзендерінің коректену көзі.

Қазақстанның биік тауларында климат қатал. Қыста -10 С төмендейді. Жазда 0С. Мұндай қатал климат мұздықтармен жапсарлас жатқан жерлерге де әсерін тигізеді.

Көп жылдық тон:

Алтайда 2000 м,

Сауырда 2300 м,

Жоңғар Алатауында 2800 м,

Тянь-Шаньда 3000 м.

Проблемалық жағдай: Республикада мұздықтар кішіреюде. Мұздықтар жылына 12-20 м, ауданы 1000 м мұз қоры 0,05-0,1% кемуде. Мысал келтіру. Себебін анықтау.

Сабақты бекіту:

  1. Мұздықттардың картасы ненің негізінде құрылды?

  2. Мұздықтар таралған аумақты картадан көрсет. Барлығы қанша мұздық бар? Ауданы мен көлемі.

  3. Мұздықтардың пайда болуына не әсер етті? (жер бедері мен ж-ш)

  4. Мұздықтардың төменгі сызығы қалай аталады? (қар сызығы)

  5. Мұздықтардың әркелкі орналасуы:

Жоңғар Алатауы 1369 мұздық Тянь-Шаньда 1009 мұздық Алтайда 328 мұзд Сауыр 18 .

  1. Мұздықтардың типтерін ата.

  2. Ең ірі мұзды, оның ауданы мен қалыңдығы.

  3. Мұздықтардағы температура.


Оқушылар бірін бірі бағалайды.

Үйге тапсырма беру: параграфты оқып, соңындағы тапсырмаларды орындау.

Кескін картаға мұздықтардың салып келу.


























Сабақ №36 мерзімі:______________


Сабақтың тақырыбы: Жер асты сулары

Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушылардың жер асты сулары ұғымдарын қалыптастырып, негізгі анықтамаларын бере отыра, пайда болу себептері мен түрлері жайлы мағлұмат беріп, шаруашылықтағымаңызы туралы, қорғау қажеттілігі туралы білім бере отыра, географиялық көзқарасын кеңейту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарлату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көлдерді көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: репродуктивті

Сабақтың көрнекіліктері: атлас, оқулық, сызба.

Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ: Үйге берген тапсырманы тексеру.

  1. Республикамызда қанша мұздық бар? (2724)

  2. Мұздықтардың пайда болуына әсер ететін фактор. (жер бедері, жауын-шашын)

  3. Хионосфера дегеніміз не? (мұздықтардың белдемшесі)

  4. Тауларда қар сызығының орналасуы. (оңтүстіктен солтүстікке қарай төмендейді)

  5. Мұздықтардың тауларда орналасуы. (ең көп шоғырлаңған Жоңғар Алатау, Тянь-Шань, Алтай, Сауыр)

  6. Таулы мұздықтардың типтері.(1-тегістелген төбеде, 2-тау беткейлерінің мұздықтары, 3-аңғарлық мұздықтар)

  7. Ең үлкен мұздық. (Іле Алатауында Корженевский ұзындығы 14,4км, ауданы 36,8 км2 , қалыңдығы300 м)

ІІІ: Жаңа тақырып түсіндіру. Жер асты суы өте пайдалы қазба. ХХ ғ. бастап экологиялық жағдай шиеленісті. Жер бетіндегі сулар ластанды. Ал жер асты сулардың маңызы күшейді.

Жер асты суларының күйі:

Қатты сұйық газ

Жер асты суларының типі:


Жарықшақтық-таулы қатпарлы

Жарықшақты-қат-қабат

Қат-қабатты-шөгінді жыныстар арасында

Таралған жері

Тянь-Шань, ЖоңғарАлатау, Сарыарқа, Орал-Мұғалжар.

Маңғыстау, Мұғалжар, Сарыарқа палеозой, мензозой жыныстарының

Батыс, Оңтүстік, Солтүстік-Шығыс аудандарда.

терендігі

30-50м, 100-300 м,

860 мың км2

Грунт және артезиан сулары

Грунт суларының орналасуы;жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабат үстінде жатыр,

Деңгейі; қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде өзгеріп тұрады, ж-ш жауса көтеріледі, жер тілімдеген болса төсендейді. 3-30 м терендікте жатыр

Маңыздылығы; шөлейіт аймақтарда құдық суын пайдаланады. Шөлді жерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен айналысады.

Артезиан сулары орналасуы; Балқаш, платформалар мен ойпаттарда, тауаралық ойыстарда кездеседі.

Терендігі; 50-2700 м, Каспий маңы ойпатында 10-23 км, Мойынқұмда 300-500 м, көлемі 50 мың шаршы км алып жатыр, Қызылқұмда 80-300м, солтүстік аудандарда,

Маңыздылығы; егін егуге, ішуге, Алматы қ, 14 облыс, 200 аудан, өнеркәсіп, 3500 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, елді мекендер, 100 млн г жайылымдарды суландыруда, 50 мың г егістікті суландыруға.

Минералдық сулар туралы әңгімелеп. Қазақстанның картадан олардың кен орындарын табуға тапсыру.

Жаңа материалды бекіту үшін:

1. Қосымшадан тірек ұғымдар, түсініктер немесе терминдерді дәптерге жазу.

2. Жер асты суының түрлерін және олардың ерекшеліктерін бірдей цифрлармен белгілеңдер.

1 – Еспе суы             2 – Артезиан суы

3. Су өткізбейтін қабат арқылы  қабатаралық су қалай өтеді?

4.Неліктен құдықтағы су таза, мөлдір, салқын болады?


Мұғалім оқушыларды сабақта қатынасу дәрежесі және жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Оқушылардың баллдарын санайды, тиісті бағаларын қояды.


Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Үзіліске жібереді


































Сабақ №37 мерзімі: ________________

Тақырып: Әр түрлі ақпарат көздерінің көмегімен өзендерді салыстыр.

Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс №4

Тапсырма:

  1. Ертіс, Тобыл, Есіл және Жетісудың өзендерін аталстан тауып, кескін картаға белгіле:

  2. Оқулыққа және анықтамаға сүйене отырып, келесі жоспар бойынша өзендерді сипатта:

А) жалпы ұзындығы;

Ә)Республика көлеміндегі өзеннің ұзындығы;

Б) Өзеннің бастауы;

В) Қайда құйылады;

Г) Қоректену көзі;

Д) СЭС, су қоймалары т.б. құрылыстарды анықта;

Е) Адамның шаруашылыққа әсері;

Ж) Қызықты мәліметтерді жинақта;

1-нұсқа: Солтүстік мұзды мұхит алабының өзендері- Ертіс өзені

2-нұсқа: Каспий теңізінің алабы-Орал өзені

3-нұсқа: Арал теңізінің алабының өзендері-Сырдария өзені

4-нұсқа: Балқаш көлінің алабы-Іле өзені

  1. Атласты,қосымша анықтамаларды пайдалана отырып, кестені толтыр


Өзендердің атауы

Ұзындығы (км)

Алаптың көлемі (мың. км2)

Солтүстік мұзды мұхит алабы

Ертіс



Есіл



Тобыл



Шідерты



Сілеті



Түндік




Шаған



Каспий теңізінің алабы

Жайық



Елек



Ойыл



Жем



Сарыөзен



Қараөзен



Сағыз



Арал теңізінің алабы

Сырдария



Шу



Торғай



Сарысу



Талас



Ұлы Жыланшақ



Қалмаққырылған



Балқаш көлінің алабы

Іле



Аягөз



Лепсі



Қаратал



Ақсу



Тоқырауын





Сабақ №38 мерзімі:___________________


Тақырыбы:  Қазақстанның топырақ жамылғысы.

Мақсаты:Білімділік:  Топырақ және оның пайда болуы. Оқушыларға топырақ қабаттарының түзілу себептерін түсіндіру. Топырақ түзуші факторларға сипаттама беру. Топырақтың механикалық құрамына тоқталу.

Дамытушылық: Қазақстанның физикалық картасы бойынша топырақ түрлерінің таралуын сипаттау арқылы тақырыптық карталармен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыруИкемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Топырақтың маңызы туралы көзқарастарын кеңейту арықылы, қоршаған ортаны қорғауға баулу, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтарҚазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар

Сабақтың кезеңдері:    

 Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

(1 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

(8 мин)

Ең алдымен кескін карталарын тексереді. Кейін өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

  1. Қазақстан аумағында қанша мұздық бар? Олар қанша ауданды алып жатыр?

  2. Қазақстандағы ең үлкен мұздықта ата. Ол қайда орналасқан?

  3. Мұздықтардың қандай тип топтары болады?

Оқушылар кескін карталарын тексерткеннен кейін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

  1. Қазақстан аумағында 2724 мұздық бар, олардың ауданы 2033,3 км2.

  2. Қазақстандағы ең үлкен мұздық – Корженевский мұздығы. Ол Іле Алатауында орналасқан. Оның ауданы 36,8 км2, қалыңдығы 300 м.

  3. Мұздықтардың тегістелген төбе мұздықтары, тау беткейлік және аңғарлық мұздық түрлері болады.

3

(10 мин)

Жаңа тақырыпты бастар алдында кіріспе әңгіме жүргізеді:

1. Топырақ дегеніміз не? Ол неден және қалай түзіледі?

2. Материктер мен мұхиттар географиясынан қандай топырақ түрлерін білдіңдер?

3. Дүние жүзі топырақтары неге әр түрлі, не себептен?

Кейін мұғалім топырақ тақырыбы бойынша қысқаша шолу жасайды:

Геохронологиялық кесте бойынша эралар мен дәуірледі еске түсіріп жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ екенін айтады. Алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болғанын баяндайды. Топырақты зерттеген ғалым – В.В. Докучаев. Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер ететінін айтады. Олар: тау жынысы, өсімдік және жануарлар дүниесі, жер бедері, уақыт, адамның шаруашылық әрекеті. Кейін олардың әрбіреуіне жеке-жеке тоқталып кетеді.

Топырақтың механикалық құрамына тоқталады: құрылымды және құрылымсыз топырақ түрлерін сипаттайды. Өсімдіктерді өсіруге бұл топырақтардың қайсысы қолайлырақ деген проблемалық сұрақ қояды.

Жаңа тақырып алдында бұрын алған білімдерін қайта жаңғырту үшін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша ататын әңгімесін тыңдап ең қажеттілерін дәптерлеріне жазып отырады:

Топырақты зерттеуші – орыс ғалымы В.В. Докучаев.

Топырақ түзуші факторлар:

1)      тау жынысы,

2)      өсімдік және жануарлар дүниесі,

3)      жер бедері,

4)      уақыт,

5)      адамның шаруашылық әрекеті

Топырақтың механикалық құрамы

 

Құрылымды                     Құрылымсыз

Оқушылар өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, пгоблемалық сұраққа жауап іздейді. Талқылау нәтижесінде құрылымды топырақ өсімдіктердің өсуіне қолайлы екенін анықтайды. Кейін мұғаліснің айтуынан құрылымды топырақ құнарлы келетін, ал құрылымсыз топырақтың түйіршіктері болмайтынын біледі. Тоыпрақтың құнарлығы төмен болса жаңбыр, еріген қар сулары, тоыпраққа сіңбей ағып кететінін біледі. 

4

(20 мин)

Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтарды қояды:

1)      Топырақ дегеніміз не?

2)      Топырақ құрушы факторларды атаңдар.

3)      Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?

4)      Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?

5)      Құрылымды топырақ қандай топырақ?

6)      Өз өлкеңнің топырағы туралы не білесің?

Оқушылар мәтінді шолып шықаннан кейін сұрақтарғы ауызша жауап береді:

1)      Топырақ дегеніміз табиғат компоненттерінің бірі, ерекше табиғи құрылым.

2)      Топырақ құрушы факторлар – су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалар, тау жыныстарының үгілуі.

3)      Аналық тау жыныстарынан кейін топырақ құрушы жетекші факторлар ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде шығатын тасты бұзатын қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен шірінді (гуммус) пайда болады.

4)      Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы.

5)      Құрылымы кесек топырақты құрылымды топырақ дейді.

6)      Павлодар облысында бидай өсіруге жарамды ылғалды қара топырақ таралған.  

5

(2 мин)

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта топырақ деген не, оның зерттеген Докучаев екенін білдік, сонымен қатар топырақтың механикалық құрамын білдік.

6

(2 мин)

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.

Оқушылар алған бағларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

7

(2 мин)

Үйге §35 қайталау

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.






















Сабақ №39

Тақырыбы: Топырақтың түрлері.

Мақсаты:Білімділік:  Қазақстанның топырағы туралы көзқарастарын одан ары кеңейту. Қазақстан аумағында кездесетін топырақ типтеріне тоқталу, олар қандай табиғат зонасында жатқанын анықтау. Топырақ құнарлылығын кемітетін топырақ эрозиясының түрлерін айтып, топырақты қорғау шараларын түсіндіру.    

Дамытушылық: Оқушылардың жеке тапырмалармен жұмыс істеу арқылы өздігінен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру.  Икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Топырақ эрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағыттау арқылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар

Сабақтың кезеңдері:

 Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

(1 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

(8 мин)

Ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін келесі сұрақтарды қояды:

1)      Топырақты зерттеген ғалым кім?

2)      Топырақ құрушы факторларды атаңдар.

3)      Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?

4)      Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?

Оқушылар өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру үшін мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді:

1)      Топырақты зерттеуші – орыс ғалымы В.В. Докучаев.

2)      Топырақ құрушы факторлар – су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалар, тау жыныстарының үгілуі.

3)      Аналық тау жыныстарынан кейін топырақ құрушы жетекші факторлар ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде шығатын тасты бұзатын қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен шірінді (гуммус) пайда болады.

4)      Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы.

3

(10 мин)

Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра жүргізеді. Жаңа тақырыпты меңгерудің жоспары:

  1. Қазақстанның топырақ жамылғысын сипаттау, олардың табиғат зоналары бойынша қалай таралғанын баяндайды.

  2. Қазақстан аумағындағы топырақтың түрлеріне тоқталып кетеді: қара топырақты зона республиканың солтүстік шетін, қара қоңыр топырақ қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр.

    1. Кейін топырақ эрозиясы туралы, ол қарқындылығына байланысты 2-ге бөлінетінін: 1) геологиялық эрозия (денудация), 2) антропогендік эрозия (жылдамдатылған). Топырақ эрозиясымен күресудің арнайы тәсілдері бар екенін айтып өтеді.

Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына бейім, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім екенін Қазақстан Ұлттық Академиясының анықтағанын айтып өтеді. Павлодар облысында (1955-1958 жж) күңгірт қара қоңыр топырақты аймақ жыртылып, 805 мың га жер эрозияға ұшырап, егістікке жарамай істен шығып қалғанын айтады.

Оқушылар мұғалімнің әңгімесі мен оқулықтың мәтінін пайдалана отырып, тақырыпты меңгереді. Олар келесіні анықтайды:

Қазақстан аумағында таралған топырақ түрлері:

1)      қара топырақты зона республиканың солтүстік шеті – 25,5 млн га – 9,5%

2)      қара қоңыр топырақты зона республиканың қуаң және шөлейтті алқаптары

3)      шөлді аймақ топырақты зона, мұнда негізінен қоңыр және сұр-қоңыр топырақ жамылғысы басым.

Топырақ эрозиясының түрлері:

  1. Жел эрозиясы

  2. Су эрозиясы. Су эрозиясының топыраққа тигізетін әсеріне қарай екіге бөлінеді: 1) беттік, 2) сызықтық

Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім.

Эрозиямен күресу шаралары:

1)      Агротехникалық шаралар

2)      Тыңайту шаралары

3)      Гидротехникалық шаралар

4

(20 мин)

Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар береді:

1)                    кестеге топырақ эрозиясының түрлерін жазып, сипаттама беру.

2)                    Қазақстан аумағында қандай топырақ типтері таралған?

3)                    Топырақ эрозиясымен күресу шараларын ата.

Оқушылар сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды:

1)

Топырақ  эрозиясының түрлері

Жел эрозиясы

Су эрозиясы

Топырақтың беткі құнарлы қабатын ұшырып әкетеді

Беттік

Сызықтық

 

Топырақтың  беткі қабатын бірқалыпты шайып әкетеді

Кішігірім орлар мен ірі жыралар пайда болады

2)      Қазақстан аумағында қара топырақты зона, қара қоңыр топырақты зона, сұр-қоңыр топырақты зона таларған.

3)      Топырақтың эрозиясымен күресу шаралары: Агротехникалық шаралар, тыңайту шаралары, гидротехникалық шаралар

5

(2 мин)

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта Қазақстанның топырақ жамылғысымен таныстық, оның қасиеттері мен топырақ эрозиясын білдік.

6

(2 мин)

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.

Оқушылар алған бағларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

7

(2 мин)

Үйге §36, кескін картаға топырақ түрлерін түсіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.























Сабақ №40 мерзімі: ________________

Тақырыбы: Табиғат кешендері.

Мақсаты:Білімділік:  Қазақстан аумағындағы өсімдік жамылғысы мен жануалар дүниесінің таралу аймақтарын сипаттау. Өсідік пен жануалар дүниесінің зона бойынша таралу себептерін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке тапырмалармен жұмыс істеу арқылы өздігінен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру.  Икемділіктері мен дағдыларын дамыту. «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген өсімдіктер мен жануалар дүниесіне тоқталу.

Тәрбиелік: Топырақ эрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағытттау арықылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың барысы

Кезең    

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Оқушылармен амандасады. Бүгінгі сабақта кім бар-жоғын тексереді.

Мұғаліммен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Мұғалім садақты кіріспе әңгімелесуден бастап мынандай сұрақтар қояды:

1)      Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

2)      Өсімдіктер мен жануалардың жазықтарда зоналар бойынша, тауда биіктік белдеулер бойынша таралуының басты себебі неде?

3)      Өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың қандай әсері бар?

Мұғалім оқушылар жауабынан соң Қазақстанның физикалық картасын, геологиялық картасын және геохронологиялық жер жылнамалық кестені пайдаланып, Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталғанын баяндайды.

Палеогенде Тұран ойпаты Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Құрлықты екіге бөлген:

Шығыста- ангара флорасы-Алтай, Сарыарқа, жалпақ жапырақты мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаштар

Батыста –полтава флорасы, мәңгі жасыл субтропиктік өсімдіктер.

Неоген дәуірінде су тартылып, екі жағы қосылды.

Палеогенде Иран арқылы Африка флорасы кірген.

Мұғалім өсімдіктер картасын пайдаланып Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-мыңдай өсімдік түрлерінен тұратынын айта кетеді.  Мұғалім картаны пайдаланып өсімдігі жағынан бай өлкеге батыс Тянь-Шань тауы жататынын, онда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталғанын, мұнда палеоген дәуірінен қалған грек жаңғағы, бадам, түкістан үйеңкісі, алмұрт т.б. өсімдіктерді атайды. Жалпы биік тауларда қылқан жапырақты ормандар таралғанын сипаттай келе, жазық жерлерде дала мен шөл өсімдіктері басым екені және олардың түрлерін кеппешөптер жинақтамасынан көрсетіп сипаттайды.


Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1)      Қазақстанда өсімдіктер түрлері өте көп. Ағаштардан

қайың, қарағай, әртүрлі бұталар, шөптесін өсімдіктер. Алматы қаласының маңында тюльпан даласы бар. Өз өлкеміздегі Жасыбай көлінде орналасқан демалу орнында «оливковый бор» бар.

2)      Өйткені жазықтар мен тауларда климат ерекшеліктері әр түрлі. Жазықтарда жылу мен ылғалдың таралуы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгерсе, тауларда биіктеген сайын өзгереді.

3)      Климат ерекшеліктеріне байланысты өсімдіктер дүниесі таралады. Яғни, ылғал  сүйгіш өсімдіктер жауын-шашын мөлшері жеткілікті аудандарда таралады, ал құрғақ зоналарда сол құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар таралады.

Кейін дәптерлеріне Қазақстан аумағындағы өсімдіктер дүниесі қандай геоботаникалық аудандарға кіретінін жазады: Еуразияның қылқан жапырақты орманы, Еуропа, Сібірдің орманды даласы,, Еуразия даласы, Азияның шөлді аудандары.

Мұғалім әңгімесінен кейін оқушылар физикалық картаны пайдаланып жануарлар дүниесінің пайда болуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас екенін байқайды. Мұғалімнің айтқан мәліметтеріне сүйене отырып, геохронологиялық кестені пайдаланып, палеогендәуірінде Қазақстанда қандай жануарлар түрлері мекендегенін және мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқанын, олардың кейбір түрлері әлі де бар екенін суретке қарап анықтайды. Жануарлардың таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінгенін мұғалімнің айтуымен картадан қарайды. Сонымен, олар орманды дала және дала, шөлді дала, таулы аудандар екенін анықтайды. Кейін Қазақстанның өзенді-көлді аймақтары мен тоғайлы-бұталы жерлерде мекендейтін жаунарларын оқулықтың мәтініне сүйене отырып анықтайды.

3

Тақырыпты бекіту сұрақтары: 1) Қазақстандағы өсімдіктердің негізгі типптерін атаңдар?

2)      Республика аумағында жануарлардың таралуына өсімдік жамылғысы қалай әсер етеді?

3)      Өсімдіктер пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың қандай әсері бар?

4)      Таулы аудандарда өсімдіктер мен жануарлардың биіктік белдеулері байқалуының себебі неде?

5)      Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық мәтіні мен Қазақстанның физикалық картасы, 8-сынып Атласындағы тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Әқазақстанның Қызыл кітабына енгңзңлген өсімдіктері мен жануарлары» туралы баса айтады. Бұл жерде өздерінің түрлі ақпарат көздерінен білген мәліметтерімен бқлісіп, ойларын ортаға салып, қорытындылайды.

4

Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне, берген жауаптарының дұрыстығына және картамен жұмыс істеу икемділіктеріне байланысты бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қойып береді.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

5

Үй тапсырмасы: §37, оқулық мәтінінімен жұмыс істеп, қайталау, «Қызыл Кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар» бойынша қосымша мәліметтер іздестіру.

Үй тапсырмасын тыңдап, түсінбегендерін сұрап анықтап алады. Күнделіктеріне жазып алады.

6

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, қорытындылайды.

Мұғаліммен бірге сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, саралайды, қызықты жерлерін айтады.


















Сабақ №41 мерзімі:_______________

Сабақтың тақырыбы: Орманды дала және дала зонасы.

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның орманды дала және дала зоналары тақырыбы бойынша оқушыларға осы екі зонаның жер бедері мен климаты табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру. Табиғат компеоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарыны дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде айту.

 Дамытушылық: Орманды дала, дала зоналарының табиғатын ұқыптылықпен сақтап, тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Топырақ эрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағытттау арқылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, кесте толтыру,

Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындалу.

ІІ: Өткен тақырыпты еске түсіру.

    1. Қазақстанда өсімдіктер қалай қалыптасты?

    2. Қазіргі Қазақстанның өсімдіктері.

    3. Өсімдіктерге бай өлкелер.

    4. Жануарлардың қалыптасуы.

    5. Таралауы жағынан зоогеографиялық аудандарға бөлінуі.

    6. Шөлдің қандай түрлері бар?(Құмды, ұсақ тасты, тақырлы-сорлы)

    7. Шөл зонасында мекендейтін жануарларға сипатын жаса.

    8. Жануарлардың адам шаруашылығына тигізген әсері.

Дала жануарлары: тышқандар, сарышұнақтар, алақоржын, қысқыр, түлкі, борсық, киік. Құстар-дауадақ, тырна, торғай.

Орманды дала: сүтқоректілер-қоян, ақкіс, елік, қасқыр, түлкі. Құстар-құр, шіл. Қайынды ормандарда-қырғи, бөктергі, ителгі. Ашық алаңда- қарға, бұлдырық, жылан, кесіртке.

Шөл зонасында: шөлге шыдамды-суыр, құм тышқандары, торғай. Сарышұнақтар, дала тасбақасы.

Құмды шөлде: ала жертесер, сарышұнақтар, құм тышқаны, кірпі, құм қояны. Құстар-сексеуіл жорға торғайы, жылан, кесіртке, дала бүркіті, бөктергі, ақ құйрық сауысқан.

Таулы аумақтарда: тиін, құдыр, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақ. Алтайда-қоңыр аю, тундра құры, тау ұлары. Жоңғар Алатау, Күнгей,- бұғы, сілеусін, шиқылдақ торғай, шақылдақ тышқан, шымшық. Батыс Тянь-Шань-ұзын құйрық тышқан, жайра,көк қарға, суықторғай, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл. Орталық Тянь-Шаньда-алтай суыры, имектұмсық балықшы, қызыл мойын бұлбұл. Іле Алатау-шыршалы орманда-бұғы, сілеусін, елік, таутеке, барыс, арқар.

Көлді аумақтарда: қарақұс, бөктергі, ұзын құлақты жапалақ, сұр шымшық. Қырларда-дала мысығы. Сырдария- шиебөрі, торғай бұғысы, қабан, елік, ақкіс.

Дала омыртқасыздар-қарақұрт, бүйі, шаян, жылан, кенінің түрлері. Көбелек құрт, маса.

ІІІ: Жаңа тақырып түсіндіру.

І: Табиғат зонасының картасынан, сондай-ақ физикалық және климат карталарына қарап, Қазақстан жеріндегі табиғат зоналарын анықтаңдар.

Қазақстанның табиғат зоналары картасын жер бедері және климат карталарымен салыстырыңдар.

Жер бедері мен климатының табиғат зоналарына қалай әсер ететінін ауызша баянда.

ІІ: Табиғат зонаның қалыптасуына негіз еткен факторларды анықта:

      1. Күн жылынуының таралуына;

      2. Ылғалдылығының әртүрлілігі.

Ылғалдылық Коэфициетін анықтауды еске түсір: К= Ж/Ы

Яғни, табиғат зонасының қалыптасуына әсер ететін жылу мен ылғалдылы. Әрбір зона климатымен, топырақ жамылғысымен, өсімдік пен жануарлармен ерекшеленеді. Кейбір зонаның ішінде басқа зонаға ұқсас болып келетін үлескілер кездеседі.

Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зонаға бірте-бірте ауысады. Сонымен бірге топырақ, өсімдік, жануарлар батыстан шығысқа қарай өзгереді. Оның себебі, климаттық континенттігі артады.

Республиканың биік таулы аумақтарда зоналар биіктікке байланысты ауысады. Оны биіктік белдеу дейді.

Сабақты бекіту үшін кестені толтыруға беру.

Табиғи зона

Аумақ

климат

топырақ

Өсімдік жамылғысы

жануарлар

Орманды дала

1 млн г, 04%. Батыс Сібір жазығы, Жалпы Сырт

Ж-ш 300-350 мм, жызы ыстық-180-200 С, қысы суық—510-530 С.

Қара топырақ қалыңдығы 75 см, шірінді9%, оңтүстікке қарай 6%

Боз, бетег, жер бидайық. Қарабас шалғын,арпабас,. Астық тұқымдас-сәбізшөп, беде, бұршақ, қайын, көктерек, емен, жөке, қандыағаш. Тал, донала, итмұрын, қарақан, бүлдірген.

Саршұнақ, сұртышқан, қосаяқтар, ақкіс, қоян, сусар, түлкі, қасқыр, тиіндер.Орманда-

бұландар,сібір еліктері,ондатра,

кесірткелер,сары бас,сұр жылан.Орман құстары-

ақ құр,қарға, сауысқан,тоқылдарқ,

көкек, сұңқар,күйкентай.

Ашық жерде-бұлдырық,бөдене,

бозторғай,шәуелдек.

Көл жағада құстар-

Дала зонасы







Оқушыларды бағалау


Үйге тапсырма беру: Кестені аяқтау. Кескін картаны бояу.

.









Сабақ №42 мерзімі:_______________

Сабақтың тақырыбы:Шөлейт және шөл зоналары

Мақсаты.Білімділік:  Қазақстанның шөл және шөлейт зонасының ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасыфронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдерірепродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтарҚазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдары (Нарын, Тайсойған, Қарақұм)

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Сонымен, екі зонаның айырмашылықтарын анықтағаннан кейін барлық табиғи зоналардың арасында бір-бірімен байланысты жағдайлар бар екенін айтады. Егер де осы жердің ауа райы аздап жылынса қалай болар еді? Мұғалім шөлейт, шөл зоналарының географиялық орнын картадан көрсетіп, оларға сипаттама беру үшін оқушыларға сұрақтар қою арқылы өздеріне сипаттама беруге ынталандырады. Кейін бұл зоналардың өсімдіктері мен жануарларын сипаттауды оқушылардан талап етеді. Олардың арасындағы өзара байланысын сұрайды.

Күн ысыған кезде жануарлардың көпшілігі дымқылдау және салқын інге тығылады. Жазғы қуаңшылық кезеңде шөл жануарларының көпшілігі ұзақ ұйқыға кететінін айтады. олардың ұзақ уақыт су ішпей жүруге және шөлін ащы сумен қандыруға дағдыланғанын да түсіндіру керек. Шөл зонасындағы жусан, жантақ, изен т.б. өсімдіктер малға таптырмас азық екенін айтып, бұл зонадағы топырақта қарашірік аз болғанмен минералдық заттар мол, сондықтан егістікті қолдан суару  арқылы мақта, күріш, бау-бақша дақылдар өсіруден мол өнім алуға болатынын айтады.

Қазақстандағы шөлдердің түрлерін анықтау үшін мұғалім оқушылардан қандай шөлдің қандай түрлері бар, құмды шөлдерді ата деген тапсырма береді. Мұғалім картаны пайдаланып оқушылардың жауаптарын толықтырады: шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінетінін айта келіп, солтүстік шөлдерге Үстірт пен Тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бепақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жататынын, ал оңтүстік шөлдерге Үстірт пен Қарақұм алып жатқан Тұран ойпатының оңтүстік жартысы жататынын айтады.

Оқушылар дала және орманды дала зоналары туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар шөл жануарларын өздері атап өтеді.

Оқушылар Қазақстанда құмды, сазды шөлдер бар екенін айтады. олардың ішінде Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Нарын, Мойынқұм шөлдері бар екенін айтады.

Шөл және шөлейт зоналарының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

1) Қазақстанның кескін картасына шөлейт және шөл зоналарының шекараларын сызыңдар.

2) Қазақстанда шөлдің қандай түрлері бар?

3)      Құмды шөл, сазды шөл, тасты шөлдердің атын дәптерлеріңе жаз.

4) өсімдіктер шөлге қалай бейімделген?

5) Шөл және шөлейт зоналарының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Қарақұм, Арал маңы Қарақұмы, Қызылқұм, Бетпақдала, Үстірт атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын кнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы екі зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

 

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

І: Табиғат зонасының картасынан, сондай-ақ физикалық және климат карталарына қарап, Қазақстан жеріндегі табиғат зоналарын анықтаңдар.

Қазақстанның табиғат зоналары картасын жер бедері және климат карталарымен салыстырыңдар.

Жер бедері мен климатының табиғат зоналарына қалай әсер ететінін ауызша баянда.

ІІ: Табиғат зонаның қалыптасуына негіз еткен факторларды анықта:

1.      Күн жылынуының таралуына;

2.      Ылғалдылығының әртүрлілігі.

Ылғалдылық Коэфициетін анықтауды  еске түсір: К= Ж/Ы

Яғни, табиғат зонасының қалыптасуына әсер  ететін жылу мен ылғалдылы. Әрбір зона климатымен, топырақ жамылғысымен, өсімдік пен жануарлармен ерекшеленеді. Кейбір зонаның ішінде басқа зонаға ұқсас болып келетін үлескілер кездеседі.

Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зонаға бірте-бірте ауысады. Сонымен бірге топырақ, өсімдік, жануарлар батыстан шығысқа қарай өзгереді. Оның себебі, климаттық континенттігі артады.

Республиканың биік таулы аумақтарда зоналар биіктікке байланысты ауысады. Оны биіктік белдеу дейді.

 

Сабақты бекіту үшін кестені толтыруға беру.

Автор
Дата добавления 24.02.2015
Раздел География
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1775
Номер материала 408212
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх